Бөгеттерге тұрақты код – қателерді іздеп табуға және қажет жағдайда оларды түзетуге арналған код.
Хабарлманың интерпретациялану ережесі – хабарлама мен оның мазмұны арасындағы сәйкестікті орнататын заңдылық.
Хабарлама қабылдаушы – хабарламаны қабылдауға және оны дұрыс интерпретациялауға мбейімделген субъект немесе объект.
Программа – «компьютер» атты орындаушыда ақпаратты өңдеу бойынша жүргізілетін әрекеттер тізбегі.
Программалық объект – берілгендер мен процедуралар жиынының өзгеру мүмкіндігін анықтайтын әрекеттесулер.
Байланыс каналының өткізу мүмкіндігі – бір уақыт бірлігінде канал бойынша берілетін максималды ақпараттар саны.
Қасиет (атрибут) - өлшемі тағайындалған объектінің қасиеті.
Сигнал – ақпаратты ұсыну үшін қоланылатын заттық сақтаушылардың сипаттамаларының өзгерісі
Үздіксіз сигнал (аналогты) – оның параметрлері қандай да бір интервалда кез келген мәнді қабылдай алады.
Дискретті сигнал – оның параметрлері қандай да бір интервалда ақырлы санның мәнін қабылдайды.
Синтез – 1) жүйені жалпы зерттеу әдісі, анализ нәтижесін ортақ қылып шығарады; 2) заңдылықтарға сүйене отырып, жеке компоненттерді біріктіру арқылы бір ортақ нәтиже шығару.
Жүйе - өзара әрекеттескен компоненттердің бірігуі, олардың әрқайсысын жеке алғанда жүйе қасиеттеріне ие болады, бірақ ол ажырамас бөлігі болып табылады.
Жүйелік код – бұл (n,k) коды, мұндағы барлық (Рj) тексерілетін биттердің мәні (Ui) ақпаратты биттердің сызықты комбинацияларымен анықталады.
Санау жүйесі – арнайы белгілердің көмегімен (цифрлар көмегімен) берілгендерді сандармен жазу ережесі.
Позицицялы санау жүйесі – санды белгілеуді әрбір цифрдің мәні басқа ифрлардың арасындағы позициясын анықтау.
Алгоритмнің уақытша күрделілігі – n сөзінің әрбір кіру ұзындығына сәйкес алгоритммен шешуге келетін максималды уақыттың орны.
Достарыңызбен бөлісу: |