Информатиканы оқыту әдістемесі



Pdf көрінісі
бет76/125
Дата23.11.2022
өлшемі1.71 Mb.
#465580
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   125
pdf24 converted 3

Реті 
Түрлері 
Ерекшелігі 

Оқыту 
Мұндай мақсаттағы өзіндік жұмыс жаңа тақырыпты 
түсіндіру барысында тапсырмалар беру арқылы 
жүргізіледі. Оның мақсаты – жаңа материалға 
қызығушылығын дамыту, мұғалім нені түсіндіріп 
жатқанына әрбір оқушының көңілін аудару. 

Бекіту 
Мұндай мақсаттағы өз бетімен жұмыстар оқушылардың 
логикалық ойлау қабілетінің дамуына септігін тигізеді 
және әр түрлі ережелерді араластыра отырып 
қолдануды талап етеді. 

Шығармашылық 
Мұндай мақсаттағы өзіндік жұмыс өте жоғары деңгейде 
жүргізіледі.Мұндай тапсырмалар шығарылған есептің 
екінші, үшінші тәсілдерін табуға беріледі немесе кейбір 
теоремалардың дәлелдемесінің басқа тәсілдерін табу 
тапсырылады. 

Қайталау 
Мұндай мақсаттағы өз бетімен жұмысты мұғалім жаңа 
сабақты 
түсіндіргенге 
дейін 
жүргізеді, 
яғни 
оқушылардың дайындығын тексеру мақсатында, 
қиындық 
келтірген 
сұрақтар 
болса, 
анықтауға 
көмектеседі.

Дамыту 
Мұндай мақсаттағы өзіндік жұмыс белгілі бір 
тақырыпқа байланысты баяндама дайындауға үйге 
тапсырма беру арқылы жүргізіледі немесе олимпиадаға 
дайындау, ғылыми – конференция, т.с.с. 
Өзіндік жұмыс үшін ұсынылатын тапсырмалар оқушылардың 
ғылыми-танымдылық қызығушылығын ояту, ерік-жігерін тәрбиелеу
білім деңгейін ескерту, сондай-ақ өзін-өзі бақылауға үйретеді. 
Оқу үрдісінде дәстүрлі емес сабақтарды өткізудің пайдасы 
зор. Пікір сайыс, дөңгелек үстел, диспут, ойын элементтерін сабақта 
пайдалану оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, өмірге 
көзқарасын қалыптастырып, түсінігін молайтады. Ал бұл өз кезегінде 
оқушының өзіндік жұмыстарды үлкен ықыласпен орындауына қол 
жеткізеді. 
Өзіндік жұмыстарға ұсынылатын тапсырмалар алдымен 
репродуктивті деңгейде, ал сонан соң продуктивті деңгейге көтерілуі 
тиіс. Мысалы, Mіcrosoft Word тақырыбын қарастырайық. 
Репродуктивті деңгейде оқушы тақырыппен танысады, 
берілген тапсырмаларын орындайды. 
Продуктивті деңгейде шығармашылық, іздену бағытындағы 
тапсырмаларды орындайды, яғни берілген тапсырма жоспарын жасау, 


116 
баяндама дайындау, талдау, зерттеу, материалдар жинау, жоба құру 
және т.б.
Информатика пәнін оқыту барысында өзіндік жұмыстарды 
жоғарыдағы 
айтылған 
талаптарды 
ескере 
отырып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет