Информационное письмо



бет29/43
Дата14.04.2022
өлшемі5.83 Mb.
#456688
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43
ПОӘК Педагогика Л.М.Маденова 2020-2021гг

Психологиялық консилиум: Психологиялық мәселе бойынша әдістерді қолдануды талқылау. Топ рольдерге бөлінеді: психологтар, сарапшылар, түрлі мекеме өкілдері.
Бақылау жұмысы. Берілген сұрақтарға жазбаша түсініктерін жазу.
Презентация стратегиясы: «Презентация» стратегиясында студенттер топтарға бөліне отырып, өздеріне бөлінген, не берілген сұрақтарға байланысты тақтаға немесе плакатқа сурет, кесте т.б. құрастырып, оны қорғайды. Бұл жұмысты орындауға және әрбір топтың қорғауына белгілі уақыт беріледі. Студенттер өз жұмыстарын орындау кезінде оқытушы әрбір топтың жұмыстарын қадағалап, кеңес беруі тиіс. Әрбір топ өз жұмыстарын қорғаған соң басқа студенттердің сұрақ қоюларына құқығы бар. Бұл әдіс студенттердің ойлау, қиялының дамуына, материалдың есте берік сақталуына ерекше ықпалын тигізеді.
Аквариум” – балаларға мәселені “қоғам алдында” талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогты жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық студенттер көрермен ролін атқарады. Соныдықтан да мұны аквариум деп атайды.
Коллоквиум: Мұғалім және студент арасында сұрақ және жауап түрінде өткізіледі. Әр студентке 10 сұрақтан қойылады, студент қойылған сұраққа уақыт ұтуы үшін тез жауап беруі керек. 1 сұраққа 1 мин уақыт беріледі.


СӨЖ сабақтарға әдістемелік нұсқаулар


1-5 ОЖСӨЖ мазмұны:

  1. «Педагогика» ұғымына ерте ежелгі және қазіргі мағынада анықтама беріңіз.

  2. Ғылыми педагогикалық білімнің тұрмыстық білімнен қандай айырмашылығы бар?

  3. Педагогиканы ғылым және өнер деп таниды. Сіз қалай түсінер едіңіз?

  4. Ғылымның обьектісі және пәні дегеніміз не?

  5. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы қандай формаларда өтеді?

  6. Қазіргі педагогика ғылымының құрылымы қандай?

  7. Педагогиканың әдіснамалық негіздері.

  8. Теориялық зерттеудің жүргізілу ерекшелігі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет