Информатиканы оқыту әдістемесі



Pdf көрінісі
бет36/125
Дата23.11.2022
өлшемі1.71 Mb.
#465580
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   125
pdf24 converted 3

өзіндік жұмысы 
Ақпаратты игеру – 40% 
3. Білімді, біліктілікті және 
дағдыны тәжрибе жүзінде 
бекіту 
4. Білімді, біліктілікті және 
дағдыны тәжрибе жүзінде 
қолдану 
 
Ақпаратты тексеру – 
5 – 10% 
Ақпаратпен келісілмеу 
процессін дәлдеу – 
10 – 15% 
5. Оның меңгерілгенін 
тексеру 


60 
Сабақтың құрылымы – сабақтың негізгі компоненттерінің 
дидактикалық жағынан өзара дәлелденген байланысы, олардың 
нысаналы жүйелілігі мен қарым-қатынасы (М.И. Махмутов).
Элементтердің алуан түрлі үйлесімділігі, сондай-ақ оқу пәнінің 
және білім беру мекемесінің ерекшеліктері сабақтың көптеген 
формалары мен типтерін тудырады, сабақтың басты белгісі – оның 
дидактикалық мақсаты.
Дәстүрлі сабақ оқу материалын көп мәрте қайталауға мүмкіндік 
береді, бұл жадының дамуына және есте сақтауға, меңгерту 
сабақтарында білімді қалыптастыруға ықпал етеді. Оқу әрекетінің 
формаларын бірнеше рет ауыстыра отырып, жаңа білімдерді жылдам 
іс жүзінде қолдануға жағдай жасайды. Дегенмен, құрылымның 
аталған бөлшектерінің ешқайсысы білімді меңгерте отыра, 
оқушылардың дамуын қамтамасыз етпейді, өздігінен атқаратын оқу 
әрекетінде оны көрсетпейді.
Аралас сабақтың әртүрлі құрылымы, соған байланысты 
бірқатар артықшылықтары болуы мүмкін: кері байланысты 
қамтамасыз етеді, педагогикалық үрдісті басқарады, бағаларды 
жинайды, оқу кезінде дербес амалдарды жүзеге асыруға мүмкіндік 
жасайды.
2.4.3. Қазіргі сабақтың формалары мен құрылымдары
Қазіргі сабақтың негізгі кезеңдері 
1. Ұйымдастырушылық кезең. Оқушылардың сабаққа сырттай 
және іштей (психологиялық) дайындығын білдіреді. Әдетте 
ұйымдастырушылық 
кезеңге 
сәлемдесу, 
оқушылардың, 
жабдықтардың, сынып бөлмесінің сабаққа дайындығын тексеру, 
сабаққа қатыспағандарды белгілеу, сабақ жоспары мен мақсаттарын 
хабарлау кіреді.
2. Үй жұмысын тексеру. Қойылған мақсатқа байланысты 
әртүрлі әдістермен орындалады.
3. Жаңа материалды оқыту. Мұғалімнің хабарлауы негізінде 
немесе оқушылардың өздігінен орындауы арқылы өтеді.
4. Жаңа материалды бекіту. Үлгі бойынша жаттығуларды 
қолдану және ақпаратты жаңғырту тәсілдері арқылы материалдың 
игерілуін ұйымдастыру. Білімді іздеу және шығармашылықта 
пайдалану, бұрын алған білімдері мен ептіліктері бойынша құралған 
проблемалы тапсырмаларды орындау арқылы тәсілдерді меңгеру.
5. Мұғалім және оқушылар жүзеге асырған – оқу әрекетінің 
нәтижелерін бақылау – білімді тексеру; 
6. Үйге тапсырма. Сабақтың осы бөліміне тапсырманың 


61 
орындалуын, қажет болса, орындау әдістерін түсіндіру. 
7. Сабақ қорытындысын шығару.  
Сабақ аталған элементтердің барлығынан (аралас сабақ) немесе 
тек кейбіреуінен тұруы мүмкін (белгілі бір дидактикалық тапсырманы 
орындауға бағытталған арнаулы сабақ) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет