Инклюзивті оқу ортасындағы педагогикалық Қолдау



бет5/6
Дата21.02.2023
өлшемі41.28 Kb.
#469846
1   2   3   4   5   6
2.1-ресурс

Көмекші материалдар
Балалардың қиындықтарын арнайы материалдар мен құрылғылардың көмегімен жеңуге болады. Мысалы, мектепте жүруді жеңілдету үшін көзілдірік, мүгедек балаға арналған арба, есту аппараттары.
Дидактикалық құралдар: мұғалімдер көбінесе сабақта үлестірме материалдар, плакаттар, суреттер пайдаланады және т.б. оларды пайдалану оқу процесінде балалар үшін пайдалы болғандықтан, мұндай материалдарды әзірлеуге арнайы уақыт бөлген жөн. Тіпті осындай оқу материалдарын дайындауға сыныптағы басқа оқушыларды да тартуға болады.
Сынып жиһазы: мүмкіндігі шектеулі балалар орындықта отыруда қиындықтар туындауы мүмкін. Олар денесін дұрыс ұстау үшін арнайы орындықтарды немесе құралдарды қолдана алады.
Көлік құралдары: оларға қимы-қозғалыс қиындықтары бар балаларға арналған арбалар және көру қабілеті бұзылған балаларға сүйенуге арналған таяқтар кіреді.
Байланыс құралдары: балаларға суреттерді, символдарды немесе сөздерді орналастырғанға ыңғайлы планшет беруге болады. Мұғалімдер мен балалар осылайша бір-бірімен планшет арқылы байланыса алады.
Оқушылардың мінез-құлқын бақылау
Мұғалім балалардың мінез-құлқының себептерін анықтай ала ма? Олар басқа балалардың немесе мұғалімдердің назарын өздеріне аударғанды ұнатады ма? Оқушының белгілі бір жағдайларда өзін ұстауын бақылай отырып, мұғалім оның мінез-құлқындағы ерекшеліктердің себептерін анықтай алады және тиісінше әрі қарай іс-әрекетін жоспарлау үшін шешім қабылдайды.
Көбінесе оқушылар девиантты мінез-құлықтың басталуын ескертетін сигналдар жібереді. Егер мұғалім баланың бойынан девиантты мінез-құлықты байқаса, балаға жақын келіп, өзіне ұнаған тапсырманы орындауды сұрауына болады. Мұғалімдер баланы өзін дұрыс ұстаған кезде немесе берілген тапсырмаларды сәтті орындаған кезде, мақтап отыру керек. Мадақтау оқушының басқа сыныптастары алдында беделін арттырады. Қолайсыз мінез-құлықты жеңуге бағытталған жұмыс жоспары жағымды мінез-құлықты ынталандыруды қамтуы керек. Әйтпесе, бала не істеу керектігін ғана біледі және өзін қалай дұрыс ұстау керектігін түсінбейді. Сыныпта беделді оқушылардың басқалардың мінез-құлқына қалай әсер етуі мүмкін екенін талқылаңыз.


Бірлескен жұмыс
Мұғалімдер жалғыз өзі жұмыс істемеуі керек. Мектептегі басқа мұғалімдерден кеңес сұрағанның еш ағаттығы жоқ. Мұғалімдер бір- бірінен көп нәрсені үйрене алады. Мұғалімдер тобы аптасына бір рет 30 минутқа жиналуы мүмкін.
Әр апта сайын мұғалімдер ЕБҚ бар балаға қатысты проблемаларымен бөлісіп, шешу жолдарын талқылай алады. Басқа әріптестердің ұсынған шешу жолдарының ішінен өзіне тиімдісін өз тәжірибесінде пайдалана алады.
Мұғалім басқа әріптестерінің сабақты қалай ұйымдастыратынын көру үшін олардың сабақтарына қатыса алады және оларды өз сабақтарына шақыра алады. Осылайша мұғалімдер бірлескен жұмыс арқылы сабақтың жағымды жақтарын, сонымен қатар сабақтың жақсартуды талап ететін жақтарын талқылай алады.
Мектеп мұғалімдерді инклюзивті білім беру бойынша біліктілікті арттыру курстарына жібере алады, содан кейін олар әріптестерімен курстан алған білімімен бөлісе алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет