- Созылмалы тыныс шамасыздығының ауырлық дәрежесіне қарай жіктемесі
- І дәрежесі- қанның газдық құрамы бұзылмайды. Науқас күнделікті тіршілігіне қажетті үйреншікті дене қызметімен айналыса алады
- І дәрежесі- қанның газдық құрамы бұзылмайды. Науқас күнделікті тіршілігіне қажетті үйреншікті дене қызметімен айналыса алады
- ІІІ дәрежесі- организмде оттегінің жетіспеу белгілерімен бірге көмірқышқыл газының жиналу көріністері пайда болады. Ауыр ентігуден дене қимылы шектеледі, науқастар өз- өздерін шаққа күтеді немесе күтінуге шамасы келмейді.
- Тыныс жетіспеушілігінің асқынулары
- Жедел тыныс жетіспеушілігі кезінде уақытылы реанимациялық шаралар көрсетілмеуі науқас өліміне әкелуі мүмкін.
- Ұзақ уақытқа созылған тыныс жетіспеушілігі оң қарынша жетіспеушілігі дамуына алып келеді, нәтижесінде жүрек бұлшықеттерінің оттегімен қанығу төмендеп үнемі жүктемесіне алып келеді.
- Альвеоларлы гипоксия және өкпе вентиляциясының адекватсыз болуы тыныс жетіспеушілігі мен өкпе гипертензиясының дамуына алып келеді. Оң қарынша гипертрофиясы және оның ұзақ уақыт жиырылу функциясының төмендеуі өкпетекті жүрек дамуына сонымен қатар үлкен қан айналым шеңберіндегі қанның іркілуіне алып келеді.
- Тыныс жетіспеушілігінің диагностикасы
- Ауру анамнезіне және өмір анамнезіне сүйене отырып себебін анықтаймыз. Науқасты қарап тексергенде денесіндегі көгерулерге мән береміз. Тыныс алу жиілігін және өкпенің тыныс алуын байқаймыз.
- Функцияналдық сынамалар жүргіземіз және көкірек қуысының ренгенографиясы.
- Қанның газдық құрамы мен қышқылды- сілтілі жағдайын зерттеу.
- Жалпы анализдердегі көріністер:
- полицитемия
- гематокриттің жоғарылауы
- қан тұтқырлығының жоғарлауы
- плазма көлемінің ұлғаюы
- гипетромбоцитоз
- ЭТЖ төмендеуі
- Спирография.
- Спиография көмегімен форсирленген өкпенің өмірлік сиымдылығын (ФӨӨС) және алғашқы секундтағы форсирленген тыныс шығарудың көлемі (ФТК1) анықталады. ФӨӨС – бұл ауа көлемі, максимальді тез тыныс шығару кезінде, форсирленген тыныс шығару. Сау адамдарда ФӨӨС ӨӨС 75% жоғарлайды.
- ФТК1 ӨӨС индекс Тиффноға байланысты пайызбен есептейміз. Нормада 75-83%.ТЖ кезінде Тиффно индексі төмендейді.
- Пикфлоуметрия. Пикфлоуметриямен тыныс шығарудың шың жылдамдығын анықтаймыз (ТШШЖ), яғни максимальді жылдамдық, максимальді толық тыныс алуда форсирленген тыныс шығару кезінде тыныс жолдарынан ауа шығуы мүмкін. ТЖ кезінде ТШШЖ нормадан төмен болады.
Достарыңызбен бөлісу: |