Жеке оқу бағдарламасы
Мұғалімдер сабақ жоспарлау барысында балалардың жеке қажеттіліктерін ескеруі керек. Мұғалім сабақ жоспарлауда ЕҚБ бар балаға арналған жеке оқу бағдарламасында көрсетілген мазмұнды назарда ұстайды.
Жеке оқу бағдарламасы жеке оқу жоспары аясында жасалады. Жеке бағдарлама әзірлеу барысында бағдарламаның кейбір тұстарын жобалауда мұғалім оқушылардың қажеттіліктері мен қызғушылықтарын анықтау мақсатында ата-аналардың балаға қатысты ой-пікірлерін сұрай алады алады. Ата-аналардың үйде баланы көтермелеп, көмектесуі маңызды. Ата-аналармен бірлесе жұмыс жасау баланың күшті жақтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Функционалды жеке оқу бағдарламасын әзірлеу үшін мұғалімдер оқушының дайындық деңгейін бақылап, бағалап, оның мүдделері мен ерекше қажеттіліктерін ескеруі керек. Баланың өз бетінше не істей алатындығын, мұғалімнің, құрдастарының шамалы көмегімен немесе мүлдем көмексіз не істей алатындығын анықтау керек. Мұны мұғалім сыныптағы бақылауларына сүйене отырып немесе оқушыға қарапайымнан күрделіге дейінгі тапсырмаларды орындату арқылы олардың қабілеттерін анықтай отырып жүзеге асырады.
Әр тоқсанның соңында баланың жеке оқу бағдарламасын қайта қарау ұсынылады. Бұл баланың үлгерімін талдауға және жаңа міндеттер қоюға мүмкіндік береді. Жаңа міндеттер бала үшін қолжетімді, баланың жаңа дағдыларды игеруде оның мүмкіндігін пайдалануға бағытталуы тиіс. Бала ұсынылған материалды жылдам меңгерген жағдайда, жаңа міндеттерді қосуға болады. Ал міндеттер қиын болған жағдайда, балаларды олармен жұмыс істеуге ынталандыру үшін оларды біртіндеп, кезең кезеңмен ұсынған дұрыс.
Жеке көмек
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар көмек пен қолдауды қажет етеді. Сондықтан, оқу - бағалау процесі олардың нақты қажеттіліктеріне бағытталған жағдайда, олар көбірек нәтижеге қол жеткізеді. Балалар жеке көмекті қалай ала алады?
Төменде мұғалімдер пайдалы деп тапқан кейбір идеялар берілген.
Сынып қандай-да бір тапсырманы орындап жатқанда, мұғалім бір немесе екі баламен жеке жұмыс істей алады, олармен сабақтың белгілі бір материалын бекітеді немесе оларға тақырыпқа байланысты жеке тапсырманы орындауға көмектеседі.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар басқа оқушылармен бірге жұпта жұмыс істей алады. Басқа оқушылар өз тапсырмаларын аяқтағаннан кейін, жұптарына қолдау көрсетіп, көмектеседі. Мұндай «алқалы репетиторлық» оқушылардың барлығына пайдалы болуы мүмкін.
Мектептегі жоғары сынып оқушылары ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көмектесуге дайын болуы мүмкін. Бұл әлеуметтік көмек курсының бір бөлігі аясында жүргізілуі мүмкін.
Волонтерлер мен оңалту орталықтарының қызметкерлері жеке қолдаудың тағы бір көзі болып табылады. Олар баланы және оның отбасын бұрыннан білетіндіктен, бала мектеп табалдырығын аттағаннан бастап өз көмектерін бере алады.
Достарыңызбен бөлісу: |