1960 жылдардағы экономикалық қайтақұрулар. 1960 жылдар египет үкіметі кең ауқымды национализациялауды жүргізді. Бұл 1950 жылдарда негізі қаланған жоспар бойынша мемлекет қоғам дамуының барлық салаларына қатысу керек деген жоспар бойынша жүзеге асты. 1957 жылы Суэцк дағдарысынан кейін ағылшын және француз банктері мемлекет меншігіне өтті, оның артынша өндірістік, сауда, көлік және т. б. компаниялар өтіп, барлығы 182 млн. египет фунтын құрады. Үкімет «ескі» шетел капиталын ысырып, әртүрлі жеңілдіктермен АҚШ, ФРГ және Жапониядан «жаңа» салымдарды тарта бастады.
Осы кезде еңбек етушілердің жағдайын жақсартатын заңдар шыға бастады: 42 сағаттық жұмыс аптасы белгіленді, жұмысшыларға алғаш рет жыл сайын берілеті демалыс пен зейнетақы төленетін болды, пәтер ақы мен емделу ақысы төмендетілді.
1961 жылы қаршада реформаларға қарсы болған Ұлттық жиналыс пен Ұлттық Одақ таратылды. 1962 жылы халық күшінің Ұлттық конгресі шақырылып, ол Ұлттық хартияны қабылдады. Хартия бойынша болашақ 10 жылға экономикалық - әлеуметтік және саяси реформаларды негізге ала отырып бағдарлама жасалды. 1962 жылы президент Насердің Араб кеңестік одағының (АКО) құрылуы туралы декрет қабылданды, ол елдегі бір ғана топтық саяси ұйым еді. АКО – ға бырлығы өз қалауымен қосылды, аяғында олардың саны 6 млн. – ға жетті.
1964 жылы Египеттегі төтенше заңдар жойылып, түрмелер мен концла герлерден саяси тұтқындар босатылды, олардың арасында коммунистер де бар. 1964 жылы күшіне енген жаңа конституция Египетті демократиялық социалистік мемлекет деп жариялады.
1967 жылы көктемде Таяу Шығыстағы саяси жағдай күрт шиеленісіп кетті. Шілде айында Израиль Египет әуежайын атқылады. «Алты күндік» соғыс барысында израильдықтар Синай түбегін басып алып, Газа секторы мен Иорлан өзенінің батыс жағалауын, Иерусалимнің шығыс бөлігін басып алды. БҰҰ – ның №242 резолюциясы израиль армиясын басып алған жерлерінен кетуді талап етті. Алайда Израиль мұны орындағысы келмеді.
Барлық жауапкершілікті өзіне алған Насер қызметінен кетуді жариялады. Бірақ көпшіліктің осы кезде болып жатқан бейбіт ереуілі Насердің тек Египеттің ғана емес, барлық араб әлемінің лидері екенін көрсетті. «Алты күндік» соғыстан жеңілуге жауапты топтар арасында рікірталас пен сын болып жатқан кезде 1970 жылы 28 қыркүйекте Г. А. Насер қайтыс болады. Президент орнына Анвар Садат отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |