3. Заң жобасын қабылдау мақсаттары
Заң жобасын қабылдау мақсаты Қазақстан Республикасының қолданыстағы салықтық және экологиялық заңнамасын Тұжырымдаманың ережелеріне сәйкес жетілдіру, бюджеттік секторда энергосервисті келісім шарт механизмін енгізу және табиғи монополиялардағы субъектілерге қолдану мүмкіндігі, энегрия үнемдеу институтының энергосервисті қызметтің нарықтық дамуы және энергия үнемдеудің басқа да бағыттары бойынша атқаратын қызметін бекіту, Қазақстанда туризм индустриясын одан әрі жүйелі дамыту, оның ішінде ішкі және келу туризмін дамыту, кету туризмі кезінде Қазақстан азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету, нақты өндірістік жобаларды жүзеге асыру үшін жергіілкті және шетелдік жоғары технологиялық компанияларды тарту механизмдерін қамтамасыз ету болып табылады.
4. Заң жобасын реттеу мәні
Заң жобасын реттеудің мәні экологиялық және салықтық құқық саласындағы қоғамдық қатынастар, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың қызмет ету барысында пайда болған қоғамдық қатынастар, туризм саласында құқықтық реттеуді ұйымдастыру процесінде қалыптасатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында туристік қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын қатынастар болып табылады.
5. Заң жобасының құрылымы
Заң жобасының құрылымы екі бапты қамтиды:
1-баппен мына Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі:
-
2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-II Қазақстан Республикасының Жер кодексі;
-
2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексі;
-
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі;
-
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
-
2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексі;
-
«Табиғи монополиялар мен реттелетін нарық туралы»Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі заңы заңына;
-
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының N 211 Заңы;
-
«Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;
-
«Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;
-
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының № 175 Заңы
-
«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;
-
«Қазақстан Республикасында арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;
-
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;
-
«Азаматтық қорғаныс туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы
-
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
-
«Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы
2-бап Заңды күшіне енгізу тәртібін регламенттейді.
6. Заң жобасын қабылдау жағдайындағы болжалды құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдар
Заңды қабылдаудан кейінгі құқықтық салдар Тұжырымдаманың жеке бағыттары саласындағы құқықтық реттелу мен тәртіп күйінің орнауы, энегрия үнемдеу және энергия тиімділіктің экономикалық ынталандыруының құқықтық механизмдерін құру, Қазақстанда ішкі және келу туризмін дамытуды ынталандыруға бағытталған құқықтық тетіктерді құру және олардың қызмет етуі, инновациялық кластер туралы заңнаманы одан әрі жетілдіруге болып табылады.
Заң жобасын қабылдаған жағдайда әлеуметтік-экономикалық салдарға мыналарды жатқызуға болады:
- заң жобасын қабылдау инвестициялар тартуға және Қазақстанның аумақтарында салық түсімдерін ұлғайтуға;
-
энергия ресурстарының өнім бірлігіне тұтынудың нақты көрсеткіштерін төмендету, отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігіне ықпал ететін болады;
- экономиканың барлық салаларында энергия ресурстарға кеткен шығынды біртіндеп қысқарту , ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын төмендету;
- әлеуметтік туризмді динамикалы дамыту және жұмыскерлер мен кәсіпорындардың жеке қаражаттарын демалу және денсаулықты қорғау мақсаттарына бағыттау үшін анағұрлым қолайлы жағдайлар жасау арқылы халықтың кең тобына туризм мен демалуға қол жеткізуін айрықша кеңейту;
- қазақстандық курорттардың, шипажайлардың демалыс аймағының туристік сертификаттар жүйесінен кепілдендірілген табыс алуы ішкі туризмді дамытуға, бар орналастыру орындарын жаңғыртуға, туристік сертификаттары бар, туристер үшін жоғары бәсекелестік салдарынан туристерге қызмет көрсету сапасының өсіміне серпін береді;
- туристік салаға ішкі инвестицияларды ұлғайту;
- тікелей шетелдік инвестициялардың ағыны үшін Қазақстанның туристік саласының тартымдылығын арттыруға жағдайлар жасау;
- халықтың жұмыспен қамтылуының өсімі, Қазақстан Республикасы азаматтарының туризм саласындағы біліктілігін арттыру.
- «мультипликатор әсері» - Қазақстан экономикасының туризммен аралас салаларын дамыту (көлік және байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, жергілікті майдагерлік кәсіпшілік промысел және т.б.);
- ішкі жалпы өнім өндірісіне туристік индустрияның салымы өсімі.
Бұл ретте заң жобасын қабылдау бір жағынан туристік қызметті дамытуға қаражат салған жағдайда мемлекеттік кірісті белгілі бір кезеңге қысқартуды, ал екінші жағынан өндірістерді, салық салу базасы объектілерін және т.б. ұлғайту есебінен болашақтағы мемлекеттік кіріс өсімін болжайтындығын атап өту керек.
Заң жобасы қабылданған жағдайда теріс әлеуметтік экономикалық салдарға мыналарды жатқызуға болады:
- жергілікті тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге, жер және басқа да табиғи ресурстарға және туризмнің қарқынды даму аймағындағы жылжымайтын мүлікке баға өсіміне ықтимал әсер ету;
- экологиялық қауіптердің өсімі, туризмнің қарқынды даму аймағындағы экожүйеге жүктемені арттыру;
- экономиканың басқа салаларынан, бірінші кезектен ауыл шаруашылығы саласынан жұмыс күшінің туризм белсенді дамып жатқан ауылдық жерлердегі туризмге ықтимал кетуі;
- бастапқы сатыда халықтың Қазақстанның бір өңірінен екіншісіне ауысу салдарынан туризм белсенді дамып жатқан жерлердегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайлар нашарлауы мүмкін.
Туристік саланы басқарудың ұсынылған аралас жүйесі (мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару) санамаланған әлеуметтік-экономикалық қауіптерді мейлінше азайтуға және заң жобасы нормаларын іске асырудың бастапқы сатысында осындай салдарды жою бойынша жедел шараларды қолдануңа мүмкіндік береді.
7. Басқа заң актілерін әзірленетін заң жобасымен бір уақытта (кейінгі) сәйкестікке келтіру қажеттілігі
Заң жобасын қабылдау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне тиісті түзетулер енгізуді талап етеді, оның ішінде:
-
2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-II Қазақстан Республикасының Жер кодексі;
-
2003 жылғы 8 шілдедегі № 477-II Қазақстан Республикасының Орман кодексі;
-
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі;
-
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
-
2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексі;
-
«Табиғи монополиялар мен реттелетін нарық туралы»Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі заңы;
-
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы N 211 Қазақстан Республикасының Заңы;
-
«Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;
-
«Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;
-
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 Қазақстан Республикасының Заңы
-
«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;
-
«Қазақстан Республикасында арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;
-
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;
-
«Азаматтық қорғаныс туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;
-
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
-
2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Заңы
8. Заң жобасы мәнінің басқа да нормативті-құқықтық актілермен тәртіпті реттелуі
Осы заң жобасы шеңберінде қарастырылып отырған қатынастар мына нормативтік құқықты актілермен регламенттелген:
-
Қазақстан Репсубликасының Конституциясы;
-
«Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы» 203 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 577 Жарлығы;
-
2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексі;
-
2003 жылғы 9 шілдедегі № 481-II Қазақстан Республикасының Су кодексі;
-
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
-
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексі;
-
2003 жылғы 8 шілдедегі № 477-II Қазақстан Республикасының Орман кодексі;
-
2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-II Қазақстан Республикасының Жер кодексі;
-
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы N 211 Қазақстан Республикасының Заңы;
-
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 Қазақстан Республикасының Заңы;
-
«Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 219 Қазақстан Республикасының Заңы;
-
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Қазақстан Республикасының Заңы;
-
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының № 126 Заңы;
-
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310 Қазақстан Республикасының Заңы;
-
«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Қазақстан Республикасының Заңы;
-
«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының № 129-V Заңы;
-
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы», Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы заңы»;
-
«Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2001 жылғы 25 сәуірдегі N 178 Қазақстан Республикасының Заңы;
-
«Тұтыну кооперативі туралы» 2001 жылғы 8 мамырдағы N 197 Қазақстан Республикасының Заңы
-
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Қазақстан Республикасының Заңы;
-
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының № 339-IV Заңы;
-
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының № 188-V Заңы;
-
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
-
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Заңы;
-
«Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
-
Климатты өзгерту саласындағы халықаралық шарттармен;
-
«Электр энергетика туралы» заңдарымен, «Біртұтас электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 қазандағы № 1345 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы;
-
«Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1133 Қаулысы;
-
«Энергия тұтынудың нормативтерін бекіту және «Энергия тұтыну нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы №50 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1346 Қаулысы.
9. Қарастырылған мәселелерге қатысты шетелдік тәжірибенің болуы
Отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету мәселелері жөнінде.
Әлемдік тәжірибе дәлелдегендей, отандық өндірісті ынталандыратын тиімді құрал – мемлекеттің инновациялық жобаларды қолдауы болып табылады:
- Шетелдік компаниялармен бірігіп іске асырылатын жобалар үшін ҚҚС бар болғаны 5% белгіленген (ҚХР);
- Белгілі уақыт ішінде табысқа салық салынбайды (ҚХР);
- Метан-көмір кен орындарын іздеу, барлау, игеруге дайындау және жайғастыру үшін пайдаланылатын импортталатын жабдыққа, материалдарға және машиналарға кедендік жеңілдіктер ұсыну (ҚХР, Үндістан);
- Ағымдағы жылда (өткен жылмен салыстырғанда) табысқа салынатын салық шамасынан Қытайда өндірілген жабдыққа инвестициялардың 40% дейін шегерілуі мүмкін (ҚХР).
ДСҰ мүше-елдерінің бұрын қолданыста болған автокөліктерді енгізуге шектеу қою бойынша тәжірибесі:
- Венгрияда қозғалтқыш көлемі мен қозғалтқыш класына байланысты тіркеу жинағы енгізілген (Тіркеу бойынша 2003 жылғы Заң);
- Данияда автокөлік құнына плюс ҚҚС байланысты тіркеу жинағы. Құны 13 000 мың АҚШ долл. төмен автокөліктерге жинақ - 105%, өзгелеріне - 180% (Автокөлік құралдарын тіркеу туралы Заң (2012 жылы (соңғы өзгерістер));
- Украинада көлік құралдарын алғашқы тіркеу үшін қозғалтқыш көлеміне байланысты жинақ жүзеге асырылады (Украинаның Салық кодексі (2013 жылғы өзгертулермен).
Өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігі (ӨКЖ). Еуропалық Парламент пен Кеңестің 2008 жылдың 19 қарашасындағы қалдықтар бойынша 2008/98/EО Директивасының 8 бабы өндірушілерге, жеткізушілерге, импорттаушыларға сәйкес шығындарды жүктей отыра, қалдықтарды қайталама пайдалану және өңдеуді күшейтуге бағытталған ӨКЖ белгілейді.
Барлық шетел елдерінде қандай да бір дәрежеде нарыққа айналымға енгізілген тауар және қаптаманың өмір циклі үшін тауар және қаптаманың ӨКЖ ұстанымы іске асырылады. Өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігі ұстанымы алғашқы рет қаптамаға қатысты енгізілген. 1994 жылы ЕО деңгейінде негізгі ережелері ұлттық заңнамаларда іске асырылуға тиіс «Қаптама және қаптама қалдықтары турады» Директива ((№94/62/ЕО) қабылданды. Бұл Директива ЕО барлық мүше елдері үшін ортақ, қаптамаға қатысты талаптарды қарастырады, олардың орындалуынсыз тауар ЕО бірыңғай нарығына кіргізілмейді.
Директиваның негізгі мақсаттары ЕО елдерінде қаптама мен қаптама қалдықтарының айналымы бойынша заңнаманы үндестіру, сонымен қатар, қаптама қалдықтарының қоршаған ортаға әсер етуінің алдын алу немесе азайту болып табылады.
Директива сондай-ақ қаптама қалдықтарын өңдеу және рекуперациялауға (энергия алу) қатысты талаптарды белгілейді.
ЕО елдерінде қаптамаға және қаптама материалдарына қатысты міндетті талаптар енгізілген:
Қаптама көлемі мен салмағы тауардың сақталуы мен тұтынушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін минималды қажетті болулары тиіс;
Қаптама құрамына қауіпті заттардың тек минималды көлемдері кірулері мүмкін;
Физикалық қасиеттері мен дизайны бойынша қаптама көп рет пайдалануға, ал қызмет ету мерзімінің аяқталуынан кейін – қайталама айналымға жарамды болуы тиіс, демек, пайдаланылған қаптама тауарлық өнімге өңделуі және/немесе энергия мақсаттарында рекуперациялануы тиіс;
Өнімді өндіру кезінде бастапқы шикізат пайызын төмендету, қайталама шикізатты пайдалану үшін мүмкіндіктер іздеу.
Директива ережелерін іске асыру кезеңінде ЕО ұлттық заңнамаларында келесі беталыстар айқын белгіленді: даму сатысындағы кейбір ұлттық жүйелер кіріс мүшелік жарналарының көлемін арттыруға мәжбүр болуы тәрізді, кіріс жарналары жүйесінде айтарлықтай ерекшеліктер болса да, жинау және жою жүйелері құрылымы мен шығындары бойынша ұқсас бола бастады.
Өндіріс және тұтыну қалдықтары бойынша Федералды заңға сәйкес, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап ресейлік автоөндірушілер импорттық жабдықтаушылармен қатар (оның ішінде Кедендік одақ елдерінің автоөндірушілері) жалпы бастамада қалдықтарды кәдеге жарату алымын төлейтін болады.
Алым көлемі келесі формуламен анықталады: U = B x K, мұндағы B – қалдықтарды кәдеге жарату алымының базалық мөлшерақысы, ал K – коэффициент. Қалдықтарды кәдеге жарату алымының базалық мөлшерақысы жеңіл автокөліктер үшін 20 мың руб., жүк көліктері мен автобустар үшін 150 мың руб.
Формуладағы коэффициент автокөлік құралының түріне, шығарылған жылына, қозғалтқыш көлеміне байланысты болады. Мысалы, бұрын қолданыста болған, эксплуатация мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейінгі, жалпы массасы 20 т жоғары автомобиль үшін коэффициент 11,80, ал осындай жаңа автомобильдер үшін – 2,90.
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша.
Еуро одақ деңгейіндегі заңнамалық құжаттар қатысушы елдер мен елдік заңнамалық нормалар мен тәжірибелердің жақындауында энергосервистік қызметтегі энергияның тиімділігін арттыру мен дамытудың маңызды факторы болып табылады. Дегенмен, энергия тиімділік мәселесіне келу Еуропа елдерінде айтарлықтай түрленбелі және келесідей өз күшіндегі құқықтық шеңберде анықталатын, сондай-ақ, жобаларды қаржыландыру тәртіптері сияқты әртүрлі ынталы ықпалдармен анықталады.
Еуропалық комиссияның ақпаратына сәйкес ЕС энергия тұтынуының 40 % жуығы ғимаратқа келеді, ал мұнымен қатар, тұтынылған энергияның 20 % тиімсіз болып қалады. Ұлттық экономикада энергия тиімдікті арттырудың айтарлықтай қоры жаңғыртпалы энергия көздерін пайдалану болып табылады (ЖЭК). Еуропада энергия үнемдеу нарқының жалпы қоры € 5-10 млрд.ұзақ мерзімді дамуда € 25 млрд. өсуімен бағаланады. Сондықтан энергия үнемдеу саласындағы маңызды экономикалық, экологиялық және әлеуметтік қорға ие, әсіресе, энергетикалық ресурстың құнын есепке ала отырып және климатты сақтау мен парникалық газ қалдықтарын шектеу сияқты еуропалықтардың кеудемсоқ жоспарлары.
Еуропалық Одақ өз әрекетімен энергия үнемдеуді жылжытып, тікелей және тікелей емес ұсыныстар мен нұсқаулар қатарын қабылдай отырып, энергосервистік және энергия үнемдеу жобаларының қаржыландыру механизмдерін дамытады. Маңыздылары болып табылатыны:
• Энергия тұтыну жөніндегі нұсқаулық (The Energy Services Directive, ESD), 2006/32/EC4;
• Ғимараттардың энергетикалық сипаттамасы бойынша нұсқаулық (The Energy Performance of Buildings Directive, EPBD), 2010/31/EU5.
Нұсқаулық міндетті есептілік пен бақылау, энергия үнемдеу жоспарлары сияқты өлшемдерді тағайындайды. Мұндай әрекеттер, энергосервистердің дамуы мен энергосервистік перформанс келісім-шарттары қатысушы ел заңнамаларында көрсетілуі және ұлттық жоспар әрекетіне енуі тиіс. Нұсқаулық келесідей маңызды элементтерги ие:
• энергосервистік келісім-шарт саласында терминологиялардың анықтамасы;
• энергия дистрибьюциясының ережесі;
• энергетикалық аудит өткізу талабы;
• энергия тиімділік көрсеткіштері туралы ақпараттың таралу міндеттемесі;
• қажетті қаржылық саймандардың тізбесі;
• нарыққа көпшілік билік органдар шараларының тізбесі;
ЕС мемлекеттіне мүше заңнамалық ая ЕС Нұсқаулықтары мен энергия тиімділікті арттыру сұрағындағы ұлттық тәжірибемен анықталады. Әрбір мемлекет өзіндік нормативтік-құқықтық базасын жүзеге асырады және өзіндік кедергі жиынтықтарымен соқтығысады. Осылайша, ЕС елдерінде энергосервистік қызметті құқықтық реттелуі айтарлықтай ерекшеленеді. Энергия тиімділігін арттыру мәселесінде ұлттық заңнамалық тәжірибесі айтарлықтай зор мемлекеттер еуропалық құжаттар әзірлеуде үлкен себін тигізеді. Бүкілевропалық дерективаны қабылдағанан кейін сол елдер осы мәселені шешуге бет бұрды, ұлттық заңдары төмен дамыған. Кейбір елдер энергосервистік компаниялар қолдаумен және энергосервистік келісім-шарттың жылжуының есебінен энергияның айтарлықтай үнемделуіне қол жеткізді. Мысалдар пилоттық жобалардың жүзеге асырылуын, кең ауқымды ақпараттың таралуы мен ең жақсы тәжірибе, әдістемелік нұсқаулар дайындау мен келісім-шарттардың типтік түрлеріне ие жеке-дара шаралардан комплекстік мақсаттық стратегияға дейін түрленеді (мысалы, бір немесе бірнеше мемлекеттік энергосервистік компаниялардың құрылуы). Мұнымен қоса, басқа елдер ЕС нұсқауларымен орнатылған минимальды стандарттарына қол жеткізіп үлгерді.
Мұнан басқа, әлем бойынша энергосервистік қызметі бойынша дамыған нарықты болып Германия, Франция, АҚШ болып табылады. Оңтүстік Кореяда бұл нарық енді дамушы және жақсы нәтижелер әкелуде. Айта кету керек, Кореяда энергосервистік қызмет нарығында жалғаушы буыны болып энергосервистік қызмет Операторы табылатын ЕСКО моделінің жемісті неміс тәжірибесін қабылдады.
Германиядағы 3 млрд. жоғары евро ЕСКО нарығы Еуропадағы ең үлкені болып табылады. 100 000 жоғары жобалар жүзеге асырлып үлгерген. Германия МСБ жаңа кластерін тудырушы ЕСКО компанияларының саны 500 жоғары. Германиядағы энергосервистік келісім-шартының негізгі саны бюджеттік секторда қамтылады. Германияда бюджеттік саясат федеральдық заңнамамен реттеледі. Маңызды ереже болып пайдалану шығынының бюджеті мен бюджеттің капитальдық қаржысы бюджетке бөлінуі болып табылады.
Энергия тиімділікті арттыруды ынталандырылуының немістік әдістері парникалық газдар қалдығын қысқарту үшін ғимараттарда орындалуы қажет федеральдық үкімет пен үкіметтік жер әрекеттері туралы келісімдерге ие. Бұл келісім немістік жер үшін энергосервистік келісім-шарт жасау үшін құқықтық негіз болып табылады және көпшілік билікке келісімнің 26 қысқартылған рәсіміне және көпшілік секторда энергосервистік келісім-шарт жасаудың тендерлер санын ұлғайтуға ықпал етеді.
Энергосервистік келісім-шарт жасау кезіндегі сатып алулар туралы Еуропалық Одақтың Нұсқаулығына сәйкес келіссөздер тәртібі немесе тендер қатысушыларының конкуренттік диалогы қарастырылуы мүмкін. Энергосервистік қызмет сатып алуда бірінші жоспарда болып – білікті мамандарды тартудың жүргізілуі мен дайындыққа айтарлықтай уақытты қажет ететін ауыр рәсім табылады .
ГФРге ЭСКО нарығының дамуы үшiн ынталандыратын факторлар:
• Парникте өскен газдардың шығуларын қысқарту бойымен міндеттемелерді қатал орындау, сонымен бiрге энергосервистік шарттардың жетiстiк үшiн қажеттi энергиялық тиiмдiлiктiң жоғарылауын көздейтiн мойындаушылық. Саяси қолдау, әсiресе жергiлiктi деңгейде;
• Мемлекеттiк реттеудiң энергосервис қызмет түрлерiн ұсыну бойымен энергетикалық ресурстардың өндiрушiлерiне қатал талабы, тұтынушыдан ғимаратты қайта құралымдауды қоса;
• Электр энергия нарығының ырықтандыруының нәтижесiнде энергетикалық ресурстардың баға өсуі;
• Қайта құру және ғимараттар құрылысына арналған талаптарға кешендi тәсiл, ғимарат энергиямен жабдықтау жүйестерден олардыңның құрастырымдық элементтерiне дейiн назардың кеңеймесi;
• Көпшiлiк сектордың энергиялық тиiмдiлiктiң жоғарылауы бойымен және әкiмшiлiк құрылымдарды жасау мiндеттері, қаржыландырумен айналысқан, және энергиялық тиiмдiлiктiң жоғарылауы бойымен қызметтiң өткiзуiмен;
• Муниципалдық жобалардың үлкен санды демонстрациалдық әсері, энергетикалық агенттiктермен қолданған;
• Федералды деңгейдегi белсендi қолдау және инвестицияларды ынталандыру, стандарттық рәсiмдердер және құжаттар, модельдiк келiсiм-шарттар, энергиялық тиiмдiлiктiң жоғарылау деңгей ұйғарымының үлгiлерiлерінің ұсынымдарын дайындау;
• Бөлiндiлер де, мемлекет агенттiктерi де ұқсас шарттарды табысты өткiзудiң мысалдарын алуға мүмкiндiк беретiн кеңесшiлердi энергосервис бойымен қызметтердiң сатып алуларын дайындықта көмек;
• Транзакция шығындарының төмендетуi қамтамасыз етiлетiн объектiлердi дестенiң шеңберінде бiрiктiру бiр жобасын ұстанымның пайдалануы;
• Қаржы институттардың энергосервиске инвестициялауның қызығушылығы
• Тәжiрибелi және энергосервиске жәрдемдесу миссиясы бар энергетикалық агенттiктердiң болуы.
Энергия үнемдеудiң төңiрегiдегiн заңнама бойымен халықаралық тәжiрибенiң талдауы және энергиялық тиiмдiлiк, РФ жеке алғанда негiзгi заң РФ бiр уақыттағы қабылдауымен болған iс «энергия үнемдеу туралы және энергиялық тиiмдiлiктiң жоғарылауы туралы» заңнамалық кесiм өзгерiс пен толықтыру қатарда кiргiзетiнiн көрсетедi. Мысалы, РФ бюджет кодекке, мемлекеттiк мекеме мүмкiндiк берудiң бiр бөлiгiнде үнемделген энергетика ресурстарды құнның анықталынған қалай пайызы баға шарттың энергосервисi, орнатылған лимиттi бюджеттiк мiндеттемелер қимыл-қозғалыс мерзiм асатын мерзiмге болу.
ЭСКО саны Оңтүстiк Кореяда – 160 компанияға жетедi. Оңтүстiк Кореяның ЭСКО нарығы 110 миллион $. Кәріс энергоменеджмент корпорациясы нарықтың операторы болып көрiнедi - (ФРГ тәжiрибесі).
Оңтүстiк кореяда Кәрiс энергоменеджмент корпорациясының нарықтың операторы iздестiру, сұрыптау жүргiзiледi және жоба сараптама және компания жобалар мүдделi энергосервисті үйлестiредi, мұндай бизнестi жүргiзудiң шарты сонымен жеңiлдене және, мемлекеттiк болып шыға рынокқа қатысушты қолдаймын.
Туристік қызмет мәселелері бойынша.
Дүниежүзілік экономикалық форум айқындайтын Саяхат және туризм секторының бәсекеге қабілеттілігі индексі (Travel&TourismCompetitivenessReport) бойынша 2013 жылы Қазақстан 88-орынға ие болды. Бұдан әрі туризм дамуының және оны реттеудің халықаралық тәжірибесін талдау ұсынылған.
Түрлі елдердің тәжірибесі көрсеткендей, туризм дамуының табыстылығы бұл сала мемлекеттік деңгейде қалай қабылданатынына, ол мемлекеттік қолдауды қаншалықты пайдаланатынына тікелей байланысты.
Туризм басқаруды ұымдастыруды зерттеп қарау мемлекеттік басқарудың 3 моделін бөліп шығаруға мүмкіндік береді.
Бірінші модель, «өзін-өзі реттеу» моделінде орталық мемлекеттік туристік әкімшіліктің болмауы және нарықтық «өзін-өзі ұйымдастыру» қағидаттарының негізінде жерлерде туристік индустрияның жұмыс істеуі мен дамуының барлық мәселелерін шешу көзделеді. Мұндай басқару жүйесі елге туризм мүлдем қажет емес не туристік нарық субъектілерінің өздігінен дамуға едәуір тәжірибесі бар, экономикалық жағынан мықты және туризмнің даму проблемаларын мемлекеттік араласуынсыз шеше алатын елдерде қолданылады. Осындай модельді іске асырудың үлгісі АҚШ-тың туристік нарығы болып табылады, оның шамамен ғасырлық тарихы бар. Американдық нарықтағы туристік агенттіктер мен саяхат бюроларының белсенді қызметі ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдары басталды. Сондықтан АҚШ-тың туристік индустриясында өзін-өзі дамыту және туризмді өзін-өзі реттеу үшін жеткілікті әлеует жинақталды.
Екінші модель, «туризм басымдығы» моделі ел ішіндегі туризмнің барлық жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын бақылайтын мықты және беделді мемлекеттік органның болуымен сипатталады. Мұндай басқару моделі туризм валюталық түсімдерінің негізгі көздерінің бірі болып табылатын дамып келе жатқан елдерде (мысалы, Түркияда, Мысырда, Тунисте, Кипрде, Мальтада және т.б.) қолданылады.
Осы модельді іске асыру үшін туризм индустриясын дамытуға, жарнамалық және маркетингтік қызметке едәуір қаржы қаражатын жұмсау, туристік инфрақұрылымға инвестициялау, дағдарыстар мен туристік ағымдардың құлдырауы кезеңінде ұлттық турбизнесті қолдау қажет, туристерді жеткізуші елдердегі халықаралық нарығында белсенді жылжитын ұлттық туризмнің бірыңғай имиджі қалыптасады.
Туризмді басқарудың үшінші моделі, «салааралық реттеу» моделі еуропалық мемлекеттерде басым кездеседі. Туризмнің даму және туриндустрия қызметін реттеу мәселелері, әдетте, экономикалық немесе әлеуметтік-мәдени бағыттағы көпсалалық министрліктердің бірі деңгейінде шешіледі. Туризмді басқаратын бөлімшенің қызметі екі бағытта жүзеге асырылады:
- мемлекеттік реттеудің жаһандық мәселелерін шешу (нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу, өңіраралық үйлестіру, мемлекеттік деңгейдегі халықаралық ынтымақтастық, статистикалық ақпаратты өңдеу);
- маркетингтік қызмет (жарнама, көрмелерге қатысу, шетелдегі туристік өкілдіктерді басқару және т.б.)
Үшінші үлгіні шетелде пайдалану мысалдары Франция, Испания сияқты елдер болып табылады. Реттеу үлгілерінің сипаттамасы және оларды қолдану мысалдары қорыту түрінде төмендегі кестеде келтірілген.
Реттеу үлгісі Реттеу үлгісінің ерекшеліктері және үлгіні қолданатын елдердегі туризм салалары Үлгіні қолданатын елдер мысалдары
«Өзін өзі реттеу үлгісі» 1) орталық туристік әкімшілендірудің жоқтығы, туризмді реттеу мәселелерін шешу нарықтық «өзін өзі ұйымдастыру» арқылы жүзеге асырылады, әдетте кәсіптік қауымдастық деңгейінде;
2) туризм нарығы дамыған, туристік нарық қатысушылары экономикалық жағынан мықты және саналы;
3) туризм ұлттық бюджет кірістерінің негізгі көзі болып табылмайды. АҚШ
«Туризмнің басымдылық үлгісі» 1) туризм бойынша мемлекеттік беделді органның (министрлік) болуы;
2) инфрақұрылымды дамытуға сияқты, ұлттық туристік өнімді жылжытуға да мемлекет тарапынан туризмді қаржыландырудың айрықша көлемдері;
3) экономикадағы туристік саланың негізгі рөлі және ұлттық бюджетті қалыптастырудағы туризмнен кірістердің айрықша үлес салмағы Түркия, Мысыр, Мальта, Кипр
«Салааралық реттеу» үлгісі 1) Туристік саланы реттеу экономикалық немесе әлеуметтік профильдегі саларалық министрліктің жүргізуінде;
2) Туризм саласын реттейтін мемлекеттік билік органынан басқа, әдетте ұлттық туристік өнімді жылжытуға маманданатын ұйым құрылады
3) мемлекеттік туристік әкімшіліктің туризмді дамыту міндетерін шешкен кезде жергілікті билікпен және жеке бизнеспен тығыз өзара байланысы.
Ұлыбритания, Франция, Испания, Чехия, Австрия, Германия, Венгрия, Ресей және т.б.
Туристік қызметті реттеу үлгілері және олардың ерекшеліктері
Үшінші үлгіні іске асырудың анағұрлым толық мысалдары төменде берілген:
Ел Ведомство атауы Туризм саласында реттеуді жүзеге асыратын бөлімшелер Маркетингті жүзеге асыратын ұйым және туристік өнімді жылжыту Туристік өнімді жылжытуды мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру Өкілдіктер ашылған елдер саны
Франция Көлік және қоғамдық жұмыстар министрлігі Туризм мәселелері жөніндегі мемлекеттік хатшылық, Туризм басқармасы Maison de la Franse 60 26
Ұлыбритания Мәдениет, ойын-сауық және спорт министрлігі Британдық туристік әкімшілік (Britaish Tourist Authoritu) BTA 68 26
Германия Экономика министрлігі Ұлттық Туристік Комитет НТК 100 27
Испания Экономика министрлігі Мемлекеттік хатшылық
Орталық туризм жөніндегі дирекция
Paradores Қонақ үй тізбегі
Turespaca Туризм институты Turespaca 100 21
Италия Өндірістік қызмет министрлігі Туризм департаменті ENIT 100 16
Австрия Экономика министрлігі Австриялық Ұлттық туристік кеңсе AHTO 75 26
Венгрия Венгрияның Премьер-Министрі Кеңсесі Туризм жөніндегі практикалық хатшылық «Венгрия-туризм» корпорациясы 100 23
Туризмді мемлекеттік басқарудың үшінші үлгісінің мысалдары
Туризм саласында мемлекеттік басқарудың қажеттігі анық болғанымен, оны іске асыру ерекше тәсілді қажет етеді. Бір жағынан, туризм саласы көпсалалық кешен ретінде кез келген басқа салаға қарағанда, өзінің шаруашылық қызметін үйлестіруді аса мұқтаж етеді; екінші жағынан, шамадан тыс мемлекеттік қатысу мен регламенттеу нарықтық қатынастардың құрылуы мен дамуы негізінде жатқан кәсіпкерлік бастаманы басады.
Бұдан әрі туризмді мемлекеттік реттеу, оның дамуы мен оны ынталандыру шаралары бойынша нақты елдердің тәжірибесі қаралған.
Түркия Республикасы
Түркия туризмінің саласындағы қызметті регламенттейтін негізгі нормативтік құқықтық құжат «Туризмді көтермелеу (оған жәрдемдесу) туралы» Түркия Республикасының Заңы болып табылады (1982 жылдан бастап қолданылады).
Осы Заңда туристік индустрияға мемлекеттік инвестициялар реттеледі, Мемлекеттік туризмнің даму қорының құқықтық мәртебесі, туристік мақсаттар үшін жылжымайтын мүлікті пайдалану тәртібі, инвесторлар үшін салықтық артықшылықтар беру тәртібі белгіленеді және т.б.
Туризм саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың негізгі шарттар мыналар:
– туристік сертификаттың болуы (қызметті жүргізу және жеңілдіктерді және басқа да құқықтарды алу мақсатында алынады);
– табиғи ресурстарды сақтау және пайдалану (туристік аудандарда, орталықтарда, өңірлерде туристік саланың кәсіпорындарын салу, бұл ретте табиғи ресурстарын пайдалану Мәдениет және туризм министрлігінің рұқсатымен жер пайдалану жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады);
– шетелдік жеке және заңды тұлғалардың туристік аймақтардағы жылжымайтын мүлікті сатып алуда (жалға алуда) шектелген құқығы;
– Мәдениет және туризм министрлігімен туристік тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағаларды келісу (көрсетілетін қызметтерге және туристік тауарларға бағалар белгіленгеннен жоғары болмауға тиіс);
– саланы ұлттық кадрмен қамтамасыз ету басымдығы (білікті шетелдік қызметкерлер мен сарапшыларды жалдау Мәдениет және туризм министрлігінің мақұлдауымен жүзеге асырылады, бұл ретте шетелдік қызметкерлердің жалпы саны қызметкерлердің жалпы санының 10%-нан аспауға тиіс);
– алкоголь өткізуді және ойын бизнесін жүргізуді лицензиялау (лицензиялар беруді және сертификатталған объектілердің ойын мекемелерінің басшыларын тағайындауды келісуді Мәдениет және туризм министрлігі жүзеге асырады);
– Мәдениет және туризм министрлігіне инвестициялау барысы және қызмет нәтижелері туралы тұрақты түрде хабарлау болып табылады.
Сонымен бірге мемлекет туристік саланың дамуына мынадай жолмен үлкен қолдау көрсетеді:
– ішкі және кірме туризмді дамытатын ұйымдар мен кәсіпкерлерге салықтық преференциялар беру және салық төлеуден босату (алғашқы 4 жылы қонақүй иесі әлеуметтік қорларға төлемдерден басқа, барлық алымдардан босатылады, сондай-ақ салықтық демалыстарды ұзарту мүмкіндігі бар);
– ішкі және кірме туризмді жылжытуға (маркетингке, жарнамаға, көрмеге және т.б.) бюджеттік қаражат бөлу;
– туристік индустриядағы одан әрі маңызды жобаларды мемлекеттік қаржыландыру, туризм үшін кадрларды даярлау (сертификатталған туристік мекемелердің байланыс құралдарына қатысты қаржыландырудың барлық рәсімдері бірінші кезекте жүзеге асырылады);
– ішкі және кірме туризмді дамытатын ұлттық тасымалдаушыларға, туроператорларға бюджеттік субвенциялар мен субсидиялар беру;
– басым негізде кредиттер бөлу және оларды өтеудің ерекше шарттары (мысалы, арнайы туристік банктер арқылы отельерлерге коммерциялық қаржы мекемелерінде алынған кредиттер бойынша пайыздарды өтеледі);
– жол, кәріз, су құбырлары құрылысы, электр және т.б. сияқты туристік аудандар, орталықтар инфрақұрылымының дамуын мемлекеттік қамтамасыз ету;
– орман қорын бөліп-бөліп төлеу (ормандарда орналасқан туризмнің сертификатталған мекемелерінің төлеуіне жататын сома аумақ берілгеннен кейін үшінші жылдан бастап, бес жыл ішінде бес тең төлеммен төленеді);
– коммуналдық қызметтер көрсетуге жеңілдікті тариф (электр, газ және су өнеркәсіп объектілеріне және елді мекендегі тұрғын үйлерге қолданылатын мөлшерлемелер бойынша төленеді).
Мәдени және туристік салаларға бағытталатын туристік инвестицияларды қолдау және арттыру мақсатында Мәдениет және туризм министрлігі Туризмді дамыту қорын құрды.
Мәдениет және туризм министрлігінің бюджетінен бөлінген жылдық ассигнациялар; Қазынашылық үлесіне сәйкес келетін Түркияның туристік банкі табысының бөлігі; заңнаманы бұзғаны үшін туристік мекемелерге салынатын айыппұлдар; қайырмалдықтан түскен қаражат; кредиттер бойынша пайыздар қордың табысы болып табылады.
Туристік саланың субъектілерін мемлекеттік қолдау Түркия Республикасына әлемдік нарықтағы өзінің көшбасшы орнын күшейтуге мүмкіндік берді. Мысалы, 2011 жылы Түркиядағы шетелдік туристердің саны 9,8 %-ға өсті. Орташа алғанда, бір турист Түркияда 550 АҚШ долларын жұмсайды, осы соманың 75%-ы туроператорлар мен турагенттіктер арқылы жолдамалар сатып алуға жұмсалады.
Сонымен қатар, 2007 жылы Түркия үкіметі 2023 жылға дейін Түркия туризмін дамыту стратегиясын әзірлегенін және қабылдағанын атап өту қажет, ол туризмді дамыту саласындағы мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы ынтымақтастықты ынталандыруға бағытталған және онда «Түркия-курорт» әлемдік брендін құруға ең егжей-тегжейлі тәсіл көзделген.
Оның басты мақсаты – мемлекеттің келген туристердің саны және туристік қызметтен алынған пайдасы ең көп елдердің әлемдік бестігіне енуі. Түркия туризмін дамыту стратегиясының негізінде ел туризмінің тұрақты дамуының басты қағидаты ретінде – жоспарлау қағидаты жатыр. Демалыс жоспарлау объектісі ретінде, сондай-ақ өңірлік теңсіздікті жою құралы ретінде пайдаланылуға тиіс. Туризм индустриясын дамытудың қойылған мақсатына қол жеткізу туристік индустрияның түрлі салаларында өзара байланысты кіші стратегиялардың бірқатарын әзірлеуді және ұзақ мерзімді перспективада оны іске асыруды көздейді:
Инвестициялық стратегия Ұйымдастырушылық стратегия Ішкі стратегия Маркетингтік стратегия
Зерттеулер және әзірлемелер стратегиясы 2023 жылға дейін Түркияның туризмін дамыту стратегиясы Инфрақұрылымды дамыту стратегиясы
Білім беру стратегиясы Жоғары сапалы қызмет көрсету стратегиясы Туристік өнімдерді әртараптандыру стратегиясы Маусым шектерін кеңейту стратегиясы
2023 жылға дейін Түркия туризмін дамыту стратегиясының құрылымы
– Инвестициялық стратегия – кәсіпкерлік қызметті ынталандыру сызбасын әзірлеу жолымен туризмге инвестицияларды тарту;
Ұйымдық стратегия – туризм билігі (басқармасының) органдарының жаңа институционалдық құрылымын – Туризм жөніндегі ұлттық кеңесті (туризмді дамыту саясатын және мемлекеттік деңгейде шешімдерді қабылдау процесін анықтау үшін); Жоспарлау жөніндегі мемлекеттік ұйым – Туризм жөніндегі ұлттық кеңес мүшесі (туризімді дамытуды жоспарлау үшін жауап береді); Реттеуші және жетекшілік етуші орган ретінде Мәдениет және туризм министрлігі (функциялары: көрсетілетін қызметтерді сертификаттау, ішкі туризм саясатын бағалау және айқындау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары); туризмнің білім беру қызметі; туризм бойынша ұлттық деректер мұрағатын құру жолымен туризм саласында институттауды жүзеге асыру.
– ішкі стратегия – мемлекеттің ішкі туристік бизнесті қолдауы, қоғамдағы әртүрлі топтар үшін қолайлы сапа мен қолжетімді баға негізінде баламалы туристік өнімдермен қамтамасыз ету;
Зерттеулер мен әзірлемелер стратегиясы – туристік өнімдерді мемлекетпен де жеке сектормен де ақпаратқа толық қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып тұрақты зерттеулер қажеттігі;
- Инфрақұрылымды дамыту стратегиясы – көлік байланыстарын нығайту, халық тығыз орналасқан және тез дамып жатқан туристік орталықтар үшін инфрақұрылым проблемаларын жою (мысалы мемлекеттер одағын, жергілікті билік органдары мен жеке секторларды құру арқылы жүзеге асырылатын Жерорта және Эгей теңіздерінің туристік инфрақұрылымын дамыту жобасы);
– маркетингтік стратегия – ұлттық, өңірлік және жергілікті деңгейлерде бренд жасау, туризмді дамыту ортасы сияқты жекелеген турөнімдер ретінде маркетингтік талдаулар жүргізу; белгілі турөнімдер бойынша жарнамалық іс-шараларды жүзеге асыру;
– білім беру стратегиясы – туризм саласында білікті кадрларды даярлау, мемлекет тарапынан нығаюды алатын арнайы білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
– жоғары сапалы қызмет көрсетуді жүзеге асыру стратегиясы – көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру үшін кәсіби біліктілікті сертификаттау жүйелерін енгізу, қызмет көрсету стандарттарын бұзған жағдайда қатаң шараларды қабылдау;
– турөнімдерді диверсификациялау стратегиясы – туризмнің баламалы түрлерін дамыту, мысалы, гольф-туризм, экотуризм және т.б.;
– денсаулықсақтау бойынша жаңа көрсетілетін қызметтерді енгізу арқылы маусым аясын кеңейту стратегиясы (мысалы талас терапиясы); спорттық және рекреациялық аймақтарды, спорт клубтарын құру; инвестицияларды тарта отырып, гольф аумағын бөліп алу; көңіл көтеру орталықтары мен парктерді құру; функционалды және сәулетті заманауй сауда орталықтарын салу; заманауй тау шаңғы тасжолдарын жасау.
Түркиядағы туризмнің дамуы аймақтық сипатқа ие – қалалар мен аудандар туризм дамуының мамандандырылуы бойынша біріктіріледі. Стратегиямен 3 топқа біріктірілген 9 туристік аймақ бөлініп алынған (термалды көздер бойынша, мәдени-тарихи көздер бойынша, жағажай демалысы аймақтары).
Туризм объектілерінің арасында байланысты қалыптандыру үшін Түркияда – елді-мекендер, туризмнің даму аймақтары, қонақ үйлер мен басқа да демалыс және көңіл көтеру орындары арасында заманауй көлік дәліздері деп аталатын туризмді дамыту дәліздерін бөліп алып қарайды.
Мәселен, бүгінгі күні келесі дәліздерді бөліп алады:
1) зәйтүн дәлізі – өңір өсімдіктердің бірнеше түрімен денсаулыққа арналған орын ретінде дамитын болады.
2) қысқы дәліз – дәліз қысқы туризмді дамытуға жасалған, басты дамыту назары табиғи, мәдени және тарихи көз тартарлық орындарға беріледі;
3) діни дәліз - діни туризмді дамыту үшін құрылған;
4) жібек жолы – «Жібек жолы» тарихи орында орналасқан, экотуризмді, сондай-ақ өңірдің қысқы туристік инфрақұрылымын дамыту үшін жасалған;
5) Қара теңіз дәлізі – басты күш бағыты елдің су жағасындағы қалаларын байланыстыратын ішкі туризмді дамытуға бағытталған;
6) Дәліз үстірті – әсем көріністер мен су жағасындағы мәдениетті қамтиды.
7) мәдени дәліз – Мәрмәр теңіздің Еуропалық қанатында орналасқан, тұрақты қоғамдық даму үшін, мәдени мұраны сақтау және мәдениет аралық сұхбатты жақсарту үшін жасалған.
Қорытынды: Түркия Республикасының туризм саласындағы мемлекеттік саясат переференциялар, буджеттік субсидиялар, салық демалыстары, жеңілдікпен несиелеу арқылы кәсіпкерлік белсенділікті дамытуға жан-жақты қолдау көрсетуге және ынталандыруға бағытталған.
Оның негізгі ерекшелігі ұзақ мерзімді перспективаға әзірленген жоспарларды рет-ретімен іске асыру, туризмді басқару органдарын туристік аймақтарда нәтижелі күшті орналастыруда негізгі принциптерді және курортты аумақтар үшін өңірлік даму саясатын анықтаудан, инфрақұрылым объектілері құрылысынан кәсіпкерлік субъектілері қызметінің нәтижелерін бақылауға дейінгі ауқымды өкілеттіктер беру болып табылады.
Қытай Халық Республикасы (ҚХР)
Егер 30 жыл бұрын ғана ҚХР бар болғаны 250 мың турист барып қайтқан болса, ал 2011 жылдың өзінде ДТҰ деректері бойынша елге 57,6 млн турист келіп-кеткен, олардан жыл сайынғы пайда шамамен 41 млрд АҚШ долларын құрайды. ДТҰ болжамы бойынша 2020 жылға қарай ҚХР ірі туристік державаға айналады.
2013 жылғы сәуірде Халық өкілдерінің жалпы қытай жиналысының тұрақты комитеті «Туризм туралы» ҚХР Заңын қабылдады. «Ткризм туралы» ҚХР Заңы ҚХР-дағы туристік қызметтің жүргізілуі, туристік көрсетілетін қызметтерді көрсету туралы шарт жасасу, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, туризм саласында мемлекеттік бақылау, дауларды шешу, туристік ұйымдардың (туроператорлардың) заңды жауапкершілігі мәселелерін реттейді.
Туристердің құқықтары мен міндеттері жалпыланған түрде 1993 жылы қабылданған «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» ҚХР Заңында да қалыптастырылған.
Біріншіден, туристер туристік компания тарапынан күштеу болған жағдайда туристік өнімдерді өз бетінше таңдауға құқықты және қызмет көрсетуден бас тарту құқығын пайдаланады.
Екіншіден, туристік өнімдер туралы дәйекті ақпарат алуға құқығы бар. Туристер туристік компаниямен жасасқан шартқа сәйкес туроператордан қызмет көрсетуді талап ете алады.
Үшіншіден, жеке басына немесе мүлкіне залал келу қаупі туындаған кезде туристер көмекке және қорғауға жүгіну құқығын пайдаланады. Жеке басына немесе мүлкіне залал келтірілген жағдайда туристер тиісті жәрдемақы алуға құқылы. Бұл ретте туристер мыналарға: қоғамдық тәртіп пен қоғамдық адамгершілік қағидаларын сақтауға, дәстүрді, мәдени және діни ерекшеліктерді сыйлауға, туристік ресурстар мен қоршаған ортаға зиян келтірмеуге, өркениетті туризм нормаларымен жүруге; жергілікті халықтың, туристік компаниялар мен олардың қызметкерлерінің, сондай-ақ басқа да туристердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға; туристік компанияларға денсаулығы туралы дәйекті мәлімет айтуға, қауіпсіздік ережелерімен жүруге міндетті.
«Туризм туралы» ҚХР заңына сәйкес туристік компанияларға келесі талаптар қойылады: қызметін жүргізу үшін тұрақты орнының болуы; қызметін жүргізу үшін қажетті жабдықтарының болуы; талаптарға сәйкес келетін жарғылық капиталының болуы; қажетті қызметкерлер мен сапарсеріктері санының болуы; заңдармен және әкімшілік құқықтық актілермен көзделген басқа да талаптарға сәйкес келуі.
Туристік компания құру үшін туризм саласында қызмет жүргізуге лицензия алып, сауда-өнеркәсіп әкімшілігі органдарында компанияның құрылғанын тіркеу қажет.
Көшпелі және шекаралық туризм саласында қызмет көрсету үшін туристік компаниялар жеке лицензия алуға міндетті. Атап айтқанда, көшпелі туризм саласында қызмет жүргізуге лицензия 2 жыл жұмыс істегеннен кейін егер осы уақыт кезеңінде туристік компания туристердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты әкімшілік жазаларға ұшырамаған болса ғана беріледі.
Туристік компаниялар қызмет көрсетудің кепілденген сапасының сомасын енгізуге міндетті. Аталған кепілденген сома туристік агенттік қызмет көрсету туралы жасасқан шарт ережелерін бұзған жағдайда туристерге шығынның орнын толтыру үшін немесе турагенттік таратылған немесе банкрот болған жағдайда қызметтерге алдын ала төлемің орнын толтыру үшін пайдаланылады. Туристке кепілденген сомадан шығынның орнын толтырған жағдайда туристік агенттік үстінен төлеу туралы хабарлама алған сәттен бастап 5 күн ішінде белгіленген нормаға дейін қаражат енгізуі тиіс.
Егер аударған немесе үстінен төлеу сәтінен бастап үш жыл ішінде туристердің құқығын бұзумен байланысты әкімшілік шаралар мен жазалар туристік агенттікке қолдану фактілері болмаған болса, ҚХР Туризм жөніндегі мемлекеттік басқарма турагенттіктің кепілденген сомасын екі есеге дейін төмендетуге құқылы.
Сонымен қатар туристік операторлар мен туристік бизнес қызметкерлеріне заңды жауапкершіліктің бірнеше түрлері белгіленген:
- көрсетілетін қызметтер мен бағалар стандарттарына қатысты заңнама талаптарының бұзушылықтарының күрделілігі кезінде әкімшілік департаментпен бұзушыға айыппұл салынуы мүмкін;
- баратын жерді, көрсетілетін қызметтердің құнын өзгерту, көрсетілетін қызметтерге қосымша төлем алу арқылы келісім-шарт талаптарын бұзған туристік операторларға шаралар қабылдау үшін бақылаушы әкімшілік органға шағым айту қажет. Күрделі жағдайларда бұзушыға айыппұл салынуы мүмкін:
- қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз ету туралы заңнама ережелерін бұзған туристік оператор әрекетіне бақылаушы әкімшілік органға шағым жолдауы қажет. Әрекетінің күрделілігіне қарай туроператор қызметін тоқтату туралы шешім шығарылуы мүмкін;
- бизнес саласында жұмыс істейтін және қызмет көрсеткені үшін шайпұл беруге итермелейтін кез-келген жеке тұлғаның әрекеттері туралы бақылаушы әкімшілік органды ақпараттандыру қажет. Күрделі жағдайлар болған жағдайда кінәлі тұлғаға айыппұл салынуы мүмкін;
- қылмыс құрамының белгілері болған кезде қылмыстық жауапкерпшілік туындауы мүмкін.
Одан басқа, туристік агенттіктер «туристік агенттіктің жауапкершілік сақтандыруы» деп аталатынды сатып алуы тиіс.
Сақтандыру бойынша сақтандыру жауапкершілігі туристік қызметті ұйымдастырған кездегі заңға сәйкес туристік агенттік жауапты жәрдемақыға, тұлғалардың жарақаттануы және туристердің мүлкінің бұзылуы, туристік агенттік тағайындайтын және туристерге қызмет көрсететін сапарсеріктері мен тур-көшбасшылардың өздерінің жарақаттануы, туристік агенттік өзінің ұқыпсыздығы немесе кінәсі үшін жәрдемақы түріндегі жауапкершілікке, сондай-ақ апат болған кезде жәрдемақыға жауапкершілікке ие болатын жағдайларды қосқанда жауапкершілігін қамтиды.
Егер жағдай қиын болса, сақтандыру компаниясы тексерістер жүргізіп, 30 күн ішінде ұйғарым шығаруы тиіс. Сақтандыру компаниясы саяхаттар бюросы мен зардап шеккен туристерді, сапар серіктер мен тур-көшбасшыларды тексеріс нәтижелері туралы хабардар етуі тиіс. Егер оқиға азаматтық жауапкершілікті сақтандыруға түссе, сақтандыру компаниясы келісім жасасқаннан кейін он күн ішінде туристік агенттікпен сақтандыру өтемақысын төлеу туралы, сақтандыру сомаларын төлеу бойынша міндеттемелерін орындауы тиіс.
ҚХР-да туристік қызметті реттеуші негізгі орган ресми түрде 1964 жылы құрылған ҚХР Туризм істері жөніндегі мемлекеттік басқарма (ҚХР ТІМБ) болып табылады. ҚХР ТІМБ негізгі функциялары мыналар болып табылады:
- туризмді дамыту үшін нұсқаулық принциптерді, стратегиялар мен жоспарларды әзірлеу; экономикалық туристік қызметтегі маңызды проблемалар бойынша шешімдер шығару; ережелер, қағидалар мен салалық стандарттар дайындау және олардың жүзеге асырылуын бақылау;
- туристік қызметті бірқалыпты дамыту мақсатында, әсіресе туристік саяхат, туризмнің қауіпсіздігі, төтенше жағдайларда туристерге көмектесу, сондай-ақ туризмді сақтандыру сияқты мәселелерде туризммен байланысты саясатты жүзеге асыруды үйлестіру;
- халықаралық туризм нарығын игеру және дамыту стратегиясын әзірлеу; маңызды акцияларды ұйымдастыру және ұлттық төл туризмді жарықтандыру; маңызды туристік өнімдерді ұйымдастыру және тікелей дамыту;
- ішкі туризм нарығын нығайту және дамыту; стратегиялық шаралар мен оларды іске асыру бағыттарын әзірлеу; туризм нарығында тәртіптің сақталуын және көрсетілетін қызмет сапасын бақылау; туристерден келіп түсетін шағымдарды пысықтау және туристік қызмет тұтынушыларының құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету;
- Туристік ресурстарды зерттеу мен бағалауды ұйымдастыру; маңызды туристік өңірлерді тікелей жоспарлау мен дамыту; туристік статистиканы жүргізу;
- шет мемлекеттермен, Гонконгпен, Макаомен және Тайваньмен қатынаста қолданғанда шығу туризмінің саясатын әзірлеу; туристік байланыстарды басшылыққа алу және басқа елдермен ынтымақтастық; туризм мәселелері бойынша халықаралық хаттамаларға қол қойған кезде ҚХР Үкіметінің атынан өкілдік ету; шығу және шекаралық туризмге қатысты ережелер мен қағидаларды әзірлеу және орындалуына бақылау жасау;
- туризм саласында білім беруді ұйымдастыру және кадрларды даярлау; лицензиялау мен туристік қызметкерлер үшін біліктілік санаттары жүйесін әзірлеу және оны жүзеге асыру;
- өңірлік туризмді дамыту мақсатында жергілікті туризмді басқару органдарына басшылық ету;
Ресей Федерациясы (РФ)
Ресей федерациясында жоғары туристік-рекреациялық әлеуетке ие. Оның аумағында бірегей табиғи және рекреациялық ресурстар, ұлттық және әлемдік мәдени және тарихи мұра нысандары шоғарланған, маңызды экономикалық, мәдени, қоғамдық және спорт шаралары өткізіледі.
Туризм саласындағы қызметті регламенттейтін негізгі құқықтық құжат 1996 жылғы 24 қарашадағы «Ресей Федерациясындағы туристік қызметтің негіздері туралы» Федералды заң болып табылады.
РФ Мәдениет министрлігі туризм саласындағы салалық мемлекеттік басқару органы болып табылады, ол 2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап туристік туризм саласында мемлекеттік саясатты жасау және іске асыру және нормативті құқықтық реттеу бойынша, сондай-ақ аталған қызмет саласында бақылау және қадағалау бойынша функцияларды жүзеге асыратын федералды атқарушы билік органы болып табылады.
Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігі өзіне қарасты Туризм жөніндегі федералды агенттік (РесТуризм) арқылы туристік қызметті үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады, ол туризм саласында келесі өкілеттіктерге ие:
1) туризм саласында мемлекеттік саясатты жүргізу (Ресей Федерациясында туристік қызметті мемлекеттік реттеудің басым бағыттарын жасап шығарады);
2) ақпараттық функциялар (туроператорларды, турагенттер мен туристерді уақытша болған елінде (жерінде) қауіпсіздік қаупі туралы белгіленген тәртіппен ақпараттандырады; азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады; азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерін уақтылы және толық қарастырылуын, олар бойынша шешім қабылдануын және өтініш берушілерге жауап жолдануын қамтамасыз етеді);
3) Агенттіктің қарауындағы мүлікті басқару функциясы (туризм саласындағы федералды мемлекеттік билік органының функцияларының орындалуын қамтамасыз ету үшін қажетті федералды мүлікке, соның ішінде федералды мемлекеттік мекемелерге және Агенттікке бағынысты федералды мемлекеттік біртұтас кәсіпорындарға берілген мүлікке қатысты, меншік иесінің өкілеттігін жүзеге асырады);
4) туризм саласындағы ғылыми-техникалық саясатты жүргізу функциясы (қызметтің белгіленген саласында федералды нысаналы, ғылыми-техникалық және инновациялық бағдарламалар мен жобалардың мемлекеттік тапсырушысының функцияларын жүзеге асырады);
5) шет мемлекеттермен өзара іс-қимыл, шетелде туризм саласында РФ мүдделерін білдіру бойынша қызметтер (белгіленген тәртіппен шет мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды; Ресей Федерациясынан тыс жерде туризм саласында өкілдіктер құрады);
6) Туризмнің экономикалық құрамдас бөлігін дамыту бойынша функциялар (шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қызметтің белгіленген саласында тиісті ведомстволық нысаналы бағдарламаларды орындауды қосқанда оларды дамытуға бағытталған қолдау шараларын іске асырады; ішкі және әлемдік туристік нарықтарда туристік өнімнің жылжуын жүзеге асырады; ведомствоға бағынысты мемлекеттік біртұтас кәсіпорындардың қызметіне экономикалық талдауды жүзеге асырады және олардың қызметтерінің экономикалық көрсеткіштерін бекітеді, ведомствоға бағынысты ұйымдарда қаржы-шаруашылық қызметтерге және мүліктік кешеннің пайдаланылуына тексерулер жүргізеді);
7) бас өкімгердің және Агенттікті ұстауға және оған жүктелген функцияларды іске асыруға көзделген федералды бюджет қаражатын алушы функциялары.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Ресей Федерациясының аумағында туроператорлық қызметті жүзеге асыруға туроператорда міндеттемелерін орындамағаны немесе дұрыс орындамағаны үшін азаматтық жауапкершілігін сақтандыру шартының немесе туристік өнімді өткізу туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындаудың банктік кепілдемесі болған кезде ғана жол беріледі. Ресей Федерациясының аумағында тіркелген барлық туроператорлар «Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу туралы» Федералды заңға сәйкес қаржылық қамсыздандырылуы тиіс.
РФ барлық аумағында ішкі және шығу туризмін дамыту үшін тежеуші факторлар мыналар болып табылады:
- сонау кеңес заманында салынған туристік индустрия объектілерінің көп бөлігінің едәуір физикалық тұрғыдан және моральдық тұрғыдан тозуы;
– туризм және демалыс орындарында инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымдардың жеткіліксіз дамуы;
- Туристік өнімдердің қымбаттауына әкелетін табиғи монополия қызметтеріне тарифтердің үнемі өсуі;
– елде әлеуметтік және қылмыстылық ахуал туралы теріс ақпараттың таралуы;
– білікті кәсіби кадрлардың жетіспеушілігі;
– туристік индустрия объектілеріне инвестициялармен байланысты шектен тыс әкімшілік ресмилік, соның ішінде объектілер құрылысына жер учаскелерін ресімдеумен болатын қиындықтар;
– ішкі және шығу туризмінің жылжуына бөлінетін қаржы қаражатының жеткіліксіз көлемі;
– салынатын туристік-рекреациялық кешендер үшін инженерлік инфрақұрылым объектілерінің құрылысына жоғары шығындар (соның ішінде энергиямен қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету желілері, көлік желілері, тазалау құрылыстары);
– инвесторларға қолжетімді туристік-рекреациялық кешен объектілеріне салынатын инвестицияларды инвесторлар үшін тиімді мерзімде сатып алуға мүмкіндік беретін пайыздық жарналармен ұзақмерзімді кредиттік құралдардың (мысалы, жобалық қаржыландыру) болмауы.
Франция
Францияда орасан зор мәдени құндылықтардың саны шоғырланған, бұл елде керемет табиғи жағдай қалыптасқан, сондай-ақ тарихи тұлғалардың өмірімен және қызметімен байланысты көптеген орындар бар. Туризмнің дамуына жоғары жалпы-экономикалық даму деңгейі, халықтың өсіп жатқан табысы, жоғары урбанданушылық, қажетті көлік және әлеуметтік инфрақұрылымның болуы, сондай-ақ әлемнің басқа негізгі туристік өңірлеріне салыстырмалы жақындығы, туризм индустриясының жоғары деңгейі, оны ұйымдастырудың үлкен тәжірибесі сияқты леуметтік-экономикалық және экономикалық географиялық факторлар , сондай-ақ саяси факторлар әсер етеді. Францияда туризмді дамытуды ұйымдастыруға мемлекет тарапынан баса назар аударылады.
Францияда туристік қызметті мемлекеттік реттеу жүйесі күрделі ұйымдық құрылымға ие. Оны аудиторлық және бақылау өкілеттіктері берілген Туризм министрі басқарады. Оған Туризм жөніндегі бас инспекция бағынады. Ол өкілдік ету функцияларын орындайды, Франциядағы шетелдік туристік және шетелдегі француз офистерінің жұмысын бақылайды, басқа туристік ұйымдардың қызметіне қадағалауды жүзеге асырады, сондай-ақ француз және шетелдік туристік нарықтағы ахуалды қадағалап отырады.
Туризм министрінің тұсында құрамында 200 адам бар Туризм жөніндегі ұлттық кеңес құрылды. Бұл консультативті орган маңызды шоғырландырушы рөлге ие бола отырып, сала өкілдерін біріктіреді. Ол бақылау, кеңесу және келісу функцияларын орындайды. Ұлттық кеңес мемлекеттік саясатты әзірлеуде, жобаларды, заңнамалық актілер мен туризм саласында басқа да мәселелерді талқылауда қатысады.
Франциядағы бірнеше рет болған басқарушылық реформалары туризм саласындағы бақылау және орындау функцияларын бөлумен байланысты болды. Францияда туризм министрімен айқындалатын туризмді дамытудың негізгі бағыттарын өмірге енгізу үшін ұлттық туристік ұйым – туризм басқармасы және оның жергілікті жерлердегі бөлімшелері құрылды. Басқарма туризм саласында мемлекеттік саясатты әзірлейді және жүргізеді. Ол, атап айтқанда, туристік қызметті арнайы нормативтік құжаттар негізінде регламенттейді (туристік объектілерді жіктеу туралы ереже және т.б.), туризм туралы статистикалық ақпаратты жинауды, жүйелеуді және таратуды жүзеге асырады, халықтың демалысын қамтамасыз ету, туризм саласындағы жұмыспен қамту және туристік индустрия үшін кдрлар даярлау жөніндегі әлеуметтік бағдарламаларды іске асырады, әртүрлі туристік ұйымдардың қызметін үйлестіреді.
Ұлттық туризмді дамытуға үлкен үлес қосып жатқан ұйымдардың ішінде бірінші орынды «Франция үйі» алады. Ол 1987 жылы Туризм министрінің бастамасымен құрылған. Оны ұйымдастырудың ерекше нысаны – экономикалық мақсатта біріктірілген – кездейсоқ таңдалмаған. Мемлекет, жеке кәсіпорындар мен туристік индустрия және басқа да салалар ассоциациялары барлығы ішкі және шығу туристік ағынды кеңейтуде және туризмнен түсетін пайданы арттыруда жалпы экономикалық мүддені басшылыққа алады. Бұл үшін олар күштері мен қаражаттарын мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қағидаттарында «Франция үйінде» шоғырландырды. «Франция үйінің» Парижде бас кеңсесі және әлемнің 28 елінде 33 өңірлік бюросы бар. Олар Францияның тартымды келбетін жасайды және елді әлемдегі туристік бағыт ретінде алға шығарады.
Басқа да бір үйым - ол «қоғам үшін пайдамен бірлестік» нысанындағы ОДИТ Франс – Туризм министрінің тұсында туризм саласындағы зерттеулерді жүргізу, туристік нарықты мониторингтеу, консалтингілік қызмет көрсету және туристік жобаларға сараптама жүргізу үшін құрылған.
Туризм министрімен бастамашылық етілген туристік қызмет көрсету сапасын арттыру жоспары таңба беруден бастап оның жарнамасына дейін оны іске асыруда қатысқан барлық мүдделі күштерді – туристік бизнес қызметкерлерін, олардың кәсіби бірлестіктерін, жергілікті жерлердегі басқару органдарын шоғырландырудың басты құралы болды.
Басты идеяны білдіретін таңба логотипі әзірленді — Франция сапалы қызмет көрсету үшін күрес ортасында.
Ол «Q» түрінде орындалған – «сапа» (qualite) сөзінің бірнші әріпі, елдің контуры орналасқан орталық. Сапа маркасы санитарлық нормалар мен қауіпсіздік ережелерін сақтайтын, белгіленген жіктелім талаптарына жауап беретін, қызмет көрсету сапасына тәуелсіз сыртқы аудиторлық тексерулерге жүгінетін, сапаны арттыру бойынша ұлттық ерікті түрде алынған міндеттемелерді (оның барлығы 96) орындайтын, клиенттердің рекламациясына тиісті түрде ден қоятын туристік индустрия кәсіпорындарына беріледі.
Сапа маркасы іріктеу комиссиясының ұсынысы бойынша туризм министрімен беріледі. Сапа маркасымен әрекет ететін туристік компаниялар қызметі қатаң түрде бақыланады. Үздік белгі алу үшін мінсіз шарт ретінде кәсіпорындардың өздері ұйымдастыратын тәуелсіз аудиторлық тексерулерден басқа мемлекет өз тарапынан бақылауды ұйымдастырады және белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда кәсіпорыннан таңбаны алып қоюы мүмкін.
2003 жылы француз үкіметі құрамдас бөлігі туризмнің тұрақты дамуы болып табылатын ұлттық тұрақты даму стратегиясын қабылдады. Бұл мән-мәтінде туризмдегі сапа проблемасы едәуір кең мағынаға ие болады: табиғи ресурстарды тиімді пайдалану кезінде және қоршаған ортаға залалды төмендету кезінде туристік қызметтен әлеуметтік және экономикалық нәтижелер алу. Бұл бағытта жұмыс 2000 жылдың өзінде басталып кеткен, ол кезде Франция Еуроодақта төрағалық еткен. Ол кезде жалпы еуропалық деңгейде 15 елді – ЕО мүшелерін туризмді тұрақты дамыту және қалаларда, таулы және теңіз жағалауы курорттарында, ауылдық жерлерде тиісті пилоттық жобаларды іске асыру мақсатында біршама тығыз ұжымдастыру туралы шешім қабылданған болатын. 2002 жылдан бастап жыл сайын туризм бойынша еуропалық форум өткізіледі, онда бастамалар талқыланып, туризмді тұрақты дамыту саласында мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы келісімдер қалыптастырылады.
Туризм Франциядағы өңірлік саясат объектілерінің бірі болып табылады. Туризмді дамыту елдегі аумақтық әртүрлілікті бірқалыпты етуге, оның тұтастығын нығайтуға ықпал етеді. Осыған байланысты туризм саласындағы өңірлік саясат ол экономикалық өсімнің маңызды факторлары ретінде әрекет ететін Францияның дәстүрлі туристік өңірлерінде ғана емес, сонымен қатар туристік индустрия қосымша жұмыс орындарын құратын аз танымал аудандардада жүргізіледі.
Орталық пен өңірлер арасындағы қатынастар шартты негізде жасалады. Бес жылда бір рет өңірлер Орталықпен, соның ішінде туризм саласында шарттар жасасады. Оларда алдағы кезеңге негізгі жұмыс бағыттары мен қаржыландырудың бөлінетін сомасы айқындалады.
Жергілікті деңгейде мемлекет ішкі және шетелдік келушілерді тартуға есептелген және сапа принципіне негізделген аумақты туристік жарақтандыру жергілікті бастамалары мен жобаларын барынша көтермелейді.
Туризм саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты туристік бағыт пен оның халықаралық саяхат нарығындағы ілгерілеуі ретіндегі оң бейнесін қалыптастыру болып табылады. Францияда бұл міндеттер осы елдің бейнесімен орайласатын туристік өнім сапасын көтеру арқылы шешіледі. Мұндай идея «Франция үйі» әзірлеген 2005-2010 жылдарға арналған маркетинтілік стратегияға негізделген.
Маркентингілік стратегиядан басқа «Франция үйі» олар өткізген акциялар мен кампанияларды жаңартты. Олардың бірі – «Францияға қош келдіңіз» атты кампания, аталған кампания шетелдік туристерді тартуға бағытталған. Басқа акция Франция аудандарын ел ішімен қатар оның шет аймақтарында жетілдіруге бағытталған.
Франция туристік қызметті ұйымдастыру және реттеу саласы, кәсіптік туристік білім саласы, туризм экономикасы саласы, Францияны туристік нарықта дамыту саласы сияқты бірнеше бағыттар бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамытады.
Елде туризмнің қазіргі заманғы инфрақұрылымы құрылған. Туристік бейінді 197 мыңға жуық кәсіпорын, соның ішінде 39 мың қонақүй және өзге де ұжымдық орналастыру құралдары, 106 мың мейрамхана, 47 мың дәмхана, 4 мың туристік агенттік қызмет атқарады. Туристік секторға қомақты қаржы салынады, оның негізгі бөлігі қонақүй-мейрамхана кешендеріне бағытталады.
Франция туризмі дамуының соңғы кезеңіне тән ерекшелік капиталдардың нарықтағы көлденең ықпалдасуы деп аталады. Капиталдардың ұлттық және халықаралық деңгейде шоғырлануы мен орталықтандырылуы және Францияның туризм индустриясындағы өнім мен капиталдың бір мезгілде өтетін интернацияландырылу үдерісі күшті туристік трансұлттық компаниялардың пайда болуына және олардың жаһандық туристік нарықтағы позициясының күшеюіне ықпал етті.
Франциядағы интеграцияның негізі орналастыру құралы болды. Демалысты ұйымдастырудың француздық моделі «барлығы қамтылды» қағидаты бойынша жұмыс істейтіндердің және спорттық ойын-сауықтардың кең ассортиментін ұсынатын, қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін, демалушылардың өзара түсіністігінің ерекше атмосферасын және бірлігін құрайтын, туристік ауылдардың тізбегі –«Жерорта теңізінің клубындағы» шын мәнісіндегі нағыз оң нәтиже берді.
Норвегия
Норвегияда 2013 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша саладағы жұмыспен қамтылу 160 000 адам болған кезіндегі туристік қызмет ЖІӨ 3,3% қамтамасыз етеді. Туристік қызметтен және ілеспе қызметтерден түскен жыл сайынғы табыс 20 млрд. аса АҚШ долларын құрайды. Тұтастай алғанда елде шетелдік туристер 2012 жылы 6 млрд. АҚШ долларын жұмсады.
Мысал ретінде Норвегияны таңдау кездейсоқтық емес. Норвегияда, Қазақстан сияқты халқы аз, табиғатқа зиянсыз климаты салқын, тау шаңғысы бар курорттары, өзені мен орманы бар. Бірақ егер жыл сайын Норвегияға 6,5 млн туристер келетін болса, онда Қазақстанға 50 мыңнан аз туристер келеді.
Норвегияның Өнеркәсіп және сауда министрлігі, сондай-ақ оның қарамағындағы «ИнновашунНорге» мемлекеттік ұйымы туризм саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуына көмек көрсетуге жауапкершілік жүктелген салалық құрылымы болып табылады.
Бюджеттік қаражат ең бастысы, осы саланы басқарудың кәсіби дайындығын арттыру мақсатына бағытталады. Басым бағыттар – нарық сыйымдылығы және оның қажеттіліктері туралы білім деңгейін жоғарылату, туристік компаниялардың жұмыс істеу рентабелділігін арттыру, және олармен үлкен көлемдегі қосылған құнды жасау, жаңа өнімдерді дайындау және ұсынылатын қызметтердің сапасын жоғарылату және шетелдік нарықтарда белсенді маркетинг жүргізе білу.
Норвегия Үкіметі осы саланы қолдауды жоспарлауда туризм ұлттық экономиканың көптеген салалары мен секторларының, ең алдымен қонақ үй шаруашылығының, қоғамдық тамақтандыру секторының, белсенді демалыс және ойын-сауық индустриясы және басқалардың қызмет етуі үшін негіз құратынына сүйенеді.
Соңғы онжылдықтың ішінде Норвегияның туристік саласы дамуының ерекшелігі – интеграциялау процестерін күшейту. Бұл туристік фирмалар мен объектілерді иелену құрылымына, қызметтерді «жалғаспалы» ұсынуға (яғни көлікке билеттен бастап қонақ үйлерге орналастыру мен елде болу бағдарламаларына дейін), өңірлік және салалық туристік ұйымдар құруға, яғни мамандандырылған қауымдастықтар шеңберінде туристік операторларды шоғырландыруға қатысты.
2013 жылғы ақпанда Өнеркәсіп және сауда министрі Т.Гиске орта есеппен әрқайсысында 6-8 туристік компания кіретін алты өңірлік концерндерді құру арқылы Норвегияның туристік саласын қайта ұйымдастыру қажеттілігі туралы ұсыныспен сөз сөйледі. Осылайша туристік компаниялар саны айтарлықтай қысқартылатын болады, бұл саланы қолдау бойынша жедел шараларға арналған көп мемлекеттік қаржы бөлуге мүмкіндік береді.
«Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері мәселелері бойынша.
Үздік халықаралық тәжірибені АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония және Сингапур негізінде ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру және тиімді жұмыс істеуі бәсекеге қабілеттілігін дамыту және жергілікті компаниялардың қаржыландыру, соның ішінде, стартап-, толық дамыту циклын ықпал үшін экожүйесін құруды болжайды.
экожүйесін құру жалпы ереже бастапқы сатысы ретінде және экожүйелік дамудың кейінірек кезеңдерінде негізгі инфрақұрылым (индустриялық парктерді, бизнес-инкубаторлар, үдеткіші, тең еңбек орталықтар, ғылыми-зерттеу орталықтары) қаржыландыруда мемлекеттің белсенді басшылық рөлі болып табылады. Мысалы, ең табысты зерттеу парктер олардың қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен, сондай-ақ Америка Құрама Штаттарында және мемлекеттік бюджеттен көп. Инновациялық-дамыған елдердің бірқатар бүгін технологиялық бағдарламаларды жұмыс істеуі тәжірибесін талдау ынтымақтастық форматында өміршеңдігін, сонымен қатар оның тиімділігін ғана емес көрсетеді.
Америка Құрама Штаттарында Silicon Valley бастапқыда АҚШ Қорғаныс департаменті пайдалануға зерттеу жүзеге бірнеше ғылыми-зерттеу орталықтары мен ЖОО, айналасында қалыптасады, бір кластер болып табылады. Технологиясы ғылыми-зерттеу нәтижелері тәуелсіз технологиялық компаниялардың түрінде көрсетілетін ретінде. Табысты компаниялар мен олардың қызметкерлері венчурлық қаржыландыру басталды.
Жапония тәжірибесі, батыс даму трансферті және коммерцияландыру негізінде қарқынды дамуының бірінші кезеңі. Көп ұзамай, ел өз іргелі зерттеулер жүргізу қомақты инвестиция бастады. Алайда, 2000 жылдардың басында, осы зерттеулер қалаған экономикалық тиімділік әкеледі емес екенін түсіне отырып, елде бизнес шындығынан үзіп бизнес 50% -ға тең қаржыландырылатын қолданбалы бағдарламалар арқылы қозғалды. 2011 жылдан бастап 2014 жылға дейін, шамамен 116 осындай бағдарламаларын іске.
2007 жылға дейін Финляндия мемлекеттік технология саясатты іске асыру үшін негізгі құралы, бизнес бірлесе отырып жүргізілген ғылыми технологиялар және инновациялық Текес агенттігі болды. Негізгі қатысушысы ғылым және бизнес орындаушы сөйлейтін онда консорциум арқылы іске Бұл орта мерзімді бағдарламалары. 2007 жылы, Текес, түбегейлі оның саясатын қайта, технологиялық даму Шоқ стратегиялық орталықтарының бағдарламасын бастады. Бұл бизнестің шамамен 40% үлесі бар қаржыландыру бағдарламаларын іске асыратын, экономиканың басым секторларында 6 тармаққа құрылды. 2014 жылы белсенді бағдарламалар саны 26-ға жетті.
Оңтүстік Кореяда мұндай бағдарламаларды іске асыру, тоқсаныншы жылдары әзірледі, аграрлық мемлекет тарапынан ел тарихи өнеркәсібі дамыған елдердің санатына өту болды мүмкіндік берді. бірінші технологиялық бағдарламалар сияқты сұйық кристалды дисплейлер, жүрдек пойыздардың, ұялы технология ретінде сыни технологиялар үшін әзірленді. Ал енді Корея осы салаларда әлемдік көшбасшы болуға білді.
Инновациялық жобаларды дамыту ұйымдастыруға ерекше орын венчурлық қаражат алып, компанияны басқару. Шын мәнінде, ол дәйекті, ірі кешенді және жүйелік инновацияны қаржыландыруға мүмкіндігі бар барлық венчурлық жүйесінің бірден-бір құрылым. Сонымен қатар, Канада тәжірибесі көрсетілгендей, нарықтық экономикаға қаражат арқылы облыстар мен шағын бизнес жандандыру әлеуметтік-экономикалық дамуын теңестіру, экономиканың инновациялық даму сияқты басымдықтарды шешу үшін венчурлық капиталды пайдалана отырып, белсенді мемлекеттік болуы мүмкін.
Бәсекеге қабілетті шешімдер мен өнімдердің дамуы үшін маңызды ресурс, өз платформа шешімдер мен корпоративтік венчурлық инвестициялар жәрдемдесу бағдарламаларын түрінде жаһандық компаниялардың бастамасы болып табылады. дамушы нарықтардағы венчурлық қорлардың негізгі проблема - инвестициялар мен пайда туралы қайтару үшін жобаларды «жүзеге» инвесторлар тарапынан сұраныстың болмауы, жергілікті инновациялық старт-ап жобалар, және нәтижесінде, венчурлық қорлар тез іске асыру мүмкін емес. Бұл жағдайда негізгі стратегияларының бірі - әлемдік нарықтарға инновациялық өнімдер мен қызметтердің бағдар. A жарқын мысалы - Израиль АТ инвестициялар үшін әлемдегі жетекші орындардың бірі болып табылады - шамамен $ 910 млн жаһандық және Батыс нарықтарына аударған 2013 Ең Израиль старт-БЭЖ.
венчурлық индустриясын дамыту өнеркәсібі және / немесе мемлекеттік қолдау даму деңгейіне тәуелді. Бір мысал - Ресей венчурлық компаниясы (РВК), шамамен $ 1 млрд тіркелген капиталы 75% -ға (тәуекелдерді азайту) дейін тең инвестициялау құралдар арқылы жеке венчурлық капитал нарығын дамытуға және жоғары технологиялық секторы қолдайды.
Дубай инновациялық Hub (АБҰ), Сучжоу Инновациялық паркі (Қытай), Оулу (Финляндия), Сколково (Ресей): ТНК ортақ халықаралық тәжірибеде бөлігі ретінде ол тартымды экономикалық жағдай жасау арқылы анкерлік ТҰК тарту болып табылады.
Шетелден, соның ішінде стартаптарды, тарту практикасы тиімді, сондай-ақ: Бағдарлама Startup Чили (Чили) 75 елінен 1000-нан астам стартаптарды тартты, Интернет бастамаларды Foundation (РФ - $ 300 млн), өз кезегінде, рұқсат 245 стартаптарды, инвестицияланған Бұл елдерде инновациялық экожүйенің дамыту үшін қолайлы жағдай жасау.
Жалпы, халықаралық зерттеу, технологиялық және инновациялық даму жаһандық сипаттағы процесс болып табылады және оқшаулау дами алмайды екенін көрсетеді.
10. Жобаны іске асыруға байланысты болжамды қаржылық шығындар.
Заң жобасын іске асыру ұлттық туристік жобаларды инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етеді.
Осы шығындарды қаржыландыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдауында (туризмге арналған инфрақұрылымды құру), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қарашадағы №955 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралардың жалпыұлттық жоспарының 2т. 2)тт. қарастырылған.
Сонымен қатар заң жобасын іске асыру ұлттық туристік жобалар үшін ұлттық жеңілдіктерді ұсынудың салдарынан мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін уақытша қысқартуға әкеледі.
Қазақстан Республикасының жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия осы Тұжырымдамаға қатысты оң шешімі қабылдаған жағдайда мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарының сомасын, сонымен қатар мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қысқарту мөлшерін анықтау заң жобасын әзірлеу кезеңінде мүмкін.
Заң жобасының өткiзуi мемлекеттiк бюджеттен 220 миллион теңге көлемiнде қаржы шығындары талап етiледi. Электр энергетикасының дамуын институттың қолданыстағы функциясын орындаумен байланыста және энергия үнемдеу бұл қосымша функциялар (теңге 260 миллион) энергетикалық тiзiлiмдi оператор қызметтiң трансформациялары талап етедi және институттың құрылымын өзгерiспен. Институттың жалпы шығыстары осылай үлестiрiледi:
1) (61 орын) еңбекақы төлеу қоры –233 миллион теңге;
2) (әлеуметтiк салық, аударым, жалдау, байланыс, пошталық қызметтер және тағы басқалар) шығыс әкiмшiлiк-шаруашылық - 119 миллион теңге;
3) Энергия сыйымдылық ҰЖТ энергоаудитор қызметтердi тартуға, кадр даярлауға, талдауы бойымен шара және шетелдiк мамандарды тарту - 128 миллион теңге.
Отандық кәсіпорындарға субсидиялар импорттық жабдықтаушылармен қатар отандық автоөндірушілерден (оның ішінде Кедендік одақ елдерінің автоөндірушілері) қалдықтарды кәдеге жарату алымы ретінде жиналған қаражаттан төленетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |