Сумматор - бұл екілік сандарды қосу амалын орындайтын электронды логикалық схема. Тұжырым – қандайда бір сөйлемнің ақиқат немесе жалған екендігін бекітетін сөйлем.
Триггер – компьютер регисторларында екілік кодтың бір разрядын есте сақтау үшін кеңінен қолданылатын электронды схема.
Хабар деп ақпараттардан тұратын алғашқы сигналдар немесе белгілер жиынтығын түсінеміз.
Ақпарат (информация) термині «information» деген латын сөзінен шыққан, біздің айналамыздағы объектілер мен құбылыстардың белгілер мен символдар арқылы берілген бейнесін түсіндіру, баяндау деген мағынаны береді.
Информатика – ЭЕМ арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән.
Алгоритм сөзі ІX ғасырдағы Орта Азияның ұлы математигі әл-Хорезми атының латынша жазылу «algorithmi» қалпынан шыққан, орындаушының белгіленген мақсатқа жетуіне бағытталған түсінікті де дәл нұсқаулары.
Компьютер – ақпараттарды автоматты түрде өндейтін аппараттық және программалық жабдықтардың жиыны.
Достарыңызбен бөлісу: |