«Индустриялық-инновациялық саясат мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасының тұжырымдамасы



бет1/2
Дата03.07.2016
өлшемі0.93 Mb.
#175161
  1   2


«Индустриялық-инновациялық саясат мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасының тұжырымдамасы


  1. Заң жобасының атауы

«Индустриялық-инновациялық саясат мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».


  1. Заң жобасын әзірлеу қажеттілігін негіздеу

Отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету мәселелері бойынша.

«Қазақстан-2050» стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауында Стратегияның негізгі бағыттарының бірі ретінде инвестициядан алынатын кірістілік пен қайтарым қағидаттарындағы түгел қамтитын экономикалық прагматизм аталған. Бұл бағытты іске асыру үшін стратегиялық міндеттер белгіленген, оның ішінде, салық саясаты саласында: өндіріс және жаңа технологиялар саласындағы салық салу объектілері үшін қолайлы салық режімін енгізу, барлық қолданыстағы салық жеңілдіктеріне ревизия жүргізіп, оларды мейілінше тиімді ету керек; индустрияландырудың келесі белесінің жоспары бойынша бәсекеге ең қабілетті салаларда отандық өндірушілер үшін жаңа нарықтық тауашалар қалыптастыру стратегиясын белсенді әзірлеу қажет, отандық тауарлар бәсекеге қабілетті болуы тиіс.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің осы жолдауында елдің «жасыл» даму жолына көшу бойынша стратегиялық міндет анықталған. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылдың 30 мамырындаы №577 Жарлығымен Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшуі бойынша тұжырымдама бекітілген.

2015 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Президенті 5 президенттік реформаны іске асыруға арналған 100 нақты қадамды белгіледі, олардың ішінде экспорттық тауарлар жасау және Қазақстанның әлемдік нарықтарға шығуы үшін өңдеу секторына ТҰК тарту, сонымен қатар, экономиканың басым секторларында «зәкірлік инвесторлармен» - халықаралық стратегиялық серіктестермен бірлескен кәсіпорындар құру.

«Отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының Тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысының 2014 жылдың 28 қазанындағы №47 хаттамасының 2 тармағын, Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2014 жылдың 18 қарашасындағы № 17-5/07-395 хаттамасының 1 бөлімінің 3 тармағын орындау мақсатында дайындалған, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Жетекшісінің 2012 жылдың 18 қыркүйектегі №01-38.117 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 3 қыркүйекте V шақырылым Парламенттің II сессиясының ашылуында берген тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарының 10 тармағына сәйкес дайындалған, «жасыл экономикаға» көшуі үшін жағдай жасау, энергия және су үнемдеуді ынталандыру, «жасыл технологияны» қолдану және экологиялық туризмді дамыту бойынша заң негізін жетілдіру туралы, қолданыстағы заңды Тұжырымдамаға сәйкестікке келтіру мақсатында.

«Жасыл экономика» еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің маңызды құралының бірі болып табылады.

Тұжырымдама келесі бағыттар бойынша «Қазақстан - 2050» Стратегиясын іске асырудың тәсілдерін анықтайды:

- моторлы көлік құралдарының отандық өндірушілері үшін жеңілдікті салық салуды белгілеу;

- елдің автомобиль паркін жаңартуды ынталандыру бойынша шаралар қабылдау.

2014 жылдың 11 қарашасында Қазақстан еліне «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» Жолдауында, Мемлекет басшысы дағдарыс жағдайларында экономикалық саясатты қайта бағыттау қажеттілігін, соған байланысты, қолдауды экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуда аса үлкен мультипликативті тиімділік беретін салалар алуы тиістігін атап өтті. 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасымен экономиканың басым секторларының бірі болып табылатын отандық машина құрастыруды қолдау міндеті белгіленген.

Алайда жүргізілген талдау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының қазақстандық машина құрастырудың дамуы және «жасыл экономикаға» ауысу үшін жағдайларды толық көлемде қамтамасыз етпейтінін анықтады.

«Еркін қойма» тәртібінің аясында қолданыстағы жеңілдіктерді сақтаудың баламалы механизмін енгізу қажет.

ҚР қолданыстағы салық заңнамасы «Еркін қойма» тәртібінің аясында салық жеңілдігінің шекті мерзімін белгілейді – 2017 жылдың 1 қаңтары.

2015 жылдың 1 қаңтарына Қазақстанда 4 миллион жеңіл және жеңіл коммерциялық автокөліктер тіркелген, оның ішінде 58,3% немесе 2,3 млн. автокөлік 20 және одан да көп жыл бұрын өндірілген. Бұл ретте осы жағдайда 2020 жылға бұл көліктік құралдар үлесі 72,9%-ға дейін өседі.

Соңғы бірнеше жыл ішінде алғашқы рет ҚР-ына 10 жылдан жоғары автокөліктер енгізіле бастады. Ақпанда тіркелген бұрын қолданыста болған автокөліктер үлесі 52% құрады, оның ішінде 16%-ы 10 жылдан жоғары.

Бұл мәселені шешу үшін толыққанды қалдықты кәдеге жарату жүйесін құру қажет, сонымен қатар еліміздің автопаркін жаңарту үшін автокөлік құралдарын алғашқы тіркеу алымын енгізу.

Қажетті:

ҚР Салық кодексіне моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыруды іске асыратын заңды тұлғаларға:

- импортталатын толымдауыш бұйымдарға, материалдарға және технологиялық жабдыққа;

- дайын өнімге қосымша құн салығынан босату түріндегі салық пұрсаттылықтарын ұсыну бөлігінде өзгертулер мен толықтырулар енгізу.

Көмекқаржы ұсыну мүмкіндігі Өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім аясында әрекет ететін компанияларды мемлекеттік қорғау шаралары тыйым салынған өнеркәсіптік көмекқаржыдан айыру болып табылатын ЕЭО құру туралы шартпен қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылдың 30 мамырындағы №577 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі бойынша Тұжырымдамасы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 9 маусымындағы №634 қаулысымен бекітілген Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртудың 2014-2050 жылдарға арналған бағдарламасы аясында қалдықтарды өңдеу секторын, соның ішінде автомобиль өнеркәсібін дамытуға бағытталған өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігі (ӨКЖ) қағидасы енгізіледі.

Экологиялық кодексіне ӨКЖ қосу көліктік құралдарға қалдықты кәдеге жарату алымын енгізуге мүмкіндік береді.

Ішкі нарықты ДСҰ кіру кезінде автомобильдер импортынан қорғау, отандық өнімдің РФ нарығына экспорттау кезінде тосқауылды жою мақсаттарында, РФ тәрізді, ҚР аумағында қалдықтарды кәдеге жарату алымын және отандық өндірушілер үшін өтемақы енгізу қажет.

Қалдықтарды кәдеге жарату алымын Қазақстанның ДСҰ-ға кіргеннен кейін категориялар бойынша әртүрлі енгізу ұсынылады. Қалдықтарды кәдеге жарату алымы көлемін автомобиль массасын, оның қозғалтқышы көлемін және шығарылу жылын ескере отырып бекіту мүмкін.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі глоссариіне заң аясында анықтамаға ие болмаған ұғымды – «өндірушінің кеңейтілген міндеттемелерінің операторы» енгізу қажет. Ол қалдықтарды кәдеге жарату бойынша сәйкес талаптарды нақтылауға мүмкіндік береді.

Қоршаған ортаны қорғау облысындағы уәкілеттендірілген орган құзіреттерін (Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 17 бабы) төмендегілерді енгізу арқылы кеңейту ұсынылады:

• коммуналдық қалдықтарды жинау, шығару, өңдеу, жою және көму тарифін есептеу әдістемесін бекіту;

• өндірушінің кеңейтілген міндеттемелері таралатын өнім тізімін бекіту;

• қалдықтарды жинау, шығару, өңдеу, жою және көму бойынша операцияларды орындайтын субъектілерге қатысты біліктілік талаптарын бекіту;

• экологиялық таза көлік өндірісін ынталандыру бойынша шараларды іске асыру тәртібін бекіту;

• өндірушінің кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру тәртібін бекіту.

ҚР Экологиялық кодексіне көлік құралдарына қалдықтарды кәдеге жарату алымын енгізудің құқықтық негізін белгілейтін «Өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігі» бабын енгізу қажет.

ӨКМ қағидасын енгізу автомобиль өнеркәсібі қалдықтарын жинау, кәдеге жарату және өңдеу шығындарының бір бөлігін өтеуге мүмкіндік береді, оның ішінде, өндіруші (импорттаушы) есебінен автокөлік құралдары мен тозған шиналарды.

Автокөлік қалдықтарын кәдеге жаратудың тиімді жүйесін құру мақсатында Міндетті қалдықтарды кәдеге жарату мен өңдеуге жататын автокөлік құралдары мен олардың құрауыштарының тізімін, сондай-ақ, ӨКМ қағидасын іске асыру тәртібін (ережелерін) әзірлеу қажет.

Моторлы көлік құралдарының отандық өндірушілері үшін жеңілдікті салық салуды орнату жолдары. Отандық автоөндірушілерді қолдау мақсаттарында белгілі талаптарды орындау шартымен, қосылған құн салығынан: а) меншікті өндіріс тауарларын сату бойынша айналымдарды, б) инвестициялар бойынша уәкліттендірілген органмен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасаған автоөндіруші пайдаланатын автоқұрауыштар импортын босатуды қарастыру қажет.

Аталған жеңілдікті сақтау қосымша құн салығын төлеусіз көлік құралдарын кейінгі өндіру үшін қажетті жабдық пен толымдаушыларды әкелу мүмкіндігін сақтауға мүмкіндік береді. Бюджеттік шығындардың артуы жоспарланбайды, себебі қазіргі кезеңде барлық тауарлар «еркін қойма» тәртібінің аясында қосымша құн салығын төлеусіз әкелінуде.

Елдің автомобиль паркін жаңартуға ынталандыру жолдары. Бұл мақсаттарда заң шығару деңгейінде экологиялық таза көлікті (Евро-4, Евро-5, Евро-6 экологиялық нормаларына сай) өндіруді ынталандыратын шараларды қарастыру ұсынылады, оның ішінде ДСҰ қайшы емес тікелей көмекқаржы, Қазақстан аумағына әкелінетін төмен экологиялық класс деңгейі бар, экологиялық қауіпті көлік құралдары көлемін төмендету бойынша іс-шараларды қарастыру қажет, бұрын қолданыста болған автокөлік құралдарын тіркеу мөлшерақысын жоғарылатуды қарастыру қажет.

Ол қоршаған ортаға зиянды әсерді төмендетуге ғана емес, сондай-ақ, ішкі нарықты қорғауды және отандық автоөндірісті дамытуды қамтамасыз етеді, тұтынушылық қасиеттерін жоғалтудан кейін автокөлік құралдары қалдықтарын кәдеге жарату жүйесін, сонымен қатар, жаңа жұмыс орындарын құрады..

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша.

Ұлттық жоспардың №59 қадамын халықаралық танылған энергия қызмет көрсету келісімшарттар тетігі арқылы энергия үнемдеу саласындағы стратегиялық инвесторларды тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшін «100 нақты қадамдар » іске асыру бойынша заң жобасын әзірлеуде. Қадамның негізгі мақсаты - өз шығындарын өтеу мен қол жеткізілген нақты энергия үнемдеу қаржылық пайдасын алу, энергия үнемдеу саласында жан-жақты қызмет көрсету үшін жеке энергия қызмет көрсету компаниялардың қадамын дамытуды ынталандыру болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауымен және Экономикалық өсімді теңестіру және орнықтыру мақсатында 2020 жылға дейін стратегиялық жоспар тапсырмасы қойылған. Энергияны үнемдеу саласы бойынша жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын төмендету үшін 2020 жылға қарай кем дегенде 25%-ға төмендету тапсырма қойылған. 2050 жылға дейін Қазақстан стратегиясына сәйкес, энергия сыйымдылыңғын екі есеге төмендеуі тиіс.

Жалпы, елімізде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін дамыту мақсатында қажетті алғашқы қадамдар жасалған. Энергия тиімділігінін саяси аясында энергияны үнемдеу саласында жоспарлар және өңірлерде сондай - ақ «Энергия үнемдеу-2020» бағдарламасын орындау барысында заңға тәуелді актылері қажет, негізінен «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» қажетті жаңа Заң қабылданды

Жалпы, жүргізілген саяси жұмыстардың нәтижесінде ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын төмендету мақсаттарына қол жеткізуге болды. Қазіргі таңда, ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығы 2008 жылдың базасымен салыстырғанда 18,6 % -ға төмендеген.
Энергия тиімділігінің саяси дамуына келесі кезеңіне энергия тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды қаржыландыруға басты назар аудару қажет , сондай-ақ энергия үнмедеу бағдарламаларын іске асыру айтарлықтай қаржы салымдарын талап етеді.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласына байланысты жобаларды қаржыландыру үшін одан әрі тетігін жетілдіру қажет. Ол үшін заңнамалық шаралар шеңберінде келесі шаралар ұсынылады:

- Табиғи монополия саласында және бюджеттік секторында энергия қазмет көрсетуін жүзеге асыру мақсатында келісім-шарттың тетігін жетілдіру.

Энергия қызмет көрсету келісім-шартында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңнамасында тетігінің дамытуы қарастырылған.

Энергетикалық келісім-шарттарды іске асыруды қаржыландыру энергия тиімділігінің жобалар үшін тетігі болып табылады және осы саладағы үнемдеу және инвестицияларды ынталандыратын болады, сондай-ақ, нарыққа шетелдік энергия қызмет көрсету компаниялардың, қаржы ресурстарын, білім мен технология трансфертін қамтамасыз етеді

Бұл келісім-шартта тапсырыс беруші мамандандырылған энергия қызмет көрсету компаниясының кешенді жұмысы бойынша энергия үнемдеу технологияларын дамыту жөніндегі энергия қызмет көрсету компаниясының қаражат (капитал және несие) тарту есебінен, өз шығындарын өтеу және нақты энергияны шығындарын үнемдеу арқасында қаржылай табысқа қол жеткіземіз.

Атап айтқанда, бюджеттік секторда және табиғи монополиялар саласындағы энергия келісім-шарттар тетігін пайдалану әлеуметтік және экономикалық маңызды бағыты болып табылады .

Біздің есептеулеріміз бойынша, тек мектептер мен ауруханалардын энергия тиімділік артуы арқылы айтарлықтай экономикалық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкінбіз.

Жыл сайын 10 млрд. доллар үнемдеуге қол жеткізуге болады, осыған қоса жөндеу жұмыстарына және пайдалану шығыстарға бюджеттегі ақшаның құны жинақ болуы.

ЭСКО көмегімен энергия тиімділік жобаларды қаржылық тетігі арқылы инвесторларды тарту мәселесін шешу үшін мемлекеттік секторда және табиғи монополиялар саласында маңызды қадам істеу керек:

1) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңға және Бюджет кодексіне энергия үнемдеу есебінен ЭСКО қызметіне ұзақ мерзімді перспективада табиғи монополия субъектілерді және мемлекеттік мекемелерді жоспарлау бойынша нормаларды еңгізу.

Заң бойынша энергия сервистік келісім-шартқа қол қойған кезде мемлекеттік мекемелердің бюджеттік жоспарлау сұрағы туындайды . Мемлекеттік мекемелер өздерінің энергия ресурстары бойынша шығын бюджеттерін өткен жылдардың нақты көрсеткіштерімен 3 жылдан көп емес уақытқа жоспарлайды. Алайда, энергия сервистік келісім-шартты жүзеге асыру кезінде тұтынудың нақты өнімділігі қысқаратын болады және, тиісінше, бюждеттен қаржы аз бөлінеді, бұл үнемделген қаржы Энергия сервистік компаниямен төленетін ЭСКО механизіміне қайшы.

Сондай жағдай табиғи монополиялар субъектілерінде. ЭСКО энергия үнемдеу іс-шараларын ұйымдастырғаннан кейін шығын көрсеткіштері төмендеген уақытта табиғи монополияларды реттеуші Орган есеп жүргізеді және тарифтерді бұл табиғи монополиялар субъектісіне төмендетеді, бұл үнемделген қаржы Энергия сервистік компаниямен төленетін ЭСКО механизіміне қайшы.

Мемлекеттік секторда және табиғи монополиялар саласындағы энергиялы тиімдіі жобаларды қаржыландыру механизмін жетілдіру энергия үнемдеуді дамытады және экономиканың негізгі секторларын жаңғыртуға инвестицияларды ынталандыратын болады, және де нарыққа шетелдік энергия сервистік компанияларды, қаржы ресурстарды , білім беру және технологиялар қамтамасыз етеді тартуға мүмкіндік береді .

- Қазіргі келе жатқан энергия үнемдеуді дамыту Институтының функцияларын Заң бойынша бекіту және оның энергия сервистік қызметтердің Операторы ретінде тағайындау.

Бүгінгі уақытта энергия сервистік келісім-шарттарды жүзеге асыру үшін энергия сервистік компаниялардың нарығы дамыған жоқ. Бұл энергия тиімділігі саласындағы сапалы және дайын жобалардың болмауына байланысты. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында энергия тиімділігінің жобаларының нарығы жоғары, алайда, шетелдік және отандық энергия сервистік компаниялар үшін осындай жобаларды іздеу кәсіпорындардың ақпаратпен қамтамасыздануы және ынталарының жоқтығымен қиынға түседі.

Жетекші елдердің энергия сервистік компаниялардың нарығының дамуындағы тәжірибесін зерттеу және талдау ең табысты Энергия сервистік компаниялардың нарығын дамыту бойынша тәжірибесі жоғары ел Германия екенін көрсетті.

Германия тәжірибесі бойынша энергия үнемдеуді дамыту Институтының негізінде ЭСКО нарығының Операторының қызметін заң ретінде бекіту ұсынылған.

ЭСКО нарығының Операторымен энергия сервистік компаниялар сияқты қолдау көрсетіледі, сонымен қатар энергия сервистік қызметке қызығушылық көрсеткен тұлғаларғада.

Энергия сервистік қызмет нарығын құруындағы және энергия сервистік қызметтің Операторы қызметі бойынша негізгі бағыт болып энергия тиімділіктің Картасын құру болып табылады, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы белгілі қаржы көзі бар, кесте және оларды жүзеге асыратын іс-шара жоспарлары жиынтығы ретінде.

Осыған орай, энергия үнемдеуді дамыту Институтының келесі қызметтерін заң ретінде бекіту керек:

1)Өкілетті органға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін жоғарлату аумағында энергия тиімділігі Картасын құру және жүргізуде, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін жоғарлату аумағындағы өкілетті органмен орнатылған, тәртіпте қызмет көрсету.

Оператор энергия тиімділігі жобаларын іздеумен айналасады, кәсіпорындарды энергия тиімділігі бойынша, сонымен бірге әләуетті жобаларды ЭСКО механизмі арқылы қаржыландыру үшін істерді жүзеге асыру бойынша ақпараттандырады және кеңес береді.

2)Өкілетті органға энергия тиімділігі Картасының жобаларын іріктеу және сараптауда, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін жоғарлату аумағындағы өкілетті органмен орнатылған, тәртіпте қызмет көрсету.

Жобалардың техникалық, заңды және қаржы сараптамасы оларды энергия тиімділігі Картасына кіргізу үшін (ЭСКО қағидасы бойынша жүзеге асыруға дайын жобалар тізімі).

3)Өкілетті органға оларды энергия тиімділігі Картасының жобаларын жүзеге асыру мониторингін өткізуге қызмет көрсету.

ЭСКО қағидасы бойынша жүзеге асыруға шығарылған жобалардың мониторингін өткізу.

4)Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін жоғарлату аумағында ақпараттық-талдау, кеңес беру қыметін және басқа да қызметтерді жүргізу.

Кеңес беру қызметін көрсеті, сараптама нәтижесін тапсыру және мемлекеттік органдарға, компанияларға және басқа да заңды тұлғалаға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін жоғарлату аумағында ұсыныс беру.

5)Өкілетті органға энергетикалық аудит өткізу бойынша, Мемлекеттік энергетикалық тізбе субъектілеріне және энергия сервистік компанияларға энергия сервис тік келісім-шарттарының шеңберінде жобаларды жүзеге асыруына техникалық, заңды және қаржылық кеңестер беру.

Нарық қатысушыларын энергия сервистік келісім-шарттарды қолдану мүмкіншілігі, техникалық, заңды және қаржылық сұрақтар бойынша қызмет тапсырушыларына сияқты, сондай-ақ энергия сервистік компанияларға да кеңестер берілетіні туралы ақпараттандыру.

6)Халықаралық ұйымдармен ақпаратты, білімді және қаржылы ресурстарды энергия үнемдеуді дамытуға ынталандыруы үшін ынтымақтастық.

Халықаралық ынтымақтастықты Қазақстан нарығына шетелдік энергия сервистік компанияларды, технологияларды шығарушыларды, қаржы институттарды энергия тиімділігінің жобаларын жүзеге асыруы ушін тарту мақсатында дамыту.

7) энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру саласында механизмдерді жүзеге асырудың мемелекеттік қолдауында қатысу;

Энергия үнемдеу саласында мемелекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру кезінде операторға уәкілетті орган ретінде қызмет көрсету.

8) тізімді жүргізу және энергоменеджерлерді және энергоаудиторларды оқыту;

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында энергетикалық аудиторлар және энергия менеджерлерiнiң біліктілік және квалификация деңгейі төмен. Осыған байланысты, энергетикалық аудиторларының және энергия менеджерлерiнiң тұрақты оқытуы, сондай-ақ осындай жеке тұлғалардың тізімін жүргізуі ұсынылады.

9) энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру саласындағы уәкілетті органмен белгілеген тәртіпте басқа уәкілетті органға энергетикалық аудит нәтижелерін талдау және ақпарат беру қызметін көрсету;

Құқық нормаларына сәйкес Мемлекеттік энергетикалық тізім субъектілері ( 3000-нан астам заңды тұлғалар ) энергоаудитті өткізеді.Қазіргі уақытта, өткізілген энергоаудит қорытындысын қарау үшін кәсіби және құзыретті деңгейінде құрылым жоқ. Осыған байланысты, энергоаудит нәтижелерін қарау және сараптамалық қорытындыларды беру функцияны мемлекеттік энергетикалық тізілім оператор міндеттеріне берілу ұсынылады.

- сипатын нақтылау және жетілдіру үшін бірқатар түзетулерді енгізу

Қолданыстағы «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңның талдауы барысында, кейбір кемшіліктер анықталды :
1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы Заң сарапшы тұжырымдамасы беріледі, және Заңда сарапшының энергия үнемдеу және энергия тиімділік арттыруға қатысты жан-жақты идарадан тыс сараптама жобалар жүргізу құқығын алу үшін аттестациядан өтеді. Бірақ, қазіргі уақытта ҚР «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес сарапшылардың аттестациядан өту функциялаы жергілікті атқарушы органдардың қарауына берілді. Осыған байланысты, қолданыстағы Заңнан сарапшы тұжырымдамасын жою қажет .

Сондай-ақ, қорытынды есептемеде көрсетілетін, идарадан тыс сараптама жобаларды өткізу барысында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сұрақтар мәселелері барлық бөлімдерде талқыланады

2. Қазақстан Республикасының 14 қаңтардан шыққан «энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға сәйкес лицензиялау тәртібі болып саналатын энергетикалық аудиторлар кандидаттардын аттестациядан өтуі ұсынылады, алайда, заңмен рұқсат құжаты қамтамасыз етілмейді, атап айтқанда дәл аттестат. Осыған орай, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудитордың аттестат түрін бекіту құзыретін уәкілетті органға берілу қажет .

Сондай-ақ, осы Заңмен энергия сервистік келісімнің стандартты нысандардың бекітілуі көзделді, алайда келісім бір типті және ресми болғандықтан бірнеше стандартты нысандарын бекіту энергия сервистік келісімшарттар механизмін қиындатады.

Осылайша, әмбебап энергия сервистік келісім үлгісін қабылдау қажет .

3. Қолданыстағы заңнамада энергетикалық менеджмент жүйесін құру, енгізу және ұйымдастыру міндеті алынып тасталды

Осылайша, Мемлекеттік энергетикалық тізілімге еңгізілетін, мемлекеттік бақылау және ақпарат функцияларында бар энергетикалық менеджмент жүйе тұжырымдамасын қамтитын тарауды алып тастау ұсынылады.

Сонымен қатар, Мемлекеттік энергетикалық тізілім Оператордың функциясын зерттеу функциясымен толықтыру қажет.

4. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңда энергия аудиторлардың аттестация өтуі және тиісті рұқсат берудің алшақтығын шешу мақсатында, энергия аудиторлар мен сарапшылар кандидаттарды аттестаттау жөніндегі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республика Заңының №2 қосымшаның екінші санаттағы рұқсаттар тізбесіне еңгізілуі қажет.

Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкес, қолданыстағы Заңның қосымшасы болып табылатын рұқсат және хабарландыру тәртібі қолайлы рұқсат және хабарландыру тәртібіне сәйкес рұқсат беру және хабалдар тізімдеріне енгізіледі.

5. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы энергия үнемдеуді насихаттау мақсатында үәкілетті органмен үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі бойынша таңбалау нысанын бекіту нормасын енгізу ұсынылады.

Жоғарыда жазылған іс-шараларды мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асыруды ұсынамыз:

1) Қазақстан Республикасының бюджет кодексі;

2) Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңы;

3) Қазақстан Республикасының «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңы;

4) Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңы.



Туристік қызмет мәселелері бойынша.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң жобасы) әзірлеу Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2014 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан халқына жолдауында жариялаған «Нұрлы Жол» Қазақстанның Жаңа Экономикалық Саясатын туристік салада іске асыру қажеттігіне байланысты. «Нұрлы Жол» Қазақстанның Жаңа Экономикалық Саясатта туризмге арналған инфрақұрылым индустриялық инфрақұрылымды дамытудың жеке бағыты ретінде белгіленді.

Сонымен қатар, туризм саласына тікелей шетел инвестицияларының ағынының бағыттары бойынша, елдің ЖІӨ-дегі туристік кластер үлесін арттыру бойынша міндеттер «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 16.05.2014 ж. № 2279 тапсырмасында туристік саланы дамытуға негізгі тәсілдер келісілді.

Көрсетілген міндеттерді іске асыру Қазақстанның туризм индустриясында, туристік қызметті мемлекеттік реттеуде институционалдық қайта құруларды талап етеді.

Заң жобасының негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

Халықаралық тәжірибе негізінде ішкі және келу туризмін дамытуды тиімді басқару жүйесін құру;

Қазақстанның туристік саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру;

Ішкі туризмді дамытуды ынталандыру;

Қазақстанның шегінен тыс шығатын туристердің құқықтарын қорғаудың тиімді тетігін жасау.

Заң жобасының негізіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 508 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдаманың ережелері енгізілген.

1) Ішкі және келу туризмін дамытуды басқарудың жаңа жүйесі.

Халықаралық тәжірибені талдау «дестинацияны басқарудың» (DestinationManagement) жоғары тиімділігін көрсетеді.

Дүниежүзілік Туристік Ұйым шығарған Туристік дестинацияны басқару бойынша практикалық басшылықта (A PracticalGuidetoTourismDestinationManagement) «дестинация» дегеніміз турист баратын, кемінде бір күнін немесе бір түнін өткізетін орын немесе жергілікті жер. Бұл ретте «дестинация» тұтас ел (мәселен, Австралия) сияқты, өңір, қаланы (мәселен, Париж) немесе белгілі бір туристік объектіні білдіруі мүмкін.

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамада түрлі аумақтық деңгейлерде туризмді ұйымдастырудың кластерлік тәсілін қолдану ұсынылады.

Туристік кластер – бұл туристік өнімді жасаумен, өндірумен, ілгерілетумен және сатумен, сондай-ақ туризм индустриясымен және рекреациялық көрсетілетін қызметтермен аралас қызметпен айналысатын өзара байланысқан кәсіпорындар мен ұйымдардың бір шектелген аумақ аясында шоғырлануы.

Туристік кластерді құрудың мақсаты – синергетикалық әсер есебінен туристік нарықта аумақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оның ішінде:

кластерге кіретін кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысының тиімділігін арттыру;

инновацияларды ынталандыру және жаңа туристік бағыттарды дамыту.

Туристік кластерді құру іс жүзінде аумақтың тұрпатын айқындайды және өңірдің оң имиджін қалыптастыруға әсерін тигізеді, бұл жалпы алғанда жоғары ықпалдастырылған туристік ұсыныстар мен бәсекеге қабілетті туристік өнімдерді құрады.

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамада бес туристік кластер құру мүмкіндігі қарастырылады: Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан.

Бұған қоса, Қазақстанда курорттық аймақта арнайы экономикалық аймақты құру тәжірибесі бар. 2008 жылы «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – «Бурабай» АЭА) құрылды. Алайда практика индустриялық АЭА режимі курорттық аймақтарға жеткілікті лайықты емес екендігін көрсетті. Сонымен, Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қорытындысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 қаулысымен бекітілген 2010-2014 жылдарға арналған инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және Қазақстан Республикасындағы экспортты ынталандыру жөніндегі бағдарламаны іске асыру тиімділігін бақылау қорытындылары бойынша 2012 жылдың бірінші жарты жылындағы жағдай бойынша «Бурабай» АЭА-да тек бір ғана қатысушы тіркелгендігі, бұл ретте көрсетілген АЭА әкімшілігі арнайы экономикалық аймақ қатысушыларын, инфрақұрылым объектілерін салу үшін және басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін инвестициялар тарту бойынша жұмыстарды жүргізбейтіндігі көрсетілген (Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің № 34 бюллетені, 2012 жылғы IV тоқсан).

Осыған байланысты арнайы туристік аймақтарда кластерлік тәсілді, сондай-ақ «дестинацияны басқару» практикасын қолдану ұсынылады. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында арнайы туристік аймақты ерікті түрде арнайы туристік аймақтың қатысушысы ретінде тіркелген, туристік қызмет көрсететін, сондай-ақ туристік қызметпен байланысты өзге де қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет ету режимі ретінде айқындау ұсынылады. Арнайы туристік аймақтар туристік қызмет саласындағы уәкілетті органның және арнайы туристік аймақтарды басқару және дамыту жөніндегі ұйымның бірлескен шешімі бойынша бір не бірнеше әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында құрылатын болады.

Арнайы туристік аймақтың қатысушысы ретінде тіркеу жеке кәсіпкерлік субъектісіне белгілі бір құқықтарды беруге тиіс, мәселен, арнайы туристік аймақтарды басқару және дамыту жөніндегі ұйым арқылы мемлекеттен белгілі бір жеңілдіктер мен артықшылықтарды қолдануға қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын алуға құқықтарды беруге, сондай-ақ жеке кәсіпкерліктің мұндай субъектісіне белгілі бір міндеттерді, мәселен, арнайы туристік аймақтарды басқару және дамыту жөніндегі ұйымның туристік қызмет көрсету сапасының стандарттарын қамтамасыз етумен байланысты талаптарын орындау, арнайы туристік аймақтарды басқару және дамыту жөніндегі ұйымға салымдар төлеу сияқты белгілі бір міндеттерді қоюға тиіс.

Арнайы туристік аймақтарды басқару және дамыту жөніндегі функциялар «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бір коммерциялық емес заңды тұлғаға бекіту ұсынылады.

Осы коммерциялық емес заңды тұлға, мәселен қоғамдық қордың ұйымдық құқықтық нысанында туристік саладағы кәсіпкерлердің ірі және белсенді бірлестіктерімен құрылуы мүмкін. Аталған коммерциялық емес заңды тұлғаның басқару органдарының сайланбалылығын белгілеу болжанады. Әр туристік кластерде басшыларын сол арнайы туристік аймақтың туристерін орналастыру жерлерінің меншік иелері саулауға тиіс коммерциялық емес заңды тұлғаның филиалын құру болжанады.

Осылайша, Қазақстандағы туристік саланы басқарудың ұсынылған құрылымы былайша көрініс табады:
1)Республикалық деңгейдегі мемлекеттік реттеу:

Қазақстан Республикасының Үкіметі;

Туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган (Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі).

2) Жергілікті деңгейде мемлекеттік реттеу:

Жергілікті атқару органдары жанындағы (әкімдіктер) туризмді басқару .

3) республикалық деңгейде туристік қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өзін өзі реттеуі;

Коммерциялық емес заңды тұлғаның негізгі кеңсесі;

Жергілікті деңгейде туристік қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өзін өзі реттеу:

Коммерциялық емес заңды тұлғаның филиалдары жанынан құрылған арнайы туристік аймақтарды дамыту жөніндегі кеңестер.

Арнайы туристік аймақтарды басқару және дамыту жөніндегі ұйымның туристік саланы басқарумен және дамытумен байланысты қызметін қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына «орналастыру орындарынан алым» (халықаралық практикада қабылданған аналогы «bedtax»), сондай-ақ «шығу туризмінен алым» деген ұғымды енгізу ұсынылады.

Орналасу орындарынан алым («bedtax») әлемнің көптеген елдерінде қолданылады: Мысырда, Біріккен араб әмірліктерінде, Мальдивия Республикасында, Австрияда, Германияда, Вьетнамда және басқа да елдерде. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тұру орындарын беру жөніндегі қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің есептік кезеңнен кейін келетін айдың 20 күнінен кешіктірмей арнайы туристік аймақты басқару жөніндегі ұйымға туристерді орналастыру бойынша көрсетілген қызметтер туралы мәліметтерді беру және арнайы туристік аймақты басқару жөніндегі ұйымға есеп беріп отырған ай ішінде әрбір туристің әрбір тұрған тәулігі үшін республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын 0,25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша алымды санамалау міндеті туралы норманы бекіту ұсынылады.

Сонымен қатар ішкі туризмді дамыту мақсатында «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында туристік операторлық қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің есептік айдан кейін келетін айдың 20 күнінен кешіктірмей арнайы туристік аймақты басқару жөніндегі ұйымға Қазақстан Республикасының қызмет көрсетілген азаматтарының және Қазақстанның басқа елге саяхат жасаған Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың саны туралы мәліметтерді беру және арнайы туристік аймақты басқару жөніндегі ұйымға берілген туристік оператор арқылы шығу туризмі бойынша қызмет көрсетілген әрбір турист үшін республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша алымды санамалау міндеті туралы норманы бекіту ұсынылады.

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында арнайы туристік аймақтарды басқару және дамыту жөніндегі ұйымның ішкі құжаттарымен арнайы туристік аймақты басқару жөніндегі міндеттерді іске асыру тәртібін айқындау құқығын бере отырып, осы негізгі міндеттерді бекіту қажет.

Міндеттер тізбесіне мыналарды енгізу ұсынылады:

- Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған туристік кластерлердегі арнайы туристік аймақтарды құруды және олардың қызмет етуін қамтамасыз ету;

- таңдамалы негізде арнайы туристік аймақтарды басқару жөніндегі Кеңестерге арнайы туристік аймақты дамыту стратегиясын айқындау, тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін белгілеу құқығымен және олардың жетістіктерін кейіннен бағалаумен арнайы туристік аймақты дамыту жөніндегі Бас менеджерді лауазымына тағайындау және одан босату бойынша құқықтар бере отырып Туристік аймақтарды басқару жөніндегі Кеңестер құру;

- қызмет түріне және тартылатын инвестициялар сомаларына қарай қатысушыларын бірнеше топқа бөле отырып арнайы туристік аймақтардың қатысушылары тізілімін жүргізу.

Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған туристік кластер дегеніміз Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 508 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында айқындалған бес туристік кластер (Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан).

Арнайы туристік аймақтарды басқару және дамыту жөніндегі ұйымдардың ресурстарын оңтайлы пайдалану мақсатында «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында арнайы туристік аймақ шеңберінде дамуы барлық арнайы туристік аймақты дамыту үшін шешуші факторға айналуы мүмкін аумақты айқындау ұсынылады. Осылайша, дамыту бойынша күш-жігер және қолда бар ресурстар зәкірлі жобаларға бағытталады.

Мұндай аумақтарды арнайы туристік аймақтарды дамыту аймақтары ретінде айқындау ұсынылады. Мемлекеттік қолдау шаралары, жеңілдіктер және артықшылықтар бірінші кезекте дамыту аймақтарында жобаларды іске асыратын арнайы туристік аймақтар қатысушыларына қолданылуға тиіс. Дамыту аймақтарында іске асыруға болжанған жобалар үшін талаптарды белгілеу құқығын, сол сияқты осындай жобаларды іріктеу құқығын туристік қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша арнайы туристік аймақтарды басқару және дамыту жөніндегі ұйымға бекіту ұсынылады.

2) Қазақстанның туристік саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру.

Қазіргі кезде Қазақстанда инвестицияларды мемлекеттік қолдау Мемлекеттік индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасының және «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының тетіктері арқылы жүзеге асырылуда.

Бұған қоса, туристік индустрия 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасында айқындалған экономиканың басым секторларына енбейді, бұл инвесторларға туристік саладағы жобаларды іске асыру кезінде аталған бағдарламада көзделген қолдау шараларын пайдалануға мүмкіндік бермейді.

«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көзделген инвестицияларды ынталандыру шаралары тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысымен бекітілген басым қызмет түрлеріне қолданылады. Берілген тізбеде туризм 55 «тұруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» деген бөлімде 55.1 «Қонақ үйлердің қызмет көрсетуі» және 55.3 «туристік лагерьлер, демалыс және ойын-сауық саябақтары» топтарында берілген. Көпшілік басым жағдайларда ірі инвесторлар санамаланған қызмет түрлеріне келмейтін кешенді жобаларды іске асырады. Бұған қоса, негізгі инвестициялық артықшылықтар айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі миллион еселік мөлшерінде (20 млн. АҚШ доллары шамасында) инвестицияларды жүзеге асыруды көздейтін инвестициялық басым жобалар үшін ғана беріледі. Сонымен, «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында туристік бизнес үшін еңсерілмес инвестициялық артықшылықтарды алу үшін шекті деңгей белгіленген.

Бұған қоса, «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жыл 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында және «Нұрлы Жол» Қазақстанның Жаңа Экономикалық Саясатында тікелей шетелдік инвестициялар ағынын туризм саласына бағыттау, елдің ЖІӨ-дегі туристік кластер үлесін арттыру, туристік инфрақұрылымды құру сияқты міндеттер белгіленген. Алайда қолданыстағы заңнама қойылған міндеттердің толық көлемде орындалуын қамтамасыз етпейді.

Осыған байланысты Қазақстанның туристік саласының инвестициялық тартымдылығын нақты қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық шаралар кешенін қабылдау ұсынылады.

Туристік саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру жөніндегі шараларды айқындау кезінде туризмді дамытудың халықаралық тәжірибесі ескерілді. Сонымен, «Қазақстанның индустрияны дамыту институты» АҚ шетелдік тәжірибеге талдау жүргізді, оның нәтижелері Қазақстан Республикасының туризмін дамытудың жүйелі жоспарын әзірлеу жөніндегі соңғы есепте көрсетілген.Туризмінің дамыған индустриясы бар бірқатар елдерді салыстырмалы талдау туризмді дамытудың бірыңғай логикасын анықтады:

Испания, Түркия, Мексика және Сингапур 30-40 жыл бұрын туризмді дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асырды және жиырма жылдан астам уақыт бойы жетекші туристік дестинация болып есептеледі.

Малайзия 90 жылдары туризмнің белсенді жарнамасымен үйлесімде жағалаудағы ірі курорттарды аша отырып өзінің туристік индустриясын дамытуды қолдады. 2000 жылдардағы туристердің ағыны статистикасынан сол кезден бері өсіп жатқан жоғарыда көрсетілген шаралардың салдары анық.

Марокко мен Мысыр 2000 ж бастап туризмді дамытуды мемлекеттік қолдау көрсету жөніндегі ірі бағдарламаларға қатысты, тиісінше 2009-2010 жылдары оларда туристік қызмет саласында жоғарылау болды.

Туризмді мемлекеттік қолдау шараларын егжей-тегжейлі қарауға Туркия лайық, оның дамуының негізгі көрсеткіштері таңдалған стратегияның тиімділігін көрсетті:

соңғы 5 жылда туристік инфрақұрылымға Түркия шамамен 60 млрд USD, яғни орташа есеппен жылына 12 млрд. USD инвестициялады;

1990-2012 жылдардағы кезеңде Түркияның ЖІӨ-дегі туризм үлесі 1,4 еседен астам өсті, 2012 жылы 10,9% жетті;

Туризм секторындағы жұмыспен қамтылу 1990-2012 жылдардағы кезең үшін 1,6 есеге өсті де аралас салаларды есепке алғанда 2 млн. жұмыс орнын құрды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаев Түркияның туризмді дамытудағы тәжірибесін зерттеу және қолдану қажеттігін 2014 жылғы маусымда Түркияда өткен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің IV саммиті шеңберінде атап көрсетті.

Мәселен, Түркия Үкіметі:

– ішкі және сырттан келетін туризмді дамытатын ұйымдар мен кәсіпкерлерге салық преференцияларын беру және оларды салық төлеуден босату (алғашқы 4 жылда қонақүйдің иесі әлеуметтік қорларға төлемдерден басқа, барлық алымдардан босатылады, сондай-ақ салық демалыстарын ұзарту мүмкіндігі бар);

– ішкі және сырттан келетін туризмді дамытуға (маркетинг, жарнама, көрме және т.б.) бюджет қаражатын бөлу;

– туристік индустрияда неғұрлым маңызды жобаларды мемлекеттік қаржыландыру, туризм үшін кадрлар дайындау (сертификатталған туристік мекемелердің байланыс құралдарына қатысты қаржыландырудың барлық рәсімдері бірінші кезекте жүзеге асырылады);

– ішкі және сырттан келетін туризмді дамытуды жүзеге асыратын ұлттық тасымалдаушыларға, туроператорларға бюджеттік субвенциялар мен субсидиялар беру;

– басымды негізде кредиттер беру және оларды өтеуге ерекше жағдайлар жасау (мысалы, арнайы туристік банк арқылы отельерлерге коммерциялық қаржы мекемелерінде алынған кредиттер бойынша пайыздардың орны толтырылады);

– туристік аудандардың, орталықтардың жолдар, кәріз жүйесін, су құбырын, электр желісін және т.б. салу сияқты инфрақұрылымын дамытуды мемлекеттік қамтамасыз ету;

– орман қорын төлеуді кейінге қалтыру (ормандарда орналасқан сертификатталған туризм мекемелері төлеуге тиіс сома аумақтың бөлінген үшінші жылынан бастап бес жыл ішінде бес теңдей төлем арқылы төленеді);

– коммуналдық көрсетілетін қызметтерге жеңілдікті тариф (электр, газ және су елді мекенде өндірістік объектілер мен тұрғын үйлерге қолданылатын мөлшерлеме бойынша төленеді) арқылы туризм саласын дамытуға үлкен қолдау көрсетеді.

Қазақстанның туристік саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша ұсынылып отырған шаралар кешені мынадай міндеттер топтамасынан тұрады:

Ұсынылып отырған шаралар бағытталған объектілерді айқындау;

Ұсынылып отырған шараларды іске асыратын субъектілерді айқындау;

Туристік саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша шаралар тізбесін айқындау;

Ұсынылып отырған шараларды іске асыру тетігін айқындау.

Туристік саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша шаралар объекітісі ретінде «туристік жобаларды» айқындау ұсынылады. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына «туристік жобалар» ұғымын енгізу ұсынылады, ол туристерді орналастырудың жаңа орындарын құруға, қазіргі бар орындарын кеңейтуге және жаңартуға инвестицияларды көздейтін іс-шаралар кешені ретінде түсініледі.

Бұл ретте, туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган басым деп айқындаған туристік қызмет түрлеріне қатыстылығына байланысты, сондай-ақ салынатын инвестициялар сомаларына байланысты туристік жобаларды градациялауды белгілеу ұсынылады. Салынатын инвестициялар сомалары бойынша гардацияны да туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган белгілейтін болады.

Осылайша, туристік қызметтің басым түрлеріне жататын және/немесе едәуір инвестицияларды тартуды көздейтін жоба «ұлттық туристік жоба» деген мәртебеге ие болуға және барлық мемлекеттік қолдау және ынталандыру шараларын алу құқықтарына басым түрде ие болуға тиіс.

Туристік саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша шаралардың іске асырылуын қаматамасыз ететін субъектілер туристік қызмет саласындағы уәкілетті органды (Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі) және арнайы туристік аймақтарды басқару және дамыту жөніндегі ұйымның функцияларын іске асыратын коммерциялық емес заңды тұлғаны айқындауды ұсынады. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында туризм үшін инфрақұрылымды құру және жаңғырту кезінде мемлекеттік қолдау шаралары операторының функцияларын коммерциялық емес заңды тұлғаға жүктеу, ал туристік қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау арқылы туристік саланы дамыту саясатын айқындау жөніндегі функцияларды Уәкілетті органға бекітуге ұсынылады.

Мынадай:


жоғары туристік әлеуеті бар аумақтарда туристік инфрақұрылымды одан әрі туристік жобаларды іске асыратын арнайы туристік аймақтардың субъектілеріне пайдалануға және/немесе иеленуге беру арқылы туристік инфрақұрылымды құру;

салық жеңілдіктері мен преференцияларын беру;

туристік жобаларды жасау және дамыту үшін білікті шетелдік жұмыс күшін тартуды оңайлату деген туристік саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша шаралардың тізбесін айқындау ұсынылады.

Көрсетілген шаралардан басқа, даму аймақтарында іске асырылатын туристік жобаларды мынадай:

жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша теңгемен ұзақ мерзімді борыштық қаржыландыру;

казино және ойын автоматтары залдарын орналастыру құқығын «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы арқылы беру;

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына тұруға ықтиярхаты жоқ шетел азаматтарына дамыту аймақтарында жылжымайтын мүлікті сатып алуға жол беретін түзетулерді енгізу;

ұлттық туристік жобаларды жасау бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру;

іске асырылатын туристік жобалар үшін дербес инфрақұрылымды жасайтын арнайы туристік аймақтардың субъектілеріне олар инфрақұрылымды жасауға жұмсаған шығындарын өтеу сияқты қолдау шараларын қамтамасыз етуге көзделеді.

Санамаланған шаралар қолданыстағы заңнама нормаларында былайша іске асыру ұсынылады:

Қазіргі уақытта туристік инфрақұрылымды құру жергілікті атқарушы органдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің бюджеттік бағдарлама аясында туризм объектілерін дамытуға нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырылады. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында елді мекендерді салудың бас жоспарын, арнайы туристік аймақ шеңберінде әкімшілік-аумақтық бірліктердің аудандық жоспарлау схемаларын өзгерту жөніндегі ұсыныстарды келісуге және енгізуге арнайы туристік аймақтарды басқару және дамыту жөніндегі ұйымдардың өкілеттігін айқындау ұсынылады. Сол Заңдарда бюджеттен туризм объектілерін дамытуға нысаналы трансферттерді жергілікті атқарушы органдар арасында бөлуге арнайы туристік аймақтарды басқару және дамыту жөніндегі ұйымдардың өкілеттігін айқындау ұсынылады. Осылайша мемлекеттік бюджеттен қаражат Қазақстан аумағындағы көптеген туристік объектілер бойынша кішігірім бөліктермен бөлудің орнына дамытудың негізгі аймақтарында шоғырлануы мүмкін.

Қолданыстағы және құрылатын туристік инфрақұрылымды пайдалануға және/немесе туристік жобаларды іске асыратын арнайы туристік аймақтың қатысушыларына иелікке беру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «туристік жобалар үшін мемлекеттік заттай грант» ұғымын енгізу ұсынылады. Осыған ұқсас ұғым «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында пайдаланылады, алайда мұндай заттай грантты алу инвестициялық келісімшарттың болуына және туристік жобалар үшін қолданылмайтын бірқатар басқа да шарттарға байланысты. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында туристік жобаларды іске асыратын арнайы туристік аймақ қатысушыларының мемлекеттік заттай грантты конкурстық негізде алу мүмкіндігін айқындау ұсынылады. Конкурс өткізу қағидаларын бекітуге, туристік жобаларды бағалау өлшемшарттарын бекітуге, мемлекеттік заттай грантты беру бойынша конкурс өткізуге өкілеттіктерді туристік қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға бекіту ұсынылады.

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жобалары арнайы туристік аймақтарды дамыту аймақтарында іске асыру үшін іріктеліп алынған арнайы туристік аймақ қатысушыларының:

сыртқы инженерлік желіні (энергия үнемдеу, жол салу, су құбыры жүйесін және кәрізді салу, газбен жабдықтау және т.б.) салуға және жаңғыртуға шығындар өтемін;

іске асырылатын жобаның ерекшеліктеріне орай (мысалы, тау шаңғысы инфрақұрылымы, ішкі су көлігі үшін инфрақұрылым) өзіндік инфрақұрылымды құруға шығындар өтемін;

туристік инфрақұрылымды құру үшін қажетті аралас өндірісті (мысалы, Қазақстан Республикасында жоқ құрылыс материалдарын, конструкцияларды, белгілі бір сападағы бұйымдарды өндіру) жасауға шығындар бөлігінің өтемін алуға құқығын бекіту ұсынылады.

Осы Заңда туристік қызмет саласындағы уәкілетті органға жоғарыда тізбеленген шығындар өтемін алуға үміткер жобаларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ осындай өтемнің берілу тәртібін бекіту құқығын бекіту ұсынылады.

Сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға арнайы туристік аймақтарда дамыту аймағында іске асыру үшін іріктеліп алынған жобалар үшін жеңілдік мөлшерлемесі бойынша теңгемен ұзақ мерзімді борыштық қаржыландыру алуды жеңілдететін түзетулер енгізу ұсынылады.

Атап айтқанда, «Қазақстанның Даму Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына арнайы туристік аймақтарда дамыту аймағында іске асыру үшін іріктеліп алынған жобалар үшін кепіл құнын айқындау кезінде жоғары коэффициентті белгілеу арқылы, Даму Банкінің кредиттік саясат туралы меморандумында туристік жобаларды қаржыландырудың ерекше шарттарын бекіту міндеттілігін енгізу арқылы кредиттік тәуекелдердің шартты төмендеуін көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады.

Туризм индустриясы дамыған елдерде ойдағыдай пайдаланылатын тағы да бір шара салық жеңілдіктері мен артықшылықтарды беру болып табылады. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне ұлттық туристік жобалар үшін салықтар бойынша артықшылықтарды белгілеуді көздейтін өзгерістер мен толықтыруларды енгізу ұсынылады.

Ұлттық туристік жобаларға салық бойынша мынадай:

есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға төмендету;

жер салығы мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану;

мүлікке салынатын салықты салық базасының 0 пайызы мөлшерлемесі бойынша есептеу;

осы Заң жобасы күшіне енген кезден бастап кемінде үш жыл бұрын Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға берілген тіркелген активтер бойынша осы тіркелген активтерді пайдаланудың алғашқы үш салық жылында амортизацияның екі еселік нормалары бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу артықшылықтарын беру ұсынылады.

Сонымен қатар туристік жобаларды іске асыру мемлекеттік қолдау мен салық жеңілдіктерінің есебінен ғана тиімді және ойдағыдай болуы мүмкін емес. Туристік объектілерді жақсы басқаруды қамтамасыз етуге, олардағы сервистің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге қабілетті туризм саласындағы біліктілігі жоғары мамандарды тарту талап етіледі.

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында туризм және қонақүй бизнесі саласындағы біліктілігі жоғары мамандарды тартуға туристерді орналастыру орындары меншік иелерінің шығыстарын субсидиялауды, сондай-ақ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алмай-ақ, осындай шетелдік мамандарды тарту мүмкіндіктерін беруді көздеу ұсынылады.

3) Ішкі туризмді дамытуды ынталандыру.

2012 жылы елімізде 1 994 туристік ұйым болды, олар 641,3 мың адамға қызмет көрсетті. Туристік қызмет құрылымында ішкі туризм – 31,5%, келу туризмі – 4,7%, кету туризмі – 63,8% құрады.

2013 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында елімізде 1 705 туристік ұйым болды, олар 424,7 мың адамға қызмет көрсетті, бұл 2012 жылғы тиісті кезеңдегі көрсеткіштен 16,3 % төмен. Туристік қызмет құрылымында ішкі туризм – 44,4%, келу туризмі – 2,3%, кету туризмі – 53,3% құрады. Егер бұл көрсеткіштерді 2012 жылғы қаңтар-қыркүйек айларының деректерімен салыстырсақ, онда туристерге қызмет көрсетудің жалпы құрылымында кету туризмінің үлесі – 8% және келу туризмінің үлесі 2,3% азайғаны, ал ішкі туризмнің 10,3% артқаны байқалады. Осы беталысты әрі қарай дамыту ынталандырушы шараларды қабылдауды талап етеді.

Ішкі туризмді дамытуды ынталандыруға бағытталған мынадай жүйелі шараларды:

туристік сертификаттарды – жұмыс берушінің және мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен қазақстандық ұйымдардың қызметкерлерін Қазақстан Республикасының аумағындағы санаторийлерде, курорттарда, демалыс аймақтарында демалуын қамтамасыз ететін жүйені енгізуді;

туристік әлеуеті жоғары авиамаршруттары бойынша ұшып өту құнын төмендетуді;

Қазақстан Республикасының аумағында туристердің болуы және орналасуы жерлерінде туристік сервис сапасын ең аз туристік стандарттарды орнату және енгізу арқылы арттыруды қабылдау ұсынылады.

Халықаралық тәжірибені талдау туризм индустриясын дамыту үшін, былайша айтқанда, «демалыс чектері» жүйесін қолданудың тиімділігі жоғары және жүйелі оң әсер ететінін көрсетті. Францияда «демалыс чектері» жүйесі (le Chèques-Vacances) «демалыс чектері» жүйесінің эмиссиясы және оны басқару үшін құрылған, өнеркәсіптік-коммерциялық үлгідегі мемлекеттік орган – Демалыс чектерінің ұлттық агенттігі (ANCV) 1982 жылы құрған және басқаратын жалпыұлттық тетікті білдіреді. Қазіргі уақытта бұл жүйе демалыс пен бос уақытқа қол жеткізуге жәрдемдесу миссиясымен бірге Франциядағы туризмнің әлеуметтік саясатының басты құралы болды.

ANCV деректері бойынша 2012 жылы Францияда «демалыс чектерінің» ұстаушылары 3,8 миллион адам (олардың отбасы мүшелерін есепке алғанда шамамен 9,4 миллион) болды, «демалыс чектерін» эмиссиялаудың жалпы сомасы 1,4 миллиард еуро құрады, 170 000 ұйым (қонақүйлер, көлік және темір жол компаниялары, дәмхана мен мейрамханалар, туроператорлар және т.б.) «демалыс чектерін» төлемге қабылдайтын жүйенің қатысушысы болып табылады. Мұндай чектер Францияда, Швейцарияда, Италияда және басқа да бірқатар еуропалық елдерде ойдағыдай пайдаланылады.

Ресей Федерациясында осыған ұқсас жүйені «Туризм және демалыс жөніндегі орталық кеңес» ААҚ (холдинг) әзірлеген, «Ресейде «Демалыс» әлеуметтік чектерін айналымға енгізу бағдарламасы» негізінде іске қосуға дайындалуда. Бағдарлама 2013 жылғы желтоқсан айында Федерация Кеңесінің Әлеуметтік саясат жөніндегі комитеті Туризм жөніндегі сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысында қаралды және мақұлданды.

Қазақстан Республикасында туристік сертификаттар жүйесін құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында мынадай заңнамалық шараларды іске асыру:

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында туристік сертификаттар жүйесінің мынадай субъектілерін:

туристік сертификаттардың эмиссиясын, сатылуын, және олардың төленуін жүзеге асыратын туристік сертификаттар жүйесінің операторын;

туристік сертификаттарды сатып алушылар – кәсіптік одақтарды, жеке кәсіпкерлік субъектілерін, мемлекеттік заңды тұлғаларды, коммерциялық емес заңды тұлғаларды (қайырымдылық ұйымдарын);

туристік сертификаттың бенефициары – туристік сертификаттарды сатып алушылардан туристік сертификатты алатын жеке тұлғаларды;

туристік сертификаттар жүйесінің қатысушылары – төлемге туристік сертификаттарды қабылдауға міндеттенетін, туристік сертификаттар жүйесінің операторына қосылу шартын жасаған жеке кәсіпкерлік субъектілерін (қонақүйлер, демалыс аймақтары, санаторийлер, көлік компаниялары, туроператорлар және турагенттер);

уәкілетті банк - туристік сертификаттар жүйесінің барлық ақшалай операциялары қамтамасыз ететін, туристік сертификаттар жүйесінің операторымен шарт жасасқан екінші деңгейдегі банкті айқындау ұсынылады. Мұндай банкке міндетті өлшемшарт ретінде Қазақстанның барлық облыстық орталықтарында және ірі елді мекендердің көпшілігінде есеп айырысу-кассалық бөлімдердің болуын белгілеу ұсынылады.

Туристік қызмет саласындағы уәкілетті органға туристік сертификаттар жүйесінің операторын айқындау, осы оператордың басшысы кандидатурасын келісу, уәкілетті банкті анықтау бойынша функцияларды, сондай-ақ туристік сертификаттардың эмиссиясы мен олардың айналымы қағидаларын бекіту бойынша функцияларды бекіту ұсынылады.

Туристік сертификаттардың құжат (қағаз) және электрондық нысанындағы эмиссиясы мен олардың айналымы мүмкіндігі заңнамалық деңгейде көзделуге тиіс. Бұл шара бастапқы кезеңде сертификаттарды қағаз нысанында шығаруға, ал кейінірек, жүйенің дамуына қарай тиісті ақпараттық жүйені қолдана отырып, туристік сертификаттардың электрондық нысанына ауысуға мүмкіндік береді.

Жүйе операторының және туристік қызмет саласындағы уәкілетті органның уәкілетті банкті бір уақытта жазбаша хабарламай, туристік сертификаттар жүйесі қатысушысының ірі ақша сомасын жүйеден біржола алу мүмкін еместігі, қағаз нысандағы туристік сертификаттарды эмиссиялау кезінде қорғаныс элементтерін (сериялық нөмірі, су белгісі, ирис баспасы, ультракүлгін қорғаныс және т.б.) қолдану міндеттілігі, туристік сертификаттар жүйесінің жосықсыз қатысушыларының тізілімін жүргізу және басқа да шаралар жататын алаяқтық әрекеттерге қарсы іс-қимыл жүйесі көзделетін болады.

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында туристік сертификаттар жүйесінің мынадай қаржылық тетігін белгілеу көзделіп отыр:

- жүйе операторы туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган белгілеген номиналда және санда туристік сертификаттардың эмиссиясын жүзеге асырады;

- туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган қолда бар бюджеттік қаражат шегінде туристік сертификаттарға сұранысты ынталандыру мақсатында туристік сертификаттар үшін дисконттау мөлшерлемесін орнатуға құқылы, бұл туристік сертификаттарды сатып алушыларға номиналдан төмен құн бойынша туристік сертификаттарды сатып алуға мүмкіндік береді;

- туристік сертификаттарды сатып алушылар уәкілетті банктегі оператордың есеп шотына ақша қаражатын аудару арқылы туристік сертификаттарды сатып алады. Айналысқа шығарылған сертификаттардың санынан туристік сертификаттарға сұраныс асып кеткен жағдайда оператор қосымша эмиссияны жүзеге асыруға құқылы. Туристік сертификаттарды сатып алушыларға жылдық жиынтық табысты айқындаған кезде туристік сертификаттарды сатып алуға шығындарды шегеруге алуға, сондай-ақ қызметкерлердің салық салынатын табысына берілетін туристік сертификаттың құнын қоспауға мүмкіндік беретін түзетулерді салық заңнамасына енгізу ұсынылып отыр;

- туристік сертификаттарды сатып алушылар бенефициарларға, яғни өздерінің қызметкерлеріне немесе өзге жеке тұлғаларға (мысалы, қайырымдылық көмекті алушыларға) туристік сертификаттар ұсынады. Туристік сертификаттарды сатып алушылар туристік сертификаттарды берудің тәртібі мен шарттарын дербес айқындайды, мысалы, оларды қызметкерлерге тегін, бөліп-бөліп төлеу арқылы, жеңілдікпен не көтермелеу ретінде бере алады.

- туристік сертификаттың бенефициары эмиссия кезінен екі жыл мөлшерінде белгілеу ұсынылған туристік сертификаттың қолданылу мерзімі ішінде өз қарауы бойынша туристік сертификаттар жүйесінің қатысушысы болып табылатын кез келген ұйымның көрсетілген қызметтеріне төлеу құқығын алады;

- туристік сертификаттар жүйесінің қатысушысы оператордан осы сертификаттардың төлеуін талап етеді. Уәкілетті банктің кез келген бөлімшесінде туристік сертификаттың номиналына тең туристік сертификатты беру және ақша қаражатын алу мүмкіндігін беру ұсынылады. Туристік сертификатты қабылдау және төлеу рәсімі туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган бекітетін туристік сертификаттардың эмиссиясы мен айналымы қағидаларында айқындалатын болады.

Уәкілетті банкке және операторға туристік қызмет жөніндегі уәкілетті органмен келісе отырып, туристік сертификаттарды төлеуге қабылдау үшін комиссияны белгілеуге рұқсат беру ұсынылып отыр. Бұл комиссия оператор қызметін қаржыландыру көздерінің бірі болады. Агенттіктің еркін қаражатын уәкілетті банкте орналастырудан түсетін табыс (заңды тұлғаларға арналған депозит) оператордың қаржы түсімдерінің тағы бір көзі болып табылады.

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында ішкі және келу туризмін дамытуды ынталандыру шарасы ретінде кейіннен жалға беру мүмкіндігімен туристік жылжымайтын мүліктегі үлесті меншікке алуға немесе ұзақ мерзімді қайтарымды пайдалануға мүмкіндік беретін демалыстың клубтық жүйесін реттеу рәсімін («тайм-шэр» деп аталады) енгізу ұсынылады.

«Тайм-шэр» халықаралық практикада кең таралған және азаматтар мен шетелдік адамдарға туристік жылжымайтын мүлік объектісіне ұжымдық билік ету және басқару үшін қолда бар қаражатты біріктіруге мүмкіндік береді, сондай-ақ көрсетілген адамдарға осы объектіде жылдың белгілі бір уақыты ішінде өмір бойы, кейіннен осы құқықты мұрагерлеріне бере отырып демалуға мүмкіндік береді.

Әлемдік тәжірибеде қалыптасқан «тайм-шэр» қағидаттары мен тәсілдерін «Тұтыну кооперативі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізу ұсынылады. Заңға тұтыну кооперативтерінің қызметін реттеуге орын алған тәсілдерден «тайм-шэр» институтының ерекшеліктерін есепке алу үшін өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады, мәселен,

Сонымен қатар осы саладағы алаяқтықты ескерту және алдын алу тетіктері көзделетін болады (үлестік меншікті мемлекеттік тіркеу және орталықтандырылған есепке алу, осындай тұтыну кооперативтерін құруды және оларға басшылық етуді жүзеге асыратын адамдарды міндетті аккредиттеу, осындай адамдарды міндетті сақтандыру, «тайм-шэр» жалпы үлестік мүлікті міндетті сақтандыру және т.б.).

Әкімшілік тосқауылдар.

Қазақстанда туризмді дамытуды ынталандыру бойынша тағы бір міндет туристік жобаларды іске асыру кезінде әкімшілік тосқауылдарды азайту болып табылады. Осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында көзделген бірқатар заңнамалық шараларды қабылдау ұсынылады.

Сонымен, жоғарыда аталған Тұжырымдамада ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және мемлекеттік орман шаруашылығының учаскелерінде ұзақмерзімдік пайдалану үшін туристік жобаларға қойылатын туристік тартымдылық өлшемшарттарын дайындау ұсынылады. Осы міндетті іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Орман кодексінде, «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында туристік қызмет саласындағы уәкілетті органның орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органмен және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша таристік тартымдылықтың көрсетілген өлшемшарттарын бекіту бойынша өкілеттіктерін бекіту ұсынылады.

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасындағы міндеттердің бірі өлшемдерге сәйкес туризмді дамыту бөлігінде бас жоспарларды түзету кезінде ұсыныстар енгізе алатын туристік қызмет саласындағы уәкілетті органмен бас жоспарларды келісу, бұл ретте халықты сауықтыруға арналған бальнеологиялық мақсаттағы жобаларды және ЕҚТА мен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде іске асыру үшін экологиялық туризмді басымдықпен жүзеге асыруға арналған объектілерді айқындау қажеттігі белгіленген.

Қазақстан Республикасының Орман кодексінде, «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында туристік қызмет саласындағы уәкілетті органның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытудың бас жоспарларын және туризмді дамыту бөлігіндегі орман отырғызу жобаларын келісуге туристік қызмет саласындағы уәкілетті органның өкілеттіктерін бекіту, сондай-ақ туристік қызмет саласындағы уәкілетті органның бұрындары бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытудың бас жоспарларына және туризмді дамыту бөлігіндегі орман отырғызу жобаларына өзгерістер енгізуге бастама жасауға туристік қызмет саласындағы уәкілетті органның өкілеттіктерін айқындау ұсынылады.

Сонымен қатар осы Тұжырымдамада өлшемдерге сәйкес орман қорының жерлерін өзге санаттардың жерлеріне ауыстырмай, орман отырғызу жобасы негізінде осындай аумақтардың инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарын (жопарын) (бұдан әрі – бас жоспар) әзірлеу арқылы туристік әлеуеті бар мемлекеттік орман қоры уческелерінде экологиялық туризмді дамытуды жоспарлау бойынша міндет қойылған. Осыған ұқсас міндет Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар аумағында экологиялық туризмді дамытуды жоспарлау. Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаған кезде ЕҚТА жерлерін өзге санаттағы жерлерге ауыстырмай, функционалдық аймақтарға бөлуді өзертпей, ағаш отырғызу жобасы негізінде ұлттық туристік жобаларды іске асыру бойынша белгіленген.
Осыған ұқсас міндет ерекше қорғалатын табиғи аумақтар аумағында экологиялық туризмді дамытуды жоспарлау бойынша – Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаған жағдайда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің функционалдық аймаққа бөлінуін және оларды өзге санаттағы жерлерге ауыстыруды өзгертусіз орман шаруашылығы жобасы негізінде туристік жобаларды іске асыру белгіленген. Осы мақсатта орман қоры жерлерін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерін өзге санаттағы жерлерге ауыстыру қажеттігінің болмауы туралы императивті норманы көздейтін түзетулерді Қазақстан Республикасының Орман кодексі мен Жер кодексіне және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізу ұсынылады.

Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейін туристік саланы дамыту тұжырымдамасында ауыр құрылыс материалдарын пайдаланбай, су қорғау белдеулері жер учаскелерінде маусымдық құрылыстарды және жеңіл сәулет нысандарын (жағалау маңы дәмханаларын) салу мүмкіндігі ұсынылады. Осы ұсынысты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Орман кодексі мен Жер кодексіне, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына су қорғау белдеулері жер учаскелерінде маусымдық құрылыстарды және жеңіл сәулет нысандарын салуға рұқсаттар мен келісімдерді алу рәсімдерін жеңілдету туралы, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның туристік қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша су қорғау белдеулері жер учаскелерінде салуға рұқсат етілген маусымдық құрылыстарды және жеңіл сәулет нысандарының түрлерін бекітуге, рұқсат етілген құрылыс материалдарын бекітуге өкілеттіктерін бекіту туралы өзгерістер енгізу қажет сияқты.

Тиісінше, Жер, Орман және Су кодекстеріне «туристік жоба», «ұлттық туристік жоба» және басқа да негізгі ұғымдардың бірқатарын енгізу ұсынылады.

Ішкі туризмді дамытуды ынталандырудың тағы да бір маңызды міндеті туристік әлеуеті жоғары авиамаршруттары бойынша ұшып өту құнын төмендету болып табылады. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында туристік қызмет саласындағы уәкілетті органның және арнайы туристік аймақтарды басқару және дамыту жөніндегі ұйымның бірлескен шешімімен айқындалатын туристік әлеуеті жоғары авиамаршруттарын субсидиялау квотасын белгілеу ұсынылады. Субсидиялау квотасы деп Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қағидаларға сәйкес субсидия алған авиамаршруттардың жалпы санының ішінен туристік әлеуеті жоғары кемінде 3 авиамаршрутты міндетті субсидиялау түсініледі.

Қазақстанда туристерді орналастыру орындарында қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында туристік қызмет саласындағы уәкілеттің органның арнайы туристік аймақтарды басқару және дамыту жөніндегі ұйыммен келісімі бойынша жергілікті атқарушы органдар орындау үшін және арнайы туристік аймақтар мен туристерді орналастыру орындарының қатысушылары орындау үшін міндетті ең аз туристік стандарттарды бекіту құқығын белгілеу ұсынылады.

«Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері мәселелері бойынша.

2015 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында № 20 хаттамамен мақұлданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылға бірінші қатарлы іс-қимыл жоспарының 63 қадамына сәйкес ғылымды қажет ететін экономиканы құрудың негізі ретінде екі инновациялық кластердің дамуын қамтамасыз ету қажет. Назарбаев Университеттің «Астана Бизнес Кампусында» бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу, сонымен қатар оларды әрі қарай коммерциализациялау үшін ғылыми орталықтар және зертханалар орналасуы керек. Нақты өндірістік жобаларды жүзеге асыру үшін «Инновациялық технологиялар паркі дербес кластерлік қор (ИТП «ДКҚ») жергілікті және шетелдік жоғары технологиялық компанияларды тартуы қажет.

Осыған байланысты, ИТП «ДКҚ» зәкірлі трансұлттық компанияларды (ТҰК) және стартап, соның ішінде халықаралық стартап компанияларды тарту тапсырмасын қамтитын жетекші халықаралық консультанттарды (Boston Consulting Group, McKinsey & Company және Дүниежүзілік банк) тарту бойынша стратегия әзірледі. ТҰК тарту:

технологиялық даму ТҰК орталықтарының қатысуымен технологиясы инкубаторларды құру;

бірлесіп қаржыландыру бағдарламасы (операциялық шығындарды 50% дейін) және технологияны дамыту орталықтарын қолдау үшін компанияларға 2 жылдан кейін салық шеңгерімін (жалпы табыстың 5% дейін) ұсыну арқыла жүзеге асыралады.

Халықаралық тәжірибе негізінде ұсынылатын кластерлеу тез уақытта нарыққа шығу үшін қатысушылардың ресурстары мен синергиясын біріктіруге бағытталған. Зәкірлік ТҰК зертханалар/ технологиялар орталығы деңгейінде тарту отандық компаниялар мен стартаптарды дамыту үшін технологиялық платформаны (инкубатор) құруға мүмкіндік береді.

Осы заңнамалық бастамаларды жүзеге асыру үшін ДКҚ нысаналы салымдар алуы және ТҰК-дың қатысуымен бірлескен кәсіпорындарды және шетелдік инвестициялық қорларды ДКҚ-дың қаржыландыруымен құру бойынша Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» ҚР Заңына сәйкесінше өзгерістер енгізу қажет.

Тұжырымдама, сондай-ақ:

ТҰК трансұлттық корпорациясы - меншігінде екі немесе одан көп мемлекеттердің аумағында жекелеген мүлікті бар заңды тұлға (заңды тұлғалар жиынтығы) түсінігін ұсынады.

Сондай-ақ, стартап, соның ішінде халықаралық стартап компанияларды тарту үшін, Қорға жобаларды бірлесіп қаржыландыру үшін шетелдік инвестициялық қорларды қатысушылар тізіміне қосу мүмкіндігін қарастырады.

ДКҚ қаржыландыру тетіктерін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ нысаналы салым тетігін қарастыру ұсынылады.

Осыған байланысты, заң жобасының тұжырымдамасына сәйкес Қазақстанда ТҰК тартудың құқықтық тетіктерін құру бөлігінде «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы заңнамасын жетілдіру бойынша нормалар көзделіп отыр.

Ағымдағы заңнама және оның тиімділігі:

«Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы қолданыстағы заңнаманы нақты индустриялық жобаларды іске асыру үшін инновациялық қызметті ынталандыру үшін шектеулі механизмін қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, жалпы түсімнің 1% (жалпы табыс) жер қойнауын пайдаланушыларғ өз міндеттемелерін өтеу үшін, кластердегі жобаларды қаржыландыруға болады. Бұл схема тау-кен саласын дамытуға бағытталған, және экономиканы және осындай жаңа материалдар ретінде жаңа өндірістерді құруды әртараптандыруға бағытталған жобаларды, жаңа энергетикалық, интеллектуалды логистика, координатты (дәл) ауыл шаруашылығын қаржыландыруға мүмкіндік бермейді.

Қазақстан Республикасының стартап және инновациялық компанияларың сын массасын құру және инновациялық қоршаған ортаны тұрақты дамыту және бастапқыда жеке капиталды тарту үшін қажет. Қазақстанда стартаптарды және инноваторларды қолдау индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңына сәйкес мемлекет негізінен жүзеге асырылады және технологияларды коммерцияландыру шеңберінде жүзеге асырылды.

Бұл үдерісте мемлекеттің осы бөлігінде заңнамалық деңгейде принциптерін бірқатар тиімсіздігін көрсетеді. Мысалы, ағымдағы бюджеттік заңнама жеке капиталды тарту ынталандыру құралы ретінде бастапқы қаупін азайту мақсатында венчурлық қорлармен бірлесіп қаржыландыруды кірмейді. Әлемдік тәжірибеде, қаржыландырылатын жобалардың табысты қолайлы деңгейі кем 1/10 бір тәуекелді іске қосу болып табылады.Сонымен қатар қолданыстағы заңнамада технологиялық дамудың ғаламдық процеске ықпалдасуға бағытында жұмыс функционалдық қамтамасыз етпейді.

Сонымен қатар, ағымдағы заңнама отандық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін инкубация және дамыту үшін ғылыми-техникалық жұмыс деңгейіне халықаралық компанияларды тарту үшін ынталандыру қамтамасыз етпейді.

Экономикалық және статистикалық ақпарат:

Соның салдарынан, бүгін Қазақстан Республикасының инновациялық секторын дамытуда мынадай жүйелік проблемалар бар:

отандық технологиялық компаниялардың төмен бәсекеге қабілеттілігі;

технологиялық стартаптар мен олардың дамуына жеке капиталдың төмен болуы.

Сондықтан ғылыми-техникалық зерттеулер Қазақстан шығындардың Ресей Федерациясының ЖІӨ-нің кем 0,2% жұмсалды - Финляндияда 1.12%, - 3,5%. Қазіргі уақытта, 151 тарап өз өнімдерін 10% кем «ИТП» экспорттық әлеуетке ие АЭА. Еліміздің жоғары оқу орындарының бірқатар Сонымен қатар шетелдік Партенит HP Әл-Фараби және Universitettee Назарбаев, ҚазҰАУ-де ҚазАТУ олардың С.Сейфуллин атындағы, Қазақстан-Жапон инновациялық орталығының Қазақстан-Беларусь оқу орталығында (ғылыми-зерттеу және оқу орталығы бірлесіп құрылған орталықтар саны бар ). Олар өндіріске тікелей енгізу немесе жоғары технологиялық қызметтерді құруға шоғырланады, өйткені Дегенмен, деректер орталықтары тұтастай өнеркәсіп жақсартуға ықпал ете алмайды.

Қазақстанда венчурлық жобаларды қаржыландыру үлесі 24 есе Ресей венчурлық инвестициялардың көлемінен кем және елдегі көлемінің жалпы инвестициялардың 0,6% құрайды. Силикон алқабында Статистика табысты венчурлық қаражат ерте сатысында 1000 жобаларды жүзеге 1 қаржыландыруды тартуға перспективалары бар екенін көрсетеді. Бүгінде Қазақстанда ерте сатысында шамамен 1300 жоба бар. Бұл сома, бәсекеге қабілетті және өз дамуында жеке капиталдың қатысуы инновациялық компаниялар сын массасын жасау үшін жеткілікті емес. Бұл ТМД елдерінің баса назар аудара отырып, үздік шетелдік старт-ап компанияларды тарту үшін жағдай жасау қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет