«Информатиканың теориялық негіздері»



бет22/65
Дата22.10.2022
өлшемі0.6 Mb.
#463275
түріАнализ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   65
«Информатиканы теориялы негіздері»

223 Z6 түрлендіруән орында. Әрекеттер тізбегі мен аралық нәтижелер келесі кестеде көрсетілген:

Қадам

0

1

2

3

4

5

6

7

8

Z3 - 1

22

21

20

12

11

10

2

1

0

Z6 + 1

0

1

2

3

4

5

10

11

12

Бұдан, 223 = 126.
Тәсіл 1:

Мысал 4.2
12310 Z5 түрлендіруін орында.

(3, 4) бөлу қалдықтары және соңғы бүтінсанды бөлу нәтижесі (4) жаңа санның цифрларының кері ретін құрайды. Бұдан, 12310 = 4435.


ЭЕМ жадысында мәліметтерді көрсету үшін кодтаудың екілік тәсілі (сандық ақпарат үшін де, сандық емес үшін де) қолданылады. ЭЕМ жадысының элементар ұяшығы 8 байт ұзындыққа ие. Әр байттың өзінің нөмірі бар (оны адрес деп атайды). ЭЕМ бір бүтін ретінде өңдей алатын ең үлкен бит тізбегін машиналық сөз деп атайды. Машиналық сөздің ұзындығы процессордың разрядтылығына байланысты болады және 16,32 және т.с.с. битке тең болуы мүмкін.


Символдарды кодтау үшін 1 байт жеткілікті. Мұнда 256 символ көрсетуге болады. ЭЕМ IBM PC дербес компьютерлеріндегі символдар жиынтығы көбінесе ASCII (American Standard Code for Information Interchange — ақпарат алмасуға арналған стандарты американдық код) кеңейтілуі бар код болады
ЭЕМ жадысында сандарды көрсету кезінде кей жағдайларда аралас екілік-ондық санау жүйесі қолданылады, мұндағы әрбір ондық таңбаны сақтау үшін жартыбайт (4 бит) қажет болады және 0-ден 9-ға дейінгі ондық сандар сәйкесінше 0000-ден 1001-ге дейінгі екілік сандармен көрсетіледі. Мысалы, 18 мәндік цифрлары бар бүтін санды сақтауға арналған және жадыда 10 байт (үлкені таңбалық) орын алатын капталған ондық формат осы нұсқаны қолданады.
Сандарды көрсетудің басқа тәсілі – қосымша код. Шамалардың мәндерінің диапазоны оларды сақтауға бөлінген жады биттерінің санына тәуелді. Мысалы, Integer типті шамалар –32768 (–215)-нан 32767 (215 – 1)-ға дейінгі диапазонда жатады және оларды сақтауға 2 байт жұмсалады; LongInt типті шама –231 –ден 231 – 1-ге дейінгі диапазонда жатады; Word типті — 0-ден 65535 (216 – 1)-ге дейінгі диапазонжа жатады және т.с.с.
Мысалдардан көріп отырғандай мәліметтер таңбалы және таңбасыз сандар ретінде келтіріледі. Таңбалы шаманы көрсету кезінде сол жағындағы (ең үлкен) разряд 0-ге тең болса, оң санды көрсетеді, 1-ге тең болса, теріс санды көрсетеді.
Жалпы разрядтар 0-ден бастап оңнан солға қарай нөмірленеді. Төменде екі байты машиналық сөздегі нөмірлеу келтірілген.

15

14

13

12

11

10

9

8

7

6

5

4

3

2

1

0

















Оң санның қосымша коды оның тура кодына сәйкес келеді. Бүтін санның тура коды келесі түрде алынады: сан екілік санау жүйесіне аударылады, содан кейін оның екілік жазбасын сан жататын мәліметтер типі талап ететін 0-дер санымен толықтырылады. Мысалы, егер 37(10) = 100101(2 саны Integer типінің шамасы ретінде жарияланса, оның тура коды 0000000000100101 болады, ал егер 37(10) = 100101(2) саны LongInt типі ретінде жарияланса, онда оның тура коды 00000000000000000000000000100101 болады. Неғұрлым шағын жазба үшін оналтылық кодты жиі қолданады. Алныған кодтарды сәйкесінше 0025(16) и 00000025(16) деп жазуға болады.
Бүтін теріс санның қосымша кодын келесі алгоритммен алуға боолады:
1) санның модулінің тура кодын жазу керек;
2) оны инверттеу (нольдерді бірліктермен, ал бірліктерді нольдермен ауыстыру);
3) инверстік кодқа бірлікті қосу.
Мысалы, (–37) санының қосымша кодын LongInt типті шама ретінде алып жазамыз.
1) 37 санының тура коды 00000000000000000000000000100101 болады;
2) инверттік коды 11111111111111111111111111011010;
3) қосымша коды 11111111111111111111111111011011 немесе FFFFFFDB(16).
Санды оның қосымша коды арқылы алу үшін ең алдымен оның таңбасын анықтап алу қажет. Егер сан оң сан болса, онда оның кодын тек ондық санау жүйесіне аудару қажет болады. Теріс сан болған жағдайда келесі алгоритмді орындау қажет:
1) санның кодынан 1-ді азайту;
2) кодты инверттеу;
3) ондық санау жүйесіне аудару. Алынған санды теріс таңбамен жазу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет