Инклюзивтік білім беру жағдайында 8 санат бойынша ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың



Pdf көрінісі
бет10/62
Дата01.03.2024
өлшемі1.19 Mb.
#493487
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   62
Инклюзивтік білім беру жағдайында 8 санат

 
Есту қабілеті бұзылған балаларды арнайы оқыту жағдайлары 
МЖБС талаптарына сәйкес естімейтін және нашар еститін оқушылар 
оқу материалын меңгеру үшін арнайы жағдай жасалуы мүмкін және онда 
арнайы сыныпта саралап оқыту арқасында нақты оқу құралдарын, арнайы оқу 
жоспарлары мен бағдарламаларды қолдану, оқыту уақытын арттыру, 
мүмкіндігі болады. 
Арнайы сынып жағдайында естімейтін және нашар еститін балалар 
негізгі орта білім беру деңгейінде білім алады . 
Қысқартылған білім беру бағдарламаларын пайдалануда білім 
алушылардың танымдық мүмкіндіктерінің деңгейі жас ерекшелік 
нормаларынан төмен болуы мүмкін.
Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту ұзақтығы бастауыш және 
негізгі мектепте - 11 жыл:
- «0» (дайындық сыныбы),
- бастауыш деңгейі (1-4 сынып),
- 1-ші негізгі деңгей (5-7 сынып),
- 2- ші негізгі деңгей (8-10 саты).
Нашар еститін және кейін естімей қалған балалардың оқыту ұзақтығы: 
- бастауыш деңгейі – 0 – 4 сынып,
- негізгі деңгей – 5 – 10 сынып,
Естімейтін және нашар еститіндер оқушылар оқуын жалпы білім 
беретін мектептің 10-11-сыныптарында немесе кәсіптік колледждерде, жалпы 
орта немесе техникалық және кәсіптік білім беруді арнайы мектептің кешкі 
бөлімде 11-12 сыныптарында жалғастыра алады. 
Оқытудың барлық кезінде деңгейге бөліп оқыту қарастырылады және 
ол естімейтін және нашар еститін балалардың жас ерекшелігінің 
психофизикалық мүмкіндіктеріне байланысты, сол арқылы әр оқу пәндерінің 
әр түрлі деңгейіндегі арнайы мазмұнын және өз кезегінде дәстүрлі түрлі 
қатынасты анықтайды. 
Сонымен қатар білім беру сабақтастығы және үздіксіздігі 
қағидаттарына негізделген базалық білім тұтастығын қамтамасыз етеді және 
біртіндеп пропедевтикалық оқу пәндерінен жүйеге көшеді (арнайы 
бағдарламалармен оқытудан жалпы білім беретін мектептің оқыту 
бағдарламаларымен оқытуға көшу). 
Саралап оқытудың қажеттілігі сөйлеуді дамыту ерекшеліктеріне және 
есту қабілеті бұзылған оқушылардың танымдық қызметіне негізделген. 


16 
Бастауыш мектепте оқытудың мазмұны қалдық есту қабілетін 
дамытуға, сөйлеу тілін қалыптастыруға, сөздік қорын байытуға және 
оқушылардың танымдық қызметін дамытуға бағытталған. 
Бастауыш мектепті оқуы аяқталғаннан кейін ауызша сөйлеуді 
меңгерген кезде сөзді қабылдау және айтуда шағын кемшіліктері бар оқушы, 
мектепаралық логопедтің немесе психологиялық- педагогикалық түзету 
сияқты арнайы педагогикалық қолдауды сақтай отырып кәдiмгi сыныпқа 
ауыстырыла алады. 
Аз сөйлейтін және сөзді айтуда елеулі кемшіліктері бар оқушылар
жалпы орта мектептің арнайы сыныбында оқуын жалғастырады. 
Арнайы оқу -әдістемелік қамтамасыз ету 
Есту қабілеті нашар балаларға арнайы сыныпта білім беру түзету 
компоненті бар арнайы типтік оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі. 
Оқыту төмендегідей жүзеге асырылады: 
а) естімейтін оқушылардың "0" (дайындық) және 1-7-сыныптарда – 
арнайы бағдарламалар бойынша, 8-11 сыныптарда жалпы білім беру 
бағдарламалары бойынша оқиды, білім беру мазмұны оқудың ұзақтығы 1 
жылға артуына байланысты қайта бөлінеді және білім алушылардың 
мүмкіндіктерін ескере отырып бағдарлама бейімделеді. 
б) нашар еститін және кейіннен естімей қалған балалар «0» (дайындық) 
және 1-4 сыныптарда арнайы бағдарламалар бойынша, 5-11 сыныптарда 
жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша, білім беру мазмұны оқудың 
ұзақтығы 1 жылға артуына байланысты қайта бөлінеді және білім 
алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып бағдарлама бейімделеді. 
Арнайы бағдарламалар мазмұнында жалпы білім беретін пәндер 
бойынша оқушылардың естуінің төмендігі және сөйлеу қабілеті дамымай 
қалғандығын ескерген. 
Ол коррекциялық бағытта сипатталады және есту түйсігін дамытуды, 
тілдік дағдыларды практикалық қалыптастыруды қамтамасыз етеді. 
Есту қабілеті бұзылған балаларға білім беру мазмұнын анықтау кезінде 
білім алушыға жалпы білім беру және тәрбиелеудің, сондай-ақ арнайы білім 
берудің міндеттері есептеледі. 
Оқытудың негізгі міндеттері мен принциптерінде балалардың даму 
ерекшеліктерін ескере отырып айқындалған және есту қабілеті бұзылуы 
салдарын тиімді меңгеруге қажетті педагогикалық жағдайды құру, оқыту 
процесінде түзету-алмастыру (компенсаторлық мүмкіндіктерін қосу) базасын 
қамтамасыз ету қарастырылған. 
Естуді қабылдауды дамытуға арнайы еріннен оқу, дыбысты айту 
жұмысы, 
есту- көру негіздерін қалыптастыру ықпал етеді
оқушылардың 
ауызша сөйлеуін жетілдіруге және түйсіну дағдыларын қалыптастыруға
, әр 
түрлі сөзге жатпайтын дыбыстар шығаруын, музыканы қабылдауына 
назар 
аударылады.


17 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет