Инклюзивті білім беру ортасы



бет49/57
Дата07.05.2024
өлшемі190.95 Kb.
#500695
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57
ИББО дәрістер

Прайминг – оқыту стратегияларының бірі, ол баланы инклюзивті ортада күрделі проблемалық жағдайларға дайындау.
Прайминг ол алдын-ала қажетті қабілеттерге үйрету. Мысалы, тәрбиеші ертегі оқығанда бала топтық сабақта қиындықтарға кездессе, бала белсенді болу үшін және сюжетті ойынға қатысу үшін немесе топпен бірге әрекеттену үшін бұл ертегіні күнде жеке сабақта оқуға болады.
Қазіргі кезде балалар аутизмі бар балалар психологиясы коррекциялық-педагогика саласында жүрген мамандардың ең өзекті мәселелерінің бірі болып саналуда. Соңғы алынған мәліметтер бойынша аутизм дертіндегі балалар және әлеуметтік тұрғыда дамуында кемшіліктері бар балалар тобы көптеп кездесуде. Бүгінгі күні осы бала аутизіміндегі балалар саны жыл сайын өсіп отыр. Аутизм бар балалардың өсу үрдісін оларға ерте жастан дер кезінде түзету көмегін көрсетуіміз тиic.
Инклюзивті оқыту – соның ішінде аутизмі бар балаларды оқыту, олардың осы оқыту барысында өздерінің мүмкіншіліктерін әлеуметтік тұрғыда пайдалана білуі басты мақсат болып саналады. Аутизмі бар балаларды инклюзивті оқытып тәрбиелеу олардың болашақтағы қоғамда алатын орнын анықтайтын бағыт.
Аутизмі бар балаларды орта мектеп бағдарламасына қамту, олардың басқа мектеп оқушыларымен тең көлемде білім алуына себебін тигізеді. Ал үй жағдайында оқыту олар үшін қай жағынан да тиімсіз. Әлеуметтік оқшаулану, ортамен кең көлемде байланыс болмауы олардың аутистік дамуын одан әрі күрделендіре түседі.
Инклюзивті оқыту бағытында аутизмі бар балаларды сынып топтарына ерекше мән бере отыра орналастыру басты мәселе. Себебі аутизмі бар балалар мен басқа дені сау балалардың коммуникативтік қарым-қатынастары осы сыныптық ортада дамиды.
Тәжірибеге сүйене отырып аутизмі бар балаларды инклюзивтік оқытуда, бұл балаларға мектеп бағдарламасының жекеленген түрін таңдап ала отыра әрбір бала даму бағытына сәйкес тапсырмаларды дайындауға болады.
Аутизмі бар балалар, бұл бағдарламаларды меңгеріп алуға да, тіпті олардың ішінде ерекше меңгеретіндері де кездесуі мүмкін.
Ал инклюзивтік оқытуда белгілі бір бағыттарды, бағдарламаларды басшылыққа ала отыра аутизмі бар балаларды қалыпты ортаға тартып, жалпы білім беру ортада оқытып, тәрбиелеу бала дамуына тігізер пайдасы көп.
Инклюзивтік оқытуда аутизмі бар балаларға беретін оңтайлы жақтары мыналар:

  1. Бала өз мүмкіндіктерін байқай бастауға және басқа дені сау баланың бағытында дамуына бейімделеді.

  2. Басқа балалармен және қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсу сенімділігі қалыптасады.

  3. Баланың өзін өзі түсінуі және өзгелердің өзі туралы түсінігін қабылдауы қалыптасады.

Осы бағыттар бойынша инклюзивті оқыған аутизмі бар балалар одан әрі дамып, оқу үрдісін әрі қарай жалғастыра алады. Бүгінгі таңда осындай балаларға көмек көрсетіп, оларды түзету жұмыстарын одан әрі сапалы түрде дамыту әлі де болса жетіспей жатыр. Бұл балалар облыстық, қалалық психологиялық дәрігерлік педагогикалық ұйымдар арқылы тіркеуге алынып, облыстық балалар денсаулығын қалпына келтіру орталығында жылына екі рет көмек көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет