«Информатиканың теориялық негіздері»


Информатиканың теориялық негіздері пәні бойынша глоссарий



бет19/20
Дата22.10.2022
өлшемі363.46 Kb.
#463276
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
ИТН казУМК

Информатиканың теориялық негіздері пәні бойынша глоссарий


Алгоритм – қандай да бір кластың кез келген есебін шешуді қамтамасыз ететін қарапайым әрекеттердіің тізбегі; кез келген шектелген алфавиттен тұратын ақпараттарды түрлендіру ережелерінің шектелген жүйесі
Алфавит – белгілі бір ретпен берілген таңбалардың жиынтығы
Байланыс тізбегі – жіберуші құрылғыдан қабылдаушыға сигналдардың түсуін қамтамасыз ететін физикалық орта
Декодтау – қабылданған сигнал бойынша хабарды қалпына келтіру операциясы
Кедергілер – берілген сигналдардың алынған сигналдардан кездейсоқ ауытқуларын тудыратын кез-келген кедергі жасайтын ауытқулар
Кодтау – алғашқы алфавиттер көмегімен берілген ақпараттарды кодтар тізбегіне аудару
Қосындылауыш – екілік екі цифрларды қосу амалын орындайтын цифрлық электронды құрылғы
Модель 1) қасиеттері белгілі бір мағынадағы жүйенің немесе процестің қасиеттеріне ұқсас объектілер немесе процестер жүйесі; 2) сериялы бұйымдарды жаппай өндіруге арналған үлгі, эталон; кез-келген бір объект жұмысы мен процессордың жұмыс істеуін модельдейтін программа немесе құрылғы
Модельдеу – кез-келген құбылыстардың, процестердің немесе объект жүйелерінің қасиеттері мен сипаттамаларын зерттеу үшін олардың үлгісін құру және талдау; бір немесе жаңадан құрастырылған объектілердің сипатын анықтау немесе айқындау үшін олардың аналогтарында (моделінде) объектілердің әр түрлі табиғатын зерттеу әдісі
Операнд – цифрлы автоматта орындалғанда арифметикалық амалдарға қатысатын сан
Санау жүйелері – сандарды цифрлық таңбалар немесе символдармен жазудың тәсілдері мен ережелерінің жиынтығы
Сигнал – байланыс каналдары арқылы таралатын және белгілі бір оқиға, бақылау немесе тексеру объектісінің күйі, басқару командалары, нұсқаулары және т.б. туралы хабар беретін белгі, физикалық процесс немесе құбылыс
Сұрыптау – берілген обьектілер жиынын белгілі бір ретпен қайта топтастыру процесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет