Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы


Параграф. Инвесторға инвестициялық субсидиялар беру тәртібі



бет2/7
Дата13.06.2016
өлшемі54.29 Kb.
#131215
1   2   3   4   5   6   7

4 Параграф. Инвесторға инвестициялық субсидиялар беру тәртібі

      31. Инвестициялық субсидия беру жұмыс органы, оператор және инвестор арасындағы үш жақты инвестициялық субсидиялау шартына сәйкес жүзеге асырылады.



      32. Инвестициялық субсидиялау шарты комиссияның шешімі негізінде жасалады және инвесторға қаражатты аударудың тәртібі мен талаптарын, жұмыс органының объектіге және инвестор қызметіне мониторинг жүргізуі талаптарын, тараптардың жауапкершілігі мен өзге де талаптарды көздейді.



      33. Жұмыс органы, оператор және инвестор арасындағы инвестициялық субсидиялау шартынан басқа, сатып алынатын жабдықтарды, техниканы мақсатты пайдалану және субсидиялау сәтінен бастап 3 (үш) жыл ішінде иеліктен шығармау туралы келісім (бұдан әрі – мақсатты пайдалану туралы келісім) жасалады. Жабдықтар мен техниканы маусымдық тоқтау кезінде басқа да қызмет түрлеріне пайдалануда жол беріледі.



      34. Инвестициялық субсидиялау шартына және мақсатты пайдалану туралы келісімге мынадай тәртіппен қол қойылады:



      1) оператор мен инвестор арасында – комиссия шешім қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;


      2) жұмыс органы – оператордан инвестициялық субсидиялау шартын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.


      35. Оператор инвестициялық субсидиялау шартына қол қойылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жұмыс органына әрбір инвестор бойынша ивестициялық субсидияларды аудару туралы ұсыныс енгізеді.



      36. Инвестор өз қаражатын пайдаланған жағдайда, инвестициялық субсидиялар сомасы оның есептік шотына аударылады, ал жобаны тартылған қаражат есебінен іске асырған жағдайда, инвестициялық субсидиялар инвестормен келісім бойынша инвестордың негізгі борышын өтеу есебіне қаржы институтына аударылуы мүмкін.



      Техниканы, жабдықтар мен басқа де объектілерді лизингке сатып алған жағдайда, егер лизинг беруші және лизинг алушы арасындағы келісімде өзгелей белгіленбесе, инвестициялық субсидиялар инвестордың негізгі борышын өтеу есебіне қаржы институтына аударылады.


      37. Инвестор жабдықтарды/техниканы кредитке/лизингке алған жағдайда, инвестордың өтінімін (бірінші кезең) мақұлдау туралы комиссия шешімінің негізінде инвестициялық субсидияларды аванстық төлеммен қаржы институтының эскроу-шотына мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде аударуға жол беріледі:



      1) қуаты 50 сиырдан бастап етті бағыттағы ірі қара малды өсіруге арналған объектілерді құру және кеңейту;


      2) жайылымдарды суландыру инфрақұрылымдарын құру және мал өсіруші шаруашылықтарды сумен қамтамасыз ету (құдықтар, ұңғымалар);


      3) 50-ден 400 сиырға дейінгі сүтті-тауарлы фермаларды құру және кеңейту;


      4) сыйымдылығы тәулігіне 1 тонна сүттен бастап сүт қабылдау пункттерін құру;


      5) сүтті тасуға арналған көлік құралын сатып алу;


      6) ауыл шаруашылығы жануарларын тасуға арналған көлік құралдарын сатып алу;


      7) ауыл шаруашылығы өнімдерін тасуға арналған көлік құралдарын сатып алу;


      8) 5 гектардан бастап (бір инвесторға) қарқынды алма бағын отырғызу;


      9) 10 гектарға дейін (бір инвесторға) жаңбырлатып және тамшылатып суарудың суландыру жүйелерін құру және кеңейту.


      Аталған қаражат инвестициялық жобаны қаржыландыру/техниканы және (немесе) жабдықтарды лизингке беру туралы қаржы институтының тиісті органының шешімі болған кезде аударылады, оның куәландырылған көшірмесі жұмыс органына беріледі.


      38. Инвестициялық субсидияларды эскроу-шотына алу үшін инвестор осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге қосымша қаржы институтының кредиттік комитетінің оң шешімінің куәландырылған көшірмесін, қаржы институтымен жасалған кредит шартын/лизинг шартын, инвестициялық жоба аяқталғанға дейін және инвестициялық субсидияларды төлеу туралы комиссияның екінші кезеңдегі оң шешімін алғанға дейін қаржы институтының эскроу-шоттағы ақшаны пайдаланбауы туралы жұмыс органы, қаржы институты және инвестор арасындағы үш жақты шарт жобасын ұсынады. Аталған үш жақты шарт комиссияның бірінші кезеңдегі оң шешімі алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс органы, қаржы институты және инвестор арасында жасалады.



      Эскроу-шотты инвестор инвестициялық жобаны қаржыландыру және (немесе) техниканы және (немесе) жабдықтарды лизингке беру жүзеге асырылатын қаржы институтында ашады. Егер қаржы институтының банктік шоттарды ашуға және жүргізуге құқығы болмаса, инвестор эскроу-шотты екінші деңгейдегі банкте ашады.


      Бұл ретте, қаржы институты инвестор инвестициялық жобаны іске асыруды аяқтағанға дейін эскроу-шоттағы ақшаны пайдалана алмайды.


      39. Қаржы институты эскроу-шотқа қаражат алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кредит шартында көзделген қаражатты инвестордың шотына аударады және жұмыс органына растайтын құжаттарды ұсынады. Техниканы және (немесе) жабдықтарды лизингке беру арқылы инвесторды қаржыландыру жағдайында, қаржы институты шарт талаптарына сәйкес лизинг нысаналарын сатушыға лизинг нысаналарына толық не ішінара ақы төлеуді растайтын құжаттарды ұсынады.



      Қаржы институты осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, қаржы институты 3 (үш) жұмыс күні ішінде эскроу- шотқа жүзеге асырылған кассалық шығыстарды облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы шотына қайтарады.


      Эскроу-шотқа аударылған қаражатты қаржы институты инвесторға инвестициялық субсидия (екінші кезеңнің) беру туралы комиссияның оң хаттамалық шешімі негізінде инвестициялық жоба шеңберінде жабдықтар мен техниканы сатып алуға пайдаланылған кредит/лизинг бойынша инвестордың негізгі борышын өтеу есебіне есептейді.


      40. Инвестициялық салымдар кезіндегі шығындарды өтеуді көздейтін шараларды қоспағанда, инвестициялық субсидиялау басқа мемлекеттік қолдау шараларымен қатар жүргізілуі мүмкін.



      41. Инвестициялық субсидиялар оларға қатысты тарату, оңалту немесе банкроттық рәсімдері басталған, сондай-ақ жеделдетілген оңалту рәсімдерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтері уақытша тоқтатылған инвесторларға берілмейді.

3. Қорытынды ереже

      42. Жаңадан пайдалануға берілген өндірістік кешен лизингке алынған кезде (дайын объекті лизингі) осы Қағидаларға сәйкес лизинг алушы инвестор болып табылады. Жаңадан пайдалануға берілген өндірістік кешен инвестициялық субсидия алуға өтінім беру күніне дейін 6 (алты) айдан өтпей пайдалануға енгізілген кешен болып табылады.



      43. Инвестор дайын объектілердің лизингі бойынша инвестициялық субсидиялар алу үшін мыналарды береді:



      1) өтінім;


      2) АӨК субъектісін мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік көшірмесі немесе мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама;


      Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті), мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтағанға дейін жарамды болып табылады.


      3) инвестор, лизинг беруші және объект сатушы арасындағы үш жақты келісім;


      4) сатушы мен лизинг беруші арасында жасалған объектіні сатып алу-сату шарты;


      5) қаржы институты куәландырған объект лизингі шарты;


      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттама;


      7) инвестициялық объектіні пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау не қабылдау комиссиясының нотариалды куәландырылған акт көшірмесі;


      8) жабдықты пайдалануға беру туралы акт көшірмесі;


      9) инвестициялық жобаны іске асыру кезіндегі сатушының инвестициялық салымдарын растайтын сатып алу-сату шарттарының, шот-фактуралардың көшірмелері;


      10) жабдықтарды қабылдап алу-беру актілерінің көшірмелері;


      11) жобаға бизнес-жоспар.


      Осы тармаққа сәйкес субсидиялауға тек жабдықтарды сатып алу және құрылыс-монтаждау жұмыстары жатады.


      44. Инвестициялық субсидиялау мониторингін жұмыс органы мынадай критерийлер бойынша және мынадай мерзімдерде жүзеге асырады:



      1) субсидиялау сәтінен бастап 3 (үш) жыл ішінде инвестордың сатып алынған техникалар мен жабдықтарды иеліктен шығармауы және мақсатты пайдалануы;


      2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес басымды бағыттар (секторлар) тізбесінің 11-17-тармақтарында көрсетілген басымды бағыттар бойынша: инвестициялық субсидиялау объектісінің пайдалануға берілген сәттен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде әрекет етуі/әрекет етпеуі, инвестициялық субсидиялау объектісінің бизнес-жоспарда көзделген мерзімдерде, кемінде 30 % мөлшеріндегі жобалық қуатқа шығуға қол жеткізуі/қол жеткізбеуі.


      Жұмыс органы ай сайын келіп түскен ақпаратты талдайды және қажет болған жағдайда инвесторға қатысты инвестициялық субсидиялауды тоқтату жөніндегі мәселелерді комиссияның қарауына шығарады.


      Жұмыс органы мониторинг және комиссияның тиісті шешімі негізінде өндіріс объектісі пайдалануға берілген сәттен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде әрекет етпеген немесе объекті бизнес-жоспарда көзделген мерзімде кемінде 30 % мөлшеріндегі жобалық қуатқа шықпаған жағдайда, инвестициялық субсидиялауды тоқтатады.


      Оператор инвестициялық субсидиялауды тоқтату туралы комиссияның шешімі қабылданған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылданған шешімнің себебін көрсете отырып, инвесторды хатпен хабардар етеді.


      45. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін жұмыс органы инвестордан барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратады.



      46. Жұмыс органы ай сайын, есепті айдан кейінгі, айдың 5-күнінен кешіктірмей, әкімшіге осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидияны игеру туралы есепті ұсынады.



      47. Оператор ай сайын, есепті айдан кейінгі, айдың соңғы күнінен кешіктірмей, әкімшіге осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидияны төлеуге қабылданған өтінімдер, қарастырылған және сараптама комиссиясына берілген өтінімдер саны туралы есепті ұсынады.



      48. Осы Қағидалар шеңберінде талап етілетін немесе жасалатын хабарламалар, хабарлар, хаттар немесе сұрау салулар жазбаша нысанда ұсынылады.



      49. Инвестициялық субсидиялау мониторингі шеңберінде көзделген есептілік сондай-ақ инвестордың құжаттардың түпнұсқаларын операторға кейіннен беруімен, электрондық почтаның жіберудің табысты аяқталғаны туралы растауы болуы шартымен жіберілген күні - қол қойылған материалдарды электрондық почта арқылы жіберу арқылы ұсынылады.

Инвестициялық салымдар кезінде 



агроөнеркәсіптік кешен субъектісі


шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу


бойынша субсидиялау қағидаларына


1-қосымша            


Басымды бағыттар тізбесі (секторлар)







Басымды бағыттар








Бірінші топ



1.

Етті бағыттағы ірі қара малды өсіруге арналған объектілерді құру және кеңейту

2.

Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымдарын құру

3.

Қуаты 3000 малға арналған орнынан бастап ірі қара малды бордақылауға арналған объектілерді құру және кеңейту

4.

Сүтті бағыттағы ірі қара малды өсіруге арналған объектілерді (сүтті-тауарлы фермалар) құру және кеңейту






Екінші топ



5.

Қой шаруашылығы, етті мал шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, түйе шаруашылығы және шошқа шаруашылығы жөніндегі объектілерді құру және кеңейту

6.

Суару жүйелерін құру және кеңейту

7.

Жемшөп өндірісі жөніндегі объектілерді құру және кеңейту

8.

Құс шаруашылығында объектілерді құру және кеңейту

9.

Астық және жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау жөніндегі кәсіпорындарды құру және кеңейту

10.

Көкөністерді және жемістерді өсіру жөніндегі объектілерді құру және кеңейту

11.

Сүт және сүт өнімдерін өңдеу, дайындау, тасымалдау жөніндегі объектілерді құру және кеңейту

12.

Ет және ет өнімдерін өңдеу, дайындау, тасымалдау, тері мен жүнді бастапқы өндеу жөніндегі объектілерді кеңейту және құру

13.

Жемістер мен көкөністерді өңдеу және сақтау жөніндегі объектілерді құру және кеңейту

14.

Қант өңдеу жөніндегі объектілерді кеңейту

15.

Май-тоң май өнімдерін өндіретін объектілерді құру және кеңейту

16.

Дәнді дақылдарды терең өңдеу жөніндегі объектілерді құру және кеңейту

17.

Кондитерлік өнімдерді өндіру жөніндегі объектілерді кеңейту

18.

Балық өсіру объектілерін құру (тауарлы балық шаруашылығы)

Инвестициялық салынымдар кезінде



агроөнеркәсіптік кешен субъектісі


шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу


бойынша субсидиялау қағидаларына


2-қосымша             

Субсидиялауға жататын инвестициялық паспорттардың тізбесі 

Бірінші топ



1-бөлім. Етті бағыттағы ірі қара малды өсіруге арналған


объектілерді құру және кеңейту


Жобаның паспорты: «Қуаты 50 сиырдан бастап етті бағыттағы ірі қара малды өсіруге арналған объектілерді құру және кеңейту»







Техникалар мен жабдықтардың атауы және техникалық сипаттамасы



Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі



Техника мен жабдықтың бір бірлігіне арналған барынша рұқсат етілген құн, теңге



1.

Трактор (қуаты кемінде 80 ат күші)

50 %

3 600 000

2.

Тракторға арналған құрамалы әмбебап аспа (айыр, шөміш, пішен маялағыш, қайырма, грейферлік қармау)

1 100 000

3.

Пішен шабатын шалғы (төмендегілердің бірі):






3.1

бірбілеулі

280 000

3.2

қосбілеулі

700 000

3.3

тегістегіш

2 200 000

3.4

роторлы

2 500 000

4.

Тіркемелі жалшалап дестелегіш

2 200 000

5.

Сығымдауыш-іріктеуіш (төмендегілердің бірі):






5.1

рулондық

4 000 000

5.2

теңді

2 600 000

6.

Трактор тіркемесі

3 000 000

7.

Тіркемелі қопартқыш-тырма

2 000 000

8.

Дәнді дақылдарды уату және/немесе жаныштау үшін жабдық

120 000

2-бөлім. Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымдарын құру және



кеңейту


Жобаның паспорты: «Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымдарын құру және мал өсіруші шаруашылықтарды сумен қамтамасыз ету (құдықтар, ұңғымалар)»







Құрылыс-монтаждау жұмыстарының, техника мен жабдықтардың атауы және техникалық сипаттамасы



Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі



Жоба қуатының өлшем бірлігі



Барынша рұқсат етілген құны, теңге



1.

Сумен қамтамасыз ету көзінің құрылысы (төмендегілердің бірі):

80 %






1.1

шахта құдығы

қума метр

70 000

1.2

құбырлы құдық (ұңғыма)

қума метр

50 000

2.

Су көтергіш жүйесі (төмендегілердін бірі):






2.1

электростанция (генератор)

бірлік

300 000

су көтеруге арналған сорғы және/немесе таспалы/баулы су көтергіш

бірлік

200 000

2.2

жел сорғысы (суды механикалық көтеру) (монтажды қоса)

бірлік

3 000 000

2.3

күн сорғысы (суды механикалық көтеру) (монтажды қоса)

бірлік

2 500 000

2.4

су көтеруге арналған модельдік гибридтік сорғы станциясы (қажетті жабдығы бар контейнер, желгенераторы, күн панелі, портативті электргенератор, терең көтергіш сорғы)*

бірлік

3 700 000

3.

Тұшытқыш қондырғы (қажет болған жағдайда )

бірлік

1 500 000

4.

Суды жинау және беру жүйесі






4.1

су сақтауға арналған резервуар

(кемінде 10 текше метр сыйымдылығы)

бірлік

1 000 000

4.2

жануарларға арналған астаулар

бірлік

100 000

5.

Шопанға арналған жағдайлар






5.1

күн сәулелі панельдер

бірлік

200 000

5.2

күн сәулелі сулыжылытқыштары

бірлік

100 000

5.3

шопанға арналған жылжымалы вагон**

40 %

бірлік

2 000 000


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет