Инновациялық технологиялар түрлері



бет4/4
Дата02.10.2023
өлшемі0.73 Mb.
#479402
түріСабақ
1   2   3   4
Қалдыбек Адема инн тех

Аналогия
  • Модель
  • Индукция ойдың жалқыдан жалпыға қарай бағытталуын сипаттайды. Біздің ой қорытуымызда индукция жиі көрініс береді. Жалпы жағдайды біле тұра, таным субъектісі оны сол сипаттағы құбылыстардың бәріне ауыстырады. Бұған дейін мұндай объектілер ұзақ индуктивті тану жолынан өткендіктен, сол білімдердің нәтижесінде жеке зерттеу логикалық қорытуға ұласады.
  • Дедукция жалпыдан жалқыға қарай бағытталуын сипаттайды. Жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі. Индуктивтік әдіспен алынған ақиқат үнемі толық бола бермейді, сондықтан ол дедуктивтік әдіспен дәйектелуі керек. Екінші жағынан, дедукция үнемі индуктивтік жолмен алынған нәтижелерді пайдалануы керек.
  • Анализ дегеніміз — объектіні бірнеше құрамдас бөліктерге бөліп алып, оларды жеке зерттеу. Ондай бөліктер ретінде объектінің белгілі бір заттық элементтері немесе оның қасиеттері, белгілері, қатынастары алынуы мүмкін. Объектінің өзіндік заңдарын айқындау үшін алдын ала оның маңызды және екінші қатардағы белгілерін ажыратып алу керек. Олардың жалпы объект құрылымы мен ұстанымында алатын орнын айқындау керек. Объектіні тұтастық ретінде тану оның құрамдас бөліктерін зерттеумен шектелуге болмайды. Таным үдерісінде олардың арасындағы объективтік мәнді байланыстарды ашу, оларды жинақтап, бірлікте қарастыру қажет.
  • Анализ аяқталған жерде синтез басталады. Синтездеу кезінде объектінің анализ жасау кезінде ажыратылған құрамдас бөліктері қайтадан біріктіріледі. Синтездеу элементтерді біртұтас жүйеге қарапайым механикалық түрде ғана біріктірмейді. Шындығында, ол тұтас жүйедегі әр элементтің орны мен рөлін анықтайды, олардың өзара байланыстарын белгілейді. Демек, біздің көз алдымызда зерттелетін объектінің нағыз диалектикалық бірлігін көрсетіп береді.
  • ''Аналогия'' деп түрлі объектілер арасындағы, олардың белгілерінің, қасиеттерінің, қатынастарының арасындағы ұқсастықты атаймыз. Объектілер арасындағы ұқсастың пен айырмашылық оларды салыстыру кезінде айқындалады. Демек, аналогия әдісінің негізі салыстырудан тұрады деген сөз
  • "Модель" - адам арнайы жасамақшы болған белгілі бір шынайы нәрсенің , жүйенің, құрылғының, шығарманың, сипаттаманың кішірейтілген үлгісі . Модельдеу – процестер мен құбылыстардың логикалық, информациялық және графикалық құрылымын жасау, яғни объектілерді жеңілдетілген түрінде бейнелеу; модельдеу – түпнұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме – дәл көшірмесін түсіру арқылы зерттеу. Ғылымның түрлі салаларында таным үдерісінде әр түрлі модельдер қолданылады. Оларды екі топқа бөліп қарастыру керек: біріншісі— заттай немесе материалдық модельдер, екіншісі — логикалық немесе идеалық модельдер. Заттай модельдер көрнекі формада зерттеу объектісінің материалдық қалпын көрсетеді.
  • Логикалық немесе идеалық модельдер зерттеушінің санасында құрылады. Қазір оларды жасауға компьютер қолданылады. Компьютерді пайдаланып ғалымдар күрделі ақпараттың модельдер жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет