Инклюзивті білім беру ортасы


Аутизм жағдайындағы балаларға түзету - педагогикалық көмек көрсету



бет25/57
Дата07.05.2024
өлшемі190.95 Kb.
#500695
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57
ИББО дәрістер

Аутизм жағдайындағы балаларға түзету - педагогикалық көмек көрсету
Ресей ғалымдардың мәліметтері бойынша уақытмен түзетушілік көмек көрсетілген жағдайда аутист балалардың 60 % жалпы білім беру бағдарламалар бойынша, 30 % арнайы білім беру бағдарлама бойынша оқуға қабілетті, ал 10 % отбасында әлеуметтенуге мүмкіндіктері бар. Бірақ түзетушілік көмексіз қалған жағдайдағы балалардың 75 % әлеуметтік ортаға бейімделе аламайды, 22-23 % шамалы бейімделеді, тек 2-3% әлеуметтік бейімделудің жеткілікті деңгейіне жетеді
. Тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған балалар. Тірек-қимыл аппаратының бұзылуының жалпы сипаттамасы және жіктелуі. Церебральды сал ауруы бар балалар: негізгі қозғалыс және сөйлеу бұзылыстарының сипаттамасы. Тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған балалардың әлеуметтік даму ерекшеліктері.
Тірек-қимыл-қозғалысындағы (ТҚҚ) жарақаттар және туа біткен немесе жүре пайда болған аурулар 5-7% балаларда байқалады. Тірек-қимыл-қозғалыстағы ауытқулардың түрлері:

  1. Жүйке жүйесінің аурулары: балалық церебралды сал ауруы (БЦС), полиемиелит.

  2. ТҚҚ ауытқуларының туа біткен дерті: омыртқа дамуындағы кемістік (сколиоз)), аяқ-қолдың толық жетілмеуі, туа жаңбас сүйегің шығып кетуі, қол саусақтарының кемтар дамуы.

  3. ТҚҚ -нің жарақаттануынан болған аурулар мен кемістіктер: бас мидың және аяқ – қолдың жарақаттануы: полиартрит; қаңқа ауруы (туберкулез, сүйектегі ісік, остеомиелит); қаңқаның жүйелі ауруы (рахит).

ТҚҚ кемістігі бар балалардың жетекші тірек-қимылындағы қызметінің толық жетілмеуі, бұзылуы маңызды ерекшелігі болып табылады. Олардың негізгі тобын орталық церебральді сал аурумен ауыратын балалар (89%) құрайды, ол балалар қимылындағы кемістік психикалық және сөйлеу тіліндегі ауытқушылықтармен үйлеседі. Сондықтан да, бұл топтағы балалардың көбісі емдік - әлеуметтік көмекті, логопедиялық түзетуді және психологиялық-педагогикалық қолдауды қажетсінеді. Ал басқа тірек-қимыл қозғалысында ауытқуы бар балалардың таным әрекеті қалыпты дамыған, олар арнайы оқыту мен тәрбиесіз өмірге бейімделеді. Бірақ сонымен қатар, тірек-қимыл қозғалысында ауытқуы бар балалардың барлығына өмір сүру үшін, қоғамға бейімделіп, қосылу үшін арнайы жағдайларды қамтамасыз ету қажет. Аталмыш балаларды әлеуметтік бейімдеудің екі бағыты бар:
1. Қоршаған ортаны бала қажеттілігіне бейімдеу (арнайы техникалық құралдар мен жабдықтар арқылы).
2. Баланың әлеуметтік орта жағдайына бейімделуі.
БЦС пайда болу кезінде мидын жарақаттану уақытына назар аудару қажет. Нақты әр 100 БЦС жағдайдың себебі: 30 ана құрсағында, 60 толғақ кезінде, 10 туылғаннан кейін.
Балаға ана құрсағында зиян келтіретін факторлар:

  • жұқпалы аурулар

  • жүрек тамыр аурулар

  • уыттану

  • резус-жанжал

  • психикалық жарақат

  • дене факторы (суық, ыстық алу, радиация нұры, ультрафиолет т.б.с.с.)

  • бірқатар дәрі препараты;

  • экологиялық қолайсыздық.

БЦС туылғаннан кейінде пайда болуы мүмкін нейроинфекциялар мен мидын жарақат алу себептер салдарынан.
БЦС кезіндегі қимыл кемістігінің құрылысы
1. Бұлшық ет тонусының жоғарылауы байқалады. Қимылдағанда бұлшық ет тонусының ұлғаюы тән. Сіреспелік кезінде бұлшық ет қысылады да, сіреспе жағдайында болады. Бұлшық ет әрекетінің ырғағы бұзылады. Қысымның төмендеуі кезінде аяқ-қол және дене бұлшық еттері әлсізденіп, салғырт тартады. Қысым төмендегенде бәсең қозғалыс көлемі қалыпты уақыттан біршама артып кетеді. Құбылмалылық - бұлшық ет тонусының ауытқуы.

  1. Қозғалыстың шектеулілігі, көбінесе бұлшық ет күшінің төмендеуімен үйлеседі (сал, парездер). Мидың зақымдалу тереңдігіне байланысты кейбір қозғалыстар өте шектеулі (парез), немесе мүлде болмауы мүмкін- сал. Бұл жағдайдағы бала аяқ, қолын еркін қимылдата алмайды. Парезде көбінесе ұсақ қимыл-қозғалыстар зардап шегеді.

3 . Күшпен қимыл қозғалыстың болуы
Гиперкинез - бұлшық ет тонус ауысуынан болған күштеп қозғалу гиперкинез бен тремор ретінде көрініс береді.
Гипернезия – бұлшық етінің құбылмалы тонусына тәуелді қимыл-қозғалысты еріксіз күшпен жасалу сипатын білдіреді. Гиперкинезиялар демалу және қозғалыстада бірдей болады. Бұл балаларда күшпен қозғалу мойын, бас, аяқ-қол дене бұлшық еттерінде байқалады.
Тремор – аяқ қол, саусақтарымен, дауыстың, тілдің еіксіз ырғақты тербелесі. Тремор нақты әрекет жасауда анық көрінеді, мысалы: жазуда.
4. Тепе-теңдік пен қозғалысты реттеу, ұйымдастыруының ауытқуы (атаксия) . Бұд жерде дене атақсиясы отыру, түру және жүру кезінде дене тұрақсыздығы арқылы білінеді. Демеусіз тұра алмайды, жүрісінде аяқтарын кең қояды.
5. Қозғалыс сезімнің бұзылуы (кинестезиялар). Өзінің денесін ұстау сезімі қиындайды. Қимыл-қозғалысты сезінуді бұлшық еттерде, бұындарда, сіңірлерде орналасақан арнайы сезімтал денежасушандар (проприорецептірлер) қамтамасыз етеді. Проприорецептірлер жоғары жүйке жүйесіне дене мүшелері, аяқ, қолдардың орналасуы, қимылы туралы ақпарат жеткізуге жауапты. Сал ауруы бар балалардың барлығында қимыл-қозғалысты проприорецептер арқылы реттеу бұзылған, сондықтан олар қимыл-қозғалыстары жайлы сезімдерің ажырата білмейді.
6. Тізбектеп қойылған түзету рефлексінің толық жетілмеуі. Статокинестикалық рефлекстер денені тік ұстау, еркін моторикасын дамыту үшін маңызды. Бұл ауытқушылықтын салдарынан бала өзін күту, еңбек ету және оқуда көптеген қиындықтармен кездеседі.
7. Синкинезия – бір қолды бүккенде екінші қолдың еріксіз бүгілуі.
8 Патологиялық тоникалық рефлекстер, олардың көрінісі БЦС ауруының негізгі кемістігі ретінде қарастырылады. Қалыпты дамуда аса байқалмайтын тоникалық рефлекстер бірінші айдан пайда болуы мүмкін. Олар уақытымен азайып, жоғалған кезден бастап, позотоникалық рефлекстер қалыптасады. Бала қалыпты дамыған жағдайда позотоникалық рефлекстер үш айдан кеійн болмайды.
Балалық сал ауруы бар балаларға түзету—педагогикалық көмек көрсетудің негізгі принциптері:

  1. Түзету—педагогикалық көмек көрсетудің кешенді сипаты. Бұл жағдай тірек-қимыл,сөйлеу тіліндегі, психикалық кемістіктердің динамикасын үнемі қадағалау, өзерестерді есепке алып отыруды білдіреді.

  2. Ағзадағы сақталған жүйе, мүшелерге сүйене отырып, ерте жастан дамытушылық ықпалды жүзеге асыру. Бұл жерде балалық сал ауруларын ерте жастан анықтау өзекті жұмыс бағыты. Көбінесе балалық сал ауруын анықтағанына қарамастан түзетушілік көмек тек 3-4 жастан кейін басталады. Әрине түзетушілік көмектің кеш басталуына байланысты, бала дамуында екіншілік кемістіктердің пайда болады да, түзету мен дамыту жағдайын күрделендіреді.

  3. Түзету жұмысын жетекші әрекетке тәуелді ұйымдастыру. Балалық сал ауруы бар балалардың психикалық және сөйлеу тіліндегі ауытқушылықтар көп жағдайда әрекетсіз қалу салдарынан пайда болады. Сол себепті, түзету-педагогикалық жұмыста баланың жасына сай жетекші әрекетті белсендіру тиімді құрал. 1 жасқа дейінгі баланың жетекші әрекеті – ересектермен эмоциялық қарым-қатынасы, 1-3 жасқа дейін – заттық әрекет, 3-7 жасындағы (мектеп жасына дейінгі ) балаларда – ойын әрекеті, мектеп жасында – оқу әрекет.

  4. Психикалық және сөйлеу тілінің дамуын динамикалық тұрғыдан бақылау.

  5. Баланың ата-анасымен және де қоршаған ортамен тығыс қарым-қатыста болу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет