«ірі қара малдың еті мемлекеттік жаңа стандарт жобасын халықаралық стандарт талаптарымен сәйкестендіру» Мазмұны



бет8/18
Дата24.02.2023
өлшемі1.86 Mb.
#469973
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Дип.-ІРІ-ҚАРА-МАЛДЫҢ-ЕТІ-МЕМЛЕКЕТТІК-ЖАҢА-СТАНДАРТ-ЖОБАСЫН-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-СТАНДАРТ-ТАЛАПТАРЫМЕН-СӘЙК

Терминдер мен анықтамалар.

Сойылған мал - союға арналған ауыл шаруашылық немесе өндірістік жануар.
Сойылған малдың тамаққа пайдаланатын өнімі - сойылған жануарды өңдеудің нәтижесінде алынған өнім.
Ет – бұлшық ет, май, дәнекер және сүйек ұлпаларынан тұратын немесе сүйексіз ұша немесе жартылай ұша түріндегі сойыстың тамақтық өнімі.
Сиыр еті - жынысына байланысты емес 8 айдан және одан жоғары жас аралығындағы ірі қарадан өңдеуге алынған ет.
Өнімнің өмірлік циклі- өнімді жобалау, өндіру , пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу, кәдеге жарату және жою процестері.
Сәйкестік сертификаты-өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат.
Сертификаттау-сәйкестік растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім.
Сәйкестік растау схемасы - объектінің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін (сынау, өндірісті бағалау, сапа менеджменті жүйесін бағалау, нормативтік және техникалық құжаттаманы талдау және басқалар) сипаттай отырып айқындау тәсілдері.
Техникалық кедергі - техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және стандарттарда қамтылатын талаптардың әр түрлілігі немесе өзгермелілігі салдарынан туындайтын кедергі.
Мүдделі тараптар- қызметі техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеумен тікелей байланысты жеке тұлғалар және олардың қауымдастықтары, одақтары, сондай-ақ қатысуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де тұлғалар.
Өтінім беруші- сәйкестігін растау үшін өнімді, көрсетілген қызметті, процестерді ұсынған жек немесе заңды тұлға, сондай-ақ аккредиттеуге және аудитке (сәйкестікті растау саласында) өтінім берген заңды тұлғалар.
Сәйкестік белгісі - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгі.
Өнімді, көрсетілетін қызметті бірдейлендіру - белгілі бір өнімді, көрсетілетін қызметті ерекшелейтін белгілері бойынша бірмағыналы тануды қамтамасыз ететін рәсім.
Дайындаушы (орындаушы) - өнімді кейіннен иеліктен шығару немесе өндірістік мақсаттарда өзі тұтыну үшін өндіретін, сондай-ақ өтеулі және өтеусіз шарт бойынша жұмыстарды орындайтын немесе заңды тұлғалар.
Сәйкестікті растау нысанасы- нәтижелері өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігінің дәлелі ретінде қалатын іс- қимылдардың жиынтығы.
Сәйкестікті растау, стандарттау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор- уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестатталған маман.
Инспекциялық тексеру- сертификатталған өнімнің, көрсетілген қызметтің, процестің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын тексеруі.
Міндетті сертификаттау- сәйкестікті растау жөніндегі органдардың қатысуымен өнімнің, көрсетілген қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау нысаны.
Сәйкестікті міндетті растау - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқұықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім.
Сәйкестік растау жөніндегі орган-сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға.
Сәйкестікті растау- нәтижесі объектінің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру(сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын рәсім.
Беруші - өнім беретін, қызмет көрсететін жеке немесе заңды тұлға.
Өнім - процестің немсе қызметтің нәтижесі.
Процесс - өнімнің өмірлік циклінің процестерін қоса алғанда, қандай да бір тапсырылған нәтижеге жету жөніндегі өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы.
Сынақ зертханасы (орталығы) - өнімнің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сйкестігіне сынақ жүргізетін зертхана, соның ішінде мемлекеттік органдар зертханасы.
Сапа – объектiнiң белгiленген немесе болжамалы қажеттiктi қамтамасыз етуге сәйкес көрсеткiштер жиынтығы.
Өнiм – iс-қимылдардың немесе үрдiстiң нәтижесi.
Сапа көрсеткiшi – тауар сапасына жататын бiр немесе бiрнеше қасиеттерiнiң сандық сипаттамасы.
Сапа жүйесi – сапаны жалпы басқаруды жүзеге асыру үшiн қажеттi ұйымдастыру құрылымы, әдiстеме, үрдiс және ресурстар жиынтығы.
Өнiм сапасын басқару жүйесi – өнiм сапсын басқару кезiнде маткриалды-техникалық және ақпараттық құралдардың көмегi арқылы өзара қарым-қатынас жасайтын басқару объектiлерiнiң және басқару органдарының жиынтығы.
Өнiм сапасын бақылау – өнiм сапасының көрсеткiштерiн бекiтiлген талаптарға сәйкестiгiн бекiту, тексеру.
Өнiм сапасын қадағалау – арнайы органдармен жүзеге асырылатын, өнiм сапасын қадағалау.
Өнiмнiң бiрлiк сапа көрсеткiшi – өнiмнiң бiр қасиетiн сипаттайтын сапа көрсеткiшi.
Өнiмнiң кешендi сапа көрсеткiшi – өнiмнiң бiрнеше қасиетiн сипаттайтын сапа көрсеткiшi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет