ІІ. 1956 ж.Суэцктік дағдарысы және араб-израильдің жан-жалдасуы.
1956 жылғы соғыс және оның мәні. Англия мен Францияда Суэц каналы ның ұлттандыру туралы шешімді ашық өштікпен қарсы алды, бірақ дереу күшті қолдану мүмкін болмады – ол үшін уақыт қажет болды. Бұл уақытты АҚШ–тың дипломатияларының қатысуына пайдаланды, себебі олар Англия мен Францияны қолдамап еді. 1956 ж. 29-қазанда Израильді Анг лия мен Франция қолдайды деген сеніммен Египеттке қарсы жорыққа шығады. Негізінде бұл мемлекеттер Египеттік ВМС және ВВС жүргізіп жатқан істерін тоқтатып, Египеттен өздерінің әскерін каналдан 16 шақырым жерге алып кетуге мәжбүр етті.
1956 жылы 2-қарашаға таман Израиль өзінің басты мақсаттарына жеткен еді: әскерлер Синай жарты аралдың бір бөлігін жаулап алды, Тиран шығанағына өтуге жол ашты, террористер базасын талқандатып Египет әскерлеріне соққы жасады. 1956 жылы 5- қарашада француздықтар және ағылшындықтар канал маңында өздерінің десанттарын жинай бастады, бірақ бірнеше күннен кейін шабуылдарын тоқтатты.
Египетке қарсы әскери қимылдарының тосынан аяқталуы себептері даулы мәселе болып табылады. АҚШ позициясы белгілі, Англиядағы қаржы дағдарысы, британ қоғамының құлдырауы, Н.С.Хрущев Англия және Францияға ядролық қаруды бағыттау қауіпін төндірді және өз еріктерімен баратындарды Египетке көмекке жіберді, бірақ факт факт болып қала береді: соғыс тоқтатылды. Израиль жаулап алған территория дан кетті, израильдықтар кеткеннен кейін Синай түбегі қарусыздан дырылды, Тиран бұғазына жол ашылды.
КСРО үлкен насихаттық жеңіске жетті және осыдан кейін қақтығыс кезінде ашық түрде араб жағына шықты. АҚШ Израильге жаулап алынған теритториялардан кеткеннен кейін, оларға қару-жарақ сата бастады. Палестина мәселесі жаңа кезенге өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |