Информатиканы оқыту әдістемесі


СҮМ-нің тәрбиелік аспектісі



Pdf көрінісі
бет42/125
Дата23.11.2022
өлшемі1.71 Mb.
#465580
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   125
pdf24 converted 3

СҮМ-нің тәрбиелік аспектісі – шын мәнінде, дамытушы оқу 
тәрбиелік болмауы мүмкін емес. Сабақ оқушы бойында көптеген 
тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына ықпал ете алады. Тәрбиелік 
аспект оқу материалының, оқыту әдістерінің, таным әрекетінің 
формалық ұйымдасу мазмұндарының бірлесіп жұмыс істеуін қолдана 
отырып оқушы бойында мінез-құлықтық, еңбек сүйгіштік, 
эстетикалық, отан сүйгіштік, экологиялық және басқа да жеке 
тұлғалық қасиеттердің қалыптасуы мен дамуын қарастыру керек. Ол 
оқушы бойында адамгершілік құндылықтарға деген дұрыс қарым-
қатынасты және азаматтық борышына деген жоғары сезімдерді 
тәрбиелеуге бағытталу керек. 


66 
2.4.5. Сабаққа қойылатын талаптар
Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар: 

білімділік мақсаттарды түгелдей, сондай-ақ олардың 
құраушы элементтерін және олардың дамытушылық және тәрбиелік 
мақсаттармен байланысын айқын дұрыс түрде құрастыру қажет; 

оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды 
ескере отырып, оқу бағдарламасы мен мақсаттарына сай сабақтың 
үйлесімді мазмұнын анықтау; 

сабақ кезінде, сондай-ақ әртүрлі жұмыстар кезінде білім мен 
біліктіліктерді ұйымдастыру және оқушылардың ғылыми білімдерді 
меңгеру деңгейін болжау; 

оқыту формаларының ең тиімді тәсілдерін және әдістерін 
таңдап қолдану, олардың сабақтың кезеңдеріне әсерін бақылау және 
қалыптастыру, жеке және ұжымдық жұмыс формаларын таңдау және 
оқушылардың өздігінен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру; 

барлық дидактикалық принциптерді сабақ барысында жүзеге 
асыру;

оқушылардың табысты оқуына жағдай жасау. 
Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар: 
Сабақтың психологиялық мақсаты: 
1. оқушылардың дамуын нақты оқу пәні және нақты сабақ 
шегінде жобалау; 
2. сабақтың мақсатын қою кезінде, тақырыпты оқытудың және 
оның нәтижесінің психологиялық мақсатын ескеру; 
3. оқушылардың 
дамуын қамтамасыз ететін әдістемелік 
тәсілдердің психологиялық және педагогикалық әсерлерінің жеке 
құралдарын қадағалау. 
Сабақтың стилі: 
1. Оқытудың дамытушылық принципіне сай сабақтың 
құрылымы мен мазмұнын анықтау: 

оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілетіне әсер ететін 
жүктемелердің қатынасы; 

оқушылардың шығармашылық және жүзеге асыру іс-
әрекетінің көлемін анықтау; 

дайын түрде (мұғалімнің сөзінен, кітаптан немесе қосымша 
құралдардан) және өздігінен іздену кезінде білімдерді меңгеруді 
жоспарлау;

проблемалық-эвристикалық 
оқытуды 
мұғалім 
мен 
оқушылардың орындауы (проблеманы кім қояды, кім тұжырымдайды 
және оны кім шешеді); 


67 

мұғалім жүзеге асыратын әрекеттерді: оқушылардың іс-
әрекетін тексеру, талдау мен бағалау және оқушылардың өзара сынай 
бағалауын, өзін-өзі бақылауын, өзін-өзі талдауын есепке алу. 
2. Мұғалімнің өзін-өзі ұйымдастыру ерекшеліктері:

сабаққа деген дайындығы және ең бастысы– психологиялық 
мақсатты түсіну, оны жүзеге асыруға іштей дайын болу;

сабақтың басында және барысындағы көңіл-күй – 
жинақылық, сабақтың психологиялық мақсаты мен тақырыпқа 
байланысты өзін-өзі баптау, жігерлілік, анықталған мақсатты 
орындауға табандылықпен ұмтылу, педагогикалық шеберлік;

педагогикалық әдептілік;

сабақтағы психологиялық жағдай. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет