Алгоритмдерді көрсету тәсілдері
Алгоритм жазылу тәсіліне қарай 3 түрге бөлінеді;
Сөздік алгоритм немесе жаратылыс тілінде жазылған алгоритм;
Графиктік алгоритм немесе блок-схема;
Программалау тілінде жазылған программа;
Алгоритмнің құрылымдық түрлері:
Сызықтық алгоритм – қарапайым амалдардың жазылу реті мен орындалу реті тізбектелген алгоритм.
Тармақталған алгоритм – есептеу барысында қай амалдар тізбегінің орындалатыны шартқа байланысты алгоритм.
Циклдық алгоритм – берілгендердің әртүрлі мәндері үшін белгілі амалдары қайталанып орындалатын алгоритм.
Көмекші алгоритм – алгоритм орындалу барысында алгоритм ішінде пайдаланылатын алдын-ала құрылған дайын алгоритм.
Сөздік алгоритм:
Еклид алгоритмі
n және m сандары берілген;
k =mod m;
k≠0? Онда
n:= m және m:= k 1-ге көшеміз;
k=0, тоқтаймыз.
Графиктік алгоритмнің шартты белгілері:
Циклдық құрылымның 3 түрін қарастыруға болады:
Шарт алдынан берілген цикл.
Шарт соңынан берілген цикл
Қайталау саны белгілі цикл (параметрлі цикл):
Тапсырма 1
Блок-схему схемасын құрып, программа жаз.
Тармақталған құрылымды программалау.
1. а, в, с нақты сандар берілген. Осы сандардың арасында тым болмаса бір қарама-қарсы сандар бар-жоғын анықта.
n бүтін саны a,b,c сандарының ортақ бөлгіші болатынын анықта.
Определить, имеется ли среди чисел А,В,С хотя бы одно делящееся на 7.
Үш нақты сандар берілген. Теріс еместерінің квадратын тап.
Үш нақты сандар берілген. Осы сандардың арасынан (1,3) кесіндісіне тиістілерін таңдап ал.
x, y, z нақты сандары берілген. max. (x, y, z)-ті тап.
x, y, z нақты сандары берілген. min(x, y, z)-ті тап.
x,y,r,x1,y1 нақты сандары берілген. М(х,у) нүктесі центрі О(х1,у1), радиусы r болатын шеңберге жататынын анықта.
х нақты саны берілген. Осы санның екіорынды екенін анықта.
Екіорынды сан берілген. Осы сан өзінің цифрларының қосындысынан асып кететінін анықта.
Тапсырма 2.
x, k R берілген. Y-ті есепте.
х,у екі бүтін сан берілген. Егер олардың екеуі де тақ болса, онда қосындысын тап, кері жағдайда тиісті хабарлама бер.
Достарыңызбен бөлісу: |