Информатиканы оқыту әдістемесі


СҮМ-нің дамытушылық аспектісі



Pdf көрінісі
бет41/125
Дата23.11.2022
өлшемі1.71 Mb.
#465580
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   125
pdf24 converted 3

СҮМ-нің дамытушылық аспектісі – бұл мұғалім үшін ең
қиын аспект. Бұл немен түсіндіріледі? Бұл қиындықтардың 
туындауының екі себебі бар. Біріншісі – көп жағдайда мұғалім оқу-


65 
тәрбие үрдісімен салыстырғанда, баланың дамуы анағұрлым баяу 
жүретінін ескермей, әр сабаққа жаңа дамытушылық мақсат қоюға 
тырысады. Екіншісі – даму дербестігіне өте қатысты болып келеді 
және ол маңызды дәрежеде дұрыс ұйымдастырылған оқу мен тәрбие 
нәтижесі ретінде іске асырылады. Бұдан шығатын қорытынды: 
мақсаттың бір дамытушылық аспектісі бірнеше сабақтың үшбірлік 
мақсатында тұжырымдала беруі мүмкін, ал кейбір кезде бір тараудың 
сабақтарына да жарайды.
СҮМ-ң дамытушылық аспектісі бірнеше блоктан құралады: 
Тілді дамыту – сөздік қорды молайту және күрделендіру; оның 
мағыналық функциясын күрделендіру (жаңа білім түсінудің жаңа 
аспектілерін әкеледі); сөздің коммуникативтік қасиеттерін кеңейту 
(бейнелі, айқын, мәнерлігі); оқушылардың тілдің шығармашылық 
кейіптері мен мәнерлі қасиеттерін үйренуі. Тіл дамуы – оқушының 
интеллектуалды және жалпы дамуының көрсеткіші. 

Ойлау қабілетін дамыту – сұрыптауға, басты ойды 
ерекшелеуге, ұқсастықты құруға, салыстыруға, жалпылау мен 
жүйелеуге, дәлелдеу мен теріске шығаруға, ұғымдарды анықтау мен 
түсіндіруге, мәселені қою мен шешуге үйрету. Бұл амалдарды үйрену 
– ойлай білу дегенді білдіреді. 

Сенсорлық өрісін дамыту – мұнда көз өлшемін дамыту, 
кеңістік пен уақытты тұспалдау, түстің, жарық пен көлеңкенің, 
пішіннің, дыбыстың, сөз реңінің дәлдігі мен сезімталдығын 
(нәзіктігін) айыра білу. 

Қозғалыс жүйесін дамыту – ұсақ бұлшық еттердің 
моторикасын, өзінің қозғалыс әрекеттерін басқара білу, ыңғайлы 
қозғалысты дамыту, қозғалыс өлшемін және т.б. меңгеруді 
қарастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет