Интернет негіздері” пәні бойынша 050111 “Информатика” мамандығының



бет2/5
Дата24.04.2016
өлшемі1.33 Mb.
#78945
1   2   3   4   5


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:
1. Брайын Фафепбергер. Открой для себя Internet . Комиздат. Диалектика. Киев, Москва,Санкт – Петребург. 1998 г.

2. В.П.Дьяконов. Internet / Настольная книга пользователя. «Салон-Р» Москва 1999 г.

3. В. Леонтьев . Новейшая энциклопедия персонального комьпютера. Масква «Олма - Пресс»,1999 г.

4. Эд.Крол. Все об Интернет.Руководства и каталог BHV. Киев 1998г.

5. Матнас Нольден. Ваш первый выход в Интернет.пер.с нем. – СПб. ИКС, 1996 г.

Қосымша
6. Джерри Хоникатт. Internet Windows 95 без проблем! Руководство пользователья, Бином, Москва , 1996 г.

7. Джон Р., Левин. Кэрол Бароди. Секреты Internet Диалектика.Киев 1996 г.

8. Марахимов А. Р. , Раманкулова С.И. Интернеттен пайдалану негіздері. Тошкент 2001 ж.

Бірінші аралық бақылау



1.

Информациялық қоғамдағы оның маңызы және ролі.

1. Компьютер-серверлер және компьютер-клиент

2. Қосымша-серверлер және қосымша-клиенттер


1 апта
3 б

Б


2.

Интернеттің пайда болу тарихы және дамуы.

1. Интернет коммуникациясының

2. Pull- және Push-модельдері


2 апта
3 б

Б

3

Интернеттің характерлік қасиет-тері.

1. Статистикалық және динамикалық беттер.

2. Тікелей Web серверде сұранысқа сәйкес қалыптастыру.

3. Тұтынушы компьютерінде қалыптастыру.



2 апта
4 б

Т

4

Компьютерлік желі.

1. Internet Ethernet

2. Fidonet және басқа желілер.


3 апта
3 б

Б

5

Компьютерлік желілердің түрлері.

www-желі.

1. Internet сервисінің коммуникативті сипаттамасы

2. Интернетке кірудің әртүрлі варианттары



4 апта
4 б

Т

6

Негізгі желілік топологиялар

1. Топология

2. Статистикалық және динамикалық беттер.


4 апта
3 б

Т

7

Шиналық, жұлдыз тәрізді және сақиналық топологиялар.

1. CGI- технологиясы.

2. Электрондық пошта жүйесіндегі адрестер


5 апта
3 б

Т


ОБСӨЖ №1.

1-апта. Бағалау балы – 3,0

Информациялық қоғамдағы оның маңызы және ролі.

ОБСӨЖ жоспар:

1. Компьютер-серверлер және компьютер-клиент

2. Қосымша-серверлер және қосымша-клиенттер
80 - ші жылдарда АҚШ әскери уәзірлігі әскери мақсаттағы ғылыми ізденулерді дамыту мақсатында Internet – ARPA net атамалы экспериментал тармақты жаратады.

ARPA net моделінде компютер – деректер және компьютер – қабылдағышы арасында тұрақты байланыс орнатылған. Тармақта мәліметтерді ұзату Internet IP протоколы негізінде амалға асырылады. IP протоколы бұл тармақта істеу қағидалары және жұмыс істеу мәліметтері . ARPA net жаратылғаннан соң 10 жылдардан соң локал есептеу тармағы (LAN) пайда болды. Сонымен бірге UNIX операциялық жүйелі станциялар - компьютерлер дүние жүзін көрді. Бұл операциялық система тармақта Интернет (IP) протоколымен оңай істей алады. Жаңа мәселелер және олардың жаңаша шешілу әдістері пайда болуы себепті жаңа қажеттіліктер пайда болды, яғни желілерде өздерінің локал тармақтары мен ARPA net ке байланысуды қалады. Осы уақытта және басқа желілер пайда болып, олар IP ге жақын коммуникациялық протоколдардан пайдаланушы негізгі тармақтарға ие болады.

80 – жылдар соңында ұлттық ғылыми фонд (National Science Foundation - NSF) 5 суперкомпьютерлік желі(NSFNET) пайда болды. Байланыс нарқының өте жоғары болуы - проблемалардың бірі болды. Мұнда VSF ARPAnet- тің IP технологиясына негізделген өзінің тармағын жаратты. Желінің ұзату дәрежесі 56 kdps (7 kb/s) болған негізгі телефон линиялары мен байланыстырылады.

Бірақ барлық зертттеу желілерін желімен турадан – тура байланыстыру мүмкіншілігі жоқ еді. Бұл проблеманы шешу үшін региялықал белгілері бойынша тармақтар пайда ету керек болды. Мемлекеттің әр бір түкпіріндегі қалаушы кәсіпорындар көршілері мен бірігулері нәтижесінде суперкомпьютер желі пайда болды. Осы тәсілде пайда болған барлық желілер өзара байланысуы мүмкін болады.



Компьютер-серверлер және компьютер-клиент

Интернетке қосылған барлық компьютерлерді екі типке бөледі, олар :серверлер және клиенттер. Бір компьютерде серверді де және клиентті де орнату мағынасында бөлу онша қатаң жүргізілмейді. Жергілікті компьютерде Web-сервер орнатылуы мүмкін және осыған қарамастан, дәл осы компьютерде браузермен және почталық клиентпен де жұмыс жасауға болады.

Басқа компьютерлерге анықталған сервис ұсынатын компьютерлерді серверлер (ағыл., to serve – қызмет көрсету) деп атайды, ал осы сервисті қолданатындар - клиенттер.

Көп жағдайларда үйдегі клиенттік компьютерлерде әр уақытта Интернетке кіруге мүмкіндігі болмайды, сондықтан Желіге тек керек уақытта ғана қосылады. Керісінше, компьютер-серверлер мәліметтерді берудің жоғары жылдамдықты арналары арқылы Интернетпен байланысқан, сондықтан оларға сұраныс арқылы хабарласуға болады.



Қосымша-серверлер және қосымша-клиенттер

Компьютерлерді серверлер мен клиенттер деп атағаннан гөрі, оларды бағдарламалық қамсыздандыру деңгейіндегі клиенттер немесе серверлер деп атаған жөн. Бір бағдарлама клиент есебінде, ал екіншісі сервер есебінде іске қосылатын қосымшалардың өзара байланысы клиент-сервер архитектурасы деп аталады.

Сервердің басты тапсырмасы – сервиске қайсыбір клиент сұраныс жібермейінше әр кезде жұмыс жасап және күту жағдайында болу болып табылады.

Серверде сұраныстардың көптігінен оның жұмысы баяулап және белгілі бір сұраныстарға қызмет көрсетуді тежейді. Серверге сұраныс белгілі бір протокол шегінде болады – бұл Желіде компьютерлер арасында байланысты қамтамасыз ететін стандарттар жиыны. Серверлік бағдарламалар клиенттік бағдарламаларға қызмет көрсету үшін компьютердің аппаратты ресурстарын қолданады. Клиент-бағдарлама сұраныс құрып, оны Желі арқылы белгілі бір адреске жібереді және алдын ала белгіленген протокол арқылы сервер-бағдарламамен өзара байланысады. Сол бір компьютерде бірнеше серверлік бағдарламалар орналаса алады. Клиенттік қосымша серверлік қосымша орналасқан компьютерде де, сонымен қатар, серверден керегінше жойылған компьютерде де орналаса алады, бірақ олар Желімен байланысса, бұл айырмашылық тек уақыт бойынша жауаптың кідіруіне сәйкестеледі.

Әрбір сервер-бағдарламаның типі үшін өзіндік клиент-бағдарламасы бар. Осылай, Web-клиент Web-серверге, почталық клиент – почталық серверге хабар береді және т.б. Серверлік бағдарлама әрқашан сұранысты орындауға дайын болу керек және сондықтан да сервер-бағдарлама жұмыс жасайтын компьютерлерге сенімділікке және өнімділігіне байланысты жоғары шарттар қойылады. Клиенттік компьютердің жұмысының тұрақтылығы бір адамның жұмысына әсер ететіндіктен, олардың жұмысына сенімділігіне байланысты аз талаптар қойылады, ал аппаратты сервердің жұмысының сенімділігіне байланысты көптеген клиенттердің жұмысының жүргізілуі тәуелді болады. Жоғарыда көрсетілген тәсіл (клиент-серверлік архитектура) дербес компьютердің қолданушысына өзінің жұмыс үстелінен Интернетке қосылған миллиондаған серверлердің ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бақылау сұрактары

1. Локал тармақтарда қандай топология түрлері бар.

2. Әр түрлі топологиялы локал тармақтарда қандай кіру тәсілдері істетіледі.

3. Интернет физикалық структураларын айтып беріңіз.

4. Интернет логик структура элементтері нені білдіреді.

5. Интернет программа структура элементтері нені қамтамассыз етеді.

6. Word Wide Web деген не?

7. Internet дегеніміз не ?

8. Internet те қандай желі жоғарғы үкімет есептеледі.

9. Internet тің характерлі қасиеттерін айтып беріңіз

11. Региялықалдық бөліну бойнша тармқтар қалай ажыратылады.

12. Кіру тәсәлә дегеніміз не.


ОБСӨЖ №2. Интернеттің пайда болу тарихы және дамуы.

2-апта. Бағалау балы – 3

1. Интернет коммуникациясының Pull- және Push-модельдері

2. Интернеттің пайда болу тарихы және дамуы.
Интернет сөзі Interconnected networks (байланысқан жүйелер) терминінен шыққан, яғни техникалық көзқараспен – бұл кіші және ірі желілер бірлестіктері. Кең мағынасында - бұл бір бірімен мәліметтермен алмасатын жер жүзіндегі миллиондаған компьютерлер арасында бөлінген ақпараттық кеңістік. Көбіне Интернет сөзімен Желінің информациялық құрамын түсінеді. Интернет – бұл өзіне уникальды жетістіктерді толығымен жинаған технология. Интернет сонымен қатар ең күшті және тәуелсіз ақпарат қоры, байланыстың сенімді және оперативті тәсілі, жер жүзіндегі миллиондаған адамдардың шығармашылық түрде өзін-өзі көрсету және ақпараттық технологияларды дамыту негізі болып табылады.

Интернеттің басты тапсырмасы бұл – әр тәуліктік, жоғары сенімді байланыс. Интернетке қосылған кез келген екі компьютер (немесе басқа құрылғылар) бір-бірімен кез келген уақытта хабарласа алады. Ары қарай “Желі” сөзін қолданғанда Интернет сөзіне синоним ретінде Желімен интернет арқылы екі компьютерді байланыстыру мүмкіндігін және олардың өзара байланысын қамтамасыз етуді түсінеміз. Интернетке қосылған әрбір компьютер – бұл Желінің бір бөлігі.



Компьютер-серверлер және компьютер-клиент

Интернетке қосылған барлық компьютерлерді екі типке бөледі, олар :серверлер және клиенттер. Бір компьютерде серверді де және клиентті де орнату мағынасында бөлу онша қатаң жүргізілмейді. Жергілікті компьютерде Web-сервер орнатылуы мүмкін және осыған қарамастан, дәл осы компьютерде браузермен және почталық клиентпен де жұмыс жасауға болады.

Басқа компьютерлерге анықталған сервис ұсынатын компьютерлерді серверлер (ағыл., to serve – қызмет көрсету) деп атайды, ал осы сервисті қолданатындар - клиенттер.

Көп жағдайларда үйдегі клиенттік компьютерлерде әр уақытта Интернетке кіруге мүмкіндігі болмайды, сондықтан Желіге тек керек уақытта ғана қосылады. Керісінше, компьютер-серверлер мәліметтерді берудің жоғары жылдамдықты арналары арқылы Интернетпен байланысқан, сондықтан оларға сұраныс арқылы хабарласуға болады.



Қосымша-серверлер және қосымша-клиенттер

Компьютерлерді серверлер мен клиенттер деп атағаннан гөрі, оларды бағдарламалық қамсыздандыру деңгейіндегі клиенттер немесе серверлер деп атаған жөн. Бір бағдарлама клиент есебінде, ал екіншісі сервер есебінде іске қосылатын қосымшалардың өзара байланысы клиент-сервер архитектурасы деп аталады.

Сервердің басты тапсырмасы – сервиске қайсыбір клиент сұраныс жібермейінше әр кезде жұмыс жасап және күту жағдайында болу болып табылады.

Серверде сұраныстардың көптігінен оның жұмысы баяулап және белгілі бір сұраныстарға қызмет көрсетуді тежейді. Серверге сұраныс белгілі бір протокол шегінде болады – бұл Желіде компьютерлер арасында байланысты қамтамасыз ететін стандарттар жиыны. Серверлік бағдарламалар клиенттік бағдарламаларға қызмет көрсету үшін компьютердің аппаратты ресурстарын қолданады. Клиент-бағдарлама сұраныс құрып, оны Желі арқылы белгілі бір адреске жібереді және алдын ала белгіленген протокол арқылы сервер-бағдарламамен өзара байланысады. Сол бір компьютерде бірнеше серверлік бағдарламалар орналаса алады. Клиенттік қосымша серверлік қосымша орналасқан компьютерде де, сонымен қатар, серверден керегінше жойылған компьютерде де орналаса алады, бірақ олар Желімен байланысса, бұл айырмашылық тек уақыт бойынша жауаптың кідіруіне сәйкестеледі.

Әрбір сервер-бағдарламаның типі үшін өзіндік клиент-бағдарламасы бар. Осылай, Web-клиент Web-серверге, почталық клиент – почталық серверге хабар береді және т.б. Серверлік бағдарлама әрқашан сұранысты орындауға дайын болу керек және сондықтан да сервер-бағдарлама жұмыс жасайтын компьютерлерге сенімділікке және өнімділігіне байланысты жоғары шарттар қойылады. Клиенттік компьютердің жұмысының тұрақтылығы бір адамның жұмысына әсер ететіндіктен, олардың жұмысына сенімділігіне байланысты аз талаптар қойылады, ал аппаратты сервердің жұмысының сенімділігіне байланысты көптеген клиенттердің жұмысының жүргізілуі тәуелді болады. Жоғарыда көрсетілген тәсіл (клиент-серверлік архитектура) дербес компьютердің қолданушысына өзінің жұмыс үстелінен

Интернетке қосылған миллиондаған серверлердің ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.



Коммуникацияның Pull- және Push-моделі.

Интернет сервисінің коммуникациялық мінездемелері (сипаттамалары).

Интернет коммуникациялық мінездемелерін қарастырайық. Дәстүрлі коммуникациялық модель негізінде "бірге бір" ережесі жүреді. Коммуникациялық құрылымға байланысты ақпарат статикалық (мәтін, графика) және/немесе динамикалық (аудио, бейне, анимация) күйінде көрсетіледі.

Бұл модельден ерекше Интернет негізінде екі басқа принциптер жатыр.Біріншіден, Байланысқа өз үлесін қосатын Интернетке коммуникация кезінде оның арнасы арқылы өтеді. Бұл модель бастапқы байланыс жіберуші мен қабылдаушы арасында емес, негізінде қолданушы мен коммуникациялық ортадағы бір кеңістік арасында болатынын көрсетеді, сонымен байланыстың екі қатысушысы да жіберуші де, қабылдаушы да болып табылады.

Интернет өзімен әрбір желі абоненті басқа абоненттерге немесе топтармен топ атымен немесе өз атымен хабарласа алтын “көпке көп” көп бағыттылы коммуникациялық модельді көрсетеді. Бұл модельде коммуникация құралы болып таратылған компьютерлік желі айтылады, ал ақпарат гипермедиялық түрде көрсетілуі мүмкін. Бұл модель интерактивті байланыс Интернеттің басқа қолданушыларымен қатар ортаның өзімен де бола алатынын, тіпті соңғы байланыстың соңғы түрі басымдылық көрсететінін білдіреді.Осындай байланыстың бар болуынан ақпарат жіберуші құралы кейде оның қолданушысы да бола алады. Бұндай модельде ақпарат және мазмұн жіберушіден қабылдаушыға беріліп қана қоймай, ортаның өзі де оның қатысушыларымен де құрылады.

Интернет ортасының моделі ашық көрсетілген кері байланыстарды көрсеткенде, жалпы коммуникацияның дәстүрлі әдістері үшін коммуникациялық модельде кері байланыс контуры болмайды. Тұтұнушымен кері байланысты жүзеге асыруға мысал ретінде электронды почтаны, қолданушылар тіркеу туралы мәліметтер, "cookie" файлдары, Web-серверлерде жазылу немесе тіркелу. Кері байланыстың болуы өзара байланыстың коммуникациялық әдістерін қолдану тиімділігін және ішкі және сыртқы ортада болатын оқиғаны қалыпты қабылдауды жоғарылатады.



Интернет коммуникациясының Pull- және Push-модельдері

Жалпыға бірдей қызмет көрсетудің дәстүрлі әдістері тұтұнушыларға ақпаратты жеткізуші push-модельді жүзеге асырады, бұнда тұтұнушылар пассивті роль атқарады және ақпараттың каналдарын таңдаудың шектеулі мүмкіндіктерінің болуы.

Ақпаратты жеткізудің дәстүрлі push-моделіне қарсы Интернет негізінде, ақпаратты сұраныс бойынша жеткізетін (demand pull) pull-моделі жатыр. Бұл Интернет ортасының ерекшелігі ақпаратты іздеуде бақылаумен негізделген және іздеу механизмін қолдануда навигация бейнесі немесе басқа да URL (uniform resource locator) бастауларына байланысты тұтұнушылардың тікелей қатысуымен байланысты. Интернетте сонымен қатар push-моделін іске асыру мүмкіндігі бар. Интернет бұл модельмен push-технологиясы арқылы жүре алады, соған байланысты қолданушыларға Интернетте ақпаратты іздеп жатудың қажеті жоқ, ол тек керекті тақырып бойынша қажетті каналға жазылса болғаны, кейін ақпарат канал жазылушыларының компьютерлеріне автоматты түрде жемкізіліп тұрады.

Интернет ортасының технологиялары push- және pull-модельдерінің тығыз байланысы бағытында дамиды. Интернеттің жоғары функционалдылығына байланысты керекті ақпаратты немесе басқа да қорларды табу мақсатында қолданушының навигация мүмкіндіктері әрқашан да болады. Басқа жағынан, қолданушылардың әрқашан ақпаратты жеткізушіні және қабылданатын push-каналдар тематикасын таңдауға мүмкіндіктері бар.


Бақылау сұрақтары:

1. Клиент-серверлік архитектураны құрайтын негізгі желілерді қандай?

2. Желіні бағдарламалық қамсыздандыру қандай принциппен жүргізіледі?

3. Провайдердің магистральды жүйе термині нені білдіреді?

4. Провайдерлер желілерінің бірігуі қалай орындалады?

5. Интернетті түзетін желілер иерархиясы қалай аталады?



ОБСӨЖ 3. Интернеттің характерлік қасиеттері.

3-апта. Бағалау балы – 4
1. Статистикалық және динамикалық беттер.

2. Тікелей Web серверде сұранысқа сәйкес қалыптастыру.

3. Тұтынушы компьютерінде қалыптастыру.
Браузердің адрестік жолындағы қажетті URLді теріп болған соң, браузер пайдаланған протокол (HTTP) жөнінде мәлімет және сервер атын алады. Сервер атын IP- адреске ауыстыру үшін браузер DNS серверіне- жүгінеді. Алынған IP- адрес негізінде браузер ізделінді Web- сервермен байланыс орнатады және HTTP протоколын пайдалана отырып ізделінді ресурсты сұрайды. Сервер браузерге серверде сақталатын HTML бетін жібереді. Браузер HTML- тэгтерін оқу нәтижесінде сіздің компьютеріңіздің экранында бет ашалады, одан сіз өз сұранысыңыздың нәтижесін көраласыз. Әдетте қарапайым Web беттерде тек текст қана емес графиктерден де тұрады, яғни әр түрлі типтегі бірнеше файлдан тұрады. Браузер ол файлдарды тану үшін, сервер қандай файлды (HTLM форматындағы текст немесе JPG форматындағы графика және т.б) жіберу керек жөнінде мәлемет береді содан соң файл мазмұны жіберіледі. Әдетте, Web беттер көптеген файлдардан түрғанына қарамастан бір рет сұраныс уақытысынды Web сервер тек қана бір файлды жібереді. Яғни, html текст алып одан графикалық элементке сілтеме тауып, браузер серверге жаңа сұраныс жібереді ( html текст келген серверге ғана жіберу міндетті емес). Әрбір жаңа файлды көшіріп алу үшін браузер жаңа HTTP сұранысын жіберу керек. Бұнда қазіргі серверлермен браузерлер көп потокты режімде жұмыс істейтіндіктен бір мезгілде бірнеше сұраныс орындалуы мүмкін. Егер берілген адресте сұранып отырған ресурс жоқ болса онда Web сервер мұнандай мәлімет береді 404/File not found ( файл табылмады).

Статистикалық және динамикалық беттер.

Статистикалық беттер Web сервер каталогында орналасқан файлдардың нақ копиясы болып табылады және өңдеуші өзі онда бір нәрсені ауыстырмайынша өзгермейді. Дегенмен беттер динамикалық түрде қалыптасады, яғни дискідегі дайын файлдан емес, белгілі бір программада сұраныстың өңделу уақытында. Осындай беттердің қалыптасуының бірнеше әдістері бар.

Тікелей Web серверде сұранысқа сәйкес қалыптастыру.

Web беттерді динамикалық қалыптастырудың мүмкіндігін жүзеге асыру үшін серверге мынадай бағыт берілуі керек, қандай файлдар “кәдімгі” болады, ал қандайы оның программалық өңделуіне нұсқаулары болады. Бұл жағдайда бетті сервердің өзі құрастырады ( арнайы командалар көмегімен немесе ішкі бағдарлама). Беттердің динамикалық қалыптастыратын командасы болатын программа мәтіні скрип деп аталады.



Тұтынушы компьютерінде қалыптастыру.

Бұл жағдайда программа мәтіні динамикалық web- парағын қалыптастыру үшін алдымен тұтынушының локальдық компьютеріне беріледі, бұнда браузер web- парағын алу және өңдеу үшін оған сәкес заттар шақыру керек. Динамикалық беттерді қалыптастыру үшін бірнеше технологиялар бар.

Интернет қызметін қоюшының компьютеріне қосылу үшін желіге қашықтан қатынау программасын баптау қажет (Менің компьютерім →Желіге қашықтан қатынау→Жаңа байланыс (Мой компьютер→Удаленный доступ к сети→Новое соединение)).

Программаны баптау кезінде интернет қызметін қоюшы мынандай мәліметтерді алдын ала енгізіп қою керек:

Байланыс жүргізілетін телефонның номері;

Қолданушының аты (Login)

паролі (password)

сервердің адресі.

Интернетте жұмыс істеу үшін мыналар қажет:

Компьютерді бүкіл әлемдік желінің бір торабына жалғау;

IP адресті алу (Интернетке қосылған адамның тораптық адресі );

 Таңдап алынған интернет қызмет түрінің программа – клиентін орнату және баптау.

Өз торабына қосып және жеке адрес тағайындап берумен айналысатын мекемелер интернет қызметін қоюшылар (сервис провайдерлер) деп аталады.

Жоғарыда айтылған қызметті келісім шарт бойынша провайдерлер атқарады.



Тесттер
1. Сөйлемді аяқтаңыз: Компьютер-клиент __

а) Клиент ретінде де, сервер ре­тінде де қызмет етеді

б) Ортақ пайдалынылатын ресурста­р­ға ену мүмкіндігіне ие

в) Компьютерлерді қосады

г) Файл - және принт-сервер ретінде қызмет етеді

д) Сигналдың шағылысуын болдыр­майды


2. Сөйлемді аяқтаңыз: Сервер ____________

а) Клиент ретінде де, сервер ре­тінде де қызмет етеді

б) Ортақ пайдалынылатын ресурста­р­ға ену мүмкіндігіне ие

в) Компьютерлерді қосады

г) Файл - және принт-сервер ретінде қызмет етеді

д) Сигналдың шағылысуын болдыр­майды


Сөйлемді аяқтаңыз: Бір рангілі желідегі компьютер ___________

а) Клиент ретінде де, сервер ре­тінде де қызмет етеді

б) Ортақ пайдалынылатын ресурста­р­ға ену мүмкіндігіне ие

в) Компьютерлерді қосады

г) Файл - және принт-сервер ретінде қызмет етеді

д) Сигналдың шағылысуын болдыр­майды


Сөйлемді аяқтаңыз: Беріліс ортасы ______

а) Клиент ретінде де, сервер ре­тінде де қызмет етеді

б) Ортақ пайдалынылатын ресурста­р­ға ену мүмкіндігіне ие

в) Компьютерлерді қосады

г) Файл - және принт-сервер ретінде қызмет етеді

д) Сигналдың шағылысуын болдыр­майды


Сөйлемді аяқтаңыз: Терминатор________

а) Клиент ретінде де, сервер ре­тінде де қызмет етеді

б) Ортақ пайдалынылатын ресурста­р­ға ену мүмкіндігіне ие

в) Компьютерлерді қосады

г) Файл - және принт-сервер ретінде қызмет етеді

д) Сигналдың шағылысуын болдыр­майды




ОБСӨЖ 4. Компьютерлік желі

4-апта. Бағалау балы – 3
1. Internet Ethernet Компьютерлік желі.

2. Fidonet және басқа желілер.


Ең қарапайым желі (network) өзара кабель аркылы қосылған екі компьютерден түрады. Бұл оларға деректерді ортақ пайдала­ну­ға мүмкіндік береді. Барлық желілер (олардың күрделілігіне қа­рамастан) осы қарапайым принципке негізделген.

Компьютерлік желілер деректерді ортақ пайдалану қажетті­лі­гі­нен туды. Дер­бес компьютер - құжаттарды құру, кестелерді да­ярлау, графикалық деректер мен ақ­паратгардың басқа түрлері­нін өңдеудін таптырмас құралы бола түра, сіз өз ақпара­ты­ңызбен басқа адамдармен бөлісе алмайсыз. Желіге дейін барлығы авто­ном­ды ор­тада жұмыс істеген.



Анықтама. Желі - деректер алмасуын қамтамасыз ететін ар­найы аппаратура­ның көмегімен қосылған компьютерлер тобы.

Анықтама. Желінің атқаратын қызметі - бір фирманың ау­мағында немесе одан тыс ресурстарды ортақ пайдалануды және интерактивті байланыс орнатуды қамтамасыз ету.

Желіге қосылған компьтерлер келесілерді ортақ пайдалана алады:

деректер;

принтерлер;

модемдер;

басқа құрылғылар.

Деректерді ортақ пайдаланудың жаңа тәсілдерінің пайда бо­лу­ына байланысты, келтірілген тізім үнемі толықтырылып отыра­ды.

Анықтама. Ресурстар дегеніміз - деректер, қосымшалар, сы­ртқы құрылым­дар (дискжетек, принтер, тышқан тетігі, модем және басқалар).

Алғашқыда компьютерлік желілер оншақты компьютерлерді және бір прин­терді біріктіретін кішігірім жүйе болатын.

Анықтама. Интерактивті байланыс дегеніміз - нақты уа­қыт аралығында хабарламалармен алмасу.

Анықтама. Жергілікті желі - жоғарғы жылдамдықтағы ад­а­птерлер арқылы желіге қосылған өзара жақын (бөлме, ғимарат, жақын ғимараттар) орналасқан ком­пьютерлер тобы.

Анықтама. Ауқымды желі — байланыс жолы ретінде моде­м­дерді және алыс байланыс жолдарын (телефон немесе жерсерік) пайдаланатын, бір-бірінен алыста орналасқан компьютерлердің тобы.

Жергілікті есептеу желісі (ЖЕЖ) шектеулі территорияның ау­мағында, мыса­лы, бір ғимараттың ішінде, өзара кабельдер ар­қылы қосылган бірнеше компьютер­лер мен сыртқы құрылымдар­дан тұрады. Желі ресурстарды ортақ пайдалана оты­рып, интерак­тивті қосымшалармен жұмыс істеуге, мысалы, әлектрондық пош­та қыз­метін пайдалануға мүмкіндік береді.

Компьютерлік желілерді пайдалану көптеген артықшылық­тар­ға қол жеткізеді, соның ішінде:

- деректерді және сыртқы құрылымдарды ортақ пайдалану нә­тижесінде шы­ғын­дарды төмендетуге;

- қосымшаларды стандарттауға;

- деректерді уақытында алуға;

- тиімді өзара әсерлесу мен жұмыс уақытын жоспарлауға.


Қазіргі танда компьютерлік желілер жергілікті есептеу желі­ле­рі­нің (ЖЕЖ) ау­мағынан шығып, елдер мен континенттерді бай­ланыстыратын ауқымды компьютер­лік желілер (АКЖ) дәрежесі­не жетті.

Бақылау сұрақтары

1. Интернеттегі ең негізгі протоколдарды атаңыз.

2. Қандай тармақтың операциялық системалары бар.

3. Net Ware тармқ операциялық системасының негізгі міндеттері.

4. Клиентті программаның қамтамассыздануы дегеніміз не.

5. Региялықалдық бөліну бойнша тармқтар қалай ажыратылады.

6. Кіру тәсәлә дегеніміз не.

7. Глобал тармақтарда қандай мәліметтерді ұзату тәсілдері бар.

8. Мәліметтерді ұзатудағы басқару системаларының түрлері қандай.

9. Интернетте қандай адрестеу системалары бар.

10. Провайдер, сервер, клиент дегеніміз не.

11. Протокол дегеніміз не.



ОБСӨЖ 5. Компьютерлік желілердің түрлері. www-желі.

5-апта. Бағалау балы – 4
1. Internet сервисінің коммуникативті сипаттамасы

2. Интернетке кірудің әртүрлі варианттары

Интернетке қарап, біз интернет-провайдерлердің қызметтерін пайдаланамыз және ISP(Internet Service Provider – Интернет қызметін жеткізуші). Көбіне ISP – бұл өзіндік желісі бар арнайы ұйым (магистральды деп аталады), оған клиенттердің көптеген саны қосылады. Провайдердің желісі ғаламның кез келген нүктесімен байланысуды қамтамасыз ететін жер жүзінің басқа да желілерімен байланысуы мүмкін. Қалыпты жағдайда ISP-провайдерлер – бұл белгілі бір аймақтарда өзіндік орналасу нүктесі (POP - Point of Presence) бар ірі компаниялар, бұл нүктелерде клиенттерінің Интернетке қосылуын қамтамасыз етуге арналған провайдердің аппаратты қамсыздығы. Ірі провайдердің әртүрлі қалаларда өзінің орналасу нүктесі мен мыңдаған клиентері болады. Бірнеше қалаларда орналасу нүктелері бар провайдерлермен қатар, бір қалада орналасу нүктесі бар провайдерлерді де атап көрсетуге болады. Телефон линиясы арқылы ISP мен байланысуды ұйымдастыру: ДК қолданушысы драйверге хабарласады және модем жинақтарының ішіндегі провайдер модемдерінің бірімен байланыс орнатады (модемді пул деп атауға болады). Қолданушы өзінің ISP не қосылғаннан кейін, ол оның желісінің бір бөлігі болып табылады. Провайдер өзінің серверінде клиенттерге әртүрлі қызмет көрсете алады: электрондық почта (e-mail), желілер жаңалықтары (Usenet) және т. б. Провайдердің магистральды желісін көбіне тіректі желі немесе бэкбоундеп атайды (ағыл. Backbone — қырат). Провайдер желілері көптеген клиенттерге қызмет көрсететіндіктен, оның жоғары жылдамдықты желісі болуы және жоғары трафикті қамтамасыз етуі керек (желі бойымен берілетін мәліметтер көлемі). Өзінің барлық орналасу нүктелерін біріктіру үшін, провайдер ірі коммуникациялық компаниялардан жоғары жылдамдықты арналарды жалға ала алады, сонымен қатар, өзінің арналарын тарта алады. Ірі коммуникациялық компаниялардың өздерінің жоғары жылдамдықты каналдары бар.

Internet сервисінің коммуникативті сипаттамасы

Интернет комплексті сервис болғандықтан, оның жеке сипаттамаларын таңдап және қолдану кезінде көрсету керек. Кестеде коммуникация түріндегі Internet коммуникациялық сервис анализінің нәтижесі, коммуникация моделінің құрамында жатқан, көрсетілген мәліметтер түріне ,симметриялық кері байланыс және интерактивті қарым-қатынасы көрсетілген.



Кесте 1. Internet сервисінің коммуникативті сипаттамасы

Сервис

Аралық қарым-қатынас

Машиналық қарым-қатынас

Коммуникация моделі

Мәліметтер түрінің көрінісі

Кері байланыс симметриясы

Интерактивті қарым-қатынас мүмкіндігі

Электрондық пошта

Иә

Иә

Бірге-бір Бірден-көпке

Мәтін, графика, дыбыс

Иә

Жоқ

Жіберу тізбегі

Иә

Иә

Көпке-көп

Мәтін

Иә

Жоқ

Конференциялар

Иә

Иә

Көпке-көп

Мәтін

Иә

Жоқ

Сөйлесу бөлмелері

Иә

Иә

Көпке-көп

Мәтін

Иә

Иә

WWW

Иә

Иә

Көпке-көп

Мәтін, графика, дыбыс, видео

Жоқ

Иә

Дауыс байланысының программалары

Иә

Иә

Бірге-бір

Дыбыс

Иә

Иә

Аудио- және видео- конференциялары

Иә

Жоқ

Көпке-көп

Дыбыс, бейне

Иә

Иә

Көрсетілген мәліметтер Интернет ортасының қолдану әдістерінің коммуникациялық кең диапазонды түрлері көрсетілген. Нақты есептерді шығару кезінде әрбір Интернет сервисінің жеке анализдері қажет.

Қолданушылардың көп бөлігі жоғарғы жылдамдықпен желіге кіру мүмкіндіктері провайдерге қарағанда жоқ. Абонентпен провайдердің болу нүктесі арасындағы болатын байланыс технологиясы технологияның соңғы милясы деп аталады. Бұл атау шартты түрде, ал практика жүзінде осы айтылған қашықтық бір миляға сәйкес келу қажет емес. Көп жағдайларда “соңғы миля” желіден компьютер қолданушысына ақпаратты жіберу тар жол болады. Интернетке жіберу соңғы миля технологиясы әртүрлі бола алады, бірақ “кіру жылдамдығы жоғары болған сайын, каналдарды қолдану ақысы жоғары болады” деген принцип әмбебеапты болып келеді. Бар инфраструктураны қолдануға мүмкіндік беретін көптеген технологиялар бар, олар - Интернетке кіру мүмкіндігіне арналған телефонды линиялар, кабельді теледидар желілері және басқалар.

Интернетке кіру әртүрлі технологиялары: телефондық линия арқылы модеммен қосылу, радиоканал арқылы қосылу,кабельді теледидардың желісімен қосылу, және де, спутникті канал көмегімен.Интернетке қосылудың әртүрлі әдістеріне қарамастан, қолданушы үшін тек қосылу тұрақтылығы, мәліметтерді жіберу жылдамдығы және жауап беру уақытында ерекшеліктер бар.Интернеттің барлық ресурстары кіру мүмкіншіліктері бар, оның көмегімен ол провайдермен қосылады. Желіге қосылудың әртүрлі варианттарын қарастырайық.

Интернетке кірудің әртүрлі варианттары

Коммутаторлық телефон линиясы арқылы қосылу. Коммутативті телефонды линияның модем арқылы қосылуы – бұл әзірше үйдегі Интернет қолданушылардың СНГ-да таралған қосылу әдісі.

Желінің коммутациялы каналдарымен. Коммутациялы телефонды желінің немесе желінің коммутациялы каналдарымен жұмыс принципін айтайық.Сіз біреуге қоңырау шалған кезде,сіздің аралығыңызда белгілі бір физикалық байланыс каналы орналасады,олар коммутатор арқылы байланысатын жеке учаскелерден тұрады.

Абоненттің әрбір учаскесі бірінші коммутаторға дейін бөлінбейтін болып келеді.Яғни әрбір абонент осы учаскелерді жеке өзі қолданады.Желіліердің қалған учаскелері коммутатор арасында ажыратылған болып келеді,дәлірек айтқанда әртүрлі уақытта әртүрлі қолданушылармен қолданылады.Бірақ,егер қайсыбір участок бір қолданушымен бос емес болса,онда келесі біреу оны осы уақытта қолдана алмайды.Коммутативті телефонды линиямен қосылу - бұл уақытша (сеансты) қосылу дейді. Телефонды линия телефонды әңгімемен немесе мәліметтерді модем арқылы жіберумен бос болмауы мүмкін.“Модем” сөзі “МОДулятор” и “ДЕМодулятор” деген сөздерден құралады. Модем телефонды линия арқылы мәліметтерді жіберуде қолданылады.Жалпы жоспарда модем - бұл қондырғы,цифрлық кодты әртүрлі екі жиелік дыбыстардың ауысу мен кері қайту – дыбыс тербелісін цифрлық ақпаратқа ауыстырады.Екі модем қосылғаннан кейін модулятор тұрақты тербеліс периодының басты сигналымен генерацияланады және болып жатқанды өзгертіп екінші сигналды қосады.Сонымен,жүріп жатқанның бір параметрі жіберу сигналының өзгеруіне байланысты.Демодулятор анализдайды, түсетін сигнал жүріп жатқан сигналдан қалай ерекшеленеді де басты сигналды қалыптастырады.Басқаша айтқанда,жіберуші модем болып жатқан жиелікті пайдалы сигналмен моделдейді және жоғарыжиеліктегі сигналды жібереді, ал модем-адресат сигналды ASCII кодына (American Standard Code for Information Interchange – ақпараттармен алмасудың стандартты коды – машиналық көріністегі латын алфавитінің әріптері,сандар мен басқа сисволдардан тұратын 128 код символ топтамасы, олардың әрбіреуіне 7-биттық екілік сан.Сегізінші бит жіберу кодының дұрыс контроліне жұмыс жасайды) сәйкес кері цифрлы формаға демодулдейді.

Бірінші модемдер Bell Laboratories зертханалық центрінде өңделген және Bell 103 атауын алды.Бұл қондырғылар екі сыңарлы жиелікті қолданды: сыңарлы жиелік бір модемге, және сыңар екіншіге.Жіберуші модем 1,07 және 1,27 кГц арасындағы жиеліктерге ауысуы арқылы, ал жауап беруші модем 2,025 және 2,225 кГц арасындағы жиелікте мәліметтерді жіберді.

Bell 103 модемдері 300 бит/с жылдамдықпен жұмыс істеді работали со скоростью 300 бит/с,солай минутына 30-ға жуық символ жіберуге болатын болды.Мұндай жылдамдық тек қана текстік хаттамалармен алмасқасқан кезде қолайлы,себебі бұл жылдамдық адамның оқу жылдамдығымен салыстырғанда артық.Мәліметтерді 300 бит/с жіберетін модемдер 1980жылға дейін өмір сүрді.Сөйтсе де, адамдар суреттерді жібере басталғалы ондай жылдамдық аздау екені айқындалды.

1980 жылдарға қарай 1200 бит/с жылдамдықпен мәліметтерді жіберетін модемдер пайда болды.1990жылдардың басында жылдамдық 9,6 Кбит/с дейін жетіп,өсе бастады: 19,2; 28,8; 33,6 Кбит. 1998 жылы 56 Кбит/с жылдамдықпен жұмыс істейтін модемдер шықты.

Осы заманғы модемдер –бұл өте күрделі схемалы модуляцияларды қолданып,мәліметтерді жіберер кезде қаптайтын күрделі құрылғылар болып келеді. Клиенттік компьютер коммуникациондық портқа ноль мен бірдің реттелген түрге келтіріп, әр түрлі командалар мен мәліметтерді жібереді. Модем мәліметтерді қабылдап,оларды командалар және ақпаратқа ажыратады да ,телефон линиясы арқылы жіберіп жүзеге асырады.

Қолданушы модем арқылы телефондық желіге ортақ қолданумен қосылып, aл ISP, басқа модеммен, цифрлық сигнал арқылы Интернетпен қосылады.

Бүгінгі күнгі модемдер екі түрлі:ішкі және сыртқы.Ішкі модемдер кеңелмелі плата арқылы жұмыс істесе, сыртқылары бөлек құрылғы ретінде автономды блоком питаниямен істейді.

Осындай аналогты телефон каналы бар модемдердің максималды жіберу жылдамдығы 33 600 бит/с, ал қабылдау - 56 Кбит/с. Bell 103-ке қарағанда 200 есе жылдам.
Тесттер
1. Компьютер мен принтердің ортақ жұмысын не орнатады?

а) драйверлер

б) пакетті процессор

в) хаттамалар

г) құрылғылар тізімдері

2. NetBEUI хатгамасына қандай тұжырымдама айтуға бола­ды?

а) АҚШ-тың қорғаныс Министерлігі өз желісіне орнатқан

б) Microsoft фирмасының барлық желілік өнімдерімен бірге жеткізілетін Транспорттық деңгейдің кішігірім, жылдам және ти­імді хаттамасы

в) Желімен қолданбалы интерфейс ретінде жүретін сеанстық деңгейдің жергілікті есептеу желісімен IBM-интерфейсі

г) Novell желілерінде қолданылатьш хаттамалар стегі


3. Деректерді қысу OSI үлгісінің қай деңгейлерінде орын­да­ла­ды?

а) Желілік

б) Арналық

в) Физикалық

г) Көрсету

4. Деректерді жібермес бұрын трафиктің барлығын анықтау үшін, компьютерлер кабельді «тыңдайды». Олар бұл жагдайда енудің қай әдісін қолданады?

а) CSMA/CD

б) CSMA/CA

в) маркерлік беріліс

г) сұраныс


5. Маркерді жіберу арқылы ену әдісі коллизияны келесінің арқасында болдырмайды:

а) маркерлердің соғьшысын болдырмау үшін қолданылған кодтың

б) әртүрлі маршрут бойынша қозғалатын бірнеше маркердің

в) маркерді бір мезетте тек бір компьютердің қолдануының

г) желілік трафиктің қарқындылығын басқаратын аймақтар­дың қолданылуының

6. Драйвер дегеніміз:

а) аппараттық жабдықтау

б) сыртқы құрылым

в) тақша

г) программалық жабдықтау

7. Желілік ортада желілік адаптер тақшасы қолданылады:

а) желідегі басқа адаптердің тақшасымен байланыс орнату үшін

б) компьютердің операциялық жүйесі мен адаптердің тақша­сы арасында байланыс орнату үшін

в) желідегі файл-сервер мен басқа компьютерлер арасында байланыс орнату үшін

г) желідегі әртүрлі типі компьютерлердің арасында байла­ныс орнату үшін
8. Принтер драйверін кеңірік сипаттайтын тұжырымды таң­даңыз:

а) Барлық принтерлерді толықтай жұмысқа қосатын прин­тер­дің әмбебап драйвері бар.

б) Бір өндіруші шығарған барлық принтерлер бір драйверді пайдаланады.

в) Принтердің әрбір моделі үшін арнайы драйвер құрылады, ол принтердің осы моделінің барлық функцияларын пайдалануға мүмкіндік жасайды.

г) Бір өндірушінің лазерлік принтерінің драйвері өндірушісі­не тәуелсіз басқа барлық лазерлік принтерлердің толыктай жұ­мы­сын қамтамасыз етеді.

9. OSI үлгісіндегі барлық желілік операциялар жеті деңгейге бөлінген.

а) Иә.

б) Жоқ.


10. Бір компьютердегі әрбір деңгей басқа компьютердегі дәл сондай деңгеймен тікелей байланысқан.

а) Иә.

б) Жоқ.

11. Арналық деңгей желілік аппаратураның қосылыс әдісін анықтауға арналған.



а) Иә.

б) Жоқ.


12. Желілік деңгей компьютер - жіберушіден компьютер-қабылдаушыға дейінгі бағытты анықтайды.

а) Иә.

б) Жоқ.


ОБСӨЖ 6. Негізгі желілік топологиялар

6-апта. Бағалау балы – 3

1. Топология

2. Статистикалық және динамикалық беттер.

3. CGI- технологиясы.


Топология дегеніміз - компьютерлердің нақты физикалық ор­наласуы. Барлық желілер базалық үш топология негізінде құры­ла­ды: «шина», «жұлдызша», «сақина». Осы топологиялардың қиысулары арқылы әртурлі құрама топологиялар, мысалы «жұл­дызша-шина», «жұлдызша-сақина» алынады.

«Шина» - кең қолданылатын қарапайым топология. Бар­лық компьютерлер 6ip кабель бойымен қосылып сызықтық құ­ры­лым құрайды. Сигналдар желінің барлық компьютерлеріне бір­дей жіберіледі. Олардың шағылысуын болдырмау үшін кабель соңына терминаторларды жалғайды. Деректерді 6ip уақытта тек 6ip компьютер жібере алады. Желідегі компьютерлер саны өскен сайын оның өткізу жылдамдығы төмендейді.

«Жулдызша» топологиясында әpбip компьютер концен­тра­тор деп аталатын орталық компонентке тікелей жалған­ған. Егер орталық компонент істен шықса, желі жұмысы тоқтай­ды.

Сигнал немесе маркер әp6ip компьютерден өтiп «сақина» бо­йымен жүріп отырады (сағат тілінің бағыты бойынша). Компью­тер бос маркерді қабылдағаннан кейін деректерді желіге жібереді. Қабылдаушы компьютер деректердің көшірмелерін алып, олар­дың қабылдандығы жайлы белгі жасайды. Деректер ары карай же­­лі бойынша жіберуші компьютерге жетеді, ол деректерді жой­ып бос маркерді желіге қайтарады. Концентратор трафикті 6ip нүктеге орталықтандыру ушін кажет. Егер концентратор орна­тылған желідегі кабель узілсе, онда ол букіл желіге емес, тек осы желі сегментінің жұмысына ғана әсер етеді. Концентраторлар же­лі­нің ұзартылуын жеңілдетіп, әртүрлі кабельдерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Статистикалық және динамикалық беттер.

Статистикалық беттер Web сервер каталогында орналасқан файлдардың нақ копиясы болып табылады және өңдеуші өзі онда бір нәрсені ауыстырмайынша өзгермейді. Дегенмен беттер динамикалық түрде қалыптасады, яғни дискідегі дайын файлдан емес, белгілі бір программада сұраныстың өңделу уақытында. Осындай беттердің қалыптасуының бірнеше әдістері бар.

Тікелей Web серверде сұранысқа сәйкес қалыптастыру.

Web беттерді динамикалық қалыптастырудың мүмкіндігін жүзеге асыру үшін серверге мынадай бағыт берілуі керек, қандай файлдар “кәдімгі” болады, ал қандайы оның программалық өңделуіне нұсқаулары болады. Бұл жағдайда бетті сервердің өзі құрастырады ( арнайы командалар көмегімен немесе ішкі бағдарлама). Беттердің динамикалық қалыптастыратын командасы болатын программа мәтіні скрип деп аталады.

Тұтынушы компьютерінде қалыптастыру.

Бұл жағдайда программа мәтіні динамикалық web- парағын қалыптастыру үшін алдымен тұтынушының локальдық компьютеріне беріледі, бұнда браузер web- парағын алу және өңдеу үшін оған сәкес заттар шақыру керек. Динамикалық беттерді қалыптастыру үшін бірнеше технологиялар бар.



ТЕСТТЕР
1. Желінің «сақина» топологиясының ерекше сипаттамасы?

а) басқа топологияларға қарағанда кабельді аз жұмсайды

б) беріліс ортасы арзан және қарапайым

в) барлық компьютерлердің үстемділігі бірдей

г) дұрыс жүмыс істеу үшін терминаторлар қажет

2. Желінің «шина»топологиясының ерекше сипаттамасы?

а) басқа топологияларға қарағанда кабельді көп жұмсайды

б) беріліс ортасы арзан және қарапайым

в) басқа топологияларға қарағанда проблемаларды шешу жеңіл

г) желідегі компьютерлер саны оның өнімділігіне әсер етпей­ді

3. Желінің «жүлдызша» топологиясының ерекше сипаттама­сы ?

а) басқа топологияларға қарағанда кабельді аз жүмсайды

б) бір кабельдің үзілуі желінің жұмысын тоқтатады

в) басқа топологияларға қарағанда құрылымын өзгерту қиын

г) желіні бақылау мен басқаруды орталықтандырады

4. Қай топология пассивті?

а) шина

б) маркерді жіберу арқылы


в) сақина

г) жұлдызша-сақина

5. «Сызықты шина» топологиясымен құрылған желіні үзарту үшін қолданылады?

а) желілік адаптердің тақшасы

б) терминатор

в) баррел-коннектор

г) деректерді жіберу ортасына қосылған модуль

6. Сервердің негізіндегі желілерді басқаша жұмыс топтары деп атайды.

а) Иә

б) Жоқ.


7. Microsoft бір рангілі желісі компьютерде жергілікті опе­ра­циялық жүйенің және желілік операциялық жүйенің орындалуын талап етеді.

а) Иә


б) Жоқ.

8. Сервердің негізіндегі желілерде үнемі бөлінген (ерекше­лен­ген) сервер бар.

а) Иә

б) Жоқ.


9. Өнеркәсіп үшін ақпараттарды қорғаудың маңызы зор бол­са, сервердің негізіндегі желілерді таңдау қажет.

а) Иә


б) Жоқ.

10. «Шина» топологиясымен қүрылған желідегі әрбір ком­пью­тер­дің өз адресі болғандықтан, желідегі бірнеше компьютер бір уақытта деректерді жіберуге қатыса алады және өл деректер қабылдаушы компьютерге (адресатқа) жетеді.

а) Иә

б) Жоқ.
ОБСӨЖ 7. Негізгі желілік топологиялар


7-апта. Бағалау балы – 3


Шиналық, жұлдыз тәрізді және сақиналық топологиялар.

Желілік технология дегеніміз - есептеу желі­сін құруға жеткілікті келісілген стандартты хаттамалар тобы және оларды орындайтын программалық - аппараттық жабдықтар (мы­са­лы, желілік адаптерлер, драйверлер, кабельдер және разъем­дер). "Жеткілікті" эпитеті бұл топтың жұмыс істеуге қабілетгі же­лі құруға қажетті минималды жабдықтар екендігін білдіреді.

Бұл желіні одан бағыныңқы желіні жеке бөліп алып жетілді­ру­ге болар еді. Бұл өз кезегінде Ethernet стандартынан басқа IP хаттамасын және арнайы коммуникациялық құрылғылар – бағыт­тауыштарды қолдануды талап етеді. Жетілдірілген желі оның не­гізін құраушы Ethernet технологиясының құрылғыларының үстін­дегі қондырмалар арқылы ғана сенімді және жылдам болады.

Ethernet стандарты 1980 жылы қабылданды. Бұл технология­ның негізіңце құрылған желілер саны қазіргі таңда 5 миллиондай, ал бұл желідегі компьютерлер саны 50 миллионнан асады.

Ethernet бөлінетін деректердің беріліс ортасына кездейсоқ ену принципіне негізделген. Бұл орта ретінде жуан немесе жіңіш­ке коаксиал кабель, шиыршықталған жұп, оптикалық талшық не­месе радиотолқындар қолданылады.

Ethernet стандартында электрлік байланыс топологиясы қа­таң бекітілген. Компьютерлер бөлінетін ортаға "ортақ шина" тип­тік құрылымына сәйкес қосылады. Уақыт бойынша бөлінетін ши­на­ның көмегімен екі компьюпгер өзара деректер алмаса алады. Байланыс жолдарына Енуді басқару арнайы бақылауыштардың, Ethernet —тің желілік адаптерлерінің көмегімен жүзеге асырыла­ды. Әрбір компьютердің, дәлірек айтқанда, әрбір желілік адаптер­дің ерекше адресі бар. Деректердің берілісі 10 Мбит/с жылдам­дық­пен жүзеге асырылады. Бұл шама Ethernet желісінің өткізу қа­білетін көрсетеді.

Ethernet желісінің негізгі сипаттамалары:


дәстүрлі топологиясы

сызықтық шина

басқа топологиясы

жұлдызша – шина

беріліс типі

Таржолақты

ену эдісі

CSMA/CD

деректерді жіберу жылдамдығы

10 және 100 Мбит/с

Кабельдік жүйесі

жуан және жіңішке коаксиал, UTP



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет