«Информатика және математика» кафедрасы 6B06- жаратылыстану ғылымдар бағыты бойынша бакалавриат даярлау



бет33/39
Дата04.12.2023
өлшемі280.56 Kb.
#485406
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39
Деректер базалары

Екінші белгісі - ақпараттарды сақтау әдісі бойынша деректер базасы орталықтандырылған және үлестірілген болып бөлінеді. Орталықтандырылған деректер базасында бар ақпарат бір компьютерде сақталады. Үлестірілген деректер базасы жергілікті және ауқымды компьютерлік желілерде қолданылады және ақпараттың әр түрлі бөліктері бөлек компьютерлерде сақталуы мүмкін.
Үшінші белгісі - ақпаратты ұйымдастыру құрылымы бойынша деректер реляциялық, иерархиялық және желілік болып бөлінеді. Біз сендермен фактографиялық және реляциялық деректер базасын ғана қарастырамыз.
Реляциялық деректер базасының құрылымы
Реляциялық ДБ деп оны құрайтын бөліктерінің өзара байланысымен құрастырылған деректер базасын атайтын. Қарапайым жағдайда ол бір тіктөртбұрышты кесте болып табылады. Күрделі реляциялық деректер базасы көптеген тіктөртбұрыш кестеден тұрады. Деректері өзара әртүрлі қатынастармен байланысқан бірнеше кесте құрайық. Кестелердегі деректердің арасында қатынастың өте кең тарағаны және әсіресе жиі қолданылатыны «объект - қасиет» типті болып табылады.
Мысалы: «Сыныптағы оқушылар тізімі» деректер базасы кесте түрінде көрсетілген болады.
Сыныптағы оқушылар тізімі:
Кесте элементтері ұяшық, жол және баған болған бұрын қарастырылған кестелерден айырмашылығы - кестені деректер базасы немесе деректер базасының объектісі ретінде қарастырғанда жазба және өріс түсініктері енгізіледі. Реляциялық деректер базасындағы жолдар – жазбалар деп, ал бағандар - өрістер деп аталады. Кестенің әрбір өрісінің аты болады, мысалы, тегі (фамилиясы), аты, туған жылы; жынысы; ұлты; көзінің түсі; шашының түсі.
Өрістер типтері 
Реляциялық деректер базасында өрістердің негізгі төрт типі пайдаланылады: сандық, символдық, даталық, логикалық. 
Сандық типі мәндері тек сандар: бүтін, бөлшек, ондық (масса, адам саны, арақашықтық және т.б) болатын өрістерден тұрады.
Символдық типте символдық ақпараты бар өрістер болады, бірақ символдық ақпарат цифрлардан да тұруы мүмкін, мысалы, реттік нөмір, телефон нөмірлері және т.б сонда бұл өрістерге символдық тип меншіктеуге болады (сендердің кестелеріңдегі барлық өрістердің типі-символдық). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет