Инклюзивті білім беру ортасы


Дәріс 8-9. Инклюзивтік білім беру ортасында ерекше білім



бет26/57
Дата07.05.2024
өлшемі190.95 Kb.
#500695
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57
ИББО дәрістер

Дәріс 8-9. Инклюзивтік білім беру ортасында ерекше білім
беруде қажеттіліктері бар балалардың оқытуын ұйымдастыру.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытудағы жалпы білім берумен қатар түпкілікті мақсат – әлеуметтендіру және өзін-өзі іске асыруы, тез өзгеретін әлемде өмір сүруге үйрету, өмір бойы оқу. Сонымен бірге, білім беруге ерекше қажеттілігі бар балаларға білім беруге қатысты ерекше мақсаттары да анықталған:
көзі нашар көретін балаларға – оқуға және жазуға арналған арнайы құралдарды меңгеру, кеңістікте бағдарлау;
есту бұзылыстары бар балаларға – ауызша сөзді сөйлеушінің ерін қимылынан түсіну және қалдық есту қабілетін пайдалану дағдыларын үйрену, сөйлеу тілін дамыту;
зияты зақымдалған балаларға – барлық психикалық функцияларын түзету және дамыту, әлеуметтік ортаға бейімделу, өзін-өзі жұмыспен қамтуға дайындау;
қимыл-қозғалыс аппаратының бұзылыстары бар балаларға – толыққанды өмір сүруге қажетті барлық дағдыларды барынша меңгеру; сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары бар тұлғаларға – сөйлесудің коммуникативтік дағдыларын меңгеру. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды білім беру процесіне қосу үшін жалпы білім беру ұйымдары, физикалық және ақыл-ой дамуының кемістігі бар оқушылардың даму ерекшеліктерінен туындайтын арнайы міндеттерді шешуге дайын болулары керек.
Олардың қатарына келесі міндеттерді жатқызуға болады:
- мүмкіндігі шектеулі оқушының даму ерекшеліктерін зерттеу, білім беру процесіне қосудың тиімді түрін таңдау, арнайы педагогикалық қолдау мазмұнын анықтау;
- оқушылардың компенсаторлық (алмастыратын) мүмкіндіктерін белсендіру, тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал ету үшін білім беруге арнайы жағдай жасау, оқу –тәжірибелік іс-әрекет барысында ағза органдарының сақталған функцияларын жұмылдыру, сенсорлық қабылдаудағы кемшіліктердің орнын толтыру;
- әлеуметтік тәжірибесін байыту, дені сау адамдармен бірлесе қарым қатынас жасауға және коммуникативтік байланыс орнатуға дайындау, мәдени құндылықтар мен нормаларға бейімдеу, мәдени өмірге белсене араласуға тарту;
- физикалық дамуына ықпал ету, жеке гигиена дағдыларын қадыптастыру, салауатты өмір салтына тәрбиелеу, еңбекке сүйгіштікке, дербестікке, өз әрекетіне есеп беріп, бақылауға үйрету және жүріс-тұрысындағы ерік-жігер ұстамдылығын арттыру;
- еңбекке қабілеттілігін зерттеу мәліметтері бойынша жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, еңбекпен оңалтуды жүзеге асыру, әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу, оқытудың барлық деңгейінде білім берудің бірыңғай ашықтығын қамтамасыз ету;
- сауықтыру жұмыстарын жүргізу, даму процесіндегі бұзылыстардың қайталануының алдын алу, оқу еңбегін тиімді ұйымдастыру;
- білім беруге ерекше қажеттілігі бар балалардың оқу сапасына мониторинг жүргізу, жалпы білім беру жағдайында оны арттырудың тиімді жолдарын қарастыру;
- әртүрлі мүмкіндіктері мен қажеттіліктері бар балаларды оқытудың арнайы әдістері мен технологияларын меңгерген педагог кадрларды дайындау;
- ұжымда жағымды психологиялық климат орнату; білім беру кеңістігін ізгілендіру, оқу процесінің барлық қатысушыларының арасында түсіністік қарым-қатынас орнату.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет