Инструкция по обеззараживанию питьевой воды и очищенных сточных вод


Зарарсыздандырудың тиімділігін өндірістік бақылау және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау



бет8/28
Дата01.07.2016
өлшемі1.17 Mb.
#170041
түріИнструкция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28

7. Зарарсыздандырудың тиімділігін өндірістік бақылау және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау


Зарарсыздандыру тиімділігіне өндірістік бақылау жүргізу. Сарқынды сулар қоршаған орта нысандарының, соның ішінде үстіңгі тұщы сулар мен теңіз суларының, жер асты су тұтқыш қабаттардың, ауыз судың және топырақтың микробтық ластануының негізгі көзі болып табылады, бұл фекальды-ауызбен жұқтыру арқылы індеттер қоздырғыштарының таралу тәуекелінің қозғаушы күші болып табылады. Індеттік қатынастағы анағұрлым қауіптілерге сарқынды сулардың мынадай түрлері жатқызылады (4 қосымша):

- шаруашылық-тұрмыстық сарқынды сулар;

- қалалық аралас (өнеркәсіптік-тұрмыстық) сарқынды сулар;

- мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы нысандарынан, мал шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындардан шығатын сарқынды сулар, жүн жуғыштарында, ет комбинаттарында пайдаланылған су және т.б.

- індетті ауруханалардың сарқынды сулары;

- шахталық және кәрерлік сулар;

- сусіңгіш сулар;

- үстіңгі қабаттық-нөсерлік сарқынды сулар.

Шаруашылық-тұрмыстық сарқынды сулар үшін салыстырмалы түрдегі тұрақты сапа тән (суды пайдалану нормаларын сақтаған кезде). Өлшенген бөліктер мен органикалық заттардың анағұрлым маңызды шоғырлану көрінісінде олар микробтық ластанудың жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Сондықтан зарарсыздандыру алдында оларды механикалық және биологиялық тазарту қажет. Қалалық аралас сарқынды (өнеркәсіптік-тұрмыстық) сулардың құрамы мен қасиеттері шаруашылық-тұрмыстық және өнеркәсіптік мақсатта пайдаланылған сулардың арақатынасымен анықталады. Оларды зарарсыздандыру кезіндегі қосымша қиындықтар осы сулардың микробтық ластануы әртүрлі органикалық және бейорганикалық заттармен үйлесімделетіндігімен байланысты туындайды, олар өз беттерімен қосымша бактерицидтер және бактериостатиктер бола алады, және микроағзалардың таралуы үшін қолайлы орта болады.

Індетті ауруханалар мен бөлімшелердің сарқынды сулары азғантай мөлшерімен, қалыптасуының біртексіздігімен, бір тәулік ішінде жиналуымен, жұқпа қоздырғыштарының маңызды тұқымдануымен сипатталады. Сусіңгіш сулар микробтық ластағыштардың болуымен және минералдық тұздардың жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Үстіңгі қабаттық-нөсерлік сулар үшін жыл маусымдары бойынша мөлшерінің біртексіздігі тән, ал микробтық ластану деңгейі аймақты жайластыру деңгейіне тәуелденеді. Сарқынды сулардың аталып кеткен барлық дерлік түрлері тырысқақ, іш сүзегі, А және В паратифі, сальмоноллездер, жұқпалы іш ауруы, А және Е вирустық гепатиттері, 1-3 типтегі полимиелиттер сияқты індеттердің және басқа да энтеровирустық және аденовирустық аурулардың, амебиаз, лямблиоз, лептоспироз, бруцеллёз, туляремия, туберкулёз, гельминтоздар, кампилобактериоз сияқты аурулардың қоздырғыштары түріндегі патогендік микроағзалардан тұруы мүмкін.

Зарарсыздандырылмаған сарқынды суларды ағызған кезде су айдындарындағы ішек індеттерінің қоздырғыштарының қарқынды айналмасы тұрғындардың суды пайдаланған кезінде түрлі аурулардың туындауына әкеп соғады, ауруларды жұқтыру әсіресе жаз кездерінде рекреация және ирригация мақсаттарында су айдындары белсенді пайдаланылғанда ұлғаяды. Өзіндік тазарту қабілеттері төмен болғандықтан су жиналатын жерлердегі су айдындарының микробтық ластану тәуекелі өседі. Мұның салдары болып салқын судағы микроағзалардың анағұрлым ұзақ өміршеңдігі мен вируленттік қасиеттерінің сақталуы табылады. Сонымен қатар, төмен температура кезінде су өткізгіш станцияларында тазарту және зарарсыздандыру шарттарының бір уақытта нашарлануы тұрғындардың шаруашылық-ауыз су пайдалануының қауіпсіздігінің нашарлануына әкеп соғуы мүмкін.

Зарарсыздандырудың кез-келген тәсілі кезінде микроағзалардың тұрақтылығы көп жағдайда зарарсыздандырғыштарды қоздыру үрдістерінің механизмдеріндегі айырмашылықтармен анықталады.

Хлордың тотықтырушы бактерицидтік әрекетінің механизмі жасушалық қабықтың зақымдалуымен, бактериялардың ферменттік жүйесінің тұншықтырылуымен, нуклеиндік қышқылдардың бұзылуымен байланысты. Озонның белсендірмеушілік әрекеті жоғары тотығу-тотықсыздандыру шамасымен шартталады, нәтижесінде бактериялар мембраналарының протоплазмасы, қабырғалары және цитоплазмалары, вирустардың протеиндік қабаттары бұзылады. УКС бактерицидтік әрекеті микробтық жасушаның ДНҚ және РНҚ құрылымдарының зақымдалуына, жасушалық мембраналардың сіңіргіштігіне негізделеді. Сәулелік қуаттың фотохимиялық әсері кезінде органикалық молекулалардың химиялық байланыстары өзгереді және үзіледі.

Эксперименттік зерттеулер кезінде алынған сарқынды сулардың құрамында болатын индикаторлық және патогендік микроағзалардың зарарсыздандырушы агентке қатысты тұрақтылығындағы үлкен айырмашылықтарды тәжірибелік-өнеркәсіптік зерттеулерді ұйымдастыру үшін, индикаторлық бактериялардың негізінде қоздырғыштардың қандай да бір түріне қатысты зарарсыздандырудың індеттік сенімділігі туралы қорытынды жасау үшін көрсеткіштер таңдау кезінде ескеру қажет. Микроағзалардың негізгі топтарының салыстырмалы тұрақтылығы туралы жалпы түсінік (өсу шамасына қарай) мынадай: ішек бактериялары, колифагтар, вирустар, споралар, қарапайым цисталар.

Сарқынды суларды зарарсыздандыру тәсілін таңдаған кезде бактерицидтік және вирулицидтік әсердің гигиеналық сенімділігін, зарарсыздандырылған сарқынды суларды одан әрі пайдалану кезіндегі медициналық-биологиялық салдарды, эксплуатациялық және экономикалық пайдалылықты ескеру қажет. Сарқынды суларды хлормен зарарсыздандыру анағұрлым қарапайым технологиялық шешім болып табылады. Хлорлау нәтижесінде жоғары токсиндік заттардың бірнеше ондығы қалыптасуы мүмкін, соның ішінде ШРШ жүздеген және мыңдаған мг/л шамалары бар канцерогендік, мутагендік заттар да бар (5 қосымша). Хлорлағаннан кейін сарқынды суларда осындай заттардың пайда болуы оларды су айдындарына ағызу шарттарын күшейтеді, суды пайдаланған кезде тұрғындардың денсаулығына әсер етеді. Хлорланған сарқынды суларды ағызған кезде су айдынына хлордың шоғырлануының маңызды бөлігі түседі. Нәтижесінде су биоценоздарының (планктонның, сапрофиттік микрофлораның) жойылуы және өздігінен тазарту үрдісінің, соның ішінде патогендік микрофлорадан тазартылу үрдісінің толығымен тоқтатылуы орын алуы мүмкін. Су айдынына ағызу алдында хлормен зарарсыздандырылған сарқынды суларды барабар хлорсыздандыру арқылы бұл мәселені шешуге болады. Су айдындарына индикаторлық және патогендік микроағзалар сияқты хлорға төзімді штаммдардың түсуін де ескеру қажет, бұл су өткізуші станцияларында ауыз суды дайындау кезінде қиындықтар туғызады. Ірі тазартқыш станцияларында озонды қолдану мақсатқа сай болуы мүмкін, себебі жаңа зиянды заттар, негізінен жоғары токсинді альдегидер мен кетондар анағұрлым аз қалыптасады (5 қосымша). Қатты қышқылдандырғыш ретінде озон зарарсыздандыруды қамтамасыздандырып қана қоймайды, сонымен қатар сарқынды сулардың кейбір түрлерін озондау кезінде (олардың құрамына байланысты) судың органолептикалық қасиеттері жақсарады, ал басқаларын озондаған кезде – физика-химиялық көрсеткіштер нашарлауы мүмкін. УКС пайдаланған кезде бактерицидтік әсер әдетте сарқынды сулардың химиялық байланыстарының трансформациясының токсиндік өнімдерінің қалыптасуымен бірге жүрмейді, соның салдарынан оларды өңдегеннен кейін зарарсыздандырудың қажеттілігі жоқ. Ұзартылған биоцидтік әрекеттің болмауы да УКС тәсілінің маңызды артықшылығы болып табылады, себебі су айдынына ағызылған сарқынды су судың биоценоздарына әсер етпейді. Тазартқыш құрылғыларды қолданған кезде мыналарды бақылау қажет:

- зарарсыздандыруға келіп түсетін сарқынды судың сапасы;

- сарқынды суларды зарарсыздандырудың тиімділігі;

- техникалық шарттарда тағайындалған технологиялық ережелерді, зарарсыздандыру тәртіптерін сақтау;

- қызметкерлер құрамының еңбек қауіпсіздігін қамтамасыздандыру шараларын сақтау.

Қолданыстағы заңнама бойынша сарқынды суларды зарарсыздандырудың тиімділігін тазартқыш құрылғылары бар кәсіпорындар мен мекемелердің зертханалары орындайды. Өндірістік зертхана болмаған жағдайда зерттеулер белгілі тәртіпте аккредиттелген зертханаларда келісім-шарттық негізде жүзеге асырылады. Зарарсыздандыру тиімділігін өндірістік зертханалық бақылау бағдарламасы МСЭҚ аймақтық органдармен келісу керек. Өндірістік бақылау бағдарламаларын құрастырған кезде 8 қосымшаның ұсыныстары пайдаланылады. Сынамаларды суды зарарсыздандыруға дейін және кейін іріктеп алады. Микробиологиялық көрсеткіштерді анықтау үшін сынамаларды іріктеп алу, сақтау және тасымалдау ережелері ауыз суды санитарлық-микробиологиялық талдау тәсілдері бойынша әдістемелік сілтемелерге сәйкес болу керек. Зарарсыздандырудың реагенттік тәсілдерін пайдаланған кезде сынамаларды іріктеп алғаннан кейін зарарсыздандырғыштардың қалдықтық мөлшері тез арада бейтараптандырылады. Сынамаларды іріктеуге жіберу жұқпа көздерімен жұмыс жасаудың қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық бергеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Зарарсыздандырылған сарқынды суларды ағызып жіберудің су айдынындағы судың сапасына әсерін тағайындау үшін толық араласқаннан кейін шығаратын жерден жоғары және төмен жармада микробиологиялық және химиялық көрсеткіштер бойынша бақылау жүйелі түрде жүргізіледі. Зарарсыздандырылған сарқынды суларды талдау нәтижесінің индикаторлық микробиологиялық көрсеткіштері бойынша гигиеналық критерийлерге сәйкес келмеген кезде зарарсыздандыруға дейін және кейін сынамаларды қайтадан іріктеп алады. Үш рет қатарынан іріктеп алынған (тәуліктен кейін) сынамаларда индикаторлық көрсеткіштер бойынша нормативтер сақталмаған жағдайда суда патогендік микроағзалардың болуын талдайды. Зарарсыздандырылған суларда індеттік аурулардың қоздырғыштары табылған жағдайда бұл туралы МСЭҚ аймақтық органдарына тез арада хабарлау және зарарсыздандырудың технологиялық үрдісін түзету қажет.

Өндірістік бақылау кезінде зарарсыздандырудың эксплуатациялық тәртібінің технологиялық карталарда белгіленген регламентке сәйкестігін анықтайды. Залалсыздандыру үшін хлор мен озонды пайдаланған кезде енгізу сатысында хлорлау немесе озондау үрдісі барысында қалыптаса алатын заттарды анықтау жүргізіледі. Бұл үшін қазіргі заманға сай аспаптық тәсілдерді пайдаланады. Құрамында зарарсыздандыру нәтижесінде қалыптасқан токсиканттар бар сарқынды суларды су айдындарына ағызу шарттары үстіңгі қабаттағы суларды ластанудан қорғау жөніндегі санитарлық ережелердің талаптарына сәйкес болу керек. Пайдаланылған суды ағызып жіберудің келісілген шарттарына байланысты қолданыстағы тазартушы құрылғылардағы арнайы көрсеткіштерді анықтау 8 қосымша бойынша жүзеге асырылады. Зертханалық бақылауды 9-11 қосымшаларында мазмұндалған тәсілдердің микробиологиялық көрсеткіштері бойынша жүргізеді. Өндірістік бақылау үшін санитарлық-химиялық көрсеткіштердің тізілімін зарарсыздандырудың пайдаланылатын тәсіліне және тәжірибелік-өнеркәсіптік сынауларға негізделе отырып, жұмыс барасында одан әрі түзету арқылы тағайындайды. Басым көрсеткіштердің тізілімін МСЭҚ аймақтық органдарымен келіседі.

Сарқынды суларды зарарсыздандыруды гигиеналық бағалау. Сарқынды суларды зарарсыздандырудың негізгі мақсаты – шаруашылық-ауыз су, мәдени-тұрмыстық және балық шаруашылығы үшін пайдаланылатын су нысандарына ағызған кезде, ашық және жабық жүйелерде өнеркәсіптік сумен жабдықтау кезінде қолданғанда, сондай-ақ суарылатын алқаптарға ағызған кезде пайдаланылған судың індеттік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Сарқынды суларды зарарсыздандырудың тиімділігін бағалау кезінде сарқынды суды ағызу немесе пайдалану шарттарын ескере отырып, зарарсыздандырылған сарқынды судың 6 қосымшада берілген талаптарға сәйкестік ұстанымы негізге алынады. Зарарсыздандырылған сарқынды суларды үстіңгі беттегі су нысандарына ағызып жіберген кезде үстіңгі қабаттағы суларды ластанудан қорғау жөніндегі санитарлық ережелердің талаптарын сақтау қажет. Сарқынды суды суару үшін пайдаланған кезде сарқынды суды суару мен тыңайту үшін пайдалануға қойылатын гигиеналық талаптарды басшылыққа алады. Зарарсыздандырылған сарқынды суды айналымды және қайталанушы сумен жабдықтау жүйелерінде қолданған кезде өнеркәсіптік сумен жабдықтауда тазартылғанға дейінгі қалалық сарқынды суларды пайдаланудың гигиеналық бағасы бойынша әдістемелік сілтемелердің талаптары сақталу керек. Індетті ауруханалардың сарқынды сулары елді-мекендік жерлердегі су ағызу жүйелеріне өндірістік сарқынды суларды қабылдау ережелеріне сәйкес зарарсыздандырылу керек. Хлорланған сарқынды суларды су айдынына ағызу алдында хлорсыздандыру керек (реагенттік тәсіл, аэрация және т.б.). Хлорсыздандыруды қамтамасыздандыру мүмкін болмаған жағдайда зарарсыздандырудың басқа да тәсілдері қолданылу керек.

Өнеркәсіптік сумен жабдықтау кезінде және ауыл шаруашылық жерлерін суару үшін пайдаланылатын сарқынды суларды су нысандарына ағызу кезінде оларды зарарсыздандырудың тиімділігі бағаланады және олардың індеттік қауіпсіздігі мен зиянсыздығы кепілдену керек.

Сулардың індеттік қауіпсіздігінің негізгі критерийі болып оларда патогендік микроағзалардың – індетті аурулар қоздырғыштарының болмауы табылады. Үстіңгі қабаттағы суларды ластанудан қорғау жөніндегі қолданыстағы санитарлық ережелерге сәйкес зарарсыздандыру тиімділігінің индикаторлық микробиологиялық көрсеткіштері табылады:

- сарқынды сулардың фекальды ластану деңгейін және бактериялық ішек індеттері қоздырғыштарының қатысу ықтималдығының дәрежесін сипаттайтын микробиологиялық көрсеткіштер сияқты жалпы колиморфтық бактериялар (лактоздық оңтайлы ішек таяқшалары);

- шаруашылық-тұрмыстық сарқынды сулардың вирустық ластану индикаторлары ретінде колифагтар.

Индикаторлық микроағзалар ретінде бірқатар елдерде термотолеранттық (фекальды) колиформдық бактерияларды, Е.coli, фекальдық стрептококктарды пайдалану ұсынылады.

Микробиологиялық көрсеткіштермен бірге хлормен және озонмен зарарсыздандырылған сарқынды суларды бақылау олардың қалдықтық шоғырлануын анықтау бойынша жүргізіледі (зарарсыздандыру үрдісін аяқтағаннан кейін). Тиімді зарарсыздандырушы үлесті зарарсыздандыру жасалатын нақты сарқынды сұйықтық үшін тәжірибелік жолмен таңдайды. Бұл жағдайда реагенттің тиімді үлесі хлор сіңіргіштіктен немесе озон тұтынудан (озонның абсорбирленген үлесі) және қажетті уақытта байланысқа түскеннен кейінгі тиісті реагенттің қалдықтық мөлшерінен түзіледі. Сарқынды сұйықтықтың хлор сіңіргіштігі және озон тұтынушылығы оның сапасына тәуелденеді. Зарарсыздандыру тәсілі ретіндегі УКС тиімділігі УК сәулелендіру үлесімен анықталады. УКС зарарсыздандыру үрдісіне сенімді бақылау жасау УК сәулелендірумен зарарсыздандырылған сарқынды суларды санэпидқадағалау жөніндегі әдістемелік сілтемелерге сәйкес қамтамасыздандырылады. Зарарсыздандыру сатысын енгізген кезде микробтық ластундың тиімді белсендірілмеуіне қол жеткізілуі мүмкін сапаға дейін сарқынды суды тазарту немесе қайта тазарту қарастырылады. Зарарсыздандыруға келіп түсетін сарқынды сулар негізгі көрсеткіштері бойынша 7 қосымшада берілген талаптарға сәйкес болу керек. Осы көрсеткіштердің немесе одардың біреуінің деңгейлерінен асып кеткен жағдайда қажетті әсерді қамтамасыз ететін зарарсыздандыру тәртіптерін негіздеу қажет.



Зарарсыздандыру тиімділігін санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 7 бабына сәйкес (денсаулық сақтау саласындағы) Өкілетті орган ҚР территориясында мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі атқарымды және т.б. атқарымдарды жүзеге асырады. ҚР осы Кодексінің 21 бабына сәйкес МСЭҚ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулылығы саласында ҚР заңнамасының бұзылуының ескертуге, шығаруға, алдын алуға, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулылығы саласында нормативтік-құқықтық актілердің сақталуына және тұрғындардың денсаулығы мен тіршілік ортасын қорғау мақсатындағы гигиеналық нормативтердің сақталуына бақылау жасауға бағытталған. МСЭҚ нысандары болып жеке және заңды тұлғалар, ғимараттар, құрылыстар, өнеркәсіптік кәсіпорындар, өнім, жабдық, көлік құралдары, су, ауа, азық-түліктер және қызметі, пайдаланылуы, тұтынуы, қолданылуы адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін басқа да нысандар табылады.

Сарқынды суларды зарарсыздандыру тиімділігінің МСЭҚ мыналардан тұрады:

- сарқынды суларды ағызып жіберу және пайдалану шарттарын келісу;

- сарқынды суларды зарарсыздандыру технологиясын, өндірістік бақылау бағдарламаларын (көрсеткіштер, сынамаларды іріктеу нүктелері мен еселілігі, анықтау тәсілдері) келісу;

- өндірістік бақылау кезінде алынған нәтижелерді жүйелі түрде талдау;

- зарарсыздандырылған сарқынды суды ағызып жіберу шарттарын өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;

- жергілікті өзін-өзі басқару органдарының індеттік қолайсыздықтардың туындауы немесе бар болу қаупі туралы жергілікті өзін-өзі басқару органдарына дер кезінде ақпарат беру;

-үстіңгі қабаттағы суларды ластанудан қорғау жөніндегі санитарлық ережелердің талаптарына сәйкес халықтың шауаршылық-ауыз су және мәдени-тұрмыстық суды пайдалану жармада зарарсыздандыру тиімділігіне зертханалық бақылау жүргізу (сарқынды суларды су нысандарына ағызып жіберген кезде);

Сарқынды суларды зарарсыздандыру технологиясын келіскен кезде мыналар ұсынылады:

- тазарту және соңына дейін тазарту сатыларында сарқынды суларды өңдеу тиімділігі жөніндегі деректер;

- зарарсыздандыруға келіп түсетін сулардың санитарлық-микробиологиялық және санитарлық-химиялық сипаттамалары;

- зарарсыздандыру параметрлері (реагент үлесі, әсерлесу уақыты және т.б.);

- эксперименттік (жаңа тәсілдерге) және тәжірибелік-өнеркәсіптік сынаулардың нәтижелері;

- гигиеналық қорытындылар және технология мен жабдықтың сәйкестік сертификаттары.

Зарарсыздандырудың жаңа тәсілдеріне санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылар беру үшін ұсынылған эксперименттік зерттеулердің материалдары үлестік-уақыттық параметрлерден тұрады, олар индикаторлықтардың санына қарағанда аз мөлшердегі таза дақыл түрінде қосылған индикаторлық (шынайы сарқынды судан) және патогендік бактериялар мен вирустар бойынша гигиеналық талаптарға сәйкес қажетті әсерді қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда көрсеткіштер жиынтығы кеңейтіледі: негізгілерден басқа (жалпы колиформдық бактериялар мен колифагтар) сарқынды судың ерекшеліктерін ескере отырып, мысалы туберкулездік аурухананың сарқынды суы, зерттеулерге қосымша индикаторлық және басқа да көрсеткіштерді қосады. Экспертименттер зарарсыздандыру үрдісіне әсер ететін әртүрлі шарттарда орындалады (сарқынды судың рН, температурасы, сапалық құрамы, микроағзалардың бастапқы шоғырлануы, түрлік және штаммдық айырмашылықтар және т.б.).

Тәжірибелік-өнеркәсіптік сынаулар кезінде тазартқыш құрылғыларында ұқсас зерттеулер жүргізілу керек, онда нақты қозғаушы күштерді, жергілікті жағдайларды, сарқынды судың сапалық құрамының өзгеруін ескере отырып, зарарсыздандыруды енгізу ұсынылады. Нақты сарқынды судың химиялық байланысының трансформациясы нәтижесінде (зарарсыздандырудың реагенттік тәсілдері кезінде) және оны ағызу кезіндегі теріс әсерлерді ескере отырып, жаңа заттардың болуын зертханалық зерттеулердің материалдары беріледі.

Тәжірибелік-өнеркәсіптік сынаулар нәтижелерін бағалау кезінде зарарсыздандырудың тиімділігі мынадай жағдайларда қанағаттанарлық деп есептеледі:

- 10 бірізді іріктеп алынған сынамалар топтамасының әрқайсысы бойынша көп дегенде сынамалардың 15 % саны индикаторлық көрсеткіштердің нормативінен аса алмайды; бұл кезде нормативтен асып кету көп дегенде 2,5 есеге ғана рұқсат етіледі;

- іріктеп алынған кез-келген сынаманың 1 л суындағы патогендік микроағзалардың болмауы.

Өндірістік зертханалардан және МСЭҚ аймақтық органдарынан алынған деректерді талдау кезінде мыналарға назар аударылады:

- табылған шамалардың нормативтік талаптарға сәйкестігіне;

- өндірістік зертханалар мен МСЭҚ зертханаларының талдау нәтижелерінің қарама-қайшылығына;

- индикаторлық микроағзалар бойынша зарарсыздандырылған сарқынды сулардың ластану деңгейлеріне, бұл оларды су нысандарына ағызған кезде ықтимал індеттік қауіптілік деңгейі туралы талқылауға мүмкіндік береді.

Елді мекендер аймақтарында МСЭҚ аймақтық органдарының індеттік аурушаңдыққа жүргізетін скринингі зарарсыздандырылған сарқынды суларда бақыланатын барабар патогендік микроағзаларды таңдауға бағдар береді. Елді мекенде індеттік жағдай өзгерген кезде тиісті патогендік микрофлораны міндетті зерттеу арқылы өндірістік зертханалық бақылау бағдарламасын түзетуді жүргізеді. МСЭҚ аймақтық органдары сарқынды суларды зарарсыздандыру тиімділігіне бақылау жүргізуі кезінде құжаттаманы жүргізу тексеріледі, онда келісілген көрсеткіштер бойынша санитарлық-микробиологиялық және санитарлық-химиялық талдаулардың нәтижелері, сондай-ақ зарарсыздандырудың технологиялық параметрлері (хлор мен озонның қалдықтық мөлшері, УФО үлесі және т.б.) тіркеледі. Сонымен қатар МСЭҚ аймақтық органдары санитарлық-індеттік жағдайды есепке ала отырып және індеттік көрсеткіштер бойынша тағайындалған бағдарлама бойынша және мерзімдерде сарқынды суларды зарарсыздандыру тиімділігін таңдамалы зертханалық бақылау жүргізеді. Сарқынды суларды тазарту және зарарсыздандыру жасайтын құрылғыда жұмыс жасайтын қызметкерлер құрамының еңбек шарттарына қатысты гигиеналық талаптарының сақталуын бақылау кезінде шекті рұқсат етілген шоғырлануы сәйкесінше 1,0 мг/м3 және 0,1 мг/м3 болатын жұмыс аймағының ауасында хлордың және (немесе) озонның тексеруді жүргізу қажет. Қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы ережелер мен нұсқаулықтарды сақтаудан басқа, патогендіктің III және IV топтарындағы микроағзалармен жұмыс жасау қауіпсіздігін ескере отырып, зарарсыздандырудың нақты тәсіліне қатысты қолданылатын арнайы шаралар жүргізіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет