«Информатиканың теориялық негіздері»


Ақпаратты сипаттаудың аналогты формасы



бет2/65
Дата22.10.2022
өлшемі0.6 Mb.
#463275
түріАнализ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
«Информатиканы теориялы негіздері»

Ақпаратты сипаттаудың аналогты формасы ақпаратқа ие болатын, сигналдармен көрсетілетін және ақпараттық параметрі уақыттың үздіксіз функциясы болып табылатын хабарламаның сипатталуы.
Бит – тәжірибенің екі бірдей мүмкін мәндеріндегі энтропияның өлшем бірлігі.
Кодтық комбинация салмағы – берілген кодтық комбинациядағы нөлдік емес (бірлік) разрядтар саны.
Сыртқы есте сақтау құрылғысы (СЕСҚ) – заттық тасмалдаушыдаға деректерді оқу және сақтаумен байланысты операцияларды орындайтын құрылғылар.
Берілгендер – нақты бір түрде берілген және болашақта қолданылатын қандай да бір жүйені, құбылысты, процессті немесе объектіні сипаттайтын мәлімдемелер.
Декодер – декодтау операцияларын орындауды қамтамасыз ететін құрылғы.
Декодтау – кодтауға кері операция, яғни ақпараттың алынған кодтық реттен алғашқы алфавитті түрінде қайтарылуы.
Дискретті канал – дискретті хабарламаларды беру үшін қолданылатын байланыс каналы.
Дискретті құрылғылар – бұл ішкі күйлері, кіру және шығу сигналдары, сонымен қатар кіру сигналдарының берілген уақыт моменттері дискретті болатын және де ішкі күйлері өзгеріп, шығу сигналдары берілетін құрылғылар.
Ақпаратты ұсынудың дискретті формасы – белгілердің (алфавиттің) ақырлы санымен берілген ақпаратқа ие болатын хабарламаның сипатталуы.
Құжат – белгілі бір программаның орындалу нәтижесінде құрылған өнім.
Логикалық жазу – мағыналы соңы бар қарапайым мәліметтердің атауланған жиыны.
Физикалық жазу – тасыушының бекітілген физикалық принциптеріне сәйкес берілгендердің орналасуына ие болатын және логикалық жазуды құрайтын тасушының беткі элементі.
Кездейсоқ рұқсаты бар есте сақтау құрылғысы – бұл берілгендердің сақталған ұяшықтарына рұқсат алу арқылы жүзеге асырылған құрылғылар.
Белгілер – бір бірінен маңызы жағынан ажыратылатын, дискретті сигналдарды сипаттауға қолданылатын ақырлы жиынның қандай да бір элементі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет