Қазіргі уақытта перспективалы деп саналатын тотықтырғыш технологиялар әзірленіп жатыр, олар судан өте төмен шоғырлануына дейін қоспаларды жоя алатын физикалық және химиялық әдістердің кең диапазонын қамтиды. Осыған мынадай әдістер жатады: УК+О3, УК+Н2О2, УК+О3+Н2О2, УКО+ультрадыбыс және басқа. Осы әдістердің көмегімен зарарсыздандырудың өте жоғары тиімділігіне қол жеткізу күтіліп отыр, ол синергетикалық әсерге, яғни жеке әсерлердің қолданылатын әр амал мен әдістен өзара күшейтуге негізделген. Тотықтырғыштарды (суға УК сәуле түсірмей) қолдана отырып, зарарсыздандырудың қазіргіу заманғы әдістері вирустар, спормды нысандар, қарапайым цисталарды жеткілікті түрде тиімді инактивтемейді. Судан микроорганизмдерді, атап айтқанда қатқыл дисперсті қоспаларға жататын гельминттер мен ірі бактериялар цистерін жоюға жиі тұндырумен және сүзгілеумен қол жеткізіледі. Барлық физика-химиялық және сорбцті әдістер өздігінен немесе қосылып суды микроорганизмдерден тазартудың қажетті деңгейін қамтамасыз етпейді. Олардың зарарсыздандырудың химиялық дезинфектанттар немесе физикалық әдістермен үйлесуі ғана қажетті нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Суды зарарсыздандырудың шетелдік және отандық тәжірибесін талдау мынаны көрсетеді, қазіргі уақытта хлорлауға баламалы суды зарарсыздандырудың экологиялық жағынан неғұрлым таза және қауіпсіз әдістері қарқынды түрде әзірленіп жатыр. Белгілі әдістердің көбі өндірістік сынақтар сатысында шағын тазарту құрылыстарына енгізіліп жатыр және кеңінен қолдану үшін ұсынылатын әмбебаптар қатарына жатпайды.
4.3. Тұнбаларды зарарсыздандыру 4.3.1. Су құбырының тазарту құрылыстарының (СҚТҚ) тұнбаларын зарарсыздандыру
Суды тазарту станцияларында су құбырларының тұнбаларын зарарсыздандыру протозойлі инфекциялар (амебиаз, лямбиоз, криптоспоридиоз және басқалар) тараған кезде МСЭҚ жергілікті органдарының нұсқауы бойынша жүзеге асырылады. Су құбырларының тұнбасын құрғатудың алдында оны жинақтауыш резервуарда залалсыздандырады, ол үшін МСЭҚ жергілікті органдарының келісімі бойынша хлордың көп мөлшері және рәсімдер қолданылады.
4.3.2. Су бұрудың тазарту құрылыстарының (СБТҚ) тұнбаларын зарарсыздандыру
Сарқынды сулардың (СС) тұнбаларын зарарсыздандыруға әр түрлі әдістермен қол жеткізіледі:
-
термикалық – ысыту, кептіру, жағу;
-
химиялық – химиялық реагенттермен өңдеу;
-
биотермикалық – компостирлеу;
-
биологиялық – микроорганизмдерді жердің қарапайымдарымен, уақ саңырауқұлақтарымен, өсімдіктермен жою;
-
физикалық әсер етуі – радиация, жиілілігі жоғары тоқтар, ультрадыбыстық ауытқулар, ультракүлгін сәулелеу және өзгелер.
Көптеген жағдайларда тұнбаларды зарарсыздандыру міндетіт өңдеудің негізгі процестерінде, мысалы термофильді тұрақтандыру, жылумен өңдеу, термокептіру және жағу кезінде шешіледі. Дербес ретінде ол одан әрі пайдаланған жағдайда қойылады, мысалы ауыл шаруашылығында органикалық тыңайтқыш ретінде қойылады. Осы мақсаттар үшін тұнбаларды зарарсыздандырудың термикалық және химиялық әдістері көбірек қолданылып келеді.
Қалалық СС құрғатылған тұнбаларын термикалық зарарсыздандыруды жүзеге асыратындар:
а) зауыт (шығарушы фирма) әзірлеген және жабдыққа арналған техникалық құжатта көрсетілген нұсқаулықтарға сәйкес пайдаланылатын термикалық кептіру және жағу қондырғыларында;
б) компостирлеу алаңдарында штабелдегі тұнбаның 60-65 оC температурасы кезінде (гельминттердің, патогенді бактериялардың и қарапайым цисттердің жұмыртқаларын жоюмен);
в) дегельминтизация камераларында шығарушы зауыттың нұсқаулықтарына сәйкес пайдаланылатын тұнбаны 60 оC төмен емес температураға дейін қыздыра отырып.
Дегельминтизация камераларын пайдаланған кезде мынау қажет:
а) тұнбаны берудің белгіленген режимін, температураны және тұнбаны қыздыру ұзақтылығын сақтау;
б) негізгі және қосалқы жабдықтың, желдету, сору және жабдықты ластанған ауадан тазарту жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуін қадағалау;
в) бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін және автоматизация құралдарының жұмысын қадағалау;
г) өңделген тұнбаның мөлшерін, электр энергиясы мен газдың (дегельминтизация камералары үшін) шығынын ескеру;
д) кектің ылғалдылығын және онда гельминт жұмыртқаларының болуын бақылау;
е) электр жабдығын пайдаланған кезде қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтау.
Аммиакты немесе тиазонды қолдана отырып, сарқынды сулардың құрғатылған тұнбаларын химиялық зарарсыздандыру кейіннен зарарсыздандырылған тұнбаларды тыңайтқыштар ретінде пайдаланумен жүзеге асырылады. Қондырғыларды химиялық зарарсыздандыру үшін пайдалануды осы қондырғыларды шығаратын кәсіпорындардың бекітілген жобалары мен нұсқаулықтарын көрсете отырып, оларға сәйкес жүзеге асырады. Тұнбаларды компостирлеу алаңдары алдын ала құрғатылған тұнбаның органикалық заттарының толтырғышпен қоспада аэробті термофильді ыдырауын алынған компостты немесе оның құрамдас бөліктерін тыңайтқыш ретінде кейіннен қолдану үшін қамтамасыз етеді. Толтырғыш ретінде қатты тұрмыстық қалдықтарды, торфті, жоңқаларды, жапырақтарды, сабанды және өзгені немесе дайын компостты пайдаланады. Қатты жабыны бар үйінді алаңға тұнба мен толтырғышты 0,25-0,5 м қабатпен төсейді, толтырғыш қабаттан дайындау үшін механизациялау құралдары пайдаланылады.
Тұнбаны компостирлеу алаңдарын пайдаланған кезде мыналар қажет:
а) белгіленген нысанның штабелдерін қалыптастыру;
б) белгіленген уақыт аралығында қоспаны араластыру;
в) қоспаның температурасын және ылғалдылығын, гельминт жұмыртқаларының және ішек таяқшалары тобының бактерияларын бақылау;
г) жылдың суық мезгілінде штабелдерді толтырғыштың қабатымен жылыту;
д) штабелдерді мәжбүрлі аэрациялау кезінде ауа үрлегіштер мен ауаны тарату жүйелерінің жұмысын қадағалау;
е) компостирлеу процесінің ұзақтылығын және белгіленген көрсеткіштер бойынша алынған компосттың сапасын бақылау.
Тұнбаларды термикалық кептіру (жағу) үшін қондырғылар механикалық құрғатылған тұнбадан белгіленген ылғалдылығында зарарсыздандырылған үгітілетін материалды алуды қамтамасыз етуге тиіс. Тұнбаларды термикалық кептіру әр түрлі үлгідегі кептіргіштерде жүзеге асырады: барабанды, вакуум-гребокты, қарама-қарсы газ ағындарымен және басқа. Тұнбаларды жағу үшін тұнбаның сұйытылған қайнаған қабатымен бірге баранбанды айналатын пештер, көп оттық пештер пайдаланылады. Кептіргіштер мен пештерді пайдалануды жабдықты шығаратын зауыттардың нұсқаулықтарына сәйкес немесе осы жабдықтың тәжірибелі-өнеркәсіптік үлгілерін жасаған ұйымдардың нұсқаулары бойынша жүзеге асырады.
Кептіргіштер мен пештерді пайдаланған кезде:
а) белгіленген регламентке сәйкес процесс параметрлеріне қажетті түзету жүргізе отырып, негізгі және қосалқы жабдықтың жұмысын бақылау;
б) құрғатылған және кептірілген (жағылған) тұнбаның, отынның, ретурдың, сығылған ауаның, будың, электр энергиясының шығыстарына бақылау жүргізу және есепке алу;
в) жанатын және қайтпалы газдардың көлемін белгіленген шектерде сақтай отырып, олардың температурасын бақылау;
г) тұнбаның, отынның, ретурдың және ауаның белгіленген мөлшерін кептіргішке (пешке) жіберуін, сондай-ақ кептірілген тұнбаны (күлдерді) уақытында бұруын бақылау;
д) жіберілетін және кептірілген тұнбаның ылғалдылығын кезеңдік бақылау;
е) негізгі және қосалқы жабдықтың топтары мен тетіктерін, КИП және механизациялау мен автоматизациялау құралдарын жарамды жай-күйінде сақтау;
ж) зиянды газдармен шаңдардың шығарылу орындарынан бастап, сондай-ақ атмосфераға шығарындыларды (циклондар, скруббертер, сүзгілер және басқа) тазарту үшін жабдықтан бастап жалпы алмасу желдеткіштерінің, ауаны сору жүйелерінің жұмысын бақылау;
з) атмосфераға шығарылатын газ-ауа қоспасының құрамын бақылау;
и) тұнбаны термикалық кептіру (жағу) цехы үй-жайларының тиісті жай-күйін бақылау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |