Информатиканың іргелі негіздері


Компьютердің логикалық негіздері



бет30/67
Дата02.01.2022
өлшемі1.13 Mb.
#452326
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   67
лекция ИТН

Компьютердің логикалық негіздері.

Логика – ақиқат және дұрыс ойлаудың формасы (қалыбы), заңдары мен ережелері туралы ілім. Ойдың ақиқат әрі дұрыс болуын ұйымдастыратын және қадағалайтын біліми пән логика деп аталады.Ойлаудың пішіні (қалыбы) деп шынайы өмірдегі нәрселердің қасиеттері мен қатынастарын бейнелеу әдістерін атайды. Логика пәнінде, негізінен, ұш түрлі ойлау қалыбы қарастырылады. Олар: 1) «ұғым»; 2) «пайым» және 3) «ойқорыту» деп

аталады. Ойлау формаларының әрқайсысына белгілі бір тұлғалық құрылым тән болып келеді. Бұл құрылымдарды өрнектеп көрсету үшін арнаулы белгілемелер (символикалар) жүйесі қолданылады. Осындай белгілемелер тілінде өрнектелген ойды формалданған (қалыптанған) ой деп атайды. Ойқорытулар ережелерінің жиынына байланысты, ғылыми пән ретінде, логика бірнеше түрлерге бөлінеді: формалданған логика,математикалық логика, ықтималды логика, диалектикалық логикажәне т. б. Математикалық логика, формалданған логиканың бір бөлігі болып табылады. Егер, формалданған логика біздің дағдыланған пайымдарымызды талдауға байланысты болса, математикалық логика, қатаң айқындалған, бірмәнді ақиқат немесе жалған екенін шешетін, объектілерді және пікірлерді зерттейді.Тарихтан: Математикалық логиканың негізін қалаушысы ретінде ұлы немісматематигі Лейбницесептеледі. Ол, XVII ғасырда, бірінші логикалық есептеулерді құруға талпынған. Логиканы есептеулерге жақындатып, логикалық символиканы дәлдеген және жетілдірген. Лейбниц құрған іргетастың үстіне, басқа ұлы математик Джордж Буль(«Овод» романының авторы Э. Войничтың әкесі), ғылымның жаңа аймағын – математикалық логиканы құрған. Ол логиканың тұңғыш негізін

қалаушылардың бірі.логикалық құрылымдар үшін, ерекше алгебра – логикалар алгебрасы (Буль алгебрасы) атты тұтас бір, тың математикалық білім саласын өмірге келтірді. Онда, дағдылы алгебрадан айырмасы, символмен сандар емес, пікірлер белгіленеді. Қазіргі математикалық логика, оқиғалар ықтималдығы және ақпарат теориясы атты дискреттік математика тараптары Буль алгебрасының мысалдық, көрнектемелері және модельдікқолданбасы болып табылады.Пікірлер. Пікір математикалық логиканың бастапқы ұғымы және зерттеу нәрселігі болып табылады. Пікір деп мазмұны туралы ақиқат я жалған деген екі тұжырымның біреуін ғана жасауға болатын хабарлы сөйлемдіұғады. Пікірдің анықтамасы бойынша пікір хабарлы сөйлем болуы және оның мазмұны туралы ақиқат немесе жалған деген екі тұжырымның біреуін және тек қана біреуін ғана айта алатындай болуы шарт. Мысалы: берілген сөйлемнің қайсысы пікір болатынын, қайсысы пікір деп қарауға болмайтынын атап көрсетейік.

1) «Ассалаумағалейкум» Жауабы: леп сөйлем үлгісіндегі тілдік

қалыптама.

2) «Информатика пәнін ұнатасың ба?» Жауабы: сұраулы

сөйлем.


3) «х саны 3 еселік сан» Жауабы: пікір бола алмайды.

4) «Екі жарты – бір бүтін» Жауабы: ақиқат пікір.

5) «Адамнан басқа күлетін жан иесі жоқ» Жауабы: ақиқат

пікір.


6) «Париж —Қытайдың астанасы». Жауабы: жалған пікір.Түсініктеме: 1-ші және 2-ші сөйлемдердің мазмұны туралы ақиқат немесе жалған деген тұжырым жасау мүмкін емес, сондықтан бұларды пікір деп анықтауға болмайды. 3-ші сөйлем пікір бола алмайды, себебі х ке нақтылы мән бермей тұрғанда бұл сөйлем туралы «ақиқат» не «жалған» деген тұжырым айтуға болмайды.Жалпы, дербес немесе жекеленген пікірлер болуы мүмкін.

Жалпы пікір сөйлемдері барлығы, әрбір, әрқайсысы, ешбір деген сөздерден басталады. Дербес пікір сөйлемдерін бірқатар, кейбіреулері, көпшілігі деп бастауға болады. Басқа жағдайдың бәрінде пікірлер жекеленген болып келеді. Мысалы, мына пікірлердің типін (жалпы, дербес, жекеленген) анықтайық: «Барлық балықтар жүзе алады». Жауабы: жалпы пікір.«Кейбір аюлар – қоңыр түсті». Жауабы: дербес пікір.76«А – дауысты әріп». Жауабы: жекеленген пікір.Ақиқат пікірдің ақиқаттық мәні 1-ге, жалған пікірдің ақиқаттық мәні 0-ге тең деп есептеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет