Инклюзивті оқу ортасындағы педагогикалық Қолдау


Деңгей Мақсаттары/тәсілдемелері



бет2/6
Дата21.02.2023
өлшемі41.28 Kb.
#469846
1   2   3   4   5   6
2.1-ресурс

Деңгей

Мақсаттары/тәсілдемелері

Жауапты

Сынып

Бірінші реакция, оқушының қажеттілігіне жылдам жауап беру.
Педагогикалық тәжірибеде жиі қолданылатын жалпы және жеке тәсілдемелерді көздейді.

Пән мұғалімі
Сынып жетекшісі

Мектеп

Сынып деңгейіндегі араласу жеткіліксіз немесе оқушының ерекше қажеттіліктерін қанағаттандырмаған жағдайда жүзеге асырылады. ЖОБ (жеке оқу бағдарламасы), қосымша қызметкерлер мен қолдау қызметтерін қамтиды.

Психолог
Логопед және басқалар

Жергілікті мамандандырылған құрылымдар

Егер оқу орнында оқушының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тиісті ресурстар болмаған жағдайда тартылады. Көп салалы тәсілдеме.

ППҚҚ
Әлеуметтік құрылымдар
Басқа мамандандырылған құрылымдар.

Жеке тәсілдеменің мақсаты – оқушылардың білімдерінде олқылықтардың пайда болуына жол бермеу. Бұл жағдайда оқушылардың ұжымдық жұмысын ұйымдастыруға басты назар аударылады. Жекелеген оқушыларда пайда болуы мүмкін қиындықтарды мұғалім алдын ала болжауы керек. Сондықтан мұғалім тапсырманы орындау кезінде қиындықтар туындаған оқушыларға оқулықта материалды алдын ала оқып, кестеге жүгінуді, осыған ұқсас жаттығуларды тағы да орындауды ұсынады, жетекші сұрақтар қояды, оқушының ойын бағыттайтын бірнеше сұрақтар береді.


Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуда жеке тәсілдеме әрбір пәннің ерекшелігін есепке алуды талап етеді. Мұғалім сыныпта оқушыға кез келген уақытта сұрақ қоя алатындай жағдай жасауы қажет. Ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу әдістерін меңгеру олардың психикалық қызметінің ерекшелігін құрайтын көрсеткіштердің барлық кешенін зерттеудің тереңдігіне байланысты. Әр оқушының жеке ерекшеліктерін білу педагогке оған ең тиімді тәсілдемені табуға көмектеседі. Жеке тәсілдемені жүзеге асыру кезінде:
- баланың дене және психикалық дамуына әсер ететін бастапқы ерекшеліктерін;
- сөйлеу, интеллект, эмоционалды-ерік саласының жағдайы;
- балалардың жас және жеке ерекшеліктері;
- балалардың тілектерін, мүдделерін, бейімділігін, мүмкіндіктерін көрсету және дамыту үшін жағдай жасау;
- психикалық процестердің ерекшеліктері (қабылдау, зейін, есте сақтау, ойлау);
- темперамент түрін ескеру қажет.
Жеке тәсілдеме аталған ерекшеліктерді ескерумен қатар, әрбір баламен жеке, жүйелі жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Балалардың кейбір санаттары үшін жеке сабақтар өткізу де дамытудың негізгі шарттарының бірі болып табылады.
Инклюзивті білім беру ЕБҚ бар оқушылар үшін маңызды және олардың басқа оқушылармен қарым-қатынасына сүйенеді. Мұғалімдер сыныптағы оқушыларға кейбір балалардың сөйлей алмауының, өзін басқаша ұстауын, қозғалыс қиындықтарының және т.б. себептерін түсіндіре алады. Мұғалім оқушылардың бір-бірімен қалай жұмыс істеу керектігін өздері анықтай алатындай оқу жағдаятын туғызуы тиіс.
Инклюзияға деген теріс көзқарас әдетте, ең үлкен кедергі болып табылады. Сыныптағы/мектептегі балалар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен қарым-қатынасқа түсуге дайын болмауы мүмкін. Ал ата-аналар сынапта ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың болуы салдарынан «стандарттар төмендейді» деп балаларының оқуына алаңдаушылық білдіруі мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда мұғалімдер балалар, ата-аналар, әріптестер арасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға деген жағымды көзқарас қалыптастырудың негізгі факторы болып табылады.
Мұғалім сыныпта «пікір алмасу» үшін жағдай жасауы тиіс. Бұл тұста дайындығы бар оқушылар қиындықтары бар оқушыларға көмектесе алады. Сондай-ақ, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың тек «көмек көрсету» нысаны болмауы үшін, мектептегі іс-шараларға үлес қосуға тарту керек.
Топтық тапсырмаларды барлық оқушылардың жеке үлестерін қосуға мүмкіндік беретіндей бөлген дұрыс. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды ойындар мен спорттық іс-шараларға қатыстыру алдын ала ойластырылады. Мысалы, көру қабілетінің ішінара бұзылуы бар баланы жүгірумен байланысты ойындарда қарапайым баланың қасына қосуға болады немесе ойын барысында барлық балалардың көзін орамалмен байлап жүгіртуге болады. Мектептегі шығармашылық іс-шараларға қатысуға ынталандыру арқылы барлық балалардың бойындағы қандай да бір талантты ашуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет