Инсульт кезіндегі алғашқы көмек
Зардап шеккен адамды таза ауа кіретіндей бөлмедегі төсекке жатқызыңыз, дем алу үшін тынысын тарылтатын киімдерін шешіңіз. Егер науқас құсқан болса, аузындағы құсықты тазалаңыз. Алғашқы көмектің дұрыс көрсетілуі өте маңызды, себебі инсульттің жүруі мен салдары дәл соған байланысты болады. Науқасты тасымалдау тек жатқызған күйінде жасалады. Инсульттан кейінгі ауруды емдеу. Инсультті емдеу инсульттің қайталанбауының алдын алуға, сонымен қатар ми қанайналымын қалпына келтіруге бағытталған және кешенді емдеуден тұрады: тамырлық терапия (бас миының зат алмасуын жақсартатын дәрілерді қабылдау, оттегі терапиясы және міндетті реабилитация (емдік дене шынықтыру, массаж және физиоем). Геморрагиялық бұзылу кезінде мишық немесе мидың жоғары жартышарындағы қан құйылу оқиғасы хирургиялық емге жатады.
Инсульт профилактикасы
Инсульттің алғашқы және екінші реттік профилактикасы бар. Алғашқы профилактика мидағы қанайналымына жауап беретін тамырлар патологиясын, гипертония ауруын, артық дене салмағын жоюға бағытталған. Екінші реттік профилактика инсульттің қайталануына жол бермеуге бағытталған, оған түйіндерді жоюға және алдын алуға бағытталған дәрі-дәрмектің немесе хирургиялық араласудың көмегімен қол жеткізуге болады. Инсультті емдегенге қарағанда оның алдын алған тиімді болатынын есте сақтаңыз. Жүрек-қан тамыры жүйесінің жұмысына тұрақты түрде диагностика жасатып тұрыңыз, сонда осы бір қауіпті ауру Сізге ешқашан жоламайды.
Достарыңызбен бөлісу: |