Инклюзивті білім беру ортасы


Көру қабілеті бұзылған балалардың әлеуметтік даму ерекшеліктері



бет20/57
Дата07.05.2024
өлшемі190.95 Kb.
#500695
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57
ИББО дәрістер

Көру қабілеті бұзылған балалардың әлеуметтік даму ерекшеліктері
Көру қабілеті бұзылған балалар тобы: зағип, нашар көретін балалар, көру қабілеті бұзылған балалар. Көру қабілеті бұзылған балалардың танымдық, психо-эмоционалды дамуының психологиялық-педагогикалық сипаттамасы
Көруіндегі кемістігі бар тұлғалардың іс-әрекетінде, қарым-қатынасында және психофизиологиялық дамуында өзіндік ерекшеліктер туындайды, олар: қимыл-қозғалыс дамуындағы кемістік, кеңістікті бағдарлау, ұғымдар мен түсінікті қалыптастырудағы ақаулар, әлеуметтік қарым-қатынас, қоғамға араласу, еңбекке бейімдеу саласындағы өзіндік ерекшеліктер.
Көру қабілетінің зақымдалуына байланысты бұл топтағы тұлғалар 2 топқа бөлінеді:

      1. Көрмейтіндер;

2) Нашар көретіндер.
Соқырлар (көрмейтіндер) - көруінде ауытқуы бар балалар қатарындағы жарықты көру сезінуі толығымен бұзылып немесе қалдық көру сезімдері мен көру қабілеті бар (жақсы көретін көзіндегі өткірлікті көз әйнек арқылы түзету 0,04 дейін) және көру көлемі тарылу жағдйындағы, көру өткірлігі (0,08 дейін ) прогредиентті сипатқа ие көз аурулары бар балалар.
Нашар көретіндер - 0,05-тен, 0,2-ге дейін жақсы көретін көзінде түзететін қарапайым көзілдірік аркылы көретіндер. Нашар көретіндерде көру қабілетінің өткірлігінің темендеуімен қатар, көру қызметінің басқа салалары да бұзылуы мүмкін, мысалы: жарық пен түстерді сезінуі, шеткі бинокулярлық көруі.
Тифлопедагогика - (грек сөзінен “tурһlоs”-соқыр дегенді білдіреді), арнайы педагогиканың пәндік саласы, көруінде ауытқуы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін ғылым.
Тифлопедагогика арнайы педагогиканың бөлімі ретінде, гуманистік тәрбиелеу қағидаларының негізінде, балалардың және ересек адамдардың зақымдалуын ескере отырып дамиды. Тифлопедагогиканың ғылым ретіндегі келесі проблемаларды өңдеу болып табылады:

    • көру қабілетін жаң жақты психологиялық-педагогикалық, клиникалық тұрғыдан зерттеу,

    • көрмейтін және нашар көретіндердің дамуындағы қемістіктердің орның толықтыру, қайта қалпына келтіру оларды түзету жағдайларын анықтау;

    • көру қабілеті зақымдалған тұлғаның жаң жақты даму жағдайларын зерттеу.

Ерекше орын алатын міндетер, көрмейтін және нашар көретіндерді кәсіби еңбекке даярлау, нақты ғылым негіздерін оқыту үшін білім мазмұнын, әдістерін, оқытуды ұйымдастыру формаларын анықтау. Бұл жерде көруінде ауытқуы бар балаларды арнайы мекемелерде оқыту мен тәрбиелеу және сол мекемелердің құрамымен түрлерін анықтау маңызды міндет. Келесі міндет оқу бағдарламаларын әзірлеудін ғылыми негіздерін өңдеу, сонын ішінде оқулықтар мен арнайы әдістемелер. Сонымен бірге, арнайы техникалық құралдардың жасалуына, және де көру қабілетінін бұзылыстарына жақсы жағынан әсер ететін таным мүмкіндіктерін кеңейтетін құралдарды өңдеуге, осындай адамдарды оқыту, еңбекке даярлау үшін арнайы ғимараттарды жобалауға ерекше үлкен көңіл бөлінеді. Негізін қалаушылар: В.Гаюй ( 1745-1822), Л.Брайль (1809-1852).
Көруіндегі ауытқушылықтар туа немесе жүре пайда болады. Туа біткен соқырлык - жатаріштегі даму кезеңіндегі түрлі зақымдардан, тұқым қуалаушылықтан, анасының жүкті кезіндегі түрлі аурумен ауырғандықтан болады.
Жүре пайда болған соқырлық - көбінесе көру мүшесінің - торлы қабығының, көздің қасаң қабығының, орталық жүйке жүйеснің ауруларынан (менингит, мидың ісігі, менингоэнцефалит) ауруларынан кейін жалпы мүшедегі аурулардан (қызылша, тұмау, скарлатина) да болады. Сонымен бірге түрлі жарақат алған кездегі мидың зақымдалуынан немесе көздің зақымдалуынан болады. Баланың дене және психикалық дамуына көру анализаторындағы кемістіктің пайда болған уақыты аса маңызды әсер етеді. Соқырлық негұрлым ерте пайда болса, екіншілік кемістіктердің деңгейіде соғұрлым терең болады. Соқыр болып туылған балалардың психикалық дамуы қалыпты балалардың заңдылықтары сияқты жүреді, бірақ көру арқылы бағдары болмағандықтан қимыл-қозғалыс саласына және әлеуметтік тәжірибесіне жағымсыз әсерін тигізеді..
Көрмейтіндердің жоғары психикалық процестер (зейін, логикалық ойлау, есте сақтау, сөйлеу тілі) қалыпты дамиды. Бірақ соңымен қатар сезім, зият сияқты қызметтер арасында өзгеше бұзылыстар пайда болады да абстрактілі ойлаудын басымдылық сипатын білдіреді.
Көрмейтін балаларды оқытуда, кемістіктің орнын толықтыру туылған кезден басталатынын ескеру қажет.
Нақты жағдайларда көрудің болмауы, есту және сипап сезу қабылдаулары дамиды. Сөйлеудегі игерулерді дыбыстық еліктеу арқылы жүзеге асырады.
Түйсінудің сақталуы анализаторлардың айыру сезімталдығы соқыр балаларда сау балаларға қарағанда тезірек жүретіндігі, дамитындығы көрсетілген. Тактильді кинестетикалық түйсік нашар көретін адамдарда маңызды ролді атқарады. Тері сезімталдығының сенсибилизациясы әсіресе, алақанда, саусақтарда байқалады.
Л.Г.Выготский бойынша, соқыр адамдардың «алтыншы» (жылылық) сезімі болады. Ол біршама қашықтықта тұрған затты байқауға мүмкіндік береді. Соқырлық компенсациясы нәрестенің алғашқы айынан-ақ басталады

Көрмейтін (зағиптар) деп көру көмегі арқылы зат формасының сұлбасы мен жарықты сезінуді қабылдау мүмкіндігі толықтай жоқ балалар есептеледі. Мұндай екі көзінен толық айрылу (тотальді) болып саналады. Бұлардың қатарына көру аймағы 10% көретіндер де жатады. Медициналық зағиптықтан практикалық зағиптықты ажырата білу қажет, жарықты сезгіштігі немесе қалдық көруі бар, жарықты, заттардың сұлбасын, түстерін қабылдай алуы, қалғандары медициналық зағиптыққа жатады. Практикалық зағиптық (қалдық көруі бар) кәдімгі түзету құралдарын (көзілдірік ) қолдануда көру ұшқырлығы жарықты сезінуі 0,05 сипатталады.


Тотальді көрмейтіндер қалдық көруі бар (нашар көретіндер) Брайл жүйесі бойынша жазатын және оқитын балалар. Қалдық көруі кеңістікте бағдарлауға және дыбысты естуі арқылы қабылдауға көмек береді.
Нашар көретін балалар, орталық көру көзі жақсы көретін,түзету арқылы жіті көретін (көзілдірік, байланыс линзалар) 0,05-ден 0,3-ке дейін, сонымен қатар, өте жіті көретін бірақ көру қызметінің басқа бұзылулары бар балалар (көру аймағының кішіреюі, бірінші, екінші - глаукома, көру жүйкелерінің аяқталмаған атрофиясы, пигменттік көздің тор қабығының бүлінуі, тор қабықтың ажырауы және т.б.). арнайы жағдайда оқытуды қажет етеді.
Көрмейтін және нашар көретін балалар оқитын арнайы мектептер жалпы мемлекеттік арнайы білім беру жүйесіне кіреді. Бұл мектептердің міндеті ағзадағы зақымдалған немесе дамымай қалған қызметерді қалпына келтіру, түзеу және орнын толықтыру, теңестіру. Бұл жұмысты атқару үшін Л.С. Выготскийдің кемтар баланың және қалыпты баланың даму заңдылықтарының ортақтығы түралы теориясы өте маңызды.
Көрмейтін және нашар көретін балалар оқитын арнайы мектептер келесідей қызметтер орындайды: оқыту мен тәрбиелеу,түзету мен дамыту, санитариялық-гигиеналық, емдік-сауықтыру, әлеуметтік бейімдеу және кәсіби бағдар беру. Бұл шаралар кешенді орындалуы көрмейтін және нашар көретін балаларды қоршаған ортамен қарым қатынас жасауға жол ашады
Түзету курстары төмендегідей берілген:
- «Көруді қабылдау және қалдық көруді сақтау және дамыту». Сабақ көру мүшесі ауруының сипатына, көру қызметінің негізгі жағдайына, жалпы психикалық дамуына, көру қабылдауының қалыптасу деңгейіне байланысты толымдалатын топта (2-4 адам) өткізіледі .Сабақ ұзақтығы 30 минуттан артық болмау керек.. Сабақ жиілігі – аптасына 2-3 рет. Үздіксіз көру жүктемесі 5-10 минуттан аспау қажет.
- «Емдік дене шынықтыру (ЕДШ)». Сабақта емдік –сауықтыру міндеттері шешіледі задачи (бөгеліп қалушылықты жою, қозғалыстың шектеулілігі және қозғалыстың жетімсіздігі, бұлшық еттің сезімі, байланыссыздық) және емдеу- қалпына келтіру (қозғалыс біліктілігін жетілдіру.). Сабақ топта, дербес және кіші топта өткізіледі. Сабақ ұзақтығы 30-45 минут.Әр оқушыны офтальмологтік, психофизикалық, соматикалық мұқият кешенді тексеруден кейін емдік дене тәрбиесі тағайындалады. Ауруының мәліметтері есеріледі (омыртқаның қисаюы және т.б.)
- «Түзету ритмикасы». Ритмика сабақтары оқушылардың музыканы тыңдауға, мазұнын қимыл арқылы беруге, қозғалыс біліктіліктерін 24 қалыптастыруға және бекітуге үйрету мақсатында өткізіледі. Ырғақты сезінуін, координацияны, шыдамдылықты, физикалық жұмыс жасау қабілеттілігін дамытуына мүмкіндік жасау . Ритмика сабағы ритмикалық жаттығуларды, ритмикалық эстафета, музыкалық-ритмикалық және сөйлеу ойындарын пайдалануды ұсынады.
- «Мимиканы және пантомимиканы дамыту». Сабақ дербес және топпен жүргізіледі. Сабақ ұзақтығы 40-45 минут. Сабақты өткізу түрі қойылған мақсатқа сәйкес болады. Сабақты тифлопедагог өткізеді.
- «Түйсіну мен ұсақ моториканы дамыту». Бұл курстың мақсаты зағиптардың түйсінуі мен ұсақ моторикасын дамыту, заттарды тануды , қоршаған ортадағы нәрселерді , кеңістікте бағытталуын үйрету. Сабақ топта, дербес және кіші топта өткізіледі.
- «Кеңістікте бағдарлау». Оқушылар үлкен, кіші кеңістікте бағытталу тәжірибесіне, өз бетімен қозғалу біліктілігіне сәйкес топтарға бөлінеді.
- «Әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу». Курстың негізгі мақсаты болып табылады: қоршаған әлемдегі заттар және құбылыстар туралы елесті қалыптастыру; түрлі әлеуметтік жағдаяттардағы және қоғамдық орындардағы дұрыс тәртіп біліктілігіне, айналадағы адамдармен қарым-қатынасқа үйрету.

Зияты зақымдалған балалар. Интеллектуалды жетіспеушілігі бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы. Интеллектуалды жеткіліксіздігі бар балалардың психикалық дамуының ерекшеліктері (танымдық, жеке, эмоционалды салалар). Зияты зақымдалған балалардың әлеуметтік даму ерекшеліктері.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет