Инструкция по проектированию противорадиационных укрытий енгізілген күні 2001. 10. 01 Кiрiспе 1 жасалған «Азаматтұрғынжоба»



бет3/8
Дата09.06.2016
өлшемі0.93 Mb.
#124489
түріИнструкция
1   2   3   4   5   6   7   8

3.8 Құрылымдарда қолданылатын ағаш үшін есеп айырғанда қарсы тұратын ҚНжЕ ІІ-25-80 келісілген және бекітілген динамикалық коэффициент Ку = 1,4 көбейтіліп есеп айырғанда бірдей қолданылғаны жөн.

Әр түрлі құрастырылған нәрселердің бекітілген динамикалық коэффициенті жоғары жылдамдықта құрастыру қасиеттеріне байланысты созылуын есепке ала отырып, құрастыруда жүктеме жұмыстардың ерекше қиылысуы есептелмейді. Материалдардың шыдамды қасиеттері артуын құрастырғанда барлық жағдайы қарастырылады.

3.8-тармақта анықталғандай, ағаштардың есептік қарсылығы топыраққа қатысты ағаштық құрылымдар есебінде қолданылады. Топыраққа қатысты емес жағдайда ағаш сүректің есептік қарсылық мәні қосымша коэффициентке γс = 1,3 көбейтіледі.

3.9 ҚНжЕ ІІ.22-81 талаптарына сай тастан және армотастық құрылым элементтер есебінде бірінші топтың шектеу жағдайында жүргізуі керек.

Тастан жасалған материалдар қабырғалары есебінде ео £ 0,7 у созылған аймақта жарықтарды тексермей шығарылады. Эксцентриситеттің жоғарғы шамасын есептегенде мына шарттарды орындау ескеріледі:

шектеу жағдайында: lа - ео £ 0,95y,

шектеу жағдайында: lб - ео £ 0,8у;

мұндағы у - эксцентриситет жағындағы элементтің ауырлық ортасының шетке ауытқуының ара қашықтығы.

Тастан жасалған қабырғалардың созылмалы қасиеттерін динамикалық жүктемелердің әсерінен мыналар есепке алынады:

- арқалық қабырғасының іргетас пен тасаның деңгейіне еркін орнығуы есеп айыру сызбасы;

- тік тұрған жүк жоғары орналасқан қабырғаларының салмағына тең және РҚТ динамикалық жүк әсер етумен қатар, демеп тіреп тұратын тасаның әсері болады;

- қабырғалардың жоғарғы жағына көлденең динамикалық жүктер әсер етеді. Қажет емес жағдайда қабырғалары тік екі сызба арқылы жұмыс істелінеді. Сызылу шартымен (1-үлгі) немесе керісінше созылу шартымен, яғни көлденең жарықтардың пайда болуына байланысты жұмыс атқарады. (2-сурет).

1-үлгідегі қабырға ортасының созылуы немесе қабырға шетінің сызылуы аздаған эксцентрисиспен шектеулі шамамен алынады:


(1)
мұндағы ео - эксцентриситеттің ауырлық центірінің салыстырмалы күші;

h - қабырғалардың қалыңдығы (тік қабырғалардың созылуы).

Екінші үлгі бойынша үлкен эксцентриситетпен жұмыс жасалынады:
(2)

Екпінді толқынның әсер ету аймағындағы РҚТ қабырғаларындағы талаптардың бірі динамикалық жүкке қарсы тұру мүмкіндігі пайда болады, сонымен қатар көлденең жүктің шетке сығылуы екпінді толқын әсерлерінен РҚТ үлкен эксцентриситет қабырғаларының эксцентриситет шамасын шектемеуге болады.

Динамикалық жүктің ішкі әсерлесу үрдісінде эксцентриситет шамасының күштері өзгереді. Басында эксцентриситет салыстырмалы жүктелгенде күштің шамамен мына формуласымен анықталады:
(3)
мұндағы H - қабырға биіктігі;

l - қабырғада қиысатын ұшу тасасы;

α - өлшеусіз шама мына формуламен анықталған:
(4)
мұндағы e1 - тіреу әрекеті эксцентриситеті (қабырғаның аралық ауырлық ортасына дейінгі аражабынға тіреу әрекетінің қосымша осінің арақашықтығы).

x - қабырға құралымымен топырақтағы және әуе екпінді толқынындағы өзара әсер ету шартының шамасын анықтайтын коэффициент.

α > 1,172 мәніндегі максималды сәтінде осы жағдайда аражабын мен көтеруші қабырға деңгейінде қиындыда болатын статистикалық әдіспен есептелінуі мүмкін.

Қабырғаға топырақ арқылы жүк болатын x-мәні топырақ түріне және сызбаға қатысты. РҚТ қабырғаларының толық тереңдігінің коэффициенті мынаған тең:


x = 1,3 Кб , (5)
Кб - ҚР ҚНжЕ 2.04-09-2002 бүйір қысымының коэффициенті

1,3 - топырақ салмағының сығылу жылдамдығы көлденең қабырғаға қысымның ұлғаюын есепке алғандағы коэффициент (әуе екпінді толқын қозалысындағы кіші қысымдарда жүргізіледі).

РҚТ басқа ғимараттар мен сыртқы салынбаған қабырғалардан қоршалатын қабырғалар үшін x 1-ге тең жуық деп қабылдаймыз. Аралық эксцентриситет (3) формуласы бойынша анықталады, төменгі жазықтық тасаынан арақашықтық етіп алынған.

Қабырғаның биіктігі орта кезінде сыртқы қабырғалардың өздігінен қолайсыз максималды жағдайларда эксцентриситет салыстырмалы шамасы, бұл аралықта мына формуламен алынады:



(6)
КТ - таса материалы бойынша қабырға материалдарының қажалу коэффициенті

(6) формулада бойлық күштер есепке алынып, өздігінен сыртқы қабырғаларда пайда болатын РҚТ қабырғаларының жоғарғы шеттерінде тасаны құралымында сүйеу болады.

Үлкен эксцентриситеттерде мұндай аралықтарда топырақ қоспасын бұзғанда сығылған жұмыс бөлігінің азайуымен қабырғаның өсу салдарынан көлденең жарықтар пайда болады. Топырақ қоспасының аз төзімділік салдарынан серпінді қабырға созылуы қалдықтарымен салыстырғанда, сондай-ақ есеп айырғанда 1а серпінді кезеңді ескермеуге болады.

Қабырға көлденең жарылғанда бір-біріне қатысты, әрі іргетасы да, тасасы да екі бірдей блокқа салыстырмалы түрде бөлінеді (11-сурет).

1а шектік жағдайына жету көптеген алмасулар қабырғасын алу сәтінде тік сынықтардың ашылу қиындысындағы сығылған аймақ қалау материалының бұзылуымен сипатталады.

1а шектік жағдайы тік сынықтардың толық бұрыштарының ашылу шамасымен нормаланады. Қабырғаның беріктігінің шарты мынадай:


φмакс £ φп, (7)
мұндағы φп - сынықты (саңылауды) ашудың шектік бұрышының жартысы, оның шамасы тәжірибедегі деректерден немесе мына формула бойынша анықталады.

11-сурет - Тасты арматураланбаған қабырғаның есепті сызбасы.


m - жоғары қойылған қабырға салмағы; mб - таса бөлігінің салмағы; mф - ірге тастың салмағы; Qt - тасанан алынған жүктеме; T2 - ірге тас табанының күші.
(8)
мұндағы R - сығылған қалаудың есептік қарсылығы;

hk - қалау қатарының биіктігі;

yо - сынық қиындысындағы сығылған аймақ қалауының биіктігі;

Ek - қалау деформациясының модулі Еk=0,5Е0;

Eо - ҚНжЕ ІІ.22-81 бойынша анықталатын қалау серпімділігінің модулі (бастапқы деформация модулі);

φмакс - сыртқы динамикалық жүктемелердің әсері арқылы қабырғалар қозғалысының диффериенциалды тепе-теңдігін шешуді анықтайтын блок айналымының жоғарғы бұрышы:


(9)
fмакс(t) - қолданыстағы динамикалық жүктемелер сипатына байланысты уақыт қызметі. Оның жоғарғы мәні серпінділік коэффициентіне тең;

R1 - есепте ескерілетін жоғарыда орналасқан қабырғалардың салмағы;

A4 - мына формула бойынша анықталатын қатаңдылық коэффициенті;
(10)

A5 - мына формула бойынша анықталатын коэффициент:

а) көтеруші қабырғалар үшін
(11)
мұндағы у2 - қабырғадағы таса элементтерінің тіреу орындарындағы аймақ биіктігі; у2 - таса элементтерінің бітеу ұзындығына тең деп алуға болады;

б) өздігінен көтеруші қабырғалар үшін


(12)
в) қалау арасында жатқан қатаң ригельді қосатын қаңқаларды толтыратын қабырғалар үшін
(13)
РЭКВ эквивалентті статистикалық тік жүктемесінің шектік шамасы екпінді толқыннан бойлықсыз арматуралаудың тас қабырғасына (7) және (9) мағыналарымен анықталады.
, (14)
мұнда РЭКВ = fмакс(t) xDР = К x DР.
РЭКВ шектік шамасына тиісті екпінді толқын қозғалысындағы қысым мына формула бойынша анықталуы мүмкін.

(15)

сығылған аймақ биіктігі шектік жүктеме шартының ең төменгісіне тең:

а) көтеруші қабырғалар үшін

, (16)

мұндағы

уо = 0,125 h

мұндағы

б) өзін-өзі көтеруші қабырғалар үшін
, (17)

мұндағы

yо = 0,125 h

мұндағы

в) қаңқаларды толтыру қабырғалары үшін

, R1 = 0.

Тас қабырғаларының көтеруші ерекшеліктері бар есеп мысалдары 3-қосымшада келтірілген.


4 РАДИАЦИЯҒА ҚАРСЫ ҚОРҒАУ ЕСЕБІ
4.1 РҚТ қорғанысының қажетті коэффициенті олардың орналастыру белгісі мен орнына байланысты, сондай-ақ паналаушы тұрғындардың өндірістік қызметінің сипаты ҚР ҚНжЕ 2.04-09-2002 сәйкес жобалауға арналған тапсырмада белгіленеді.

Ескерту - Түскен радиоактивті жауындар көлбеу және қисық сызықты беттердегі деңгейлес беттер мен проекцияларға біркелкі бөлінген деп саналады. Тік беттері (қабырғалардың) зақымдануы есепке алынбайды.

Радиоактивті зақымданған жерлерде адамдарды үш түрлі сәуле: гамма-сәулесі, альфа және бета-бөліктерінен қорғауды қамтамасыз ету қажет. РҚТ негізгі мәні - өте қатты өтетін және биологиялық қауіпті гамма-сәулесінен қорғау.

Бета-бөліктері (электрондар) тері немесе ағза ішіне түскен кезде ғана адамдар зақымдануы мүмкін. Қалың киім түріндегі жеңіл экран бета-бөліктерінен қорғауды қамтамасыз етеді.

Альфа-бөліктері киімнен және теріден өтіп кете алмайды.

Гамма-сәулесінен РҚТ қорғаныш өзгешеліктері қорғау коэффициентімен бағаланады.

Радиоактивті зақымданған жерде орналасқан бөлмеде (ғимаратта) Дз.д мөлшері Д¥ мөлшерінен үнемі аз, қабырғалармен және аратасалармен, сонымен бірге ғимараттар және қоршаған құрылыстардың геометриялық параметрлерімен радиацияның әлсіреуі есебінен.

РҚТ (Кз) қорғау коэффициенттерін анықтау келесі алғышарттардан жүргізіледі:

- ағымдағы уақытпен гамма-сәулесінің тиімді спекторы, егер табиғи құлдырауды есептемесе, өзгертілмейді, ал демек қорғау қалыңдықтарымен сәулелену әлсіреу шектеулігі де өзгертілмейді;

- қуыстар, ойықтар және ауыр элементтердің (арқалық, беларқа және т.б.) қорғау қалыңдықтарындағы санында материал біркелкі таралған деп қабылданады. 1 м2 қоршалған құрылымның келтірілген салмағы олардың құрамдық материалдарының көлемдік салмағына байланысты анықталады.

Тасада есеп беру нүктесі имараттың геометриялық орталығында еденнен 1 м биіктікте орналасады.

Нұсқадан есеп беру тасаның қоршалған құрылымдарының параметрлері бөлмені бейбіт кезеңде пайдалану бойынша талаптарды қадағалауды қамтамасыз ету кезінде орындалады.

Есеп беру алдында тасаның географиялық моделі қабылданады және қоршау құралымдары жөнінде шыққан мәліметтер (массасы 1 м2 сыртқы және ішкі қабырғалар мен аражабындар, қабырғалардағы ойықтар ауданы мен олардың орналасу биіктіктері), сонымен бірге объектінің белгілі бір жерде орналасуы жөніндегі мәліметтер (объектіге іргелес аумақтар мен көшелердің құрылып болмаған жерлерінің өлшемі, құрылыс сипаты) анықталады.

РҚТ қорғау коэффициенті (Кз) есептеуі ғимараттар мен имараттардың нақты түрлеріне қатысты эмпирикалық формулалар бойынша жүргізіледі.

Егер бейбіт кезеңде пайдалануға жарамды тасалардың қорғау ерекшеліктері қойылған талаптан төмен болса, жобаға олардың қорғау ерекшеліктерін арттыратын өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажет. Ең алдымен мұндай өзгерістерге ойықтар ауданын бөлмені таса режиміне аудару кезінде олардың бітелуі жолымен азайту, сыртқы қабырғаларды опыру, материалдарды ауыстыру және құрылымдарды енгізуді жатқызу керек.

Көп қабатты ғимараттарда тасалардың қорғау ерекшеліктерін арттыру тасамен шектес және оның алдында орналасқан бөлмелердің радиоактивті зақымдану мүмкіндігін алып тастайтын шараларды жүзеге асыру жолымен қол жеткізілуі мүмкін.

Әрқашан жобаға сол немесе басқа өзгерісті (толықтыруды) енгізген кезде қорғау коэффициентінің бағасы жүргізіледі.



4.2 Бір қабатты ғимараттардағы бөлмелер үшін Кз қорғау коэффициенті мына формула бойынша анықталады:
(18)

мұндағы K1 - сыртқы және ішкі қабырғалар арқылы өтетін радиация үлесін есепке алатын коэффициент, (38) формула бойынша ҚР ҚНжЕ 2.04-09-2002 қабылданады.

КСТ - бірінші сәулелену қабырғаларымен әлсіздену шектеулігі қоршалған құрылымдардың жиынтық салмағына байланысты 3-кесте бойынша анықталады.

КПЕР - бірінші сәулеленуді әлсіздендіру шектеулігі қоршалумен 3-кесте бойынша анықталады.

V1 - бөлменің биіктігі мен еніне байланысты коэффициент 4-кесте бойынша қабылданады.

КО - бөлмеге екінші сәулеленудің өтуін есепке алатын коэффициент, осы нормадағы 4.3-тармаққа сәйкес анықталады.

КМ - көрші құрылыстырдың әрекетін экрандайтын құрылыс ауданында орналасқан ғимараттардағы радиация мөлшерінің төмендеуін есепке алатын коэффициент, 5-кесте бойынша қабылданады.

КШ - ғимараттың еніне байланысты коэффициент, 4-кестедегі 1-тармақ бойынша қабылданады.


3-кесте


Құрылымдарды қоршайтын салмағы 1 м2

Жердің радиактивті залалдануы және гамма сәулесінің әлсіреу шектеулігі

КСТ қабырғасымен (бірінші сәулелену)

КПЕР жауып тастауымен (бірінші сәулелену)

КП үйасты қабатының (екінші) сәулеленуін жауып тастауымен

150

2

2

7

200

4

3,4

10

250

5,5

4,5

15

300

8

6

30

350

12

8,5

48

400

16

10

70

450

22

15

100

500

32

20

160

550

45

26

220

600

65

38

350

650

90

50

500

700

120

70

800

800

250

120

2000

900

500

220

4500

1000

1000

400

10000

1100

2000

700

³104

1200

4000

1100

³104

1300

8000

2800

³104

1500

³104

4500

³104

Ескерту - Қоршау құрылымдарының 1 м2 салмағы аралық мәндері үшін КСТ, КПЕР, КП коэффициенттерін интерполяция бойынша қолдану керек.

4-кесте



р/с


Бөлме биіктігі, м

Бөлме (ғимарат) еніндегі

V1 коэффициенті, м



3

6

12

18

24

48

1

2

3



4

2

3

6



12

0,06

0,04


0,02

0,01


0,16

0,09


0,03

0,02


0,24

0,19


0,09

0,05


0,38

0,27


0,16

0,06


0,38

0,32


0,2

0,09


0,5

0,47


0,34

0,15


Ескертулер:

1 Бөлменің ені мен биіктігінің аралық мәедері үшін V1 коэффициенті интерполяция бойынша қолданылады.

2 Топыраққа енген немесе төгілген құрылыс үшін бөлме биіктігін төгілген жердің жоғарғы белгісіне дейін қолдану керек.



4.3 Коэффициенті сыртқы қабырғаларда терезе ойығы астының орналасуында еденнен мынадай биіктікте қолданылады: 1 м - 0,8 α; 1,5 м - 0,15 α , 2 м және одан жоғары - 0,09 α.

α коэффициенті мына формуламен анықталады:


(20)

мұнда SО - терезе және есік ойықтарының ауданы (салынбаған ойықтар мен тесіктер ауданы)

SП - баспана еденінің ауданы.

4.4 Көрші ғимараттар мен имараттардың экрандауы әсерінен радиация мөлшерінің төмендеуі Км коэффициентімен анықталады. Ол 5-кесте бойынша қолданылады.
5-кесте


Баспананың орны

Ғимаратқа жалғасқан залалды жер еніндегі Км коэффициенті

3

10

20

30

40

60

100

300

Бірінші немесе үйасты қабатында

0,45

0,55

0,65

0,75

0,8

0,85

0,9

0,98

Екінші қабат биіктігінде

0,2

0,25

0,35

0,4

0,45

0,5

0,55

0,6


4.5 Жобаларды дайындауда төмендегілерге тең келетін Км коэффициент орташа мәндеріндегі РҚТ арналған бөлмелердің қорғау ерекшеліктерін анықтауға болады.

0,5 - өнеркәсіптік кешен ішіндегі өндірістік және қосымша ғимараттар үшін;

0,7 - магистральдық көшелер бойында немесе қалалық тастан салынған тұрғын ғимараттардың құрылыс орындарында орналасқан өндірістік және қосымша ғимараттар үшін;

1 - жеке тұрған және ауылдық елді мекендердегі ғимараттар үшін.

РҚТ кез келген қабырғалары арқылы жалпы сәулелену сол қабырғаны бөлме ортасында есептік нүктеден суреттейтін жазық бұрышқа тікелей пропорционалды (12-сурет). РҚТ тікбұрышты кескінінде төрт жазық бұрыш диагональдардың қиылысынан құрылады. Жеке жағдайларда, баспана бөлмесі жоспарда тікбұрыштыдан нақты немесе босаған қабырғалары бар және қырындылар түріндегі күрделі кескінде болса, РҚТ қорғау ерекшеліктерін бағалауды әр қырындыны жазық бұрыштарға бөле отырып, сол қырындылар бойынша жүргізуге болады.

К1 коэффициенті сыртқы және ішкі қабырғалар арқылы енетін сәулелену мөлшерін санайды және барлық қабырғалар не қабырға бөлігі жазық бұрыштар шегінде 1000 кгс/м2-тан кем емес жалпы берілген массаға тең болған жағдайда ғана қолданылады.

Қабырғалардың жалпы берілген салмағы барлық жазық бұрыштар шегінде 1000 кгс/м2 және одан жоғары болған жағдайда, К1 коэффициенті баспананың қорғау ерекшеліктерін бағалауда бірлікке тең қолданылады.

1 м2 жалпы салмағы мынадай кезекте анықталады: қабырғаның (аралықтың) 1 м2 берілген салмағы қабырғаның 1 м2 салмағын ойық коэффициентіне () көбейту жолымен табылады, мұнда


, (21)
мұндағы Sо - ойық (тесік) ауданы;

Scт - қабырға (аралық ауданы).

Бір жазық бұрыштағы қабырғалардың табылған белгілі массалары қосылады.

Таса

12-сурет - Жазық бұрыштар


Кіші жазық бұрыштар (Σαi ≤ 36°) К1 коэффициентінің мәні 10-ға тең болады.

Бірыңғай қабырғалар, аралықтар және жабулар массаларын олардың құрылымдарына байланысты анықтауда 3-қосымшада берілген мәліметтер қолданылады.

(Kст) қабырғалармен сәулелендіру әлсіреуінің шектеулігі шамасы қабырғалардың орташа салмағы бойынша анықталады, олардың жалпы салмағы 200 кгс/м2-тан артық емес шамада болуымен ерекшеленеді;

, (22)
мұнда αi - шегінде қабырғалардың жалпы салмағы 1000 кгс/м2-тан кем, жазық бұрыштың градустағы шамасы.

Gi - 1000 кгс/м2-тан кем қабырғалардың жалпы салмағы.

12-суретте αi және α3 - 35°; α2 және α4 - 145°.

Жазық бұрыштар шегінде қабырғалардың жалпы салмағы мынаны құрайды:


G1 = 1050, G2 = 980, G3 = 900 и G4 = 980 кгс/м2.
кгс/м2.
Қабырғалардың табылған орташа салмағында 1 м2 және 3-кестеде келтірілген мәліметтер бойынша КСТ коэффициентінің мәнін табамыз.

Егер жазық бұрыштар шегінде қабырғалардың жалпы массалары өзара 200 кгс/м2-тан артық шамада ажыратылса, онда қабырғалармен сәулелендірудің әлсіреу шектеулігі мына өрнектен анықталады:



(23)
мұнда - жалпы салмағы 1000 кгс/м2-тан кем қабырғалармен сәулелендіру әлсіреуінің шектеулігі.

Мұнда орташа массаны анықтау кезіндегідей жалпы салмағы 1000 кгс/м2-ге тең немесе одан жоғары қабырғалар есептен алынып тасталады.

1 м2 қабырғалардың 1000 кгс/м2 және одан жоғары жалпы салмағында кез келген бағытта қабырғалармен сәулелендіру әлсіреуінің шектеулігі () жалпы салмағы төменірек қабырға бойынша анықталады.

V1 және Kш коэффициенттері Кз есебінде нәтижесінде сәулеленуі жеке бағаланатын баспана және ғимарат төңірегінде радиоактивті жауындардың таралуы сипатына әсерін есепке алуға мүмкіндік береді.

Ғимарат жабуында жатқан радиоактивті жауындардың бірінші гамма-сәулеленуі сыртқы қабырғалар арқылы ішке өте алмайды, және, керісінше сәулелену жердің үстіңгі қабатынан тек қабырғалар арқылы ғана әсер етеді.

V1 және Kш коэффициенттері аймақтың қандай бөлігін ғимараттың зақымданған тасалары (шатырлары) құрайтынын, ал биік ғимараттарда есептелген нүктеден (биіктік бойынша) зақымданған қабатын алып тастау да ескеріледі.

Коэффициенттер мәндері жақын жерлердің сәулеленуі айтарлықтай көп болғандықтан есептелген нүктеден түрлі тазартылуында орналасқан тасалар мен аймақ бөліктерінің зақымдану көлеміне пропорционалды емес. Егер V1 мәндері бөлменің бір ендігіне тән биіктігіне (ара қашықтығына) байланысты қалай өзгеретінін бақылайтын болсақ, бұл 4-кестеден көрінеді. V1 коэффициенті бөлменің биіктігі мен еніне байланысты болады және тасадағы радиоактивті заттар асып түсу арқылы радиацияның қандай мөлшері енетінін көрсетеді. Бір қабатты ғимараттарда баспананың ішкі қабырғалары 540 кгс/м2-тан кем емес келтірілген массаға тең болса, онда V1 анықтауда баспана еніне тең ендік алынады. Келтірілген массаның кіші мәнінде ғимарат ені алынады.

Көп қабатты ғимараттарда орналасқан РҚТ-да V1-ді анықтауда баспана бөлмесінің енін алу керек.

Kш коэффициенті ғимарат еніне байланысты болады, онда РҚТ жабдықталады және жабындардың зақымдануы есебінен аумақтың зақымданған аймақтарының азаюын ескереді.

Kш-ны анықтауда бөлмесі таса ретінде жабдықталатын ғимарат (имарат) ендігі алынады.

Kо коэффициенті тасаның сыртқы қабырғаларында ойықтардың (тесіктердің) орналасу өлшемі мен деңгейіне байланысты болады. Егер терезе ойықтары (жарық беру тесіктері, ойықтар және т.б.) еден белгісінен әртүрлі деңгейде орналасса, онда Kо шамасы әлсіз қабырға ойықтарының, тесіктері немесе жолақтарының әр деңгейі үшін Koi коэффициентерінің жеке мәндері сомасы ретінде анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет