Интегративті, біріктіріп білім беру - мүмкіндігі шектеулі баланы құрдастарының ұжымында оқыту.
Инклюзивті – inclusive – қосылған, біріктірілген, inclusion – қосу, біріктіру; инклюзивті білім беру – барлық балаларды жалпыға білім беру процесіне толық қосуға, балалардың жасына, жынысына, діні мен этникалық ұстанымдарына, даму тежелуіне қарамастан, отбасының белсенді қатысуы мен баланың жеке қажеттіліктерін әлеуметтік және түзету–педагогикалық қолдау көрсетуге бағытталған білім берудің қағидасы.
Жаңа типтегі инклюзивтік білім беру жүйесінің негізгі сипаттамасына келесілерді жатқызуға болады:
– білім беру ұйымының нысаны және оқу орнының түрін еркін таңдауды;
– аралас түрдегі білім беру ұйымдарын құру, онда даму мүмкіндіктері әртүрлі этиологияда шектелген балалар бірге оқи алады, соның ішінде қалыпты дамып келе жатқан қатарларымен де;
– арнайы және қалыпты білім беру арасындағы шекараның өтімділігін қамтамасыз ететін, арнайы және жалпы білім берудің әрекеттесулерінің жаңа механизмі.
Интеграция/инклюзия — арнайы педагогиканың «баласы», себебі жалпыға білім беру ортасына «енгізілген» мүгедек бала оның бақылауында болады:
ол не жалпыға білім беру ұйымының жанындағы арнайы сыныпта (топта) оқиды, мектепке дейінгі аралас топта тәрбиеленеді, не қалыпты сыныпта (топта) оқып, міндетті түрде түзету көмегін алады. Интеграция/инклюзия жалпы және арнайы білім беру жүйелерін, олардың араларындағы шекараны өтімді ете отырып, жақындастырады.
Мүгедек баланың өзінің білім алу құқығын білім беру ұйымының кез-келген түрінде жүзеге асыруға мүмкіндігі болуы тиіс және бұл кезде өзіне қажетті педагогикалық-түзету көмегін алуы керек.
Бұл кезде инклюзивтік білім беруді жетілдірудің негізгі талаптарына келесілер жатады:
Мүмкіндіктері алуан түрлі барлық балаларды, олардың бойларында ауытқушылықтары болмаған жағдайда қатысуға болатын, білім беру ұйымдарына енгізу мүмкіндіктері.
Білім беру ұйымында оқитын мүмкіндіктері шектеулі балалардың саны білім беру ұйымы орналасқан мөлтекауданның немесе ауданның барлық балаларының санына тең келеді. Балаларды қандай да бір белгі бойынша бөлудің, сұрыптаудың орын алмауы, керісінше, бәрін бірге оқыту.
Мүмкіндіктері шектеулі балалар өздерінің жастарына сәйкес келетін топтарда (сыныптарда), демек қатарларымен бірге тәрбиеленеді және оқытылады.
Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды тиімді оқыту мен тәрбиелеу үшін арнайы жағдайларды қамтамасыз ету.
Қазірғі заманауи педагогикадағы интеграция үдерісінің дамуына білім берудің адам мен қоғамның дамуы үшін жағдай жасайтын әлеуметтік орта ретіндегі жаңа құндылықтарды мойындауы үлкен әсерБілім берудегі интеграциялық үдерістердің дамуы мүмкіндіктері шектеулі барлық балаларды дендері сау қатарларымен бірге оқытудың пайдалылығы мен мүмкіндіктері туралы пікірталастар тудырды.
Жалпыға білім беру жүйесін өзгерту шегінің және әр оқушының білім алу қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажетті жағдайдың болуы туралы ереже осы пікірталасқа негіз болды. Келесі пікірлер айтылды: кейбір жағдайларда (негізінен зиятында бұзылулары бар балалар үшін) сыныптастар арасындағы когнитивтік даму деңгейінің бірталай алшақ болуына байланысты, тек жалпыға білім беру сыныбында оқыту тиімсіз.ін тигізді.
1.3. Жалпы мектептеріне даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды кіріктірудің келесі түрлерін қарастыруға болады:
1. Тұрақты толық кіріктіру – бұл нұсқада ақыл-есі және психикалық даму деңгейі бойынша жасына сай келетін даму мүмкіндіктері шектеулі балалар жалпыға білім беру сыныптарында жалпы негізде оқытылады және қажетіне қарай жеке маманның көмегін алады. Тұрақты толық кіріктіру дамуында қандай да бір кемшілігі бар баланы мектепке дейінгі топтар мен сыныптарда дамуы қалыпты балалармен тең оқытуды білдіреді. Бұл үлгі психофизикалық және тілдік даму деңгейі жасына сәйкес немесе соған жақын келетін балалар үшін және дендері сау қатарларымен бірге оқуға психологиялық жағынан дайын балалар үшін тиімді болуы мүмкін.
Даму мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды толық кіріктірудің маңызды шарты – жалпыға білім беру сыныбында жалпы және арнайы білім беру жүйесінің екі мұғалімінің болуы. Қосымша мұғалімнің міндетіне білім алу қажеттілігі ерекше оқушыға көмек көрсету мен оның сабағын қадағалау ғана кіріп қоймайды, сонымен қатар негізгі мұғаліммен бірігіп, білім беру үдерісін жекелендіру қағидасына сәйкес, педагогикалық әдістер мен тәсілдерді түрлендіру де кіреді.
2. Тұрақты, бірақ толық емес кіріктіру мүмкіндіктері шектеулі мектеп жасына дейінгілермен қатар мектеп жасындағы балаларға да тиімді болуы мүмкін. Ол психикалық даму деңгейі жасынан біршама төмен, түзету көмегін жүйелі және мейлінше қажет ететін, бірақ бірқатар пәндер бойынша қалыпты дамып келе жатқан қатарларымен бірге және тең оқуға, сонымен қатар сабақтан тыс уақытының көп бөлігін олармен бірге өткізуге қабілетті мектеп жасындағы балалар үшін тиімді болуы мүмкін. Тұрақты, бірақ толық емес кіріктіру психикалық даму деңгейлері әртүрлі, бірақ жанама ауытқулары жоқ мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға пайдалы болуы мүмкін. Бұндай кіріктірудің мағынасы – баланың бойында бар барлық жасырын мүмкіндіктерді және қалыпты дамып келе жатқан балалармен араласу, әрекеттесу, оқу мүмкіндіктерін мейлінше пайдалану болып табылады.
3. Жартылай кіріктіру – кіріктірудің бұл түрінде оқушылар жеке сынып жағдайында оқиды, бірақ қалыпты дамыған оқушылармен бір білім беру ортасында біріктірілген. Олар жалпы мектепішілік барлық оқыту және тәрбие беру шараларына, жалпыға білім беру сыныптарының оқушыларымен қатар, тең құқықта тартылады. Сонымен қатар, бұл түр жеке оқытылатын, бірақ сыныптағы кейбір сабақтарға оқушылармен бірге қатыса алатын балалар үшін де қолданылады.
Жартылай кіріктіру қажетті біліктер пен дағдылардың аздаған бөлігін ғана өзінің қалыпты дамып келе жатқан қатарларымен тең игеруге, олармен бірге сабақтан тыс уақытының аз бөлігін ғана өткізуге қабілетті балалар үшін пайдалы болуы мүмкін.
Жартылай кіріктіру ‒ мектеп бағдарламасын дендері сау қатарларымен тең меңгеруге қабілетсіз балалар үшін басым түр болып саналады. Жартылай кіріктіру аясында дамуларында кемшіліктері бар балалар уақыттарының бір бөлігін ғана дендері сау қатарларымен бірге өткізеді (мысалы, күннің екінші жартысын). Тұрақты жартылай кіріктірудің мәні – мүмкіндіктері шектеулі балалардың өздерінің қалыпты дамып келе жатқан қатарлармен қарым-қатынастарын кеңейтуі болып табылады. Жартылай кіріктіру қалыпты топтары да, арнайы топтары да бар аралас түрдегі мектепке дейінгі ұйымдарда, сонымен қатар дамуларында белгілі бір ауытқулары бар балалар үшін ашылған арнайы сыныптары бар жалпыға білім беру мектептерінде қамтамасыз етілуі мүмкін
Бірқатар елдерде (Германия, Австрия, Польша, АҚШ және басқа) бұл үлгі интеллектуалдық дамуларында ауытқулары бар балаларды оқытудағы басым түр ретінде қарастырылады. Даму деңгейлері қалыпты балалардан бөлек оқытылатын пәндер тізімі, оқушылардың білім алу мүмкіндіктері ескеріле отырып, анықталады: мейлінше қиын пәндер (математика, ана тілі және басқалар) ‒ бөлек оқытылады, аса қиындық тудырмайтын пәндер (мысалы, эстетикалық циклдегі) - біріктіріліп оқытылады. Сонымен бірге, жалпыға білім беру мектептебінде даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін сабақтан тыс шараларға (экскурсиялар, мерекелер, мектептегі концерттер мен мерекелер) қатысуға жағдайлар жасалады.
Уақытша кіріктіру – кіріктірудің бұл түрі денсаулық мүмкіндіктері шектеулі, жеке оқытылатын, бірақ өздерінің дендері сау қатарларымен әлеуметтік араласуға (сыныптан тыс тәрбие сағаттарына, жалпы мектепішілік шараларға қатысуға) мүмкіндіктері бар балалар үшін қолданылады. Уақытша кіріктіру кезінде арнайы топтың немесе сыныптың барлық тәрбиеленушілері, қол жеткізген даму деңгейлеріне қарамастан, біріккен тәрбие сағаттарын өткізу үшін айына 2 реттен кем емес өздерінің қалыпты дамып келе жатқан қатарларымен бірігеді. Уақытша кіріктірудің басты мақсаты қалыпты дамып келе жатқан қатарларымен қарым-қатынас жасаудың алғашқы тәжірибелерін меңгерту болып табылады. Уақытша кіріктіру, негізінен, келешекте мүмкін болатын кіріктіре оқытудың мейлінше жетілдірілген түріне дайындық сатысы.
Дамуында қиындықтары бар адамдардың қоғамға интеграциялануы қоғамның өзінің осы адамдарға қатынасына, мүгедектердің өмірлері, ерекшеліктері жайлы мәліметтеріне байланысты.
5. Кіріктірудің эпизодтық үлгісі - өз тәрбиеленушілерін қалыпты дамып келе жатқан балалармен бірге тәрбиелеу және оқыту бойынша бағытты 26 жұмыс жасау мүмкіндіктері шектеулі арнайы мектеп пен мектепке дейінгі ұйымдарға бағытталған. Эпизодтық кіріктірудің мәні дамуларында айқын кемшіліктері бар балалардың қатарларымен аз да болса араласуын ұйымдастыру, тек мүмкіндіктері шектеулі балалар ғана оқитын арнайы (түзету) ұйымдарда жасалатын әлеуметтік қарым-қатынастың объективті шектеулерін жеңу.
6. Аралас кіріктіру – кіріктірудің бұл түрі даму мүмкіндіктері шектеулі балаға жоғары білікті маманның көмегін ұсына отырып, оны жалпыға білім беру сыныбына қосуды және жалпы сыныпта оқыту үшін, оның білім алудағы ерекше қажеттіліктеріне сәйкес, арнайы жағдай жасауды қарастырады. Аралас кіріктіру даму деңгейлері қалыпқа жақын балаларға, арнайы ұйымдастырылған сабақтарда дефектолог мұғалімнен көмек ала отырып, жалпыға білім беру сыныптарында оқуға мүмкіндік береді.
7. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпыға білім беру мектептерінің арнайы сыныптарында оқытуды кіріктірудің бір түрі деп санауға болады. Дегенмен де, бұны инклюзивтік білім беру деп атауға болмайды. Жеке сыныптарда оқыту кезінде қатарларының мүмкіндіктері шектеулі балалармен жиі араласа бермейтіндерін тәжірибе көрсетеді, ал инклюзивтік білім берудің алғышарты қарым-қатынас екені белгілі.
Сонымен, баланың даму деңгейіне және психологиялық дайындығына, оның ата-аналарының (заңды өкілдерінің) ықыласына байланысты жалпыға білім беру ортасынан мүмкіндіктері шектеулі әр бала үшін кіріктірудің қолжетімді және пайдалы үлгісінің таңдау мүмкіндігі бар. Н.Н. Малофеевтің, Н.Д. Шматконың зерттеулерін сараптау кіріктіре оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының тиімді түрлерінің бірі ретінде аралас түрдегі білім беру ұйымын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Балалардың қалыпты да, арнайы да, аралас та топтарын құруға дәл осы ұйымдарда мүмкіндік бар, бұл әр балаға қажетті арнайы кәсіби педагогикалық көмекті таңдай отырып, біріктірудің барлық түрлерін жүзеге асыруға, жалпыға білім беру мектептері мұғалімдерінің дефектолог мамандармен дұрыс әрекет етулерін жақсартуға мүмкіндік береді.