«Арнайы
білім
беру
ұйымдары
түрлерінің
қызметінің
үлгілік
қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2017 жылғы 14
ақпандағы № 66 бұйрығы.
Балалардың ПМПК-ға жіберілуі ата-аналарының (заңды өкілдерінің),
білім беру
ұйымдарының, денсаулық сақтау ұйымдарының бастамасымен ата-анасының (заңды
өкілдерінің) келісімі арқылы жүзеге асырылады.
Тексерулер нәтижелері негізінде
ПМПК-ның жалпы қорытындысы қабылданады, баланың
жеке психофизикалық ерекшеліктеріне қарай түзете-дамыта оқыту барысындағы
білім беру
бағдарламасының түрі туралы алқалық шешім қабылданады.
Қажет
болған жағдайда медициналық, білім беру және әлеуметтік қызмет көрсету бойынша
ұсынымдарды қарастыратын жеке түзете-дамыту бағдарламасы жасалады, ата-аналарға (заңды
өкілдеріне) консультация беру жүзеге асырылады.
«Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы
№ 321 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11310
болып тіркелген) сәйкес үйде оқитын
мерзімі көрсетіле отырып, дәрігерлік-консультациялық
комиссияның бала денсаулығының
жағдайы туралы қорытындысы үйде жеке тегін оқуға
негіз болып табылады.