Информатика



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата07.01.2024
өлшемі0.95 Mb.
#488585
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Возможности применения геоинформационных систем в учебном процессе (1)



Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің хабарлары 
(математика, физика, информатика сериясы), №1 (24), 2023 
 
 
 
95 
 
ИНФОРМАТИКА 
 
 
ӘОЖ 004.04; 
МҒТАР 20.53.19 
https://doi.org/10.47526/2023-1/2524-0080.09 
 
Н.М. ЖУНИСОВ
 
PhD, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің аға 
оқытушы (Қазақстан, Түркістан қ.) e-mail: nurseit.zhunissov@ayu.edu.kz 
ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ 
 
Аңдатпа. Бұл мақала геоақпараттық жүйелерді білім беруде оқу процесінде қолдану 
мәселелеріне арналған. Жоғары жылдамдықты, қуатты компьютерлік технологияның пайда 
болуы білім берудегі ГАЖ технологияларының кең интеграциясына әкелді.
Геоақпараттық жүйелер ұғымының мәні, олардың сөзсіз артықшылықтары, білім беру 
кеңістігіндегі мүмкіндіктері ашылады. 
ГАЖ технологиялары білім алушыларды географиялық карталармен жұмыс істеудің 
әртүрлі дағдыларымен қаруландырады, дәстүрлі білімнен цифрлық білімге көшуге ықпал 
етеді, онда білім беру нәтижесі цифрлық технологияларды тиімді қолдану арқылы қол 
жеткізіледі. Бұл картографиялық білім мен дағдылардың негізгі рөлін көрсетеді және 
білімалушылардың ГАЖ мазмұнын игеру ерекшеліктерін көрсетеді. ГАЖ технологиялары 
ақпаратты қабылдау үшін қол жетімді тәсілмен ұсынуға мүмкіндік беретін заманауи 
құралдар ретінде анықталған, сондықтан оқу процесінде қолдану тиімді болуда. 
Геоақпараттық жүйеде цифрлық картаға түсіру бойынша көп танымал бағдарламалық 
пакет – MapInfo Professional бағдарламалық пакеті қолданылды. MapInfo Professional-да 
нысандарды координаттар, мекен-жайлар, индекстер жүйесі бойынша картаға енгізуге және 
іздеуге болатынын жұмысты жасалынады.
Геоақпараттық жүйесі арқылы облыстардың, қалалар мен ауылдардың шыкарасын, 
орталықтарын көрсетіп және олардың халық санын, аудандары және тарихи-мәдени 
ескерткіштерді картаға түсіріп, оларды MapInfo бағдарламасында кескіндеп, ол туралы 
мәліметтері беріліп, құрылатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет