Қырғи–қабақ соғысы кезіндегі Палестина мәселесі


Таяу Шығыстағы халықаралық қатынастар



бет2/34
Дата03.01.2022
өлшемі83.38 Kb.
#450481
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
африка и израйль

Таяу Шығыстағы халықаралық қатынастар. Арабтар Израильді Таяу Шығыстағы «империализм анклавы» ретінде қарастырды, олар экономикалық қоршауға алды, яғни Израильдік кемелерге Суэц каналынан өтуге тыйым салды. Шың мәнісінде мемлекет жасанды құрылған еді: 1950жылғы заң бойынша барлық еврейлерге Израилге қайтуға кепілдік берілді. Ал, бұның мәні тілдің, мәдениеттің, білімнің араласуымен, яғни тек бір ғана идеяның бірігуі- еврейлік қайта жаңғыру идеясы еді.

1948-1951ж.ж. Израиль 70 мың эммиграндарды қабылдады, олар тек европадан ғана емес; Ирактан 123000, Йеменадан 48000, Ливия 31000, Сол түстік Африка 45000. Кейінде Араб елдерінен еврейлердің шығуы күшейе түсті. Израиль қарсыластар ортасында өмір сүрді, Араб елдері оны мойын дамай күштеп жоққа шығаруға дайындалды. Израиль олардың әр бір әрекетіне арнайы әскер күшімен жауап қайтарды. Қысқа уақыт арасында жетістіктер әкелгенімен Израильдық қоғамда агрессивті сананы қалыптас тырды.

1950 жылы 25-мамырда үш алып держава, АҚШ, Англия және Фран ция Таяу Шығыс елдеріне қару-жарақ енгізуге тыйым салу туралы келісім-шарт жасады. 1953 жылдан бастап араб елдері Израильге қарсы терористік әрекетін мадақтады, ол құнды қағаздар өтеу арқылы жауап қайтарды.

1948 ж. жеңіліс Араб елдерінде биліктің ауысуын тездетті: 1949 жылы Сирияны басқарушы режим құлады; 1951 ж. шілдеде Иордания басшысы әмір Абдалла өлтірілді; 1952 жылы шілде айында Египет королі Фарук тақтан құлатылды. Жаңа басшылар Израильге қарсы позиция ұстанды.

Алайда жақын арада Араб елдерінің арасында құлдырау болды: 1954-1955ж.ж. Ұлыбритания құрған Бағдаттық пактіге кірді; Иордания мен Сауд Аравия 1954 жылы АҚШ басқарған мемлекеттік одаққа бірікті, ал Египет пен Сирия 1955 жылы наурызда одақтарын құрды. АҚШ пен Англияның Таяу Шығыста біріккен саясатын іске асыруға қабілетсіздігі көрінді.

1954 жылы Франция 1950жылғы келісімді бұзып Таяу Шығысқа қару –жарақты кіргізу туралы келісімді бұзады. Бұл 1954 жылғы Алжирдегі арабтық көтерілісті Египеттің қолдау сылтауымен байланысты болды. Франция Израильге әскери ұшақтар партиясын беруді келісті.

1955жылы қыркүйекте Египет президенті Г.А.Насер кеңес қаруын аламын деп жариялады. Осы кезде « Миг -15» 80 ұшағы, «Ил-28» және 115 ауыр танкы жеткізу туралы келісім жасалған еді. Израиль Франциядан 1956 жылы сәуіде ең күшті европалық истрибитель алды. Египет ең алды мен кеңес қаруын ала отырып, Израильге әскери қақтығысқа итермеледі. Бұл 1955 жылы ақпан айында Израиль әскерінің Египеттік армияға Газа аймағында соққы беруінен көрінді және осы кезде жетістікке жетті. Осы кейін Египет КСРО-дан қару беруді өтінді. Алайда Египетті кеңестік блок ка итермелеген негізгі себеп Асуан платинасының құрылыс мәселесі еді. Ең алдымен келісім АҚШ пен Англия үкіметімен жүргізілді, олар бұл мақсатқа 200 млрд.доллар бөлу керек болатын. Бірақ 1956 жылы бірінші жартысында бұл келісімдер сәтсіздікке ұшырады. АҚШ пен Англия Египетке көмек көрсетуге шешім қабылдады. 1956 жылы 19 шілдеде АҚШ ресми түрде Египетпен жасалған плотина құрлысын қаржыландыруды жоққа шығарды. Бұған жауап ретінде 1956 жылы 26 шілдеде Г.А. Насер Суэц каналын ұлттандыруды жариялады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет