Дәріс 15. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау
Қажеттіліктерді бағалау кезеңіндегі мамандардың, мұғалімнің, ата-аналардың ынтымақтастығы. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың білім жетістіктерін бағалау тәсілдері. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды оқытудағы қиындықтардың сипаты туралы ақпарат жинау әдістері. Бірлескен (мамандар, мұғалім және ата-аналар) оқытудың қиындықтарын талқылау, оқушының ерекше білім алу қажеттіліктерін және оқушының психологиялық-педагогикалық қолдау мазмұнын анықтау. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау технологиялары.
Бүгінгі таңда мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін ендіру қажеттілігі жетті, яғни бағаға жүктелетін қызметтер ресми түрде хабарланып қана қоймай, сонымен бірге практикада жүзеге асырылады. Оқушылардың дайындық деңгейі туралы ақиқат және анық ақпараттар алу мүмкіншілігі оқыту мүмкіндігі және жеке оқу қорытындылары болу мүмкіндігін ұсыну бойынша сынып оқушылары құрамының біртексіздігін ескеретін критерилерді қолданумен іске асырылады
Бағалау жүйесі оқудағы негізгі мәселелерді анықтаудың және кері байланысты жүзеге асырудың негізгі құралы болып, сонымен қатар тұтас алғанда білім беру процесінің негізіне салынған қағидаттарды анағұрлым анық бейнелейді. Білім берудің жаңа стандарттары әзірлеу ісі білім алушылардың жетістіктерін бағалау жүйесімен де байланысты ғылыми және әдіснамалық мәселелерді анықтады. Білім алушылар жетістіктерін бағалауда ең маңызды құрал бола тұра, бағалау жүйесі білім беру процесін жетілдіруді жалғастыру үшін объективті және тиімді болуы тиіс
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың ерекшелігін ескеріп, бағалау жүйесін көп функционалды етіп, оны жетілдіру керек. Бағалау жүйесінің бірнеше функциясын атауға болады: Нормативтік функция білім алушылардың бекітілген мемлекеттік стандартқа қатысты тіркеп, жеке оқушылардың мектеп сыныптарының үлгерімін, мұғалімнің дайындық деңгейі мен жұмыс сапасын қадағалайды. Ақпараттық-диагностикалық функция білім беру процесінің барлық 4 қатысушылары арасында баланысты, білім алушылардың, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалардың да, мазмұндық және эмоционалдық рефлексиясын қамтамасыз етеді. Бағалау жүйесі білім беру процесінде, нақты сыныпта, нақты бала үшін барлығы дұрыс жүргеніне көз жеткізуге мүмкіндік береді. Бағалау жүйесі қайсыбір оқу материалының қаншалықты сәтті меңгерілгенін, білім алушылардың қайсыбір дағдыларының қаншалықты қалыптасқанын анықтауға мүмкіндік беруі тиіс. Оқу нәтижелеріне бақылау өлшемдерінің, талаптарының белгілі минимумында білім алушылардың жеткен деңгейін салыстыруға берілген осындай мүмкіндік мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін өте маңызды.
Критериалды бағалау жүйесінің әдіснамалық негізі ретінде В.П. Беспальконың критериалдық-бағдарлы оқыту технологиясы шыққан. Оның критериалды бағалау теориясындағы негізгі ережелер дәстүрлі білім беру процесінде оқу шарттарының параметрлері әрдайым тіркелген (барлығына бірдей оқу уақыты, ақпаратты беру амалы және т.б.), ал тіркелмеген болып оқу нәтижелері қалуда жүргені негіз ретінде алынған.
Критериалдық-бағдарлы оқыту технологиясының тиімділігі тапсырмалар түрлерін, бақылау нұсқаларын, білім алушыға көрсетілетін түрлі көмектердің қолданылуы әр оқушыға оларды меңгермей жеке тұлғаның толыққанды оқуы мен дамуы мүмкін болмайтын білімділік критерийлердің белгіленген деңгейіне жетуге мүмкіндік беретінінде. Критериалдық бағалау жүйесі келесі элементтерді құрайды:
1. Тақырыпты (сабақты) меңгеру критерийлері дәл анықталады, бұл нақты оқу нәтижелерінің тізімінде мәнін табады (білім беру бағдарламасының шеңберінде меңгеру деңгейлерін анықтаумен алынған оқу мақсаттары).
2. Тексеру жұмыстары әзірленеді – тестер, олардың негізгі тағайындауы ретінде негізгі тағайындалуы түзетуші оқу ресімдерінің қажеттілігін анықтау шығады.
3. Оқу материалы жеке үзінділерге (оқу бірліктеріне) бөлінеді, зерделеу барысында қол жеткізуге жататын нәтижелер (критерийлер) анықталады, ағымды тексеру жұмыстары құрастырылады, олар әрбір оқу бірлігін зерделеу мақсаттарына қол жеткізілгеніне көз жеткізуге мүмкіндік береді.
4. Сәйкес оқу әдістері таңдалады, білімділік тапсырмалар құрастырылады.
5. Әр тест сұрағы бойынша балама түзету материалы әзірленеді. Критериалды бағалау критерийлерге сүйенеді, яғни баға оқушылардың олардың оқу-танымдық құзыреттілігінің дамуындағы түрлі бағыттар бойынша жетістіктерін бейнелейтін құрамдастардан (критерийлерден) қалыптасады.
Критериалды бағалау – шеңберінде бағалаудың және өз бетінше бағалаудың түрлері, нұсқалары мен әдістері қолданылатын көзқарас
Критериймен бағалауда:
• оқушы өз оқуында шынайы субъект болады;
• оқушының мектептегі алаңдаушылық деңгейі төмендейді;
• мұғалім «соңғы инстанциядағы сот» рөлінен кеңес беруші, маман, тьютор рөліне ауысады.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі бойынша әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015.
1-3 кестемен жұмыс жасау.
1-кесте – Оқу материалдарын меңгеру деңгейлеріне сәйкес оқу жетістіктерін бағалау критерийлер
Достарыңызбен бөлісу: |