«Информатика және математика» кафедрасы 6B06- жаратылыстану ғылымдар бағыты бойынша бакалавриат даярлау



бет24/39
Дата04.12.2023
өлшемі280.56 Kb.
#485406
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39
Деректер базалары

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1.Деректер базасы не үшін қажет?
2.Деректер базасын басқару жүйесі дегеніміз не?
3.Деректер базасын құрастыру жолдары қандай?
4.MS Access бағдарламасын іске қосу жолы


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
1.Проффесиональное руководство по SQL Server.Структура и реализация
Чендерсон.- Изд. "Вильямс". 2006.
2.Кульфельд Дж. Access2002 для чайников М. Вильямс 2002
3.Руководство разработчика баз данных в Delphi Kylix. Э. Хармон. - Изд.
Питер,2008.
ЛЕКЦИЯ № 4


Тақырыбы: Ақпараттық жүйелер және мәліметтер қоры


ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ:

  1. Ақпараттық жүйелердің архитектурасы.

  2. Ақпараттық жүйелердің классификациясы.

  3. Жергілікті ақпараттық жүйелердің классификациясы.

  4. Жергілікті ақпараттық жүйелер және компьютерлік желілердегі ақпараттық жүйелер.

  5. Ақпараттық жүйедегі мәліметтер қоры. CASE-технология.



ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ:
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (АЖ) деп техникалық құралдарды, атап айтқанда ЭЕМ қолданатын жүйелерді атайды. Қолданыстағы АЖ-лердің көпшілігі автоматтандырылған болып келеді, сол себептен оларды қысқаша АЖ-лар деп атайтын боламыз.
Ақпараттық жүйе деп ақпаратты өңдеуге арналған есептеу кешені аталады. Ақпараттық жүйе келесілерден:
компьютерлік құрал-жабдықтан;
программалық қамтудан;
мәліметтерден;
қызмет көрсетушілер құрамы (пайдаланушылар, әкімші) құралады.
Жергілікті ақпараттық жүйе деп бір компьютерде орнатылған және сонда жұмыс істейтін жүйе аталады.
Клиент/сервер типіндегі компьютерлік желіде жұмыс істейтін ақпараттық жүйелер барған сайын кең таралуда. Бұл жүйелер мәліметтерді орталықтандырылған, сондай-ақ үлестірілген түрде өңделуді қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда жалпы мәліметтер серверлерде орналастырылады, ал клиенттік компьютерлерде жеке клиенттердің мәліметтері орналасады.
Мәліметтер қорымен жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерді программалық қамту төмендегілерден:

  • жалпыға арналған программалық қамту;

  • қолданбалы программалық қамту;

  • мәліметтер қорын жобалауды автоматтандыру құралдарынан құралады.

Мәліметтер қорын ақпараттық жүйелерде қолданудың үлкен артықшылығы – мәліметтер қоры мәліметтердің клиенттік бағдарламалардан тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, пайдаланушылар мәліметтерді тасымалдағыштарда физикалық орналастыру мен оларға қол жеткізу мүмкіндігін ұйымдастыру мәселесінен құтылады.
Кең мағынада АЖ анықтамасына ақпаратты өңдеудің кез келген жүйесі жатады. Қолдану саласы бойынша АЖ-ларды өндірісте, білім беруде, денсаулықты сақтауда, ғылымда, әскери істе, әлеуметтік салада, сауда-саттықта және өзге де салаларда қолданылатын жүйелерге бөлуге болады. Мақсаттық қызметі бойынша АЖ-ларды шартты түрде келесі негізгі категорияларға бөлуге болады: басқарушы, ақпараттық-анықтамалық, шешімдерді қабылдауды қолдау.
70-80 жылдардан бері қолданылып келе жатқан әзірленген жүйені және қабылданып жатқан техникалық шешімдерді сипаттаудың ресмиленген әдістері уақыт өткен сайын көп еңбекті қажет етеді.
Соның нәтижесінде CASE-технологиясын жүзеге асыратын CASE-құралдары деп аталатын программалық-технологиялық құралдар пайда болды. CASE (Computer Aided Software Engineering) терминін компьютердің көмегімен программалық қамтуды жасау деп аударуға болады.
CASE-құралдары дегеніміз – бұл ақпараттың жүйелерді құрастыру және оларға ілесе жүру үдерістерін қолдайтын программалық құралдар, оларға келесілер жатады: талаптарды талдаудан өткізу және тұжырымдау, мәліметтер қоры мен қосымшаларды жобалау, кодты генерациялау, тестілеу, сапаны қамтамасыз ету, конфигурацияны басқару және т.б. CASE-құралдарын келесі негізгі түрлерін атап көрсетуге болады:

  • пәндік саланы құрастыру мен талдауға арналған талдау құралдары. Оларға Design/IDEF, Bpwin жатады;

  • жобалық арналымдарды құруды қамтамасыз ететін талдау мен жобалау құралдары, мысалы, Vantage Team Builder, Silverrun, PRO-IV;

  • мәліметтер қорын модельдеп, сұлбаларды жасауға мүмкіндік беретін мәліметтер қорын жобалау құралдары. Оларға Erwin, S-designot, DataBase Designer жатады;

  • қосымшаларды жасау құралдары, мысалы, Uniface, JAM, PowerBuilder, Developer/2000, New Ero, SQL Windows.

Кейбір CASE-құралдары нақты бір CASE-тің құрамына кірмейтін автономдық жүйелер түрінде жеткізіледі. Мұндай тәуелсіз CASE-жүйелердің қатарына S-Designer, Erwin, Silverrun жатады. МҚБЖ ішіне орнатылған CASE-құралы – Oracle құрамына кіретін Designer/2000 болып табылады.
CASE-жүйе белгілі қызметтік мақсаты бар және біртұтас программалық өнім шеңберінде орындалған CASE-құралдардың жинағы болып келеді.
CASE-жүйелері мен құралдарының негізгі мақсаты – программалық қамтамасыз етудің жобалануын, оны кодтау мен кейінгі жасау кезеңдерінен бөліп алу, сондай-ақ программалық жүйелерді құрудың бүкіл үдерісін автоматтандыру болып табылады.
CASE-технология ақпараттық жүйелерді жобалаудың әдіснамасы ретінде көрсетіледі. CASE-технологиясы дегеніміз – бұл сонымен қатар тақырыптық саланы үлгілеуге, оның үлгісін ақпараттық жүйені әзірлеу мен оған ілесе жүрудің барлық кезеңдерінде талдаудан өткізіп отыруға және пайдаланушыларға арнап қосымшаны жасауға мүмкіндік беретін саймандық құралдар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет