«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінен емтихан сұрақтары


Информатика саласындағы мектепте білім беру мазмұнын түсіндіріп сипаттаңыз



бет17/51
Дата17.09.2023
өлшемі1.84 Mb.
#477749
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51
Иоә емтихан жауаптары

Информатика саласындағы мектепте білім беру мазмұнын түсіндіріп сипаттаңыз.

«Білім беру» заңына сәйкес білім беру мазмұнына қойылатын талаптар:
1 Білім беру мазмұны қоғамның экономикалық және әлеуметтік
факторларының бірі болып табылады және ол жеке тұлғаның өзін-өзі тануын
қамтамасыз етуге өзін пайдаға асыруына жағдай жасауға, адамзаттық
қоғамның дамуына, құқықтық мемлекетті нығайтуға және жетілдіруге
бағытталуы тиіс.
2 Білім мазмұны төмендегілерді қамтуы тиіс:
- оқушыларда қазіргі заманғы білім деңгейіне және білім беру
жоспарына сәйкес көзқарас қалыптастыру;
- қоғам мәдениетінің жалпы және кәсіптік деңгейін әлемдік деңгейге
жеткізу;
- жеке тұлғаның әлемдік және ұлттық мәдениет жүйесіне мемлекет
аралық қатынасын жасау;
- қазіргі заманғы қоғамға енген және сол қоғамды жетілдіруге ынталы
азамат-адам қалыптастыру;
- қоғамдағы кадр потенциалын көтеру және дамыту.
3 Білім беру мазмұны адамдардың, әр ұлтты халықтың, әртүрлі нәсілдің,
ұлттық, этникалық, діни және әлеуметтік топтардың бірлесіп жұмыс істеуіне,
өзара түсінісуіне әсер етуі керек.
Көзқарастардың әртүрлілігін ескере отырып, оқушылардың өз
көзқарасы мен сенімін еркін таңдап алу құқының жүзеге асырылуына
мүмкіндік жасау.
Белгілі дидакт В.С. Ледневтің пікірі бойынша «білім берудің мазмұны
– біріншіден, өткен ұрпақ тәжірибесін меңгеруімен, екіншіден, жеке
тұлғаның өзіне тән қасиеттерінің қалыптасуымен, үшіншіден, адам денесі
мен ақыл ойының дамуымен сипатталатын біртұтас үш бірлікті үдерістің
мазмұны. Мұнда оқыту жетекші қызмет атқарады, тәжірибені меңгеру – білім
берудің ең жақын және тікелей мақсаты болып табылады.
Тәрбиелеу мен дамыту жанама түрде жүзеге асырылады, бұл алыстан
әрекет ететін аймақ тәрізді. Соған қарамастан білім беру үдерісі үш бірліктен
тұрады» [16, 54-б.]. Осыдан білім берудің үш компоненті шығады, «оқыту»
орталық орынға ие болады:
Тәрбиелеу
Оқыту
Дамыту
Б.Т.Лихачев жалпы орта білім беру мазмұнын құрудың төмендегідей
негізгі жалпы әдiснамалық принциптерін белгілейді [18, 371-б.]:
- оқу материалының жалпы білімділік сипаты;
- бiлiм мазмұнының адамзаттық және ізгілік бағыты;
- оқу материалының қоғамымыздағы өзгерістер тәжірибесімен
байланысы;
- оқу материалының негіз қалаушы және жүйелік сипаты;
- оқылатын курстардың байланыстылығы (интегративтігі);
- білім беру мазмұнының ізгіліктік-этникалық бағыттылығы;
- оқу материалының дамытушы сипаты;
- оқу пәндерінің өзара байланыстылығы және үйлесімділігі;
- білім беру мазмұнының эстетикалық жайлары;
Жалпы мектептік білім беру мазмұнының жалпы дидактикалық
сипаттамасы көптеген жұмыстарда кездеседі [25, 31, 5]. Оларда кездесетін
көзқарастардағы қарама-қайшылық қойылған мәселенің мағынасында емес,
сол бір ұғымның түсіндірілу әдісінде жатыр.
Ондай ұсыныстардың ішінен айтарлықтай тұжырым табылмаса да, оқу
құралдары мен жоспарларын жасау үшін пайдасы көп екені белгілі.
В.С. Леднев [15] тұжырымдаған жалпы білім беру мазмұнындағы білім
саласының бейнелеу принциптерін атауға болады. Автор оны «базалық
компоненттерді білім беру құрылымына бинарлы кірістiру» принципі деп
атады, себебі, әрбір білім саласы білім беру мазмұнында екі рет қайталанады.
Біріншіден, жеке пән ретінде, екіншіден, тұтас мектептік білім беру
мазмұнында «тура бағыт» ретінде қарастырылады. Информатика және
ақпараттық технология үшін мұндай принциптің маңызы үлкен, себебі олар
жеке оқу пәні ретінде де, бүкіл мектепті ақпараттандыру арқылы да
таратылады.
Информатиканың мектептік курсын таңдауда аталған принциптерді
қолдана отырып, әдетте диалектикалық қарама-қайшылықта болатын негізгі
факторлардың екі тобына тоқталайық:
1 Ғылымилығы және практикалығы. Информатика пәнінің мазмұны
информатика ғылымынан бастау алу керек (яғни, ғылымның қазіргі күйіне
қарсы келмейтіндей және әдістемелігі жағынан біртұтас болуы керек). Пәнді
оқыту нәтижесінде келешекте әртүрлі салаларда кәсіби қызмет атқара
алатындай деңгейде оқушыларды іргелі біліммен қамтамасыз ету керек
(практикалылығы).
2 Жалпыға бiрдейлiгi және жалпы білім беретіндігі. Оқу пәнінде
қамтылған материалдар оқушылардың көпшілігі меңгере алатындай болуы,
олардың ақыл-ойының даму деңгейіне және біліміне, біліктілігіне,
дағдыларына сай келетіндей болуы тиіс. Сонымен бiрге информатика курсы
информатика ғылымының тиісті бөлімдерінен, мейлiнше жалпы маңызды,
жалпы мәдениетті, жалпы білім беретін мәліметтерді қамтуы керек.
Қарапайым тілмен айтқанда, информатиканың мектептік курсы, бір
жағынан қазіргі заманғы ғылым мен практика талаптарына сай болуы, екінші жағынан, қарапайым және оқуға оңтайлы болуы тиіс. Осындай екі топтағы
талаптарды біріктіру әдістемелік мәселе жағынан оңай емес.
Информатикалық білім беру мазмұнын Кеңес мектептерінде
қалыптастыру күрделі де, қарама-қайшылыққа толы үдеріс және ол кезең
өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан басталады. Бұл жерде оқушылардың
ақпараттық бiлiмiнiң мазмұны мәселесіне арналған теориялық жаңалықтар,
осы саладағы жекелеген тәжiрибелiк жетiстiктер өте әлсiз, жай дамыды,
сондықтан практик мұғалiмнiң бұл салада қажеттi әдiстемемен қарулануы
баяу түрде жүргiзiлдi. Информатика және есептеуіш техника негіздері
курсын орта мектепке енгiзу кезеңiнен бастайық.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет