1
|
Курстың/пәннің/сабақтың аты
|
Есептеу желілері және телекомуникациялар
|
2
|
Пәннiң коды
|
VST 4208
|
3
|
Пәннiң түрi
|
Элективті компонент бойынша базалық модуль. (БД КПВ)
|
4
|
Пәннiң /курстың деңгейi
|
|
5
|
Оқу жылы
|
2011-2012
|
6
|
Оқу семестрі
|
7
|
7
|
Кредит саны
|
3 (3*1,5=4,5 ECTS)
|
8
|
Проф./лектордың аты-жөні
|
Елубаев К., Мамырбаев О.Ж.
|
9
|
Курстың мақсаты
|
Пәннің мақсаты: жергілікті және ауқымдық есептеу желілерінің теориялық негізін және желілік технологияның артықшылығы мен кемшіліктерін білу керек.
Өзбетінше жергілікті және ауқымдық есептеу желілерін орнату, пайдалану, түзету жұмыстарын орындай білу керек.
Есептеу желiсі пәнінен білімі мен желіде жұмыс істеу дағдысы қалыптасқан болу керек.
Жаңа желілік технологиялар жетістіктерінен хабардар болуымен қатар, осы салада мықты маман болып шығу қажет.
|
10
|
Пререквизиттері
|
Теориялық информатика негіздері. Дербес ЭЕМ. Бағдарламалау тілі
|
11
|
пәннің/курстың мазмұны
|
Компьютерлік желі түсінігі. Тораптардің топологиялық элементтерінің классификациясы. Тораптарды бағдарламалық қамтамасыз ету. Мәліметтерді тасымалдау протоколдары мен кіру әдістері. Жергілікті тораптың аппараттық жабдықтары. Ethernet. Token Ring. Apple Talk. Arcnet аппаратурасы.Коммуникациялық протоколдардың стандартты стектері.. INTERNET желісі. электрондық пошта (E-mail); World Wide Web құрылымы.Web - парақтарын көрсетуді басқару. Тораптардағы мәлімметерді қағазға жіберу. Жергілікті және ауқымды желілердің кірігуі.Желілік компьютерлер қызметі. Бір рангалы желілер мен серверлік желілер. Желілік топология. Желілер қызметі. OSI және IEEE Project 802 модельдері. Браузерлер және іздеу жүйелері.
|
12
|
Ұсынылатын әдебиеттер
|
1. Олифер В.Г.. Олифер Н.А. Компьютерные сети. Изд. Дом "Питер" 2001г.
2. Компьютерные сети. Учебный курс. 2-изд. 1998г.
3. Блэк Ю. Сети ЭВМ: потоколы, стандарты, интерфейсы. Мир, 1990г.
4. Крейг Х. Персональные компьютеры в сетях TCP/IP. Киев 1997г.
5. Пятибратов и др. Вычислительные системы и телекоммуникации. ФИС, 1998г.
|
13
|
Сабақты өткізу әдісі
|
Оқу-әдістемелік кешеннің электрондық және қағазға шығарылған нұсқалары бар. Зертханалық сабақты жүргізу үшін ДК-лер қолданбалы және жүйелік, желілік бағдарламалармен қамтамасыз етілген.
|
14
|
Оқыту тілі
|
Қазақ,орыс
|
15
|
мамандықты оқытуға қойылатын шарттар (талаптар)
|
Студенттердің оқудағы жетістіктерін бақылау Абай атындағы ҚазҰПУ қабылдаған ережелеріне (3.2.7 тарауды қараңыз) сәйкес іске асырылады.
Жергілікті және ғаламдық компьютерлік желілерді өзбетінше орнату және пайдалану, жөндеу жұмыстарын орындай білу қажет
|
|
1
|
Курстың/пәннің/сабақтың аты
|
Жүйелік бағдарламалау
|
2
|
Пәннiң коды
|
SP 4209
|
3
|
Пәннiң түрi
|
Элективті компонент бойынша базалық модуль. (БД КПВ)
|
4
|
Пәннiң /курстың деңгейi
|
|
5
|
Оқу жылы
|
2011-2012
|
6
|
Оқу семестрі
|
7
|
7
|
Кредит саны
|
3 (3*1,5=4,5 ECTS)
|
8
|
Проф./лектордың аты-жөні
|
Елубаев К., Ахметова А.М.
|
9
|
Курстың мақсаты
|
«Жүйелік бағдарламалау» пәнінің мақсаты: осы заманғы бағдарламалаудың теориялық негіздерін, машина кодтарын кәдеге жаратуды әзірлеу принциптерін, драйверлер мен басқа да қосалқы құралдарды, машина кодтарында әртүрлі сыртқы стандарттық және стандарттық емес қондырғыларды бағдарламалауды оқып-үйрену;
Пәннің негізгі міндеттері: төмен деңгейдегі тілде осы заманғы бағдарламалаудың негізгі принциптерін игеру, ассемблерде бағдарламалық модульдерді әзірлеу принциптерін, машина командаларының жүйесімен жұмыс істей білу және оларды практикалық міндеттерді шешуге қолдану.
|
10
|
Пререквизиттері
|
Дербес ЭЕМ архитектурасы. Информатика. Бағдарламалау тілі
|
11
|
пәннің/курстың мазмұны
|
Модульдік құрылым. ЭЕМ негізгі модульдері. ЭЕМ қызметі. МП86 микропроцессорының құрылымы.Командалар құрылымы. Регистрлер. Жедел жады және тұрақты есте сақтау құрылғысы.Бағдарламалық және аппараттық үзіліс. Сегментация. Атауы мен белгісі. Тілдер директивасы. Тіл операторлары. Ассемблердегі бағдарламаның жеңілдетілген құрылымы. Мәліметтер түрлері. Сызықтық мәліметтер. Белгісі бар және белгісі жоқ сандық мәліметтер. Dх, REPT директивалары, DUP операторы. Құрылымдар мен жазбалар. Адресациялау әдістері. Макрокомандалар және макроанықтамалар. API-қызметін пайдалану. МП86 командасының жүйесі. Аппараттық үзіліс. Үзілісті өңдеу. Үзіліс векторы. IN, OUT, IRET командалары. Үзіліске рұқсат беру және тыйым салу. STI және CLI командалары. Драйверлерді бағдарламалау.
|
12
|
Ұсынылатын әдебиеттер
|
1. В.Ю. Пирогов. Assembler. Учебный курс. М., 2001 г.
Мэтт Питрек. Секреты системного программирования в Windows 95. К., 1996
2. Михаил Гук. Процессоры Intel от 8086 до Pentium II. С.-П., 1998 г.
3. В.Л. Григорьев. Микропроцессор i486. Архитектура и программирование (в 4-книгах). М., 1993 г.
4. П.Брамм, Д.Брамм. Микропроцессор 80386 и его программирование. М., 1990
5. И.И.Шагурин, В.Б.Бродин, Г.П.Мозговой. 80386. Описание и система команд М.,1992.
6. Б.Э. Смит, М.Т. Джонсон. Архитектура и программирование микропроцессоpa INTEL 80386. М., 1992.
7. Зубков С.В. Assembler для DOS, Windows и Unix. M., 2000.
|
13
|
Сабақты өткізу әдісі
|
Оқу-әдістемелік кешеннің электрондық және қағазға шығарылған нұсқалары бар. Зертханалық сабақты жүргізу үшін ДК-лер қолданбалы және жүйелік бағдарламалармен қамтамасыз етілген
|
14
|
Оқыту тілі
|
Қазақ, орыс
|
15
|
мамандықты оқытуға қойылатын шарттар (талаптар)
|
Жүйелік бағдарламалау пәнін оқу нәтижесінде студент мыналарды білуі тиіс: МП86 сериялы микропроцессорды, ассемблер тілінде бағдарламаларды әзірлеу принциптерін, машина кодтарында бағдарламалаудың негізгі әдістерін игеруі тиіс. Студент Ассемблер тілінде өздігінен бағдарлама құрып үйрену керек.
Студенттердің оқудағы жетістіктерін бақылау Абай атындағы ҚазҰПУ қабылдаған ережелеріне (3.2.7 тарауды қараңыз) сәйкес іске асырылады
|
1
|
Курстың/пәннің/сабақтың аты
|
Интернетте бағдарламалау
|
2
|
Пәннiң коды
|
PI 2210
|
3
|
Пәннiң түрi
|
Элективті компонент бойынша базалық модуль. (БД КПВ)
|
4
|
Пәннiң/ курстың деңгейi
|
|
5
|
Оқу жылы
|
2011-12
|
6
|
Оқу семестрі
|
5
|
7
|
Кредит саны
|
3 кредит (3*1,5=4,5 ECTS)
|
8
|
Проф./лектордың аты-жөні
|
п.ғ.к., аға оқытушы Киселева Е.А., Мамырбаев О.Ж.
|
9
|
Курстың мақсаты
|
Пәннің мақсаты студенттерде Интернетке арналған қосымшаларды әзірлеу біліктілігін қалыптастыру.
Білуі тиіс: Internet желісінің бағыты мен құрылымын; Internet-тің негізгі қызметтерін; негізгі Web-редакторларды; тілді пайдалану принциптерін; HTML – гипермәтіннің белгісін; JavaScript-ті немесе басқа да тілдерді пайдалана отырып, динамикалық беттерді әзірлеу принциптерін; CGI-скрипт ерекшелігін; CSS стиліндегі Каскадтық кестелерді пайдалану ерекшелігін; клиент-серверлік қосымшалардың, PHP, Perl және т.б. жұмыс ерекшелігін; Internet-ке арналған клиент-серверлік қосымшаларды әзірлеу әдісі мен ортасын; Internet желісіне қосымшаларды жариялау әдісін. электрондық поштамен, телеконференциямен, интерактивті хабарласу жүйесімен жұмыс істеуді; Web-беттерді редакциялауды; Web-сайттады Internet-те жариялауды; HTML көмегімен Web-беттерді әзірлеуді; интерактивті үлгілерді әзірлеуді; CSS қолдануды; JavaScript немесе т.б. тілдерді пайдалана отырып, динамикалық Web-беттерді құру; GET, POST, PUT әдістерді пайдалану; CGI скриптпен жұмыс істеу HTTP-серверді баптау; Internet үшін клиент-серверлік қосымшаларды жазу.
|
10
|
Пререквизиттері
|
Информатика, Бағдарламалау тіліжәне технологиясы, бағдарламалау, Объектіге-бағытталған бағдарламалау тілі, С/С++тілі, Интернет-технологиясы, Есептеу желілері және телекоммуникациялар.
|
11
|
пәннің/курстың мазмұны
|
Пәннің мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:
Internet желісі құрылымы; Internet қызметтері негізі.Гипер текст технологиясы;Web-редактор, HTML тілі құрылымы; JavaScript-тілі. JavaScript –те фреймдер мен формалармен жұмыс істеу. Web-құжаттарды жариялау JavaScript тілінің сценариін құру. Жалпы тілдің көрсетілуі.С-скриптте прпограмма құру
|
12
|
Ұсынылатын әдебиеттер
|
1. Олифер В. Г., Олифер Н. А. Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоколы – СПб: Издательство «Питер», 2007. – 672 с.:
2. Пэтчетт К., Райт М. CGI/Perl: создание программ для Web: Пер. с англ. – К.: Издательская группа BHV, 2005. – 624 с.
3. Мировые информационные ресурсы. Интернет: практикум./ кол. авторов; под общ.ред. П.В. Акинина.- М.: КНОРУС, 2008.- 256 с.
4. Храмцов П. Б. Основы web-технологий: курс лекций / П. Б. Храмцов [и др.]. 2003. (Сер. Основы информационных технологий. Специальность «Интернет-технологии»).
5. Конева С.Н., Калаев Д.Н. Упражнения по компьютерной графике для дизайнеров. Алматы, 2008.- 50 с.
|
13
|
Сабақты өткізу әдісі
|
Дербес компьютер, жергілікті желі, желіге қосылған Интернет жүйесі, интерактивті тақта, проектор.Ақпаратты сақтау құрылғылары (flash-жады).Web-редакторлары.Бағдарламалау ортасы. Графикалық редакторлар.Электрондық оқыту құралдары мен қорлары(сонымен бірге электрондық оқулықтар).
|
14
|
Оқыту тілі
|
қазақ,орыс
|
15
|
мамандықты оқытуға қойылатын шарттар (талаптар)
|
педагогика, психология, информатиканы оқыту әдістемесі мен теориясы, бағдарламалау, объектілі-бағдарлы бағдарламалау тілі, есептеу желілері және телекоммуникация пәндерінен негізгі білім талап етіледі және жеке шығармашылық ғылыми-зерттеу немесе педагогикалық практика және өндірістік қызметтерге дайын болуы тиіс. Интернет пен «клиент-сервер» технологиясына арналған қосымшалармен жұмыс істеу принциптерін білу, атап айтқанда статистикалық және динамикалық ақпараттық беттерді, клиент-серверлік қосымшаларды әзірлей білуі тиіс. Желілік технологиялармен, объектілі-бағдарланған ортада бағдарламалау дағдысын игеруі тиіс. Ақпараттық мәдениетті игеруі тиіс.
|
1
|
Курстың/пәннің/сабақтың аты
|
Білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технологиялар
|
2
|
Пәннiң коды
|
IKTO 3302
|
3
|
Пәннiң түрi
|
Міндетті компонент бойынша кәсіптік білім модулі. (ПД ОК)
|
4
|
Пәннiң/ курстың деңгейi
|
|
5
|
Оқу жылы
|
2011-12
|
6
|
Оқу семестрі
|
5
|
7
|
Кредит саны
|
2 кредит (2*1,5=3 ECTS)
|
8
|
Проф./лектордың аты-жөні
|
п.ғ.к., доцент Абдулкаримова Г.А., аға оқытушы Сакыпбекова М.Ж.
|
9
|
Курстың мақсаты
|
Пәннің мақсаты: студенттерде өзінің болашақ кәсіби қызметінде біліміді ақпараттандыру әдістерін, түрлері мен құралдарын қолдану біліктілігін қалыптастыру болып табылады.
Пәнді оқып-үйрену нәтижесінде студент мыналарды үйренді: ақпараттық-коммуникациялық технологияның көмегімен педагогикалық ақпаратқа байланысты ақпараттық процестерді (жинау, қайта құру, өңдеу, сақтау, беру), ақпараттандыру білімінің техникалық құралдарымен жұмыс істеуді; білім беруде ақпараттық-педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануды; ақпараттандырудың жалпы әдістерін, оқу мекемелерінің оқу, оқудан тыс, ғылыми-зерттеу және ұйымдық-басқару қызметтеріндегі нәтижелерді бақылау мен өлшеуді; білімді ақпараттандыру құралдарының сапасын бағалауды; электронды білім беру басылымдары мен ресурстарын, сондай-ақ ақпараттандырудың басқада құралдарын әзірлеуді; электрондық білім беру басылымдарын сараптауды; білім беру саласында және кәсіптік қызметтің нақты саласында ақпараттандыру құралдарын қолдануды, атап айтқанда ақпараттық білім ортасын; ақпараттық білімнің тілін енгізу.
Мынадай білімдерді игерді: білім беруде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану; ақпараттық қоғамда ақпараттық білімнің рөлі мен орнын; ақпараттандыру білімінің техникалық құралдарын тиімді қолданудың түрлі құрамы мен саласын; оқу мекемелерінің оқу, оқудан тыс, ғылыми-зерттеу және ұйымдық-басқару қызметтеріндегі нәтижелерді бақылау мен өлшеуді; ақпараттандыру білімінің құралдарына қойылатын талаптарды, олардың сапасын бағалаудың негізгі принциптері мен әдістерін; электрондық білім беру басылымдарын әзірлеу мен сараптау технологиясын; білім саласында, нақты айтқанда, кәсіби қызмет саласында ақпараттандыру құралдарын практикада пайдаланудың стратегиясын, атап айтқанда, ақпараттық білім беру ортасын қалыптастыру мен енгізуге, қатысуға, негізді дәлелді әдістерді; ақпараттандыру білімінің тілін.
|
10
|
Пререквизиттері
|
Педагогика, Психология, информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі, білімді ақпараттандыру, Информатика, есептеу желілері және телекоммуникациялар, Интернетте бағдарламалау, бағдарлама-
лау
|
11
|
пәннің/курстың мазмұны
|
Білімді ақпараттандыру. Білімді ақпараттандырудың техникалық құралдары. Білімді ақпараттандыру технологиясы. Білім берудегі Интернет/Интранет. Ақпараттандыру шарттарына сай оқуды және оқудан тыс іс-әрекетті ұйымдастыру формасы. Ақпараттық білім ортасы және ақпараттық білім кеңістігі. Ақпараттық оқыту құралдарын құрастыру. Мұғалімдердің ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдануға дайындығы
|
12
|
Ұсынылатын әдебиеттер
|
1. Григорьев С.Г., Гриншкун В.В. Информатизация образования. Фундаментальные основы. Учебник для студентов педагогических вузов и слушателей системы повышения квалификации педагогов. / Томск: Изд-во «ТМЛ-Пресс», – 2008, 286 с.
2. Григорьев С.Г., Гриншкун В.В. Информационные и коммуникационные технологии в современном открытом образовании. Образовательное электронное Интернет-издание для педагогов. // Министерство образования РФ, РУДН, – 2004.
3. Бидайбеков Е.Ы., Григорьев С.Г., Гриншкун В.В. Создание и использование образовательных электронных изданий и ресурсов. Алматы: Бiлiм, 2006.-134с.
4. Бидайбеков Е.Ы., Конева С.Н., Абдулкаримова Г.А. Internet/Intranet-технологии в образовании. КазНПУ им. Абая, Алматы, 2006.- 145 с.
5. Абдулкаримова Г.А., Халикова Г.З. Педагогическая информатика
|
13
|
Сабақты өткізу әдісі
|
Дербес компьютер, жергілікті желі, Интернет, интерактивті тақта, проектор, ұялы телефон, IPOD, қалта компьютері, ақпаратты тасымалдау құралдары (flash-жады, CD-R, CD-RW, VCD, DVD, DVD-RW дискілері). Ақпарат қорлары: Интернет, іздеу жүйелері, пошта қызметі, телеконфереция қызметі, интерактивті қарым-қатынас қызметтерi, әлеуметтiк желiлер, қашықтан білім беру сайты, бiлiм берудің электрондық басылымдар сайты (сонымен қатар электрондық кітаптар).
|
14
|
Оқыту тілі
|
қазақ ,орыс
|
15
|
мамандықты оқытуға қойылатын шарттар (талаптар)
|
Оқушылар педагогика, психология, информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі, ақпараттандыру білімі пәндері бойынша негізгі білімді талап ететін жеке шығармашылық ғылыми-зерттеу немесе практикалық педагогикалық және өндірістік қызметтерге дайын болуы тиіс. Білім мен оқу процесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияны енгізудің мақсатын, міндетін, түрін, құралы мен әдісін білу, атап айтқанда, жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, оқу сабақтарын әзірлеуді, АКТ білім процесіне енгізуді білуі тиіс.Ақпараттық технологиялармен,желілік технологиялар-
мен, ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен жұмыс дағдысын игеруі тиіс. Ақпараттық мәдениетке ие болуы тиіс.
|
1
|
Курстың/пәннің/сабақтың аты
|
Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер.
|
2
|
Пәннiң коды
|
BIS 4303
|
3
|
Пәннiң түрi
|
Міндетті компонент бойынша кәсіптік білім модулі. (ПД ОК)
|
4
|
Пәннiң/ курстың деңгейi
|
|
5
|
Оқу жылы
|
2011-12
|
6
|
Оқу семестрі
|
7
|
7
|
Кредит саны
|
2 (2*1,5=3 ECTS)
|
8
|
Проф./лектордың аты-жөні
|
Елубаев К., Шекербекова Ш.Т.
|
9
|
Курстың мақсаты
|
Мәлiметтер қоры» курсының мақсаты - қазiргi заманғы мәлiметтер қорының теориялық негiздерi, мәлiметтер қорын құру, мәлiметтер қорын құру принциптерi, студенттердi әртүрлi информациялық жүйелердегі мәлiметтер қорымен таныстыру, мәлiметтер қорымен жұмыс істеуге қажеттi бiлiм, дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Пәндi оқытудың мiндеттерi - қазiргi мәлiметтер қорының теориялық негiздерiн, мәлiметтер қорын жасау принциптерiн меңгеру және құралдарымен жұмыс iстей бiлу, әртүрлi МҚБЖ-де мәлiметтер қорымен жұмыс iстей бiлу, практикалық есептер шығару барысында мәлiметтер қорын қолдана бiлуге үйрету.
|
10
|
Пререквизиттері
|
Информатика.Дербес ЭЕМ.Есептеу желісі және телекоммуникация.
Бағдарламалау тілі
|
11
|
пәннің/курстың мазмұны
|
Файлдық құрылымның мәлiметтерiн анықтау. Деректер қорын анықтау. Негiзгi ұғымдар. Перспективалы бағыттар. Қолдану облыстары. Реляциялық алгебра. Реляциялық есептеу. формалар. Постреляциялық көп өлшемдi, объектiлі-бағдарлы моделдер. Деректер қорын концептуалды жобалау ережелері. Деректер қорын басқару жүйелерi. ДҚБЖ функциялары және олардың классификациясы. Кiрiктiрiлген және деректер қорын бағдарламалау автономды құралдар. Қосымшалардың өңдеуi. CASE - жүйе және CASE - технология. Файл - серверлiк жүйелер. Деректер базасының серверлерi. Бiр компьютердегi ақпараттық жүйенiң ұйымы. Деректер қоры таралған өңдеу. ДҚБЖдың функциясының үлестiрiлуi. SQ тiл
Мәліметтер қоры. Негізгі түсініктер.
Иерархиялық және желілік модельдер
Реляциялық модель. Реляциялық алгебра және реляциалық есептеулер.Нормальдау.
|
12
|
Ұсынылатын әдебиеттер
|
1. Дейт К. Введение в систему баз данных. Наука, 1990г.
2. Джеймс Р. Грофф, Пол Н. Вайнберг SQL - полное руководство.
3. Хансен Г., Хансен Д. Базы данных: разработка и управление. Перевод, Киев 1999 г.
4.Хомоненко А.Д., Цыганков В.М., Мальцев М.Г. Базы данных.Учебник для высших учебных заведений/ Под ред.проф.А.Д.Хомоненко.-Санкт-Петербург: «КОРОНА принт», 2000.
|
13
|
Сабақты өткізу әдісі
|
Оқу-әдістемелік кешеннің электрондық және қағазға шығарылған нұсқалары бар. Зертханалық сабақты жүргізу үшін ДК-лер қолданбалы, жүйелік және желілік бағдарламалармен қамтамасыз етілген.
|
14
|
Оқыту тілі
|
қазақ, орыс
|
15
|
мамандықты оқытуға қойылатын шарттар (талаптар)
|
Студент білу керек:
есептеу желiлерi және МҚБЖ-мен жұмыс iстей бiлу, мәлiметтер қорын құру;
- мәлiметтер қорын жасау мен жобалаудың негiзгi әдiстерiн меңгеруi тиiс. Студент өзбетінше деректер қорын құрастырып, мәлiметтер қорының теориялық негiздерiн, мәлiметтер қорын жасау принциптерiн, мәлiметтер қорын жобалау әдістерін және оны құрып, өңдей білу керек;
Студенттердің оқудағы жетістіктерін бақылау Абай атындағы ҚазҰПУ қабылдаған ережелеріне (3.2.7 тарауды қараңыз) сәйкес іске асырылады
|
Достарыңызбен бөлісу: |