«Информатика және математика» кафедрасы 6B06- жаратылыстану ғылымдар бағыты бойынша бакалавриат даярлау



бет32/39
Дата04.12.2023
өлшемі280.56 Kb.
#485406
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39
Деректер базалары

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

  1. Деректер базасын жобалаудың физикалық моделі дегеніміз не?

  2. Физикалық параметрлерді анықтау дегеніміз не?

  3. Жад пен уақытты бағалау дегеніміз не?

  4. Деректер базаларын модельдеу дегеніміз не?



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
1.Базы данных. Модели и языки. Кузнецов.- М.2008.
2.ТарасоваР.Н.Конспект лекций по СУБД в электронномвиде.Шымкент,2007.
3.М.Т.Шоманбаева, МУ и контрольные задания по СУБД- FoxPro, Шымкент
2002.
ЛЕКЦИЯ №12
Тақырыбы: Деректер базасының тұжырымдамалық моделі


ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ

  1. Деректерді жинау.

  2. Талдау және редакциялау



ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ:
Деректер базасы түсінігі. Компьютерде мәтін, графикалық кескін жасауға, есептеу жүргізуге мүмкіндік беретін программалардан басқа көлемі үлкен ақпаратты сақтауға, өңдеуге және іздеуге арналған арнайы программалар да бар. Мұндай программалар деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) деп аталады. Мынадай мысалды алайық, сендердің мектептеріңде 1000- ға жуық оқушы оқиды делік (мүмкін көбірек шығар). Әр мектепте медициналық кабинет болады, онда оқушының аты-жөні, туған жылы, ұлты, жынысы, бойы, салмағы, мекен-жайы, телефон нөмірі, дәрігерлік екпелері туралы тіркелген медициналық карталар (кітапшалар) бар. Барлық карта шкафта ретсіз араласып жатыр делік. 
Қандай да болсын бір тасушыда, мысалы, қағазда, кинотаспада, магниттік дискіде сақталатын, арнайы ұйымдастырылған деректер жиынтығы деректер базасы деп түсіну керек. Бір базадағы деректер өзара қисынды байланысты болуы тиіс. Бұл деректерді белгілі параметрлері, қасиеттері, яғни бір-біріне қатысты белгілері бойынша топтастыру арқылы жүзеге асырылады.
Деректер базасын жіктеу.
Деректер базасы, негізінен, үш белгісі бойынша жіктеледі.
Бірінші белгісі - сақтаулы ақпараттың сипатына қарай деректер базасы: фактографиялық және құжаттық болып бөлінеді. Фактографиялық деректер базасында сипатталатын объектілер туралы қысқаша мәліметтер нақты белгіленген пішімде беріледі, құжаттық деректер базасы әртүрлі типтегі мәтіндік графикалық дыбыстық мультимедиялық кең көлемді ақпараттардан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет