1. Жалпы ми симптомдары
жүрек айну немесе құсумен көрінетін қатты бас ауруы;
ұйқышылдық, кейбірулер үшін кері әсер тән – қатты қозу;
есін жоғалту және бұзылу;
бас айналу;
кеңістікте немесе уақытқа бағдарын жоғалту;
жүрек қағысы;
тершеңдік және ыстықты сезіну.
2. Ошақты симптомдар
Симптомдар мидағы қалыпты қанайналымының қай бөлікте бұзылғанына байланысты болады. Мидың әрбір бөлігі белгілі бір қызметке жауап береді, демек, мидың әртүрлі бөлігіндегі қанайналысының бұзылуы әртүрлі симптомдар – тепе-теңдік, көз көру, сөйлеу арқылы көрінеді. Қозғалыстың үйлесімін жоғалту бастың айналуымен және құсумен көрінеді. Ең қауіптісі ишемиялық инсульт болып табылады, себебі оның бастапқы кезеңінде анық симптомдары байқалмайды. Ол тіпті байқалмауы да мүмкін, мысалы, бас ауруы, бас айналу, құсу түрінде бірде көрініп, бірде көрінбеуі мүмкін. Геморрагиялық инсульттың айқын симптомдары бар және бастапқы кезеңінде-ақ қатты бас ауруы, есінен тану, құсу арқылы өзін білдіреді. Ми қанайналымының өткінші бұзылуы деп аталатын түрі де бар, оны микроинсульт деп те атайды. Ол адам денсаулығының бірден өзгеруімен сипатталады – сөйлеуі, жүріп-тұруы бұзылып, жартылай немесе толық соқырлық байқалады. Микроинсульт адам денсаулығының уақытша бұзылуымен сипатталады, белгілі бір уақытта (бірнеше минут не сағат) оны қалпына келтіруге болады. Алайда адамның өзін-өзі қалыпты сезінуі ұзаққа бармайды, сондықтан мұндай жағдайда ауруханаға жатып емделу міндетті, себебі осындай патологиялық жағдай нағыз инсульттің алғашқы хабаршысы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |