Инструкция по обеззараживанию питьевой воды и очищенных сточных вод


Құбырлар мен сыйымды құрылыстарды дезинфекциялау әдістері және ол бойынша жұмыс тәртібі



бет6/28
Дата01.07.2016
өлшемі1.17 Mb.
#170041
түріИнструкция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

5. Құбырлар мен сыйымды құрылыстарды дезинфекциялау әдістері және ол бойынша жұмыс тәртібі


Дезинфекциялау құбырлар мен сыйымды құрылыстарды міндетті түрде алдын ала жуғаннан кейін жүргізіледі.

Құбырларды дезинфекциялау мынадай жағдайларда жүргізіледі:

- құбырды ашуға байланысты жеке учаскелерді немесе оларда орнатылған арматураны жөндегеннен кейін;

- судың қанағаттанарлықсыз бактериалді көрсеткіштері кезінде жуғаннан кейін;

- жеке учаскелерде немесе аудандарда судың бактериалді көрсеткіштерінің нашарлауы кезінде;

- қайта салынған құбырларды пайдалануға берген кезде.

Тұйық учаскелер жергілікті жағдайларға (жөндеуден, су сапасының төмендеуінен кейін және т.б.) байланысты жылына кемінде бір рет қана дезинфекцияланады.

Ескертпе: «зарарсыздандыру» термині суды өндеу, ал «дезинфекциялау» термині су құбырларының құрылыстарын және желілерін дезинфекциялайтын тәсілдермен өңдеу деген мағынаны береді.

Құбырларды дезинфекциялау үшін еріген ерітінді түріндегі хлор, хлорлы әк және кальций немесе натрий гипохлориті қолданылады. Ерітінділері химиялық қасиеттері бойынша жақын осы реагенттердің дезинфекциялайтын әрекеті олардың біраз қышқылдану қабілетіне негізделген, шартты түрде мг/литрде белсенді хлордың болуымен көрсетіледі.

Құбырларды сұйық хлормен дезинфекциялау тікелей хлорлы баллондардан жүргізілуі мүмкін, олар дезинфекциялау орнына автокөлікпен немесе арнайы жабдықталған жылжымалы хлорлайтынмен жеткізіледі. Хлорлы әкпен, кальций немесе натрий гипохлоритімен дезинфекциялау тікелей дезинфекциялау орнында ерітіндіні дайындау жолымен немесе автомашинадағы арнай цистернадан жүргізіледі. Осы мақсаттар үшін суару-жуу машина жабдықталуы мүмкін, оның ішкі жағы коррозияға қарсы оқшаулаумен жабынуы тиіс. Тікелей цистернадан хлорлы ерітіндімен дезинфекциялаған жағдайда оны дайындауды стационарлы жағдайларда ұйымдастыруға болады, мысалы хлораторлілер. Ең қарапайым және қауіпсіз әдіс жылжымалы хлораторлы немесе тікелей автоцистернадан хлорлы әкпен дезинфекциялау болып табылады.

Далалық жағдайларда құбырларды сұйық хлормен дезинфекциялау мынадай схемалар бойынша жүзеге асырылады. Хлор-газ түрінде буға айналатын баллондардағы хлор рәзеңке шлангтың бөлігімен (шлангпен қосылу қондырғыны монтаждау және қайта монтаждау үшін ыңғайлы) эжекторға қосылған хлорлы құбырына түседі. Эжектордың жұмыс істеуі үшін оған хлорлы құбырында қажетті сейілтуді тудыратын және эжектордың жеткілікті өнімділігін қамтамасыз ететін қысыммен ауыз су құбырының желісінен су (жұмыс) жіберіледі. Эжектордың жұмыс істеуі үшін судың ең төмен қысымы 1,5 атм. болуы тиіс, алайда хлорды тиімді жіберу үшін эжектордың алдындағы судың қысымы кемінде 3-4 атм. болуы керек. Желіде қысым жеткіліксіз болса, оны жылжымалы сорғымен немесе суару-жуу машинадан су жібере отырып, арттыруға болады. Сондай-ақ, суару-жуу машинадан қысыммен су жіберуге болады. Вакууммен эжекторға түсетін хлор-газ жұмыс сумен араласады, бұл ретте хлорлы судың шоғырланған ерітіндісі пайда болады. Мановакуумметр хлорлы құбырдағы қажетті тұрақты вакуумның сақталуын бақылайды. Хлорлы құбырдан хлорлы газ вентилмен ажыратылады және реттеледі. Эжекторда пайда болатын хлорлы су Д = 25-50 мм рәзеңке шлангысымен құбырдың хлорланған учаскесіне түседі және онда Д = 50-100 мм құбыр арқылы жіберілетін таза сумен қажетті шоғырлануына дейін сұйықталады. Хлорлы және таза судың жіберілетін шығындарының ара қатынасын реттеу үшін вентилдер мен ысырмалар орнатылады. Құбырдағы сұйытылған хорлы судың шоғырлануын белсенді хлордың болуымен анықтайды, оның көлемі құбырдағы хлорланатын учаскенің соңында 24 сағат байланысу уақытымен кемінде 40-50 мг/л немесе 6 сағат байланысу уақытымен кемінде 75-100 мг/л құрауы тиіс. 100 п.м. ерітіндінің саны туралы деректер шоғырлануына байланысты 12-қосымшада көрсетілген.

Құбырды хлорлы сумен толтыру шамасымен белсенді хлордың болуын бақылау үшін оның ұзындығы бойында жердің қабатынан жоғары шығарылған тиекті вентильдермен сынама іріктеу бағандар орнатылады. Бағандар бір уақытта құбырды толтыру шамасына қарай ауаны шығару үшін қажет. Құбырды толтыру қарама-қарсы учаскеден берілген мөлшердің кемінде 50 % белсенді хлоры бар хлорлы су шыға бастағанда тоқтатылады. Әр баллонның өнімділігі сағатына 0,5-0,7 кг хлорды құрайды. Хлор ұшу белсенділігін арттыру үшін баллондарды биіктігі 300-400 мм тіреуіштерде қалқайтып орнату ұсынылады. Осы жағдайда жазғы мезгілде ір баллоннан сағатына шамамен 5 кг хлор алуға болады.

Құбырды дезинфекциялау үшін қажетті хлордың шығынын жеткілікті түрде белсенді хлордың қажетті мөлшеріне, хлорланатын учаскенің ұзындығы мен диаметріне сүйене отырып анықтайды. Хлорлауға арналған құбыр учаскелерінің ұзындығын 2-3 км аспайтындай етіп белгілеу керек, себебі ұзындық пен диаметрдің ұлғаюымен хлорланатын учаскенің дезинфекцияланатын ерітіндіде қалдық белсенді хлордың қажетті мөлшеріне жетуін қиындатады. Байланысудың қажетті уақытын қамтамасыз еткеннен кейін хлорлы суды төгеді (қажет болғанда алдын ала сұйытып) немесе транзитпен құбырдың кейінгі учаскелері арқылы ыңғайлырақ шығарылымға қайта жібереді. Хлорлы суды төккеннен кейін құбырды судың екі қанағаттанарлық химикалық-бактериологиялық талдауларын алғанға дейін су құбырының суымен шаяды, талдау үшін олар бір нүктеден алынады және хлорлау қондырғысын қайта монтаждайды. Құбырдың кейінгі учаскелерін бірінші учаскені хлорлауды ескере отырып, хлорлайды.

Жөндеуден кейін құбырларды дезинфекциялауды дайындалған хлорлы суды гидрант немесе уақытша орнатылатын патрубка арқылы жібере отырып, жылжымалы хлоратормен жүзеге асыруға болады. Бұл ретте, жылжымалы хлоратор автотіркемемен жабдықталуы мүмкін. Су құбырының жөнделген учаскесі герметикалығына тексерілуі тиіс болатын ысырмалармен екі жақтан ажыратылады. Егер ысырмадан ақса, оны ауыстыру немесе ысырманың алдында бітеуішті қою қажет. Ажыратылған учаскенің алдында жақын маңдағы гидрантқа эжектор (жылжымалы хлоратор) қосылады, ол су құбырындағы судың қысымын пайдалана отырып, баллондардан хлорлы газ сорылады және осы учаскедегі гидрант арқылы құбырдың дезинфекцияланатын учаскесіне хлорлы су жіберіледі. Егер өрт гидранты алыста болса, құбырға хлорлы суды жіберу үшін суару-жуу машина өрістететін қысымды пайдалануға болады.

Хлорлы суды жіберумен бірге жіберу орнында құбырдағы ысырма суды хлорлы сумен араластыру және құбырды толтыру үшін 1-2 айналымға ашылады. Дезинфекциядан кейін хлорлы суды шығару учаскенің соңындағы гидрант арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ құбырдың кейінгі (дезинфекцияланбаған) учаскелеріне хлорлы суды қайта жіберу және осы суды шығаруға ыңғайлы орнына тасымалдау қолданылады. Бұл ретте хлордың біраз бөлігі жұмсалады, бұл ретте ол құбырға бір мезгілді дезинфекциялайтын әсер көрсетеді. Құбырдан өңделген хлорлы суды шығарғанда, осы хлорлы су балықтарды өсіруге және малды суаруға арналған су айдындарына түспейтіндей, бақшалар мен егістерді су баспайтындай, халыққа қауіп төндірмейтіндей қылып ұйымдастырылуы тиіс. Осы талаптарды ескере отырып, хлорлы судың жылжитын жолы оның шығарылу орнынан бастап тиянақты зерттеуі және жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық органдармен келісілуі тиіс. Бақылау және қажетті сақтық шараларын қабылдау мақсатында жылжу жолымен хлорлы суды жіберу орнынан бастап оны құбырдан төгу уақытына дейін жұмыскерлердің кезекшілігі белгіленуі тиіс. Хлорлы судың зиянды әсерін жою үшін оны шығарғанда құрамындағы қалдық хлорды 3-5 мг/л дейін жеткізе отырып, құбырдың басқа учаскелерінен немесе көздерінен алынған таза сумен сұйылту ұсынылады.



Жаңа су құбыры желілерін жуу және дезинфекциялау. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін қайта салынған құбырды іске қосудың алдында кейін дезинфекциялаумен оның беріктілігіне және герметикалығына гидравликалық сынақтар жүргізіледі. Әдетте, салынған су құбырын гидравликалық сынаудың алдында қалған ластануларды және кездейсоқ заттарды жою үшін құбырды айналма құбырлары арқылы құбырды толық толтыру кезінде кемінде 1 м/сек судың үлкен жылдамдығымен қысымындағы жұмыс істеп тұрған су құбырының суымен алдын ала шаяды. Жуу судың тұнбадан және басқа қоспадан толық тазаруына дейін жүргізіледі. Өткізілуі 900 мм және одан да үлкен құбырларды жуудың алдында ішінен қарайды. Бұл ретте анықталған ластанулар мен бөтен заттар жойылады. Шығарылуына және орналасқан жеріне байланысты құбырды жуу магистралдер және су тартқыштар үшін ұзындығы 3 км, тарату желілері үшін ұзындығы 1 км учаскелерде жүргізіледі. Құбырдың шайылатын учаскесінде шығарулар болмаған жағдайда жуу гидранттар немесе осыған арнайы бейімделген фасонды бөліктер үшін жүргізіледі. Су құбырын алдын ала шайып, оны гидравликалық сынағаннан кейін сынақты жүргізу күнін, оның ұзақтылығын көрсете отырып, «беріктілігіне және герметикалығына құбырға гидравликалық сынақ жүргізу туралы акті» жасалады. Гидравликалық сынақ аяқталғаннан кейін құбыр белсенді хлордың 40-50 мг/л мөлшерімен құрамында хлоры бар сумен оны толтыру жолымен дезинфекцияланады. Хлорлы су кемінде 1 тәулік құбырда орналасуы керек. Хлорлау аяқталғаннан кейін судағы қалдық хлордың мөлшері кемінде 1 мг/л болуы тиіс. Дезинфекция аяқталғаннан кейін хлорлы су ағызылады және құбырды толық толтыру кезінде (кемінде 1 м/сек) судың үлкен жылдамдығымен қысымындағы жұмыс істеп тұрған ауыз су құбырының суымен құбыр қайта шайылады, оның барысында зертханалық зерттеулер үшін судың сынамалары алынады (шайғаннан кейін). Сынамалардағы судың сапасы ауыз суға арналған санитарлық ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкес келуі тиіс. Жуу мен дезинфекция құбырдан дәйекті түрде екі рет алынған су сынамаларының зертханалық зерттеулерінің нәтижелері орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйелеріндегі судың сапасына қойылатын санптарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келген кезде аяқталды деп саналады. Қайта шайылғаннан кейін судың сапасы қолданыстағы санитарлық ережел мен нормалардың талаптарына сәйкес келмейтін болса, құбырды қайта дезинфекциялау және жуу қажет.

Дезинфекция аяқталғаннан кейін құбырдан төгілетін хлорлы су белсенді хлордың 2-3 мг/л шоғырлануына дейін сумен сұйытылады. Құбырдан хлорлы суды шығарғаннан кезде су балықтарды өсіруге және малды суаруға арналған су айдындарына түспейтінін, бақшалар мен егістерді су баспайтынын бақылау қажет.

Құбырды дезинфекциялау және жуу пайдаланатын қызметтің және МСЭҚ органдарының қатысуымен құрылыс ұйымдарының күшімен және құралдарымен жүргізіледі. Сынамаларды санэпидемстанция зертханасы немесе пайдаланатын қызмет алады. Зертхананың өкілі дезинфекциялайтын ерітіндінің сапасын бақылайды және ерітіндідегі белсенді хлордың болуына анықтайды. Су сынамаларының жақсы нәтижелері кезінде МСЭҚ қызметі «Ауыз су сынамаларын зерттеудің хаттамасын» жасайды. Дезинфекциялау және жуу нәтижелері құрылыс ұйымының, пайдалану қызметінің, санэпидемстанция зертханасының өкілдері жасаған актімен рәсімделеді. Актіде алдын ала жуу мен хлорлаудың (байланыс) ұзақтылығы, хлордың мөлшері, соңғы рет қашан шайылғаны және су сынамаларының нәтижелері көрсетіледі. Жоғарыда көрсетілген актілер жаңадан салынған құбырды кейіннен іске қосу және су құбырын жуу үшін жұмсалған судың мөлшерін анықтау үшін негіз болып табылады. Құрылыс ұйымдары жаңадан салынған су құбырын әрдайым қысымдағы жұмыс істеп тұрған су құбырының суымен шаятынын назарға алсақ, құбырды жууға жұмсалған судың көлемі құбырды гидравликалық сынау күнінен бастап жақсы талдаулар алған күнге дейін жууды нақты жүргізу уақыты ішінде жуылатын құбырдың толық бойымен судың кемінде 1 м/сек жылдамдығымен жылжуы кезінде жуылатын құбырдың диаметріне сәйкес гидравликалық есептеулердің формулаларымен анықталады («Ауыз су сынамаларын зерттеудің хаттамасы»).



Хлорлы әкпен, кальций немесе натрий гипохлоритімен дезинфекциялау. Ерітіндідегі белсенді хлордың қажетті мөлшерінің болуы және құрамында хлор бар реагенттерді пайдаланған кезде байланысу уақыты – хлормен дезинфекциялағанмен бірдей. Ерітудің алдында хлорлы әкті құрамында белсенді хлордың болуына тексереді, ол 30-35 % құрауы тиіс. Алайда бұл мөлшер сақтаудың шарттарына және ұзақтылығына байланысты азаюы мүмкін. Хлорлы әктің мөлшері хлорлы әктің таңдалатын мөлшеріне байланысты болады. Хлорлы әктің қажетті мөлшерін еріту үшін ішкі жағында арнайы футеровка бар ағаш немесе метал бөшкеге салады және үстіне дейін сумен сұйытады, эжектирлейтін құрылғымен хлорлы суды құбырға жібереді. Кальций немесе натрий гипохлоритінің еруі хлорлы әктің еруіне ұқсас болып келеді. Кальций немесе натрий гипохлоритін сумен және эжектирлейтін құрылғымен сұйытады, хлорлы суды құбырға жібереді. Дезинфекциялау бойынша бұдан кейінгі операциялар хлорды қолданға ұқсайды.

Хлормен дезинфекциялау кезінде жұмыстарды жүргізу бойынша іс-шаралар. Хлормен дезинфекциялау кезінде және тиісті жабдықты пайдаланған кезде елді мекендерді сумен жабдықтау және оларға су бұру жүйелерін пайдаланған кезде қауіпсіздік техникасының ережесі сақталады. сұйық хлормен хлорлайлатын қондырғыны монтаждау хлораторлы құрылғылардың жұмысына жауапты маманның басшылығымен жоғары білікті слесармен жүргізіледі. Монтаждаудың алдында жабдық мұқият қаралады және тексеріледі. Монтаждау аяқталғаннан кейін хлорлы газдың қысымымен қондырғының барлық қосылыстары және бөліктері тексеріледі. Хлорлы құбыр және баллондар күн сәулесінен және 40 0С жоғары температура өсуінің кез-келген мүмкіндігінен қорғалуы тиіс, себебі сұйық хлорды барынша кеңейтудің жоғары коэффициентіне байланысты баллонның жарылу қауіпі туындайды.

Баллонды ашық отпен (дәнекерлейтін шамдар және басқа) жылытуға, сондай-ақ жұмыс орындарында шылым шегуге тыйым салынады.

Хлорлайтын қондырғыларға қызмет көрсету үшін медициналық куәландырылған оқытылған және хлораторлы қондырғыларды пайдалану және олардың жұмысының қауіпсіздігі ережесін жақсы игерген адамдарға рұқсат беріледі. Қондырғыларға қызмет көрсететін және әуе стояктарындағы кезекшілерде газ тұтқыш болуы керек және газ жылыстағанда жұмыстарды орындау кезінде оларды кию керек. Баллондарды сынау және ауыстыру газ тұтқыштар мен рәзеңке қолғаптарды киіп жүргізіледі. Қондырғыны орнату орында қорғау құралдары, сондай-ақ 10 л дейін гипосульфит және сода, қосылу тығыздығы бұзылған орындарына салу үшін шүберектер сақталуы тиіс. Баллоннан хлордың жылыстаған орнын анықтаған жағдайда оған су құяды, нәтижесінде жылыстауын тоқтатын мұздату пайда болады. Күзетсіз құбырда қондырғы мен әуе стояктарын қалдыруға рұқсат берілмейді (мысалы, үзіліс кезінде). Баллондардың салмағы мен габаритіне сәйкес келетін көтергіш құрылғылармен жүргізіледі. Ерекше абайлаушылық баллондарды тасымалдаған кезде сақталады: оларды бір біріне соғуға, жерге түсіруге немесе кездейсоқ соғылуларға болмайды, алыс емес жерлерге баллондарды бір білікті арбада, алыс жерлерге тек рессорты көлікпен жеткізеді. Соғылулардан сақтау үшін баллондарды ұяшықтары бар ағаш кесекке вентилдермен бір жағына қарай салады, оларды шуақты күндері брезентпен жабады (жылудан қорғау үшін). Ақаулығы бар баллондарды бірден жояды. Оларды залалсыздандыру үшін алаңда тереңдегі 2 м, диаметрі 1,5 м, әк ерітіндісімен толтырылған және суды жетізу орны бар сыйымдылықты орнатады. Онда суды жібермейтін қабырғалар мен түбі болуы керек, сондай-ақ жұмыс орнына 10 метрден алыс орналасуы тиіс.

Хлорды қорын сақтау шарттары жабдықтарды жобалау және қатты әсер ететін улы заттарды (ҚӘУЗ) сақтау үшін қоймаларды күтіп-ұстаудың қолданыстағы санитарлық ережесінің талаптарына жауап беруі керек.

Құрылыстар мен желілерді хлорлауды ұйымдастыру алаңдарында арнайы киім мен газ тұтқышты (қондырғыны күтетіндердің әрбіреуіне бір бірден) сақтау үшін шкафтар орналастыру қажет.

Жылжымалы хлораторлы қондырғы жылдың жылы мезгілінде су құбыры мен суды бұратын желілерді хлорлауға арналған. Хлораторлының үй-жайы 4 жоспарында 2,3 м көлемі мен биіктігі 1,8 м дөңгелектеріндегі күрке болып келеді. Онда екі кіруі бар – негізгі және қосалқы. Негізгі кіреберісте тамбур бар, онда газ тұтқыштарға, мүсәтірлі спирттің қорларын және медициналық қобдишаны сақтауға арналып қабырғаға орнатылған кішкене шкафтар, сондай-ақ 10 % гипосульфит ерітіндісін және таза шүберектерді сақтауға арналған шкафтар орнатылған.

Хлораторлы мынадай технологиялық жабдықпен жарақтандырылады:

- 20,5 кг/сағатқа дейін жұмсалатын хлораторлар (негізгі және резервті);

- сыйымдылығы 30 л аралық баллон (лайлы);

- хлоры бар баллондар (жұмыс және резервті);

Хлоры бар баллонның авариялық жағдайында хлораторлы еденнің астына 1,8 жоспарымен 0,5 м және тереңдігі 0,5 м көлемімен дегазационды ванна орнатылады, оған су құбыры жеткізіледі. Хлорлы ванна дегазационды шұңқырдан сифон арқылы су бұрудың шаруашылық-фекалды немесе нөсерлік желісіне немесе контейнерге құйылады.

Хлораторлыны желдету оның жұмыс кезінде – фрамуг және есіктерді ашу арқылы, сондай-ақ үй-жайдың еденінде орнатылған желдеткіш торлар арқылы табиғи.

Хлораторлыда қауіпсіздік техникасының ережесіне сәйкес хлораторлы қондырғыны дұрыс және қауіпсіз пайдалану үшін қажет болатын нұсқаулықтар мен плакаттар болуы тиіс.

Хлораторлы қондырғыны орнату және жабдықты монтаждау су құбыры-кәріз шаруашылығындағы қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы техниканың ережесіне сәйкес, сондай-ақ «қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және пайдалану қауіпсіздігінің ережесіне» сәйкес жүргізіледі. Хлораторлар оның паспортындағы нұсқауларға сәйкес жүргізіледі. Жылжымалы хлораторды қолдануды келісу хлораторлы үшін белгіленген тәртіпте жүргізіледі.



Су құбырларының құрылыстарын салған және пайдаланған кезде оларды дезинфекциялау. Су құбырларының құрылыстарын (ұңғыма, резервуарлар және қысымды бактар, тұндырғыш, араластырғыш, сүзгілер, су құбырының желілері) дезинфекциялау профилактикалық (жаңа құрылыстарды пайдалануға қабылдағанға дейін, кезеңдік тазартудан кейін, жөндеу-авариялық жұмыстардан кейін), сондай-ақ эпидемиялық көрсеткіштер бойынша (құрылыстардың ластануы кезінде, сулы ішек инфекцияларының қоздыру қауіпі туындайды). Дезинфекцияның сенімділігін арттыру және оның ұзақтылығын қысқарту үшін 5-6 с. байланысу кезінде белсенді хлордың 75-100 мг/л шоғырлануымен бірге ерітіндіні пайдалану ұсынылады. Белсенді хлордың 40-50 мг/л азырақ шоғырлануымен бірге ерітіндіні пайдалануға болады, бірақ осы жағдай байланысу ұзақтығы 24 с. асады.

Су құбырларының құрылыстарын дезинфекциялау алдында барлық жағдайларда олар міндетті түрде алдын ала тазартылады және шайылады. Тазартуы қиынға соғатын су құбырының желісі су қозғалысының барынша жылдамдығы кезінде (кемінде 1 м/сек.) 4-5 сағат бойы қарқынды түрде шайылады.

Артезианды ұңғымаларды дезинфекциялау оларды пайдалануға берер алдында дезинфекциялау мынадай жағдайда жүргізіледі, жуғаннан кейін судың сапасы бактериологиялық көрсеткіштер бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде жүргізіледі. Ұңғымаларды пайдалану барысында дезинфекциялау қажеттілігі оның ақаулықтары салдарынан ұңғымада тікелей судың ластануын анықтаған кезде (дезинфекциялау жағдайларында тиісті жөндеу жұмыстары болуы тиіс) туындайды. Дезинфекциялау екі кезеңде жүргізіледі: алдында ұңғыманың судың үстіндегі бөлігінде, кейін судың астындағы бөлігінде. Судың үстіндегі бөлікті зарарсыздандыру үшін ұңғымада статистикалық деңгейден бірнеше метрге төменірек пневматикалық тығынды орнатады, оның үстіне қарай ұңғыманы ластанудың болжанған деңгейіне байланысты белсенді хлордың 50-100 мг/л шоғырлануымен хлордың ерітіндісімен (немесе хлорлы әкпен) толтырады. Байланысудың 3-6 сағатынан кейін тығынды алады және арнайы араластырғыш арқылы сумен араласқаннан кейін белсенді хлордың шоғырлануы кемінде 50 мг/л болатындай қылып, ұңғыманың су астындағы бөлігіне хлорлы ерітіндіні жібереді. Байланысудың 3-6 сағатынан кейін суда хлордың иісі кетпегенге дейін сорады.

Ескертпе: хлорлы ерітіндінің есептік көлемі ұңғыманың көлемінен көбірек (биіктігі мен диаметрі бойынша) қабылданады: су үстіндегі бөлікті зарарсыздандыру кезінде – 1,2-1,5 есеге, су астындағы бөлікті зарарсыздандыру кезінде – 2-3 есеге.

Сыйымдылығы үлкен резервуарларды дезинфекциялау суару арқылы жүргізеді. Белсенді хлордың 200-250 мг/л шоғырлануымен хлорлы әктің (немесе хлордың) ерітіндісін резервуардың 1 м2 ішкі жағына 0,3-0,5 л есебімен дайындайды. Хлорлы судың көлемі жуу үшін жіңішке ағыстың жіберу тәсіліне, тұнбаның мөлшеріне және тығыздығына байланысты жергілікті талаптарға сүйене отырып айқындайды. Осы ерітіндімен шлангпен немесе гидропульттен себумен резервуардың қабырғаларына және түбіне осы ерітіндіні жібереді. 1-2 сағаттан кейін дезинфикцияланған беттерді лас шығу арқылы өңделген ерітіндіні жоя отырып, таза су құбырының суымен шаяды. Жұмысты арнайы киімді, рәзеңке етіктерді және газ тұтқыштарын киіп жүргізеді; резервуарға кіреберістің алдында етіктерді шуу үшін хлорлы әкпен ерітіндісі бар бөшкені орнатады.

Сыйымдылығы аз қысымды бактерді белсенді хлордың 75-100 мг/л шоғырлануы бар ерітіндімен толтыру арқылы көлемді әдіспен дезинфекциялайды. Байланысудың 5-6 сағатынан кейін хлордың ерітіндісін лай құбыры арқылы жояды және бакті таза су құбырының суымен шаяды (шайынды суда 0,3-0,5 мг/л қалдық хлор болғанға дейін). Осы сияқты тұндырғыштар, араластырғыштар, сондай-ақ сүзгілер жөнделіп, жүктелгеннен кейін олар дезинфекцияланады.

Құрылыстарды дезинфекциялағаннан кейін бақылау бактериологиялық талдау сынамалар алудың арасында судың толық алмасу уақытына сәйкес келетін аралықпен кемінде 2 рет жасалады. Талдаулардың жақсы нәтижелері кезінде құрылыстар іске қосылады.

Су құбыры желісінің құбырларын дезинфекциялау белсенді хлордың 75-100 мг/л шоғырлануымен (желінің ластану деңгейіне, оның тозуына және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты) хлордың ерітіндісімен (немесе хлорлы әкпен) құбырларды толтырумен жүргізіледі. Хлорлы ерітіндіні желіге жіберу оны жіберу орнынан ең алшақ тұрған орындарда белгіленген мөлшерден кемінде 50 % белсенді хлор болғанға дейін жүргізіледі. Осы уақыттан бастап хлорлы ерітіндіні жіберуді тоқтатады және хлорлы ерітіндіге толы желіні кемінде 6 сағатқа қалдырады. Байланысу аяқталғаннан кейін хлорлы суды ағызады және желіні таза су құбырының суымен жуады. Желіден суды төгу шарттары жергілікті жерде санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің органдарымен келісімі бойынша анықталады. Жуудың соңында (суда қалдық хлордың 0,3-0,5 мг/л болуымен) желіден бақылау бактериологиялық талдау үшін сынамалар алынады. Бір нүктеден біртіндеп алынған екі талдаудың қолайлы нәтижелері болғанда дезинфекция аяқталды деп саналады.

Ескертпе: Желіні зарарсыздандыру үшін хлорлы ерітіндінің есептік көлемі 3-5 % қоса отырып (ықтимал төгу) құбырлардың ішкі көлемі бойынша анықталады. Диаметрі 50 мм болған кезде құбырдың 100 м көлемі 0,2 м3, 75 мм - 0,5 м3, 100 мм - 0,8 м3, 150 мм - 1,8 м3, 200 мм - 3,2 м3, 250 мм - 5 м3 құрайды.

Су құбырының құрылыстары мен желілерін жуу және дезинфекциялау санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары өкілдерінің қатысуымен құрылыс ұйымдарының (іске қосқанға дейін) немесе су құбыры әкімшілігінің (жөндеу-авариялық жұмыстардан кейін) күшімен және құралдарымен жүргізіледі. Жұмыстардың нәтижелері актімен рәсімделеді, онда белсенді хлордың мөлшері, хлорлау ұзақтылығы (байланыс) және соңғы жуулар, суды бақылау талдаудың деректері көрсетіледі. Осы материалдардың негізінде санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жергілікті органдары құрылыстарды іске қосу мүмкіндігі туралы қорытындыны береді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет