«Информатиканың теориялық негіздері»


-ДӘРІС. Автомат ақпараттық жүйенің негізгі элементі ретінде



бет15/65
Дата22.10.2022
өлшемі0.6 Mb.
#463275
түріАнализ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65
«Информатиканы теориялы негіздері»

5-ДӘРІС. Автомат ақпараттық жүйенің негізгі элементі ретінде
Қарастырылатын сұрақтар: Абстракциялық автоматтар. ЭЕМ-программалық басқарылатын цифрлы автомат. Тьюринг машинасы. Пост машинасы.

Әдетте автомат деп нәтижесінде материалды объектілердің, энергияның немесе ақпараттың түрленуі болатын белгілі бір амалдар тізбегін адамның қатысуынсыз орындайтын құрылғыны атайды. «Адамның қатысуынсыз» деген кезде амалдың орыналуы кезінде анық адамның басқаруы болмайды деген ұғым айтылып тұр. Дегенмен шын мәнісінде басқару жүргізіледі, бірақ адамның алдын-ала құрып, құрылғыға енгізген программасы арқылы. Бұдан әрі тек дискретті формада көрсетілген ақпаратты автоматты түрде өңдеуге арналған құрылғыларды ғана қарастырамыз.


Құрылғы сыртқы ортамен ақпарат алмасатындықтан оның ақпарат енгізілетін енгізу каналы болу керек, сол сияқты түрлендіру нәтижесі берілетін шығару каналы болу қажет. Бұдан басқа, құрылғыда оның ағымдағы қалпы бекітілетін жадысы болу керек; жалпы жағдайда өңдеу нәтижесі енгізілген әрекеттер мен құрылғының ішкі қалпы арқылы анықталады. Айталық, енгізілетін ақпаратты көрсету үшін қанадай-да бір шекті Х алфавиті (енгізу алфавиті) қолданылсын, ал шығарылатын ақпаратты көрсету үшін Ү шекті алфавиті (шығару алфавиті) қолданылсын.

Алфавиттің шектілігіне талап ақпаратты өңдеу уақытының шектілігіне байланысты. Ішкі қалпы ішкі алфавит деп есептеуге болатын дискретті жиынтықты құрайды – Q деп белгілейміз.
Кіру сигналдарының келіп түсуі және құрылғы қалыптарының қайта қосулары үзіліссіз емес, ал белгілі уақыт мезеттерінде, яғни, дискретті түрде жүргізіледі деп есептейік. Егер мезеттердің тізбегі еркін болса, онда құрылғы элементтерінің жұмысын асинхронды ұйымдастырған деп айтады, мысалы, телефон нөмірін немесе құлыптың кодын теру. Дегенмен, күрделі құрылғыларда синхронды ұйымдастыру қолданылады, яғни мұнда сигналдардың келіп түсү мезеттері мен шығарылуы, сол сияқты ішкі қалыптарды қайта қосу бірінен кейін бірі такт деп аталатын бекітілген уақыт t = Const аралығында жүргізіледі. Бұл мезеттер арнайы құрылғы арқылы беріледі – тактілік генератор (немесе синхроимпульстық генератор). Уақыт бірлігіне тактілік импульстар саны тактілік жиілік деп аталады – ол құрылғының әрекетжылдамдығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Такт шекараларын бейнелейтін t0, t1, t2,… уақыт мезеттерін (t0 жұмыстың басталу мезетіне сәйкес келеді) енгізуге болады.
Ішкі қалыптарының жиыны, енгізу және шығару сигналдары сол сияқты енгізу сигналдры келіп түсетін, ішкі қалыптары өзгеретін және шығу сигналдары берілетін уақыт мезеттерінің жиынтығы дискретті болатын құрылғылар дискретті құрылғылар деп аталады.
Дискретті құрылғылардың мысалы телефонның теру дискісі, кодты құлып, калькулятор, электрондық табло және компьютер болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет