«Информатика және математика» кафедрасы 6B06- жаратылыстану ғылымдар бағыты бойынша бакалавриат даярлау



бет21/39
Дата04.12.2023
өлшемі280.56 Kb.
#485406
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39
Деректер базалары

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

  1. Мәліметтер қоры ненің нәтижесінде пайда болды?

  2. Файлдық құрылым мәліметтерінен мәліметтер қорының негізгі айырмашылығы қандай?

  3. Алғашқы (түйінді) кілт дегеніміз не?

  4. Басқа жазбадан сілтеме жасайтын жазба қалай аталады?

  5. Сыртқы кілт дегеніміз не?

  6. Басқа жазбаға сілтеме жасайтын жазба қалай аталады?



ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Бидайбеков Е.Ы., Елубаев К., Шекербекова Ш.Т. Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер. Алматы., 2010.

  2. Элти Дж. Экспертные системы: концепции и примеры / Дж. Элти, М.Кумбс: перс англ.-М.: Финасы и статистика, 2009-191 с:ил.



ЛЕКЦИЯ №2
Тақырыбы: ДББЖ құрамы және құрылымы
ЖОСПАРЫ

  1. Деректер базаларының қасиеттері, артықшылығы, тұтастығы, пайдаланушылар қатынасының шектелуі, деректер тәуелсіздігі.

  2. ДҚБЖ компоненттерін құру жобасы және жоспары



ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ: Деректер базасы ақпараттық жүйелердің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ақпараттық жүйе өз алдында басқару функциясын орындау үшін әр алуан деңгейдегі жұмыстарды ақпаратпен жабдықтаған объект туралы ақпаратты жинау, тасымалдау, қайта өңдеу бойынша қатынас жүйесін білдіреді.
Деректер базасы деп компьютер жадында сақтайтын, арнайы түрде ұйымдасқан, өзара байланысқан мәліметтер жиынтығын айтамыз.
Ақпараттық жүйелердың мысалына: банктік жүйелер, кәсіпорындарда, автоматты түрде, басқару жүйелері, авияция немесе темір жол билеттерін, мейрамхана номерлерін алдын ала белгілеу және тағы басқа жатады.

Мәліметтер қоры (Ms Access).Сіздер өздеріңіз білесіздер, ақпараттарды реттеу үшін ақпараттардың тақырыптары, өзара қисынды біріктірілген арнайы анықтамалар, каталогтар, картотекалар, энциклопедиялар және т.б. бар. Сонымен қатар, ақпараттардың ағымы үнемі ұлғаюда және бүгінгі күнде ешқандай анықтамалар ақпаратты үнемі және өз уақытында жаңартып отырмақ түгел, оны сыйғыза да алмайды. Бұл мәселені шешу үшін компьютерде есептеуді жүргізетін графикалық бейнелерді, мәтіндерді құруңа мүмкіндік беретін программалардан басқа, үлкен көлемді ақпараттарды сақтау, өңдеу және іздеу үшін арнайы программалар бар. Мұндай программалар деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) деп аталады. Әуелі біз деректер базасы дегеніміз не? Соған тоқталайық. Қандай да бір тасушыда, мысалы, қағазда, кинотаспада, магниттік дискіде сақталған арнайы ұйымдастырылған деректердің жиынтығын деректер базасы деп түсінуге болады. Мысал келтіре кетсем, сіздің мектебіңізде 1000-ға жуық немесе одан да көп оқушылар оқиды делік. Әрбір мектепте әрбір оқушының деректері: аты-жөні, туған жылы, ұлты, жынысы, бойы және т.б. тіркелген медициналық карточка жүргізетін медициналық кабинет бар. Осы карточкалар шкафта былыққан түрде жатыр делік. Сіз өзіңізге қажетті карточканы табу үшін қанша уақыт кетеді. Әрине көп уақыт. Егер осы карточкаларды сыныптың сатысы бойынша (1-ші, 2-ші, ..., 11сынып), содан кейін әрбір сатыны алфавиттік ретте, ал әрбір сатының нақты сыныбының ішінде алфавиттік ретте жайып қоятын болсақ, яғни картотека ұйымдастырудың, онда қажетті карточканы іздеуге бірнеше секунд керек болады. Бұдан біз оқушының медициналық деректерін топтастырудың өзі деректер базасы екенін көреміз. Деректер базасы негізінде үш белгісі бойынша жіктеледі. 1-ші белгісі сақталған ақпараттың сипатына қарай деректер базасыфактографиялық және құжаттық болып бөлінеді. Фактографиялық деректер базасы қатаң анықталған пішінде ұсынылған, жазылған объектілер туралы қысқаша мәліметтерден. Мысалы: кітапханадағы кітаптар қорының деректер базасында әрбір кітап туралы деректер библиографиялық түрде сақталады: шығарылған жылы, авторы, аты және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет