Қырғи–қабақ соғысы кезіндегі Палестина мәселесі


-1969 жж. Ливияның саяси дамуы



бет16/34
Дата03.01.2022
өлшемі83.38 Kb.
#450481
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34
африка и израйль

1945-1969 жж. Ливияның саяси дамуы Итальян-герман соғысының нәтижесінде Ливияның Солтүстік Африкадағы территориясы ағылшындар мен француздардың әскери күштерінің бақылауына түсті. Ағылшындар Киренаик және Триполитанияны «еркін» провинцияға айналдырды. Әрқайсысында жаулаушы әкімшілік аппарат бекітілді. Ағылшындар сайда-экономикалық байланыстарды бұза отырып, Ливияның провинцияларын изоляциялауға тырысты. Феццанда француз әкімшілігі әрекет етті. Соғыс қимылдары нәтижесінде Ливия экономикасы құлдырады. Араб елдерін шарпыған ұлт-азаттық қозғалыстар толқыны Ливияға да жетті. Әлмдегі жағдайдың ықпалымен ливиялық жастар, әскерилер, ұлттық интелли генцияның сана-сезімі оянды. 1945 жылдары Триполиде бірнеше демон страция өтті. Кейін партияларға біріккен жасырын ұйымдар пайда болды. 1946 жылы Ұлттық партия, Ерікті ұлттық блок, Біріккен ұлттық фронт, Египеттік-Триполитандық одақ құрылды. 1947 жылы «лейбористік партия», 1948 жылы «либералды партия» пайда болды. Алайда онда билік үшін қақтығыстар етек жайып, халықтық бұқарамен байланыс мүлдем болмады.

Киренаикада ағылшындық ұйымдар құрылды. 1947 ж. билікке Идрис ас-Сенуси келді. Ол барлық партияларды тарқатып, Ұлттық Киренаика конгресін құрды. Осыдан кейін ағылшындар күшін сырттай тәуелсіз мемлекеттік білімді дамытуға бағыттады. Нәтижесінде Киренаикада өзін-өзі басқару жүесі бекітілді: билік басында Идрис ас-Сенуси, конституция бекітілді, парламент және сепаратты азаматтық туралы заң қабылданды. Кейін ағылшындардың саяси айласын Франция Феццанға қатысты қолданды. 1950 ж. 13 ақпанда Феццанда «Уақытша режим туралы қаулы» күшіне еніп, Феццан автономды үкіметінің негізі қаланды, басына – шейх Ахмед Сейф ан-Насер отырды.

1947 ж. бейбіт келісімге сәйкес Италия Ливияға барлық құқытарынна бас тартып, оның тағдырын шешу БҰҰ құзырына берілді. 21 қараша 1949 ж. Ливияға тәуелсіздік беру, территориясынан шетелдік әскерлерді әкету, 1952 ж. 1 қаңтарға дейін шетелдік әскери базаларды жою туралы шешім қабылдады. Ливияның мемлекеттік құрылымы туралы сұрақ төңірегінде күрес басталды: республика және монархияны жақтаушылар арасында, федерация және унитарлы мемлекет құруды жақтаушылар арасынды. Нәтижесінде монархия және федерализм жақтастары жеңіске жетті.

24 желтоқсан 1951 ж. Ливия тәуелсіз мемлекет болып жарияланды; федеративті корольдік; басында – король Идрис; мемлекеттік құрылымы бойынша – конституциялық монархия. Федерацияға 3 провинция енді – Триполитания, Киренаика, Феццан. Парламент 2 палаталы - өкілдер және сенат палаталары. Заң шығару құқын парламент те, король де иеленді. Корольде вето (парламентті тарату) құқы болды. Ол 61 жаста билікке келіп, конституция бойынша билігі шектелулі болса да, 1969 жылға дейін Ливияның саяси өмірінде үстемдік етті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет