103
3.3. Кешенді бақылау
Қазіргі кездегі мектептегі информатиканың даму жағдайы
оқытудың тиімділігін бақылаудың әдістеріне жаңаша көзқараспен
қарауды талап етеді. Көбінесе осы
мәселе бойынша ауызша және
жазбаша әдістер пайдаланылады. Машықтандыру және зерттеулік
әдістердің рөлі бағаланбайды, олардың
көмегімен оқушылардың
шығармашылық
және
эксперименттік
міндеттерін
қалай
орындалғанын, білімдерінің, дағдылары мен іскерліктерінің тереңдігін
және беріктілігін, оларды сабақтағы тапсырмаларын орындау
кезіндегі қолдану қабілеттіліктерін білуге болады.
Оқу үрдісін
тиімді таңдауды ұйымдастырудан, оқыту мен
бақылаудың оңтайлы әдістерінен, нәтижелерді
бағалау әдістерінің
негіздемесінен нақтылы оқу орнындағы оқытудың қаншалықты тиімді
екенін байқауға болады.
Дәстүрлі
оқытудың
негізгі
өлшемдерінің
тиімділігіне
жататындар:
-
белсенділік, талаптылық, оқу үрдісіндегі оқушының
шығармашылық тәсілі –
дамыту аспектісі (функциясы);
-
білім
алудың толықтығы, беріктілігі және кең көлемділігі –
білім беру аспектісі (функциясы);
-
жауаптылық, өздік жұмыс және тек қана топта емес, жеке
түрде де жұмыс жасау –
тәрбиелік аспектісі (функциясы).
Жоғарыда көрсетілген өлшемдерді есепке ала отырып,
оқытудың деңгейі мен дәрежесін бағалау үшін әмбебабтық әдіс қажет.
Оның көмегімен оқушылардың жетістіктерінің
нәтижелерін әрбір
оқыту кезеңінде қойылған мақсаттар мен міндеттері бойынша (оқу
үрдісіне қатысушылардың нақтылы мүмкіндіктерін есепке ала
отырып) тексеруге болады.Үздіксіз оқыту кезінде осындай бақылау
жүйесін жасаудың күрделілігі айдан анық деуге болады.
Сонымен
қатар, осындай міндеттерді шешудің жартысының өзі нәтижелерді
бағалаудың жоғарғы дәрежесіне шығуға мүмкіндік береді.
Ұсынылып отырған кешенді бақылау жүйесінің жетекші әдісі
ретінде төмендегі әдістер қаралады:
-
логикалық әдістер;
-
жобалық әдістер.
Берілген әдістер дидактикада кең көлемде қолданылады. Бұл
әдістің
жаңашылығы
оқытудың
нәтижесін
бақылау
үшін
пайдаланылуында, сонымен бірге логикалық әдістер – білімді тексеру
үшін, ал жобалық әдістер - машықтану дағдыларын тексеру үшін
қолданылады.
104
Бақылаудың логикалық әдістерін жүзеге асыру үшін, логикалы -
талдаулық міндеттер, ал бақылаудың жобалық әдістерін жүзеге асыру
үшін жобалар тобы дайындалды.
Достарыңызбен бөлісу: