Иодты чили селитрасын тазалағанда қосалқы өнім ретінде алады. Ол сондай-ақ теңіз өсімдіктерінің күлінен де алынуы мүмкін. Зертханалық жағдайда иодты калий иодидінің (Кℓ) сулы ерітіндісіне хлормен әсер еткенде алады



бет2/5
Дата17.06.2016
өлшемі0.55 Mb.
#141595
1   2   3   4   5

lantan_wo

Лантан — күмістей ақ металл, жұмсақ және созылғыш. Ол ауада лантан оксидінің жұқа қабатымен жабылады да оны онан әрі қарай тотығудан қорғайды. Қыздырған кезде тұтанады. Сумен әрекеттесіп, лантан гидроксиді La(OH)3 мен сутекті түзеді. Лантан периодтық кестедегі қасиеттері ұқсас элементтердің қатарын ашады, оларды лантаноидтар дейді. Лантанды 1839 жылы швед химигі Карл Густав Мозандер ашқан. Аталуы гректің “Lanthano” — “жасырынамын” деген сөзінен пайда болған.

lantan_z

Лантанды құймаларға қосымша ретінде қосады. Ол сондай-ақ оптикалық шыны-әйнек өндірісінде де пайдаланылады. Оны кинопроекторлар мен прожекторларда қолданылатын доғалы шам электродтарын дайындау үшін пайдаланады.

lit_o

Сусыз ортада, литий бромиді LіBr немесе литий хлориді LіCl сияқты, литий тұздарының балқымаларынан электролиздеп зертханада литийді алады. ¤неркәсіптік жағдайда литий хлориді LіCl мен калий хлориді KCl қоспаларының балқымасынан литийді алады. Бұл қоспа эвтектикалық болады, яғни қоспаның балқу температурасы (400ºС), әрбір құрамдастың балқу температурасынан төмен. Литий хлориді 605ºС балқиды, ал калий хлориді – 770ºС.

lit_w

Литий химиялық белсенді болғандықтан табиғатта тек қосылыс түрінде ғана калий және натрий минералдарымен бірге кездеседі. Литий Жердегі таралуы бойынша 31-ші орынға орналасады, оның жер қыртысы массасындағы үлесі 2 10-3% құрайды.

lit_wo

Литий – күмістей ақ түсті металл, жұмсақтығы сондай, оны пышақпен кесуге болады. Химиялық белсенділігі аса жоғары. Құрғақ ауамен әрекеттеспейді. Сулы – ылғалды ауамен белсенді әрекеттесіп, нәтижеде литий гидроксиді LіOH түзіледі. Бірақ, бұл реакция, натрий немесе калийдікіндей, тасқынды өтпейді. Литий және оның қосылыстары жалынды қызыл тұске бояйды. Литийді швед химигі Юхан Август Арфведсон 1817 жылы ашқан. Таза литийді алғаш рет В.Т. Брандт және Хамфри Дэви алған. Аталуы гректің “lіthos”—“тас” деген сөзінен шыққан.

lit_z

Металл күйіндегі литийді алюминийдің, мырыштың және магнийдің балқымаларына қосымша қоспа ретінде қолданады, ол олардың қаттылығы мен беріктігін жоғарылатады, сондай-ақ көптеген химиялық реакциялардағы катализатор ретінде де қолданылады. Ол аккумулятор өндірісінде пайдаланылады. Ядролық өнеркәсіпте кеңінен қолданыдады. Оның изотоптарының бірі Lі, сутектің ауыр изотопын – тритийді алу үшін қолданылады. Сол сияқты жоғары қызулы атом реакторларында салқындатқыш ретінде пайдаланады.

lorens_o

Лоуренсийді бор-10 және бор-11 иондарымен калифорний изотоптарын соққылап алады.

lorens_w

Лоуренсий табиғатта кездеспейді. Жасанды жолмен алынған.

lorens_wo

Лоуренсий – металл, актиноидтар ұяласындағы соңғысы. Трансурандық атомдық массасы 92-ден артық болатын жасанды жолмен алынған радибелсенді элементтерге жатады. Оның алынған мөлшері аз болғандықтан, ол әлі толық зерттелінбеген. Изотоптарының барлығы радибелсенді. Ең ұзақ өмір сүретін Lr-260 изотопының жартылай ыдырау периоды 3 минут. Лоуренсийді бірінші болып 1961 жылы Альберт Гиорсо, Т. Сиккеланд, А. Ларш және Р. Латимер бор-10 және бор-11 иондарымен калифорний изотоптарының қоспасын соққылап алған. Берклидегі Калифорний университетіндегі зертхананың негізін қалаушы және циклотронды ойлап тапқан атақты американдық физик – Эрнест Орландо Лоуренс құрметіне аталған.

lorens_z

Лоуренсий іс жүзінде қолданылмайды.

lutet_o

Металл күйіндегі лютецийді лютеций хлоридін LuCl3 литиймен тотықсыздандырып немесе лютеций фторидін LuF3 кальциймен тотықсыздандырып алады.

lutet_w

Табиғаттағы лютеций тек минералдар құрамындағы қосылыстар түрінде ғана кездеседі, және монацит сияқты минералдарда церийдің, торийдің, лантанның және басқа лантаноидтардың фосфаттарының қоспасы түрінде болады. Осы минерал массасының 0,003% шамасы лютецийге тиесілі. Жердегі таралуы бойынша лютеций 60-шы орынды алады. Оның жер қыртысы массасындағы үлесі 5,1 10-5% құрайды.

lutet_wo

Лютеций – күмістей ақ металл, қатты және ауыр. Лантаноидтар ұяласына жатады. Ауада ол лютеций оксидінің жұқа қабатымен жабылып, оны онан әрі тотығудан қорғайды. Лютеций сумен әрекеттесіп, одан сутекті ығыстырып, лютеций гидроксидін Lu(OH)3 түзеді. Ол сондай-ақ қышқылдарда да ериді, одан сутекті ығыстырып, тұз түзеді. Әдетте лютеций қосылыстары ақ түсті немесе түссіз. Лютецийді 1907 жылы бірінен бірі тәуелсіз екі ғалым-француз химигі Жорж Урбен және австрия химигі Карл Ауэр фон Вельсбах ашқан. Париж құрметіне аталған. Сена өзеніндегі кельт тайпасының басты қаласы “Lutetіa”, дәлірек айтқанда Париж қаласының ертедегі ескі аталуы.

lutet_z

Лютецийдің радибелсенді табиғи изотопын метеориттердің жасын анықтау үшін және асқын өткізгіштер өндірісінде қолданылады.

magnez_o

Магнийді магний хлориді MgCL2, натрий хлориді NaCl және кальций хлориді CaCl2 қоспаларының балқымасын 700 ºС температура шамасында электролиздеп алады. Магнийді алудың басқа әдісі — 2000 ºС температурада магний оксидін MgO тотықсыздандыру. 2MgO+C=2Mg+CO2

magnez_w

Табиғаттағы магний тек қосылыс түрінде ғана кездеседі — карбонаттар, сульфаттар, хлоридтер және силикаттар. Магний Жердегі таралуы бойынша 7-ші орынды алады. Жер қыртысы массасындағы оның үлесі 2,3% құрайды. Теңіз суында магний айтарлықтай көп болады. Магний – хлорофильді құрастырушылардың маңыздыларының бірі – жасыл пигмент, ол өсімдіктің жапырағы мен сабағында болады. Ол сол сияқты тірі организмдердің ұлпасында да болады.

magnez_wo

Магний – күмістей ақ, жеңіл металл. Ол ауада жұқа магний оксидімен жабылады да бұл оны одан әрі тотықтанудан қорғайды. Магнийді ауа қыздырғанда көз қарлығатын жарқын жалынмен жанады. Температураны көтергенде сумен әрекеттеседі. Электрді жақсы өткізеді. Ертедегі гректің Магнезия қаласының құрметіне аталуы мүмкін. Ертеректе темірдің магниттік тотығын “магнесий тасы” деп атаған, ал магнитті “магнес” деген. 1808 жылы ағылшын химигі Хамфри Дэви, ақ магнезиді электролиздеу арқылы, аз мөлшердегі таза емес металдық магнийді алған; таза күйіндегі бұл металды 1829 жылы Бусси алған.

magnez_z

Магний қосылыстары өте кең қолданылады. Магний сульфаты MgSO4, немесе “ащы тұз”, медицинада іш өткізетін дәрі ретінде пайдаланылады. Металдық магнийдің басты қолданылатын саласы оның негізінде түрлі жеңіл құймаларды дайындау. Магнийдің алюминиймен, мырышпен, цериймен және ториймен балқытылған құймалары ұшақтар мен ғарыштық кемелер құрылысында қолданылады.

mangan_o

Марганецті аса кең таралған пиролюзит минералын тотықсыздандырып немесе марганец тұздарының судағы ерітіндісін электролиздеу арқылы алады.

mangan_w

Марганец — едәуір кең таралған элемент. Құрамында марганец металлы болатын, ең көп таралған минерал, пиролюзит MnO2. Марганец Жердегі таралуы бойынша 13-ші орынға орналасады. Оның жер қыртысы массасындағы үлесі 0,09% құрайды.

mangan_wo

Марганец — күмістей ақ, қатты және омырылғыш металл. Қышқылдармен реакцияға түседі. Қыздырғанда күкірт, көміртек, азот сияқты бейметаллдармен әрекеттеседі. Марганец қосылыстары у. Марганецты 1774 жылы швед химигі Карл Вильгельм Шееле ашқан, оны сол жылы бірінші болып Джон Готтлиб Ган алған.

mangan_z

Марганецты құймаларға қосымша ретінде пайдаланады. Марганецтік құймаларды резисторлар өндірісінде қолданады, ал олардың кедергісі температураға мүлдем тәуелді емес. Марганецтің қосылыстарын химиялық зертханаларда талдау жұмыстары үшін пайдаланады. Марганец (ІV) оксидін MnO2 аккумуляторларда және бояу өндірісінде қолданады. Калий перманганатын KMnO4 зарарсыздандыру үшін және химиялық реактив ретінде пайдаланады.

meitner_wo

Мейтнерий — жасанды жолмен синтезделінген радибелсенді металл. Мейтнерийді бірінші рет 1982 жылы Петер Армбрустер және Готфрид Мунзенбер басшылығымен Дармштадтағы ауыр иондарды зерттеу Зертханасынан неміс зерттеушілерінің тобы 58-темір иондарымен 209-висмутты соққылап алған.

mendelew_o

Менделевийді  -бөлшектерімен (гелий ядроларымен) 255-эйнштейнийді соққылап алады.

mendelew_w

Менделевий табиғатта кездеспейді. Жасанды жолмен алынған.

mendelew_wo

Менделевий — металл, актиноидтар ұяласына жатады. Ол атомдық массасы 92-ден жоғары болатын жасанды жолмен алынған радибелсенді элементке — трансурандық элементке жатады. Әдетте қосылыстардағы валенттілігі 3 тең, мысалы менделевий (ІІІ) хлориді MdCl3 немесе менделевий (ІІІ) оксиді Md2O3. Менделевийдің барлық изотоптары радибелсенді. Барынша ұзақ өмір сүретін изотопы менделевий-258 жартылай ыдырау периоды 56 күн. Менделевийді Берклидегі Калифорния университетіндегі америка зерттеушілері Альберт Гиорсо, Бернард Дж. Харвей, Грегори Р. Чоппин, Стэнли Дж. Томпсон және Глен Теодор Сиборг 1955 жылы ашқан. Химиялық элементтердің периодтық жүйесін жасаушы, әйгілі орыс химигі Д.И. Менделеевтің құрметіне аталған.

mendelew_z

Менделевий іс жүзінде қолданылмайды. Тек зерттеушілік мақсатында ғана пайдаланылады.

miedz_o

Мыстың шамалы мөлшері таза саф металл күйінде кездеседі, бірақ мысты негізінен кеннен балқытып алады.

miedz_w

Табиғатта мыс таза күйінде және қосылыстар құрамында кездеседі. Мыс кендеріндегі маңызды минералдар халькозин немесе мыс жылтырағы Cu2S, халькопирит немесе мыс колчеданы, куприт Cu2O. Мыс Жердегі таралуы бойынша 26-шы орынға орналасады. Оның жер қыртысы массасындағы үлесі 5 10-3% құрайды.

miedz_wo

Мыс — созылғыш және жұмсақ қызыл-қоңыр түсті металл. Жылу және электр өткізгіштігі бойынша мыс күмістен кейінгі екінші орында. Мыс — жартылай асыл металл. Жоғары температурада оттекпен, күкіртпен, селенмен, галогендермен және азот тобының элементтерімен әрекеттеседі. Ауадағы мыс химиялық аз белсенді, өйткені ауада ұзақ тұрғанда патинамен — мыстың жұқа гидроксокарбонатымен жабылады. Мыс тек концентрлі күкірт қышқылымен және азот қышқылымен реакцияға түседі. Мыс өте ертеден белгілі. Мыстың латынша аталуы Кипрдегі аралдың атынан пайда болған, ондағы мыс кенінен біздің дәуірге дейінгі ІІІ ғасырда мысты балқытып ала бастаған. Алдымен Cuprіum деген сөз бертін келе cuprum сөзіне айналған.

miedz_z

Мыс негізінен электротехникада қолданылады. Мыс өзінің жоғары жылу өткізу қабілетіне орай қыздырушы бөлшектер мен жылуалмастырушыларды дайындауға жұмсалады. Қола мен жез — мыстың басты құймасы — өте кеңінен пайдаланылады. Қоладан монументтерді, механизм бөлшектерін, ақшаны дайындайды. Жезден механизм бөлшектерін, түйме, ілгек және т.б. жасайды.

molibden_o

Молибденді сутекпен немесе алюминиймен молибден (VІ) оксидін MoO3 тотықсыздандырып алады. MoO3+3H2=Mo+3H2O MoO3+2Al=Mo+Al2O3

molibden_w

Табиғатта молибден тек қосылыс түрінде ғана кездеседі. Құрамында молибдені бар, аса маңызды минералдар: молибденит MoS2 және молибдит MoO2. Молибден Жердегі таралуы бойынша 54-ші орынды алады. Оның жер қыртысы массасындағы үлесі 1,5 10-4% құрайды.

molibden_wo

Молибден — күмістей сұр түсті қатты да омырылғыш металл. Жылу мен токты жақсы өткізеді. Қалыпты температурада химиялық белсенділігі төмен. Қыздырған кезде оттекпен әрекеттесіп, молибден (VІ) оксидін MoO3 түзеді. Молибден концентрленген күкірт және азот қышқылдарымен және де сол сияқты патша шарабымен (концентрлі тұз және азот қышқылдарының 3:1 қатнастағы қоспасымен) де әрекеттеседі. Молибденді 1774 жылы швед химигі Карл Вильгельм Шееле ашқан. Аталуы ертедегі гректің қорғасын мен минералдың “molybdos” “қорғасын жылтырағы” сөзінен пайда болған.

molibden_z

Молибденді құймаларға қосымша ретінде қосады, бұл олардың қаттылығы мен созылғыштығын арттырады. Ол сондай-ақ жоғары температуралық электр пештерінің қыздырушы 1500 ºС дейін элементтерін дайындау үшін жұмсалынады. Молибден (VІ) сульфидін қатты майлағыш зат ретінде пайдаланады. Молибденді сол сияқты катализатор ретінде де қолданады.

neodym_o

Неодимді оның тұздарын – мысалы, неодим (ІІІ) хлоридін литиймен тотықсыздандырып алады.

neodym_w

Табиғатта неодим тек минералдар құрамында церийдің, торийдің, лантанның және лантаноидтардың фосфаттары қоспасы түрінде болып келетін монацит сияқты қосылыс түрінде ғана кездеседі. Бұл элементтердің үлесіне минерал массасының 50% келеді. Неодим Жердегі таралуы бойынша 27-ші орынға орналасқан. Оның жер қыртысы массасындағы үлесі 3,8 10-3% құрайды.

neodym_wo

Неодим — күмістей сары реңді металл. Ол лантаноидтардың ұяласына жатады. Неодим — химиялық белсенді элемент. Ол ауадағы оттекпен әрекеттесіп, неодим (ІІІ) оксидін Nd2O3 түзеді, сол сияқты галогендермен, күкіртпен, сутекпен және азотпен әрекеттеседі. Температураны көтергенде сумен әрекеттесіп, одан сутекті ығыстырып неодим (ІІІ) гидроксидін Nd(OH)3 түзеді. Неодимді 1885 жылы ашқан және бірінші алған австрия химигі Карл Ауэр фон Вельсбах. Элементтің аталуы гректің neos – “жаңа” және dіdymos – “жұпты, егіз” деген сөздерінен пайда болған.

neodym_z

Неодимді құймаларға беріктік беру үшін қосылады. Неодим (ІІІ) оксиді қосылған неодимдік шыны, лазерлерді құрастыруда қолданылады.

platyna_w

Әдетте платина таза қалпында, сперрилит PtAs2 сияқтыда минералда сирек кездеседі. Платина Жердегі таралуы бойынша 75-ші орында орналасқан. Оның жер қыртысы массасындағы үлесі 10-7% құрайды.

platyna_wo

Платина – күмістей ақ, өте жұмсақ ауыр металл, созылғыш және пластикалы. Платина алтын, күміс, иридий, палладий сияқты аса қымбат тұратын металдар қатарына жатады. Платина атмосфера мен қышқылдардың әсеріне тұрақты, ол тек патша шарабында (концентрлі тұз және азот қышқылдарының 3:1 көлемдік қатнасындағы қоспасы) ғана еріп, әрекеттеседі. Платина оттек және сутек сияқты газдарды өзіне мейлінше мол дарыта алады. Платинаны 1935 жылы испан ғалымы Антонио де Уллоа және, одан бөлек, 1941 жылы ағылшын металлургі Чарльз Вуд ашқан. Аталуы испанның “platіna” – “күміске ұқсас” деген сөзінен туындайды.

platyna_o

Платинаны кен орындарынан таза саф күйінде тауып, оны өзінен басқа металдардан тазартады.

platyna_z

Платинаның ең жиі қолданыс тапқан саласы зергерлік бұйымдар мен тіс жасау. Платиналық сымдар мен жапырақшалардан зертханалық пештерге қыздырушы элементтер дайындайды. Сол сияқты платинаны көптеген химиялық процестерде катализатор ретінде қолданады.

pluton_o

Плутонийді дейтерий ядроларымен 238-уранды соққылау арқылы алуға мүмкін болады. Ол сондай-ақ атом электрстанциясының қалдықтарында да кездеседі.

pluton_w

Табиғаттағы плутоний уран кендерінде өте аз мөлшерде кездеседі.

pluton_wo

Плутоний — күмістей ақ түсті радибелсенді металл. Ол актиноидтардың ұяласына жатады. Плутоний — химиялық белсенді элемент. Ол ауада плутоний оксидінің өте жұқа сары қабыршағымен қапталады. Плутоний сумен баяу әрекеттеседі. Ол сондай-ақ фосформен, сутекпен, азотпен және хлормен реакцияға түседі. Плутоний атомдық массасы 92-ден артық болатын жасанды жолмен алынған радибелсенді-трансурандық элементтерге жатады. Ең ұзақ өмір сүретін 244-плутоний изотопының жартылай ыдырау периоды 8,2 107 жыл, ал тұрақсыздау 235-плутоний изотопының жартылай ыдырау периоды 26 минут. Плутоний мен оның қосылыстары өте улы. Плутонийді 1941 жылы Гленн Теодор Сиборг ашқан. Элементтің аталуы 1948 жылы ұсынылды. Америка физигі Макмиллан бірінші трансурандық элементті нептуний деп атады, өйткені Нептун планетасы Уран планетасынан кейінгі бірінші тұр. Осыған орайлас 94 элементті плутоний деп атау шешілді, өйткені Плутон планетасы – Ураннан кейінгі екіншісі.

pluton_z

Плутоний – ядролық қарудың негізгі құрамы. Луноходтар үшін энергия көзі ретінде қолданады.

pallad_z

Палладийді катализатор ретінде пайдаланады. Палладий мен күмістің қорытпасын металлдың бетін қаптау үшін қолданады. Ал палладий мен алтынның қорытпасы “ақ алтын” деген атаумен белгілі және де ол зергерлік істе қолданылады.

polon_o

Полоний нейтрондармен висмутты сәулелендіріп алынуы мүмкін. Металдық полонийді оның тұздарын электролиздеп алады. Полоний — 235-уран, 238-уран және 232-торийлердің радибелсенді ыдырауының өнімі.

polon_w

Табиғаттағы полоний уран кендерінде өте аз мөлшерде, яғни әрбір тонна кенде небәрі 0,1 мг шамасында ғана кездеседі.

polon_wo

Полоний — күмістей сұр металл. Қышқылдардың басым көпшілігінде жеңіл ериді. Температураны жоғарылатқанда тотығып, полоний (ІV) оксидін PoO2 түзеді. Галогендермен әрекеттеседі, мысалы, хлормен қосылып полоний (ІІ) хлоридін PoCl2, ал иодпен — полоний (ІV) иодидін PoO4 түзеді. Полоний — табиғатта сирек кездесетін радибелсенді элемент. Полонийді 1898 жылы Мария Склодовская-Кюри және Пьер Кюри ашқан. Элемент Мария Склодовская-Кюри отаны Польшаның құрметіне аталған.

polon_z

Полонийді –бөлшектердің, ал бериллиймен қоспасын нейтрондардың көзі ретінде пайдаланады.

potas_o

Калийді құрғақ калий гидроксидін КОН электролиздеу арқылы алады. Ол сол сияқты калий фторидінің КҒ магниймен реакциясы нәтижесінде немесе натрийдің калий хлоридімен KCl реакциясы кезінде алынуы мүмкін.

potas_w

Калийдің жоғары химиялық белсенділігі салдарынан табиғатта тек қосылыс түрінде ғана кездеседі. Калийдің көбірек таралған қосылысы — калий хлориді KCl, сильвин минералы. Калий Жердегі таралуы бойынша 8-ші орынға орналасады, оның жер қыртысы массасындағы үлесі 2,1% құрайды. Калийдің қосылыстары тұз тасыты кен орындарында бірге болады және теңіз суында да кездеседі.

potas_wo

Калий – күмістей ақ жұмсақ металл, жұмсақтығы соншалықты оны пышақпен кесуге болады. Кесілген жер тез арада калий оксидінің К2О жұқа қабыршағымен жабылады да металлдық жылтырағын жоғалтады. Калийдің химиялық белсенділігі жоғары. Ол сумен тез әрекеттеседі, осы реакция нәтижесінде калий гидроксидін КОН түзеді және сутек Н2 бөлінеді. Калий буы жалынды күлгін түске бояйды. Табиғатта калийдің үш изотопы кездеседі – 39 К, 40 К және 41 К. Калий иондары ағза тіршілігі үшін керек. Калийді 1807 жылы ағылшын химигі Хамфри Дэви ашқан.

potas_z

Сұйық калий ядролық реакторларда салқындатқыш ретінде қолданылады. Калий хлориді KCl химиялық тыңайтқыштар құрамдарының бірі. Калий йодиді КІ йод ерітіндісін өндірген кезде пайдаланылады. Калий гидроксиді КОН көмірқышқыл газын жұту үшін және десикант (кептіргіш) ретінде қолданылады. Калий хлоратын KClО3 тотықтырғыш, бактерицидтік зат ретінде, сондай-ақ пиротехникада пайдаланылады. Калий карбонатын К2СО3 шыны мен сабын өндірісінде, сол сияқты десикант ретінде қолданады.

prazeodym_o

Празеодимді празеодим (ІІІ) хлоридінің PrCl3 балқымасын электролиздеу арқылы алады.

prazeodym_w

Табиғаттағы празеодим тек минералдардың құрамындағы қосылыс түрінде ғана, мысалы, монацит — церийдің, торийдің, лантанның және басқа лантаноидтардың фосфоры қоспасы түріндегі минералында кездеседі. Бұл элементтерге минерал массасының 50% келеді. Празеодим Жердегі таралуы бойынша 39-шы орынға орналасады. Оның жер қыртысы массасындағы үлесін 9,5 10-4% құрайды.

prazeodym_wo

Празеодим — күмістей ақ металл, едәуір жұмсақ және созылғыш. Ол лантаноидтар ұяластарына енеді. Празеодим — химиялық белсенді элемент. Ауада ол жұқа жасыл түсті празеодим (ІІІ) оксидінің Pr2O3 қабыршағымен қапталады, бұл оны онан әрі тотығудан сақтайды. Сумен әрекеттесіп, празеодим (ІІІ) гидроксидін Pr(OH)3 түзеді. Празеодимді австрия химигі Карл Ауэр фон Вельсбах бірінші ашып, алған. Аталуы гректің “prosіoc” – “жасыл” және “dіdymos” – “егіз” деген сөздерден пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет